Байланысты: Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш
Биолаңкестік – вирус, ұнтақ сияқты бактериялық қоспаларды пайдалана отырып лаңкестік әрекет жасау.
Химиялық лаңкестік – улаушы және тұншықтырушы газдарды лаңкестік мақсатқа пайдалану.
Терроризм түрлері
Саяси
Мемлекеттік
Діни
Ұлттық
Әскери
Криминалдық
Саяси терроризм билік үшін күреспен байланысты терроризмнің түрі. Бұл террористердің саяси қарсыластары мен оларды қолдаушыларды қорқытуға бағытталады. Мұндай терроризм кезінде өздеріне қарсы жақтардың саяси қызметкерлерін өллтіріп жіне де басқа қызметкерлерге қорқыныш сезімін тудырады. Терроризмнің бұл түрі мемлекеттегі қалыптасқан саясатты бұзуға, нашарлатуға немесе өзгертуге бағытталған, және бұл мақсаттарына жету үшін террористер қызметкерлерді өтірік арқылы халыққа қорқыныш сезімін тудыруды көздейді.
Мемлекеттік терроризм-бүгінде кейбір мемлекеттер дүние жүзінде террорлық ұйым ретінде саналатын топтарға өзінің мемлекеттік саясаты ретінде көмек көрсететін және өз елінде қарсыластарын террор арқылы қорқытып бағындыратын мемлекеттер жатады.Жалпы айтұанда-мемлекеттік терроризм ол мемлекеттік саясатмен тығыз байланысты,ол арқылы мемлекет өз мүддесін қорғап өзінің деген көршілес елдерге немесе дүние жүзіне өз саясатын жүргізгісі келеді.Бүгінгі күнде бұл түсінік Ирак мемлекетіне тура келеді.Негізінен мемлекеттік терроризм бұл мемлекеттің өз тұрғындарын қорқыту арқылы бағындыру саясаты деп түсіндіріледі.
Ұлттық терроризм бұл басқа ұлттың адамдарын қорқыту арқылы оларды шеттету үшін және басқа ұлттың билігінен бөліну үшін жүзеге асырылады. Ұлтшылдық көбінесе басқа ұлттармен табысқысы келмейді, ал олар күш қолдануға жүгінуді біледі. Ұлтшылдық өз ұлттарымен бөлініп шығуы үшін митингтер ашады, бірақ митинг арқылы бөлініп шығу мүмкін емес болғандықтан,олар террорға жүгінеді.
Әскери терроризм соғыс кезінде көрініс табады және ол жаңа экономикалық құлдырату, қарсыластардың әскери әлсірету үшін қарсыластардың өндіріс және қорғаныс күштерін жою үшін ғана емес, ол сонымен қатар қарсы жақтың тұрғындарына қорқыныш сезімін тудыру мақсатында және сол мемлекеттегі жағдайды өзгертуге бағытталады.
Криминалдық терроризм аса қауіпті қылмыс түрі. Ол бүкіл әлеуметтік- саяси және құқық қорғау жүйесіне қарсы шығуға тырысады. Криминалдық терроризм әртүрлі қылмыстық топтардың арасында орын алуы мүмкін. Ол
сонымен қатар бас бостандығынан айыру мекемелерінде де орын алуы мүмкін, яғни ол бас бостандығынан айыру мекемелерінің әкімшілігі мүшелерін кепілдікке алу арқылы жүзеге асырылады.
Терроризм :
1. Адам санасына жасалынатын терроризм
2. Адамға физикалық түрғыдан жасалынатын терроризм
Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы заң 1999 ж. 13 шілдеде қабылданды.
Террористік акттің 3 режимі:
Сары түс-қалыпты
Алқызыл-қауіпті
Қызыл-өте қауіпті
Террорлықактілержүзегеасыруәдістеріне байланысты түрлеріне жатады:
а)жаппай қырып-жоятын қаруларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын терроризм;
б)атыс қарулары қолдану арқылы жүзеге асырылатын терроризм; в)радиоактивті материалдарды қолдану арқылы жүзеге асырылатын
терроризм;
г)бактериологиялық қаруды қолдану арқылы жүзеге асырылатын терроризм;
д)жаппай уландыруға әкеп соғатын қаруды қолдану жүзеге асырылатын терроризм.
Террористiк ұйым - террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзiнiң iс-әрекетiнде терроризмдi пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым. Ұйым, егер осы ұйымның басқарушы органдарының бiрiнiң келiсiмiмен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрi террористiк іс- әрекеттi жүзеге асыратын болса, террористік ұйым деп танылады. Террористiкакция - терроризм актiсiн не Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген террористiк мақсаттарды қудалайтын өзге де қылмыстарды тiкелей жасау.
Экстремизм термині сөзбе-сөз (лат. ехігетш- шеткі) шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару ретінде анықталады. Экстремизм бұл әруақытта әр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс. Оған анықтама беруде эксперттік ортада әртүрлі түсінік бар.
Оны екі топқа бөлуге болады: жағымсыз (негативті) әлеуметтік қауіпті
Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы. діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай
әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді.
діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді.
Діни экстремизмді қазақ ұшқарлық деп айтады. Мысалы, сен тамақты артық жеп қойсаң, зиян болады. Дін де сондай. Дін – Алла тағаладан Пайғамбарымызға (с.а.у) келген адамзаттың ақиқатпен жүру қағидасы. Уақыт өткен сайын оны әртүрлі діни топтар мен адамдар өздерінің пайдаларына қарай бұрып, өздері әулие болғысы келіп, өзгерткен. Мысалы, намазды ерлерге де әйел адамдар сияқты қолын кеуделеріне қойып оқуды, аяқты жаныңда тұрған адамның аяғына тигізіп оқуды, ораза ұстасаң, түкірігіңе дейін жұтпауды талап ете бастады. Сол сияқты жат пиғылды адамдар басқаларды азғырып, бұзып жіберді. Экстремизм дегеннің мағынасы сол.
•
Діни ағымдар атаулары.Түсініктері мен ерекшеліктер
Уаһһаб Уаххабилік діни-саяси ағым - Мухаммед ибн Әбдел УІІІ ғасырда Арабстанның Нәжд өлкесінде пайда болған. Мұхаммед пайғамбарға сыйынудың қажеті жоқ деп есептейді.
Радикализм» латынның «radix» «түбір, тамыр» деген сөзінен шыққан. Термин саясатқа қатысты пайда болған. Радикализм қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-саяси жүйемен келіспей оны түбірімен қайта жасауды ұсынушы – саяси топ. Сондай-ақ, діни радикализм өзге де «діни фундаментализм», «діни фанатизм», «дін экстермизм» секілді лаңкестік әрекеттерге қатысты қолданыла бастады. Радикализм терминінің дінге қатысты қолданыла бастауы қоғамда қалыптасқан жүйемен келіспейтін дін атын жамылған топтардың пайда болуымен байланысты пайда болды. Бұл термин діни ағымдардың өз көзқарастарын жүзеге асыруда радикалды тәсілдерді қолдануға ұмтылыстары мен олардың діни идеологиясының да осы бағытта екендігін көрсету үшін айқындауыш термин ретінде қолданылды.