Тарихта терең іздері болмаса да, қазіргі таңда көптеген ағымдар және идеалистер өздеріне көпшіліктің назарын аудартуда. Олар, модернистер, реформистер, құраншылар, құран мағынасын оқушылар десек, исламды саф негізінде ұстауды алға тартқан сәләфилер бұлардың алдынғы қатарында. Діни сауатсыздық және дұрыс пен бұрыс мидай араласқан қазіргі жағдайда бұл ағымдар, ниеттері дұрыс мұсылмандардың адасуына, теріс жолға түсуіне себепкер болуда. Сәләфилік XIII-ғасырдан бастау алған ағымдардың бірі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Алимов К.З. Теория международных отношений и международного права, Национальный Университет Узбекистана. - Ташкент: ООО « АЛ-ФАБА- СЕРВИС», 2007.
Маймақов Ғ. Қазіргі заманғы дінтану негіздері.Алматы, 2012.
Көшербаев Д.Б Терроризм мен экстремизмге қарсы тұру саясаты.Қарағанды,2017.
Ильинский И.М. О терроре и терроризме // Между будущим и прошлым.
- М., - С. 239, 242.
Рысбекова Ш.С Жастар арасындағы экстремизмнің алдын алу шаралары.Алматы,2018-133 б.
дәріс: Қазіргі заманғы жаппай қырып жою қарулары.Түрлері және олардан қорғану жолдары.
Жоспар:
1.Жаппай жою қаруы туралы жалпы түсінік 2.Ядролық қару және оның түрлері 3.Химиялық қару, оның түрлері 4.Биологиялық қару
5.Жаппай қырып-жоятын қарудан қорғану 6.Радиациялық қауіптілік. Дозалық шектер
7.Радиациялық және химиялық барлау,дозимертлік бақылау аспаптары.
Жаппай қырып жоятын қарудан қорғану - әскерлерді , тылдағы нысандарды ядролық, химиялық, биологиялық қарулардан қорғау, әскерлердің соғысқа қабілеттілігін сақтау мақсатында жүргізілетін шаралар жиынтығы. Оған төнген қауіп туралы дер кезінде хабарлау, халықтың кейбір бөлігін қауіпсіз жерге көшіру, қорғанатын баспана ұйымдастыру, қорғанудың дербес құралдарымен, сумен, азық-түлікпен қамтамасыз ету, халықтың азаматтық қорғаныс ісі жөніндегі білімін арттыру және адамдардың үрейленбеуі үшін арнаулы тәртіп сақтайтын қызмет орнын құру т.б. шаралар жатады. Сондай-ақ, оған белгілі бір ауданда жарылған ядролық бомба желдің соғу бағытына қарай көптеген аймаққа радиоактивтік зақым келтіретінін есепке ала отырып, әуеден төнген қауіп- қатермен бірге, жаудың ядр. соққысы қай ауданда болғанын, барлаушылардан түскен мәліметтер бойынша желдің бағытын, атом қаруының радиоактивтік зақым келтіретін аймағының көлемін, қазіргі заманғы байланыс құрылғылары арқылы халыққа жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |