Таудағы жағдай туралы баспасөз хабарларын ұдайы қадағалаңыз.
Сел қаупі бар биіктікте қатты нөсер жауа бастаса жылдам кетіңіз.
Сел тасқынына 50-70 м артық жақындамаңыз. 4.Тік жартас пен құлама беткейдің жанына тоқтамаңыз, өйткені тасқынның соққысынан сырғыма мен опарылма түсуі мумкін.
Сел араларымен жүрген кезде адамдардың арасындағы қашықтық кемінде 20-
30 м болға тиіс.
Сел қаупі бар арналардың, өзен бөгеттерінің жанына демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз.
Сел тасқыны өткеннен кейін селдік арнаға түспеңіз, өйткені ол қайталануы
мүмкін.
Арнаға төмен түскен кезде және онымен жүрген кезде, әсіресе ой-шұңқырдан аса сақ болыңыз.
Морендік – мұздақтық кешенде және оның бойымен сел тасқыны қаупі болмайтын немесе өте сирек болатын кезеңде, ең жақсысы, ауа температурасы қалыпты кезде жүру ұсынылады.
Үйінділер бейберекет жатқан, сондай-ақ мұздақтан немесе қар көшкінінен пайда болған кедергілері бар өзен бөгеттерінің жанынан жүрмеңіз.