Күлдіреп іспейтін шамалы ғана күйіктер (1 дәрежедегі күйік)
Күйіктен кеп зардап болдырмау және ауырғанын жеңілдету үшін күйік шалған жерді дереу салқын суға малыңыз. Басқадай ешбір ем-дом жасаудың қажеті жоқ, керек болған жағдайда ауырғанды жеңілдететін дәрі ретінде аспирин ішіңіз.
Күлдіреген жерді тесуші болмаңыз. Егер күлдіреген жер жарылып кетсе, сол жерді қайнатып салқындатылған сумен сабындап жуыңыз. Вазелинді қайнатып стерилдеңіз де, оны стерилдеген дәкеге жағып, күйік шалған жерге салыңыз. Егер вазелиніңіз жоқ болса, күйікті ашық күйде үстаңыз. Күйік шалған жерге ешуақытта тоң май немесе басқадай майларды жағушы болмаңыз.
Күйген жерді мейлінше таза ұстаған ете маңызды. Оны шаңнан, ластан, шыбын-шіркейден сақтаңыз.
Инфекция түскендіктің белгілері — ірің, жағымсыз иіс, қызу көтерілу немесе без шошу сияқты белгілері біліне бастағаннан-ақ жылы түзды сумен (1 шәй қасық түзды 1 литр суға езіп) күніге 3 рет компресс жасаңыз (мүмкіндігіңіз жетсе түзды суға 2 ас қасық хлорлы әк үнтағын қосып жіберіңіз). Таңып, байлауға тазалап жууға пайдаланылатын шүберекті де, суды да қайнатып алыңыз. Күйік салдарынан тері мен тәннің өлген ағза, қабыршақтарын мейлінше сақтықпен алып тастаңыз. Жарақатқа жеңілдеп қана неоспорин тәрізді антибиотикті мазь жағып қоюға болады , ауыр жағдайларда күйіктің ауыр түрлерінде пенициллин не ам- пициллин тәріздес антибиотиктерді пайдаланудың ретін езіңіз байыпқа салып керіңіз.
Терең күйік жарақаттары (3-ші дәрежедегі күйік)
Теріні бүлдіріп, дененің ІШКІ ағзаларын жалаңаштайтын және терінің едәуір бөлігін қамтитын мұндай күйік жарақаттары өте қауіпті болып келеді. Зардап шеккен адамды сол бойда емдеу орнына жеткізу қажет. Оны ем көрсетілетін жерге жеткізгенше күйік шалған жерді ете таза шүберекпен немесе орамалмен жауып қойған жөн. Дәрігерлік білікті көмек көрсетіле алмаған жағдайда күйген жерді жоғарыда айтылғандай тәсілмен тазалап, ем жасаңыз. Егер вазелин болмаса, күйік шалған жарақаттың бетін ашық тастап оған шаң түсіп, шыбын қонбас үшін шыт орамалмен немесе ақжаймамен жеңіл ғана бүркеп қойыңыз. Пайдаланған шүберегіңіздің таза болуын үнемі қадағалап отырыңыз, егер ол күйік жарақаттың аузынан аққан қан мен қан аралас сұйықтан ластанғандай болса, алмастырыңыз.
Күйген жерге ешуақытта малдың майын, тоң май, тері, кофе, шөп немесе нәжіс жағушы болмаңыз.Өте қауіпті қатты күйік алған кездегі айырықша сақтық шаралары.Қатты күйік шалған кез-келген адам ауырсынудаң үрей мен күйік салдарынан болатын де-недегі сүйықтың сарқылуынан оп-оңай-ақ естен танып қалуы мүмкін.Күйген адамды сергітіп, тыныштандырыңыз. Ауырсынғанын жеңілдету үшін оған аспирин мен кодеин ішкізіңіз. Аздап қана түздалған сумен ашық жарақатты жуу да ауырсыну жағдайын жеңілдетуге көмектеседі. Бүл үшін 1 шәй қасық түзды қайнатылып суытылған 1 литр суға езіп еріту қажет. Күйген адамға мүмкіндігінше суды кеп ішкізіңіз.
Егер күйген жердің аумағы үлкен болса (қолының мөлшерінен екі есеге жуық үлкен болса), онда мынандай сусын дайындаңыз:Бір литр суға: жарты қасық тұз және жарты қасық ас содасын қосыңыз. Будан басқа оған 2—3 ас қасық қант немесе бал салыңыз, ал бар болса. кішкене ғана апельсин мен лимон қышқылын да қосқан артық болмайды.Күйген адам сұйықты мейлінше көп ішуі керек, әсіресе жеңіл дәретке жиі-жиі бара бастағанша іше бергені жақсы. Ол көп жері күйген болса күніне 4 литрге дейін, ал өте көп күйік шалғандай жағдайда 12 литрге жуық су ішуі қажет. Күйіп зардап шеккен адам құрамы протеинге бай тамақты көбірек ішкен жөн. Жалпы ас атаулының қай-қайсынан да бас тартудың қажеті жоқ.