Республикасы


Қар көшкіні кезіндегі зардап шеккен жерді қалпына келтіру жұмыстары



бет79/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   121

Қар көшкіні кезіндегі зардап шеккен жерді қалпына келтіру жұмыстары.


Қыс кезеңі басталғаннан кейін таулы аумақтарға келушілер саны көбейеді. Оның негізгі себебі қысқы және экстремальды спорт түрлері. Алайда көптеген адамдар қарлы беткейлердегі абайсыз жүріс-тұрыс қар көшкінінің өздігінен түсіп, қайғылы салдарға алып келетінін ұмытып кетеді. Адамның қар жамылғысына ықпалынан бөлек, қарқынды қар жауу, кенеттен жылымық, көктемгі қар еру қар көшкінінің түсуіне себеп болады.

Қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында:


  • таулы жерлерге шығардың алдында, өздерінің жүру маршруттарын Төтенше жағдайлар департаменттерінде тіркеу қажет;

  • алдағы тәуліктегі ауа райы болжамымен танысу қажет. Егер ресми түрде БАҚ-та дауылды ескерту өтсе, тауға барудан бас тарту керек;

  • таулы жерлерге шыққанда барлық ақпараттық ескерту қалқандарына назар аудару қажет. Онда көрсетілген барлық қауіпсіздік шараларын сақтау керек.

  • тек жақсы белгілі қауіпсіз жолдармен жүру қажет.

Жазатайым жағдайларды болдырмау үшін ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

  • қар жауған, тұман, жаңбыр жауған кезде адамдардың қозғалысына;

  • тығыздалған қар қабатына (қарлы тақта) немесе ұсақ қарлы кесектердің жылжу іздері бар беткейлерде адамдардың қозғалысына;

  • қарлы ернеулерге шығуға, қарлы науалар бойынша қозғалуға және қар көшкінін түсіру жолдарын кесіп өтуге;

  • көшкіні қауіпті қия беткейлер бойынша көтерілуге және түсуге;

  • көшкіні қауіпті қия беткейлерде адамдардың аялдауына және қозғалыс уақытында аяқ астында қардың шөгуі және қатты гуіл немесе ысылдауы естілген беткейлерде адамдардың болуына;

  • көшкін қауіпті сай бойынша маңдайға көтерілуге, кең бөлікті қар көшкіні сайынын кесіп өтуге, тік құламалы қарлы беткейді төменгі және ортаңғы жиектерінде кесіп өтуге және көшкін жинағышқа қарай көтерілуге;

  • арнайы дайындалған таулы шаңғы жолдарынан тыс жерде шаңғы және сноубордтарды тебуге.Қар көшкінінің қауіптілігін ескертетін қоршалған тақталардан өтуге және шығуға қатаң тыйым салынады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

    1. З.Т.Қыстаубаева, А.Ш.Сарсембаева Тіршілік қауіпсіздігі негіздері. ҚарМУ баспасы. 2012

    2. Ділдібек Д.С Тіршілік қауіпсіздік негіздері. Алматы,2016.

    3. Маханов Б.Б. Төтенше жағдайлардағы тіршілік қауіпсіздігі. Алматы

«Дәуір» 2011

    1. Кенжебеков Б. . Өмір-тіршілік қауіпсіздігі. №5 шығарылым 2011

    2. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құалы. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы, 2004.

    3. Эльшанай,Амр.С. Сейсмологиялық инженерия негіздері.Алматы,2017-

    4. Жантасов Қ.Т Төтенше жағдайлардағы тіршілік.Алматы,2011-207 б.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет