Республикасы



бет76/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

Үйдің ішінде: Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуда немесе жер сілкінісінің яғни үйдің ішінде кетуді пәтердің қай қабатта орналасуына байланысты шешуге тиіссіз. Егер сіз көп қабатты үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, далаға шығуға мүмкіндігіңіз бар. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден аулақ тұрған жөн. Үшінші және одан жоғары қабаттардан қашып шығу қауіпті екенін естен шығармаңыз.Сілкініс кезінде қауіпті және қауіпсіз жерлерді анық білген жөн.

Қауіпсіз

жерлер:Үйде

(ғимараттың

ішінде)

1)Босаға

есік




жақтауы

2)Ішкі







бұрыш

3)Мықты







қабырға

4)Бел







ағаш

5)Ванна,







тоңазытқыш

6)Парта,стол,кереует










Далада:
1)Ашық









алаң

2)Биік

ғимараттардан

аулақ

болу

3)Биік

ағаштардан

аулақ

болу

Қауіпті







жерлер:

1)Терезе

жақтағы




бұрыш

2)Биік







ғимараттар

3)Биік







ағаштар

4)Баспалдақ










5)Лифт










6)Жиһаздар










7)Шам

жағу




қауіпті

8) Соңғы

қатардағы

шеткі

бөлмелер

Далада:
1)Биік









ғимараттар

2)Биік







ағаштар

3)Электр







жүйелері

4)Жер

асты




өткелі

Сілкініс басталысымен үй ішіндегі қауіпсіз деген орындарға тез жетуге тырысыңыз. Ішкі қабырғаның қауіпсіз тұсында үйдің ішкі бұрышында, есік жақтауларының ортасында, тіреуіш ашалардың жанына тұрасыз (шкаф іші кереует). Терезелер мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз.



  • лифтті пайдаланбаңыз.

  • есіктен далаға шыққан уақытта жанталасып, бір- біріңізге кедергі жасамауға тырысыңыздар.

  • үйлерден электр бағаналардан аулақ тұрыңыз, электр сымына жақындамаңыз.




  • сілкініс кезінде үйге кірмеңіз.

Автомобиль ішінде:


  • сілкініс басталған сәтте жүріп келе жатқан автомобильді ашық жерге тоқтатқан дұрыс.

  • жолаушылар асып-саспай байыпты түрде транспорт ішінде отырып, жер сілкінісінің басылуын күткен жөн. Келешекте болуы ықтимал күшті сілкіністердің құпияларымен жеке таныс болған жөн. Жер асты дүмпуінің болу себептерін, анық қай жерде болып, қалай таралатындығының қандай қосымша әрекеттерінің өзі де көптеген мәліметтер оқып -білу қажет. Екіншіден, тұрған халықтың апаттан сақтану дайындығы дәрежесі жоғары болуы тиіс. Тек осы шарттар орындалған жағдайда ғана зілзала

апаттар адам өмірі мен халық байлығына айтарлықтай шығын келтірмейді.


Су тасқыны кезіндегі зардап шеккен жерді қалпына келтіру жұмыстары.


Су тасқыны - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін. Су тасқыны нөсерлі жаңбырдың, қар мен мұздың күннің ысуына байланысты шұғыл еруінің әсерінен болатын табиғи апат. Су тасқыны таулы аймақтарда көп болып тұрады.
Цунами – су астында болған жер сілкінісі әсерінен пайда болған ұзындығы үлкен гравитациялық толқын.Толқынның биіктігі басталған жерде 0,1–5 м болса, жағада–10 м, ал сына тәрізді бухталарда және өзен шеттерінде – 50 м-ге дейін жетеді.


Су тасқынына қалай дайындалу керек. Егер де Сіздің аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды зерделеп, еске сақтаңыз.
Отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар кенеттен және буырқанып келе жатқан су тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыз. Қайықтар, салдарды және оларды жасау үшін құрылыс матеиалдарын сақтау орындарын еске сақтаңыз. Көшіру кезінде алып шығатын құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын-ала жасап
қойыңыз. Арнайы чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды, қажетті жылы затарды, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмекті салыңыз.
Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек. Су тасқыны қаупі және көшіру туралы дабылды алғаннан кейін күттірместен, белгіленген тәртіп бойынша өзімен бірге қажетті заттар мен бұзылмайтын азық-түліктің екі күндік қорын алып апаттық су басуы ықтимал қауіпті аумақтан белгіленген қауіпсіз аумаққа немесе дөңестеу жерлерге
барыңыз (шығыңыз). Көшіру пунктіне жеткеннен кейін тіркеліңіз.
Үйден кетер алдында электр қуаты мен газды сөндіріңіз, отын жағу пештеріндегі отты өшіріңіз, ғимараттың сыртындағы барлық қалқитын заттарды бекітіп қойыңыз немесе қосымша жайларға орналастырыңыз. Егер де уақытыңыз болса үйдегі құнды заттарды шатырға немесе жоғарғы қабаттарға орналастырыңыз. Есңктер мен терезелерді жауып, қажет болса және уақыт жеткілікті болса бірінші қабаттың терезелері мен есіктерін сыртынан тақтайлармен жабыңыз. Оған қоса, үнемі апат туралы дабылды беріңіз: күндіз – жақсы көрінетін шүберекті ағашқа байлап іліп немесе бұлғау, ал түнде жарықтық дабылмен және дауыс беру қажет. Құтқарушылар келген кезде дүрбелең тудырмай, сақтық шараларын сақтай отырып, жүзу құралдарына көшіңіз. Құтқарушылардың талаптарын мүлтіксіз сақтап, жүзу құралдарының шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу керек. Қозғалу кезінде белгіленген орындардан кетпей, бортқа отырмаңыз, экипаждың талаптарын мүлтіксіз орындаңыз. Су басқан ауданнан тек қана зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болғанда жағдайлар, су деңгейінің көтерілуінің жалғасуы, жоғарғы қабаттарды (шатырларды) су басу қаупі болу сияқты себептер болған кезде ғана өздігінен кетуге кеңес береді. Бұл кезде сенімді жүзу құралы болып және қозғалыс бағытын білу керек. Өздігінен шығу кезінде апат дабылын беруді тоқтатпау керек. Суда малтып жүрген және батып жатқан адамдарға көмек көрсетіңіз.Батып жатқан адамға жүзетін зат лақтырып, оны сергітіңіз, көмек шақырыңыз. Зардап шегушіге бару кезінде өзен ағысын ескеріңіз. Егер батушы адам өзінің іс-әрекеттерін бақыламаса, оның артынан жүзіп барып, шашынан ұстап алып, жағалауға сүйреңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет