Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет106/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   132
Асхаттың алгоритмі 
 
Асхат Мырзабаев небәрі 21 жасында Сан-Франциско қаласының 
«Твиттер» компаниясына жұмысқа орналасқан алғашқы қазақстандық. Асхат 
мектепте оқып жүрген кезінен ерекше дарынымен көзге түсіп, химия пәні 
олимпиадаларынан жүлделі орындарға ие болған. Содан 2008 жылы 
Алматыдағы С.Демирель атындағы университетке инженер-бағдарламашы 
мамандығы бойынша оқуға түседі. Университеттің 3-ші курсында оқып 
жүргенде оқуын АҚШ-қа ауыстырады. Ол АҚШ-та оқумен қатар түрлі 
жұмыстар істеп, жобаларға қатысып жүреді. Оның танымалдығы қатерлі ісік 
ауруына шалдыққандар үшін қайырымдылық жасап, қомақты қаражат 
аударғаннан кейін арта түсті. 25 жастағы қазақ жігіт Асхат Мырзабаев 
Ұлыбританиядағы Barclays банкінде жарты жыл қызмет етіп, 2 миллион 
доллар табыс тапты. Жас маман табысын қатерлі ісікке қарсы күрес 
орталығына аударды.
«Жобаларға қатысудағы мақсатым ақша емес, мен үшін бұл тәжірибе, 
жаңа таныстық, білім алу ғана. Бізде топ-менеджерлері арасында ақшаны 
қайда жұмсайтынымыз жайлы әңгіме болды. Сол кездесуде барлық 
гонорарымды әлемдік маңызы бар пайдалы іске беретінімді айттым. Мен 


125 
қаражатты 
қатерлі 
ісік 
саласындағы 
зерттеулермен 
айналысатын 
халықаралық ұйымға аудардым. Миллион табыс тапқан адамдардың екінші 
миллионға да шамасы жететініне сенімдімін. Бұл өмірдің басты мақсаты 
ақша емес қой. Мақсат – адамдарға пайда тигізу», - дейді Асхат.
Асхат қазақстандықтарды жұмысқа орналастырумен айналысатын 
стартаптың негізін қалаушылардың бірі. Жас маманның мақсаты –
Қазақстандағы дарынды адамдарды жинап, оларға жаңа мүмкіндіктерді ашу.
Асхаттың дипломдық жұмысын «Майкрософт» компаниясы сатып алды. 
Бүгінде Асхат ойлап тапқан кішкентай ғана алгоритмді әлемнің 
миллиондаған адамдары өз игілігіне пайдаланып жатыр. Болашақта Google 
компаниясының атқарушы директоры болғысы келеді.

(http://alashainasy.kz, 2017 ж.)
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет