Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет111/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   132
 
4. ТАБЫС КІЛТІ – ЕҢБЕКТЕ 
 
Кәсіпкерге керек кеңес 
 
Жеке кәсібін ашып, жеке бизнесін бастаған жандардың арасында 
жастар белсенділігімен көзге түседі. Жас ерекшелігіне байланысты олар жаңа 
жағдайларға тез бейімделе алады дейді психологтар. Ал бұл қасиет 
табандылық пен жаңашылдықты талап ететін бизнес саласында табыстың 
кепілі. Алматыда Талғат пен Ғалым есімді жас жігіттер шағын кәсіпорынның 
жұмысын ұйымдастырып жүргізіп отыр. 24 жастағы Талғат Кемелбаев пен 28 
жастағы Ғалым Керімбеков – бизнестегі әріптестер. Осыдан 4 жыл бұрын 
Ғалым мен Талғат бірігіп, Алматыда автокөлік жөндеу орталығын ашуға бел 


129 
буады. Жас кәсіпкерлер шағын кәсіптерін өздерінің жинаған қаржыларына 
ашты. Ғалым мен Талғат кәсіпорынның қожайыны болғанымен, оларды 
жұмыс басында сәнді галстукпен немесе костюммен көрмейсіз. Өйткені
басты мамандар да, негізгі жұмысты атқарушылар да – өздері.
«Автокөлік жөндеу орталығын ашу деген оңай нәрсе емес, ең алдымен, 
әрине, қаржы қажет, одан соң, қаланың ортасынан жер алған жөн. Содан 
кейін, өз ісін білетін мамандарды іріктеп аласың. Көтергіштер, темір 
түзететін роботтар, көліктерді сырлайтын камера қажет. Оларды алу үшін 
біраз қаржы керек болды», - дейді Талғат. Банктерден несие алу олар үшін 
тиімсіз болған, әрі кәсіптерін жаңа бастаған жас жігіттерге банкттер несие 
бермей қойыпты. 10 пайыздық несиені өз ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерге 
ешкім де бермейді. Қажетті қаржыны екеуі Алматыдағы “Қамқор” автокөлік 
жөндеу орталығында жұмыс істеп жүріп жинаған. Талғаттың айтуынша
қазіргі табыстары өте жақсы, Ғалым екеуі де биыл көптен армандап жүрген 
баспанаға қолдарын жеткізіпті. 
Жас кәсіпкерлер Ғалым мен Талғаттың иелігіндегі автокөлік 
орталығында жұмыс істейтін 12 адамның көбі жастар. Мұндағылар 
автокөлікті сырлаудан бастап, қозғалтқыш бөлігін, электр желілерін жөндеу 
секілді күрделі жұмыстарды да жасайды. Алматы қаласының орталығындағы 
автокөлік жөндейтін шағын кәсіпорын иелері Талғат пен Ғалым үшін
табыстың кілті – ерінбей еңбек ету. Кәсіпкерлер кәсіпорындарын кеңейтіп
шетелдермен байланыс орнатқысы келеді. “Ең бастысы – өзіңе сеніп, аздан 
бастау. Келесісі – еткен еңбегіңе байланысты” дейді жас кәсіпкер жігіттер. 
(www.azattyk) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет