ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚ СТАТИСТИКАСЫ
Ұлттық байлық туралы жалпы түсінік
Мемлекетіміздің экономикалық күш-қуатын сипаттайтын ең маңызды көрсеткіштердің бірі – Ұлттық байлық болып табы- лады. Ол ақшалай түрде қоғамның өндірістік қызметінің бүкіл кезеңінде жинақталған тұтыну құндарының жиынтығы, яғни халықтың тұрмыс дəрежесін көтерудің маңызды себебі. Мінеки, Ұлттық байлықтың өсуінің əлеуметтік-экономикалық маңызының зор екендігін осыдан көруге болады. Оның аса маңызды бөлігі – заттық байлық, яғни материалды бағалы заттардың жинақталған жиынтығы. Сонымен бірге оған заттай түрде тіркеуге келмейтін еңбек нəтижелері де жатады.
Ұлттық байлықты алғашқы рет 1664 жылы ағылшын экономисі Вильям Петти есептеп шығарған. Ол ұлттық табыстың негізгі үш себепке (капиталға, жерге, еңбекке) байланысты болатындығын анықтаған жəне сол арқылы бағалаған.
Ұлттық байлықтың экономикалық маңыздылығын бағалау тұңғыш рет 1789 жылы Францияда, 1805 жылы Америкада, 1864 жылы Ресейде жүргізіле бастады. ХХ ғасырда Ұлттық байлық туралы елеулі зерттеулер шетелдерде жүргізілді. Оның негізін қалаушы ағылшын ғалымы
Р. Гольдскии болып саналады. Ол 1898-1948, 1905-1952, 1945- 1958 жылдар аралығындағы Американың Ұлттық байлығын есеп- теп шығарған. 1930 жылдары орыс экономисі А. Л. Вайнштейн Ресейдің 1914 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша Ұлттық байлықтың мөлшерін есептеген жəне экономика салалары мен əлеуметтік топтары бойынша бөлінуін көрсеткен.
Қазіргі кезде Ұлттық байлық макроэкономикалық көрсет- кіштердің негізі бола тұра, ол туралы экономика ғылымында түрлі тұжырымдамалар қолдануда, яғни əрбір мемлекеттерде əртүрлі болуда. Себебі есептеу əдістерінің өзгешелігі мен ақпарат деректерімен қамтамасыз етілулеріне байланысты. Осыған орай, біздің республикамызда төменде берілген үш негізгі тұжы-
рымдаманы қолдана отырып, Ұлттық байлықты есептеуге толық- тай болатындығы:
экономика салалары бойынша баланс құру принциптеріне сүйену;
Ұлттық шоттар жүйесіне негізделу;
Дүниежүзілік банктің ұсынысына сəйкес тұжырымдамалар жасау.
Алдыңғы көрсетілген екі тұжырымдама халықаралық стан- дартқа сəйкес Ұлттық байлықты есептеудің арнайы жолдары, ал соңғысы Дүниежүзілік банктің ұсынысы бойынша экономика ғылымдарының жеткен жетістіктері ретінде ғылыми-тəжірибелік есептік көрсеткіш болып саналады.
Сонымен Ұлттық байлық деп – еңбекші халықтың еңбегінің нəтижесінде жинақталған материалдық игіліктердің жəне пайдалануға жарамды табиғи ресурстар жиынтығын айтады. Де- мек, өткен жылдардың жинақталған еңбегінің нəтижесінде пайда болған жəне зат ретінде материалдық игілікке айналған бөлігін
«Ұлттық мүлік», ал басқа бір бөлігін, яғни есепке алынғаны мен экономикалық айналымда қарастырылғанын «Табиғи ресурстар» деп атайды. Мұны белгілі бір мөлшерде табиғаттың өзі ұдайы өндіріп отырады.
Экономика үшін жалпы баланс ұлттық байлықтың көрсеткіші болып табылады жəне елдің қаржылық емес активтерінің «басқа əлемге», оның таза табыстарының құны ретінде саналады. Осыған орай, төменде ұлттық байлықтың элементтерін 6.1-су- ретте көрсетеміз:
Ұлттық шоттар жүйесінің тұжырымдамасына сəйкес Ұлттық байлық дегеніміз – бұл қазіргі кездегі мемлекет иелігіндегі қаржылық міндеттемелерді шығарғанда жиналған қаржылық жəне қаржылық емес активтер жиынтығы.
Ұлттық шоттар жүйесі макроэкономикалық есептердің, ак- тив жəне пассив баланыстарының, сонымен қатар халықара- лық деңгейде келісілген түсініктер, анықтамалар, есепке алу жіктеулері мен ережелері негізге алынатын кестелердің бірізді, үйлесімді жəне тұтас жиынтығын қамтиды. Есептердің бұл кешенді жүйесі Ұлттық байлық туралы деректерді экономикалық талдау жасауға, шешімдер қабылдауға жарамды түрде құруға жəне ұсынуға толықтай мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |