мұнда А
қ – кезең
басындағы активтердің құны;
Ак – экономикалық операциялар арқылы (өндіру, сату, сатып алу, жалға беру) келіп түскен активтердің құны;
Аш – экономикалық операциялар арқылы шыққан активтер құны;
А – экономикалық операцияларға жатпайтын
басқ.
(пайдалы қазбалардың ашылуы, табиғи апат,
əскери жəне антитеррористік операциялар) актив- тер құнының өзгеруі;
Пх – бағаның өзгеру салдарынан активтер құнының нақтылы өскендігі немесе кемігендігі, яғни жағымды
немесе
жағымсыз холдингтік пайда; А
а – кезең аяғындағы актитердің құны.
Осы көрсетілген есептеу тəсілін қолдану арқылы міндетте-
мелерді де анықтауға болады.
Республика бойынша жалпы экономика үшін активті жəне пассивті жиынтық балансы жасалады. Ондағы көрсетілген баланс баптарына Ұлттық байлық көрсеткіштері жатады. Республика үшін Ұлттық байлық қаржылық емес активтермен «басқа əлемге» қойылған таза талаптың қосындысына тең болады. «Басқа əлемге» қойылған таза талапты анықтау үшін резиденттердің қолындағы шетелдік қаржылық активтер құнынан сол елдің қаржылық міндеттемелер арасындағы айырманың «басқа əлемге» қатынасы арқылы анықталады. Сонымен, Ұлттық байлықты есептеу кезінде тек қана шетелдік қаржылық активтер мен міндеттемелердің қалдығы есепке алынады. Себебі, отандық институционалдық бірліктер арасындағы қаржылық активтер мен міндеттемелер өзара жойылып кетеді.