Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет103/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   132
 
Ізгіліктің өлшемі 
 
Әлем тарихында жақсы мысалдар аз емес. Римнің атақты императоры 
Весиассианның ұлы Тит таққа отырған бар-жоғы екі-ақ жыл ішінде өзінің 
қарапайымдылығы, еңбекқорлығы, мен ізгілігінің арқасында күллі 
римдіктердің махаббатына бөленіп, «адамзаттың асылы» деген ат алған. 
Бірде Тит нөкерлерінің қоршауында Рим көшесінде келе жатса, анталап 
тұрған халық арасынан жұлым-жұлымы шыққан қайыршы бала императорға 
амандаспақшы болып, қол созады. Бұрын-соңды мұндай сорақылықты 
көрмеген жұртшылықтың жүрегі тоқтап қала жаздаған. Титтің нөкерлерінің 
бірі әлгіге дереу қылышын ала ұмтылады. 
-Тоқтат!- деген сонда император даусын қатайтып. 
-Баланың не жазығы бар? 
-Сізге қол бергені-шектен шыққан ұятсыздық емес пе, тақсыр? 
-Елімнің жас ұланы үлкен көрегендік танытып тұр. Оның қолын 
қыспасам, менікі әдепсіздік. 
Қайыршы баламен ықыласты амандасып, арқасынан еркелете қаққан 
Тит:
- Мен – император, бұл қайыршы болса, ол – құдайдың ісі. Ал 
жылтыраған киім – адамшылықтың, шоқпыт, шәркей – ақылсыздықтың 
белгісі бола бермейді,- деп жез мундирі жарқырап тұрған нөкеріне әжуалай 
көз тастапты. Сол сәтте «Жасасын Тит!» деген айқай күллі Рим аспанын 
жаңғырықтырған. Императорға да қол беруге болады екен-ау деп таңырқаған 
халық, Титтің алақанын қысып қалу үшін, кезекке тұрған.
Әрбір минутын есептеп, ел үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген 
император бір күнін байқаусызда текке өткізіп алып: 
– Достар, мен бүгін босқа өмір сүріппін! - деп шошып кетіпті. 
2. Ал керісінше Сиам королі мен ханшайымы өздерін Сарайдағы 
лауазым иелерінен басқа тірі жан қол беріп амандасуға, тіпті киімнің 
сыртынан болса да жұғысуға болмайтыны жайлы қатаң тәртіп 
қалыптастырған. Ақыры осы бөлектенудің де зардабын тартпай қоймады. 
Жаздың жайма шуақ бір күні корольдің зайыбы Сунанда көлде 
қайықпен серуен құрып жүрген. Кенет жел көтеріледі де, қайық аударылып 
түседі. Тереңге бір батып, бір шығып, су жұтып, жан даусымен айғайлаған 
ханшайымды жағада тұрған жүздеген қызметшісінің бірде-біреуі құтқаруға 
тәуекел ете алмады. Өйткені жоғары мәртебеліге қолыңды тигізсең болды, 
жазаға тартыласың. Не істемек керек? Улап-шулап қызметшілер Сарайға 
жүгіріп лауазымы жоғары біреуді ертіп келгенше, ханшайым тұншығып, о 
дүниеге аттанып кетіпті. 
Көшедегі қайыршымен аман-саулық сұрасатын қарапайымдылық, елге 
арналмаған бір күні үшін қайғыратын жауапкершілік немесе резеңке етік 


123 
киіп, су кешіп, квартал аралайтын ізгілік басқа ел басшыларына да жұғысты 
болғай.
(Ш.Айтматов, М.Шаханов. Құз басындағы аңшының зары Алматы, 1997.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет