Республикасы



бет56/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

Дәріс жоспары:

  1. Қазақстандағы жаңғырылатын энергия көздерінің күй-жағдайлары мен болашағы .

  2. Қазақстандағы энергетикалық сектордың көрсеткіштері Дәріс ұзақтығы: 1 сағат

ХХI ғасыр тоғысында адамзат экономика тұрғысынан алғанда, қалпына келмейтін энергия көздерінен (көмір, мұнай, газ және т.б..) энергия шығару өндірісіне ғана қатысты болмайтын күрделі мәселеге келіп тірелді.
Ол табиғаттағы динамикалық тепе-теңдікті бұзатын және соған назар аударуды қажет ететін экологиялық қиындықтармен байланысты.
Әрине, термоядролық реакторлардың көмегімен энергияны өндіруге үміт те бар. Бірақ қазіргі кезде бұл мүмкіндік тіпті демонстрациялық термоядролық реакторлардың жоқтығынан іс жүзінде жүзеге асуы мүмкін де емес. Сонымен қатар,термоядролық реакторлар радиобелсенді қалдықтардан толығымен тазарған жоқ. Ал осындай қалдықтарды өңдеу мен көму мәселесі толғымен шешілген жоқ.
Сондықтан адамзат электр энергиясын алудың жаңғыртылатын және ресурсты сақтайтын технологияларын қолдануға мәжбүр.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Жоғары Ассамблеясының шешіміне байланысты жаңғыртылатын (дәстүрлі емес) энергия көздеріне (ЖЭК): күннің, желдің, геотермалды, теңіз суларының, мұхиттар мен биомаңыз энергиялары және үлкен, кіші су ағындарының энергия көздері жатады.
Ядролық энергетиканың қарқынды дамуын белсенді жақтаушылар да XXI ғасырдың ортасына берген өздерінің болжамдарында, жаңғыртылатын қуат көздерінің көмегімен энергияның 18-20 % өндіріледі деген пікір айтады, ал басқа бағалар бойынша [3] тіпті 40 % дейін.
Көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша органикалық отындар 2020 жылға қарай әлемдік энергетика сұраныстарының тек ішінара ғана бөлігін қанағаттандыра алатындығы айқын.
Энергия қолданудың қалған бөлігін ғалымдар ЖЭК-тің есебінен қанағаттандырылады деп санайды.
Жаңғыртылатын энергия көздері -ЖЭК бұлар қоршаған ортада табиғи түрде пайда болатын энергия ағындарына негізделген қорлар, ол адамның белгілі мақсатқа бағытталған әрекетінің салдары болып табылмайды, бұл оның айрықша ерекшілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет