Республикасы заңнамасындағы мемлекеттік тіл: мәселелері және келешегі Республикалъщ зылыми-тэжірибвлік конфвренция материалдары I а стана


«Қазақ тіліндегі заңи терминдер  апатты жағдайда» де-



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата06.03.2017
өлшемі12,67 Mb.
#8417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

«Қазақ тіліндегі заңи терминдер  апатты жағдайда» де- 
ген тақырыппен берген мақаласындағы: 
«Производство» «өндіріс» болып 
аударылуы  қажет.  М ы салы , 
« 0 6   исполнительном  производстве  и  ста- 
тусе  судебных  исполнителей»  заңын  «Атқарушылық  іс  жүргізу  және 
сот орындаушыларының мэртебесі туралы» деп  аудару кезінде қателік 
жіберілген.  Д ұры сы 
«Атқару  өндірісі  және  сот  орындаушыларының 
мәртебесі» деген пікірін көзім  шалды. Бұған қалай қарауға болады? 
«Про- 
изводство» созін жолма-жол  мағынасында алып, сот ісі мәселесіндегі бұл 
ұғымды  «өндіріс»  деуіміз  керек  пе?  Нені  өндіреміз,  қалай  ондіреміз?  Бұл 
арадағы  заңдық  нормасы  жағынан  «производство»  термині  «іс  жүргізу» 
емес пе деген қарсы пікір тіл ұшына еріксіз оралады. Заң шығару қызметінде 
мұның  бэрі  ұсақ-түйек  емес,  заң  тілінің  олшемін  жолма-жол  аударманың 
өлшеміне  салу  тұрғысындағы  сыншылдық  пікірдің  бэрін  объективті  деп 
қарау  біржақтылық  болады.  Өз  басым  мемлекеттік  тілдегі  заңды,  эсіресе 
терминді  ресми  қасаң  аударманың  аясымен  тарылтпау  қажет  деген  пікір- 
демін.
Мемлекеттік тілді заң тіліне, басқару тіліне айналдыру, ұлттық мемлекет- 
тілігімізді  толығымен  орнықтыру  бағытындағы  стратегиялық  жұмыстардың 
бір бағыты және негізгі бағыттарының бірі деп айтуға болады.
Осы ретте мемлекеттік тілдің бэсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызы 
ерекше. Ресми тілмен қатар қолданыстағы болып келген қазақтілінің қолданыс
аясын кеңеитіп, еліміздегі оарлық этносқа ортақ қарым-қатынас тіліне аинал- 
дыру  осы  бэсекенің негізгі  мұраты болуға тиіс.  Онсыз  орыс тіліндегі  қарым- 
қатынаста  аударма  роліндегі  тіл  болуы  мемлекеттік  тіліміздің  косегесін 
көгертпесі  анық.  Бұл  тек  өз  тіліміздің  орыс  тілінің  алдында  ғана  емес,  таяу
10

келешекте дүние жүзіндегі әлеуеті басым ағылшын тілімен де бәсекелестігіне 
және біі&ей тең қолданьшуына қатысты.
Конституцияның  93-бабында  азаматтардың  мемлекеттік  тілді  еркін 
әрі тегін  меңгеруі үшін  Үкімет тарапынан  барлық жағдайдың,  оның ішін- 
де  ұйымдастырушылық,  материалдық  және  техникалық  жағдайлардың 
жасалуы  керектігін  туралы  айтылған  ережеге  сэйкес  «Қазақстан 
Республикасындағы  тіл  туралы»  Заң  қабылданғаннан  кейінгі  уақыттың 
ішінде  елімізде  тіл  саясатына  байланысты 
бірқатар  іргелі  шаралар 
қабылданып, атқарылып келеді, Президент Жарлығымен «Тілдерді қолдану 
мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» 
бекітіліп,  оған  кейіннен  қажетті  өзгерістер  де  енгізілді.  2007  жылы  21 
қарашадағы  Үкіметтің каулысымен «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын 
кенейту жэне оның бәсекелестігін арттыру тұжырымдамасы» мақұлданды. 
Үкімет жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын одан эрі жетілдіру жөніндегі 
комиссияның отырыстарында тілге байланысты  бірқатар келелі  мэселелер 
қаралды.  Осының  бэрі,  сайып  келгенде,  мемлекеттік  тіліміздің  бүгінгі 
әлеуетін жан-жақты өрістетудің, қоғам өмірінің барлық саласындағы оның 
мэртебесін  нық орнықтыру бағытындағы нақты істердің атқарылуына жол 
ашатын шаралар. Мемлекеггік тілдің заң шығару қызметіндегі мүмкіндігін 
де мемлекеттік деңгейдегі  ауқымды  істердің орайында одан  эрі  қарастыра 
беруіміз қажет.
Халқымызды, қоғамымызды толғандырып отырған тіл мэселесін мемле- 
кеттік саясаттан бөліп алып қарауға болмайды. Біздің ұлт ретінде толыққанды 
дамып,  өркендеуіміздің  дэреже-деңгейі  -   ана  тілімізге  деген  азаматгық 
ұстанымымыздан көрініс табуы керек.
11

Д. Омашулы,
Қазақстан Республикасы Парламенті 
Мәжілісі Аппаратының редакциялау 
және аударма бөлімінің меңгеруилісі,
Мемтерминком мүшесі
ҚҰҚЫҚШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК
ТІЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ
тілде
құқығының
гілі.  Осы үш субъектінің ішінде қазіргі кезде Парламент депутаттарының заң 
жобаларына бастамашы болу деңгейі көңіл көншітпейді. Оның себептері бір-
нешеу. 
1
қоғамдық
Олар бүл
реттейтін  заң дайындау
ісінің,  әсіресе  мемлекетгік  тілде  заң  әзірлеудің  депутаггар  үшін  беймәлім
жаиларының көптігі.
2011  жылы  Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 20 жыл
толады.  Тарихи өлшеммен алғанда бүл қысқа мерзім болғанымен осы мер- 
зімде  атқарылған  істер  тұрғысынан  алғанда  оны  ғасырға  барабар  деуге 
болады.  Сондықтан  да  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  осы  дата- 
ны лайықты  қарсы  алуға 2010 жылдың бас кезінде сөйлеген сөздерінде-ақ 
баса назар аударып келеді.  Бас-аяғы 20 жылда ғасырға татитын орасан мол 
істер атқарылды дедік. Алайда, бір нәрсеге әлі күнге дейін жұртшылықтың 
көңілі  толмайды.  Ол  -   мемлекеттік  тілде  заң  дайындау  мәселесі.  Конфе- 
ренция  тақырыбының  көкейкестілігі,  міне,  осыдан  келіп  шығады.  «Тіл 
туралы»  Заңның  4-бабында: 
«Мемлекеттік 
тіл  —  мемлекеттің  бүкіл 
аумағында,  қоғамдық  қатынастардың  барлық  саласында  қолданылатын 
мемлекеттік  басқару,  заң 
шығару, 
сот  ісін  және  іс  қағаздарын  жүргізу 
тілі», 
-  деп  жазылған.  Заңның  осы талабы  әлі  күнге  орындалмай  отыр де- 
уге болады.
Тәуелсіз  елдің  еркін  өмір  сүріп,  дербес  дамуының  іргетасы  болатын, 
сайып  келгенде,  оның  ілгерілеу  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  қоғамдық 
қатынастарды реттейтін төл заңнамасы болатыны белгілі. Егемендік алғаннан 
бері Қазақстан Республикасында да төл Конституциямыздан бастап, жүздеген 
заңдар жазылып, қолданысқа енгізілді.
Бізде  қазіргі  кезде  заңдар  Конституциямыздың  7-бабында  жазылғандай, 
мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми
12

түрдс қазақ тілімен тең қолданылатын орыс тілінде әзірленіп, содан кейін ғана 
мемлқкеттік тілге аударылып жүр.
Бұл арада мәселе аударманың элсіздігіне ғана тіреліп тұрған жоқ. Аудар- 
ма да  мінсіз  болып  тұрмаған  шығар,  алайда  бұл  жерде  көптеген  бүлтартпас 
себептер мен салдар жатыр.  Оларды бір  сөзбен заңнаманы мемлекеттік тілде 
әзірлеу проблемалары деп атауға болады. Агап айтқанда, олар мыналар:
1)  құқықгың  алтын  ғасыры  атанған  кезеңдегі  Қасым  ханның  қасқа 
жолы,  Есім ханның ескі жолы, Жеті жарғы, сондай-ақ кезінде қазақ даласын- 
да  жасалған  ережелер,  одан  бертінде  қол  қойғандардың  ішінде  данышпан 
Абай  болған  1885  жылғы  мамыр  айында  Шар  бойындағы  Қарамола  съезін- 
де  жасалған  ереже  сияқты  дәстүрлі  заңдарымыз  қазіргі  құқықтық  жүйеде 
колданылып жүрген  нормативтік құқықтық актілерден  нысан  жағынанан  да, 
мазмұн жағынан да мүлдем бөлек дүниелер. Яғни оларда кездесуі мүмкін же- 
келеген  сөздерді  басқа  тілдерден  енген  термин  сөздердің  баламасы  ретінде 
пайдалануды айтпағанда, құқықтық актілерге үлгі ретінде бүгінгі күні пайда- 
лана  алмасымыз  анық.  Мұны  айтып  отырған  себебім,  қазақ тілінде  заңнама 
әзірлеуді  қолға  алған  адам  үшін  бізде  бұл  істе  қалыптасқан  дәсіүрдің  жоқ 
екенін айту. Мәселенің ең үлкені осы;
2) жоғарыда айтылған бірінші проблемадан туындайтын келесі мэселе нор-
мативпк құкықгық акплерді қазақ тілінде жазуға ешкімнщ кұлық ощдірмеуі, яғни 
ондай мамандардың болмауы, болса да Үкімет тарапынан қажетгі ұйымдастыру 
жұмыстарының жоқтығынан мұндай жұмыстың колға алынбауы;
3)  жоғары  оқу  орындарында  қазақ  тілінде  заң  жазу  ісіне  үйрететін, 
заңгер-аудармашылар  мен  заңгер-филологтар  даярлайтын  факультеттердің 
немесе бөлімшелердің әлі күнге дейін  болмауы;
4)  заң  мен  заңнамалық  акт  жазылатын  ресми  құжат  тіліміздің  жете 
қалыптаспауы, терминденбеуі. Терминдендірудің қуатты тетігінің жоқтығы.
Заңнама қазақ тілінде әзірленбейтіндіктен,  оларды орыс тілінен аударып 
дайындаудың да өзіндік проблемалары бар. Олар мынадай:
1) заңгер-аудармашылардың болмауы;
2)  заңдарды  дайындауға  ана  тілін  жетік  білетін  мамандардың, 
аудармашылардың қатыспауы;
3) заң орыс тілінде эбден пісірілгеннен кейін ғана аударылатыны, эрі бұл 
процесте асығыстыққа жол берілетіні;
4) заңжобаларының орыстілінен аударылып дайындалған мәтінінің Ү кімет 
құрылымдарында орыс тіліндегі нұсқасындай талқыланып, пысықталмауы;
5)  заң  жобаларына  берілетін  әр  түрлі  сараптамалардың  (ғылыми, 
кұқықтық, т.б.) орыс тіліндегі мэтінде ғана жазылатындығы;
6) заң жобалары Парламентке келіп түскенге дейін олардың аударылу са- 
пасын, құқықтық нормаларының бұрмаланбағандығын тексеретін, бір сөзбен 
айтқанда,  олардың  мемлекеттік  тілдегі  мәтініне  лингвистикалық,  құқықтық
13

сараптама беретін  орынның Үкімет Кеңсесінде де, Әділет министрліпнде де
болмауы. 


1
Қуқықшығармашылық  қызметіндегі  мемлекеттік  тілдін  жал-
пы  проблемалары  жөнінде  әңгіме  қозғағанда,  бірінші  кезекте,  казіргі 
кезеңнің  ерекшелігі  ретінде  заңнамадағы   аударма  мәселелеріне  немесе 
ресми  аударманың  заңнама  тілін  қалы птасты руға  тигізетін  ы қп алы н а 
толы ғы рақ тоқталу  қажет деп  ойлаймыз.  Бүгінгі  күні  мемлекетак тілдің 
ресми  қолданылу  жүгін  атқарып  отырған  ресми  аударманың  мемлекеггік 
қызметке жаппай енуі сонау 90-шы жылдардың басына тұспа-тұс келді. Егемен 
ел  болуымыз  бұрын назардан тыс қалған қазақ тшінің мемлекеттік дэрежеде 
қолданылу  аясын  кеңейтуге  жол  ашты.  Ресми  құжатгарды  эзірлеу  ісінде 
Кеңес  дэуірінен  қалған  тэртіп,  яғни  орыс  тілінің  үстемдіп  бэз-баяғысынша 
сақталып қалса да, енді оның қазақша нұсқасының болуы міндетке айналды. 
Жалпы, тәуелсіздігіміздің тарихымен есептесек, 90-шы жылдардың алғашкы 
жартысын  ресми  аударма  дамуының  бірінші  кезеңі  деп  аитуға  болады.  Бұл 
кезең туған  тілдің  теңдік  алғанына  қуанған  көңщцен  арылмай,  «әйтеуір  істі 
бастап  алсақ,  көш  жүре түзелер»  деген  ниетпен  жұмысты  жолға қою  кезеңі 
болды.  Құжаттың  қазақша  аудармасы  бар  ма,  бар деген  ыңғайда оның  сапа- 
сына онша мән берілмеуі, аудармашьшың авторлық стилін ескеру осы кезеңге
тән құбылыстар.
Көш,  шынында да жүре түзелгендей болды,  уақыт  өте ресми  қүжаттың, 
оның  ішінде  заңнаманың  өзіне  тэн  бүлжымас  ортақ  стилі  болатыны,  қүқық 
қолдану мәселесі қүжат тілін эркімнің стиліне салуды котермейтіні анықгала 
түсті. Ресми аударманың көркем аудармадан басты ерекшелігі де осында еді.
90-шы жылдардың екінші жартысын қамтыған екінші кезенде аударманың 
сапасы мен мағынасына мэн беріле бастады. Мемтерминкомның жүмысы жан- 
данып, терминологиялық қорымыз біршама байыды. Бүл кезеңнің бір кемшілігі
— мемлекетгік тілдегі қүжаттар заң терминдері  мен  атау  сөздердің баламала- 
рын сынап көретін сынақ алаңына айналды. Ол тэжірибені ресми аударманың 
дамуында орын алған кемшілік десек те, бүл сол кездегі қажетгіліктен туындап 
еді.  Қоғамдық өмірдің сан саласында жоғары  қарқьшмен жүргізілген рефор-
Я
І
малар нәтижесінде тілдік айналымға күн санап көптеп енген жаңа сөз тіркес- 
тері мен сөз орамдары ғыльіми-теориялық, заңгерлік сараптамалық тұрғыдан 
жүйелі  сараптаудың  болмауы  салдарынан  аудармашыны  осылайша  өз  бетін- 
ше әрекет етуге мэжбүр  етті.  Заң нормаларының тэжірибеде қолданылуында 
қиындық туғызатын бұл эрекеттен элі де толық арыла алмай отырмыз.
Қазіргі  кезенді  ресми  аударма  дамуьшың  үшінші  кезеңі  деп  айтуға  бо- 
лады.  Бұл терминдерді  бірізге  түсіріп,  бұрын жаңсақ қолданылғанын түзету,
олардың мағынасына көңіл бөлу кезеңі.
Жалпы  заңнама  тілінің  орнығып,  кеңінен  қолданылуында  ресми 
аударманың алатын орны, атқарар рөлі ерекше. Бұл -  жалпыға бірдей танылған
14

факт. Ресми аударманың түп мақсатының өзі -  мемлекеттік ресми құжат тілін, 
заңнама тілін қалыптастьфу. Біздің ресми аудармамыз бұл міндетін белгілі бір 
дәрежеДе орындап келеді.
Бүгінгі күні ресми құжаттар, оның ішінде заңнаманы аудару да «әйтеуір, 
тілден хабары бар гой» деген ниетпен негізінен журналистер мен филологтарга 
жүктелген.  Ал,  өз  басым,  заңның  мәтінімен  жұмыс  істейтін  адам  міндетті 
түрде заңгер болуы керек, тым болмаса ол құқықтың эр саласынан  хабардар 
болуы  керек деп  ойлаймын.  Өйткені,  майталман  аудармашы-журналистердің 
өзі  заңның  мэтінімен  жұмыс  істеуге  келгенде,  сол  заңның табиғатын  түсіне 
алмай  қиналады.  Әрине,  бұл  олардың  кінәсі  емес.  Бүгінгі  күнге  дейін  солай 
болып келді, қазір де солай. Сөздің мағынасын жете түсініп, қазақи ұғымға сай 
сөйлем құрағанымен, эр заңда, нормативтік құқықтық актіде норма болатынын, 
эр сөздің болмаса да әрбір  сөйлемнің норма жүгін арқалап тұратындығын кез 
келген  аудармашы  түсіне  бермейді.  Ал  оны  аңдамаған  адам  қазақшаға еркін 
аударып,  немесе  тігісін  жатқызып  редакциялап,  бір  қарағанда  әп-әдемі,  бас- 
аяғы  дұрыс  сөйлем  құрағанымен,  орыс  тіліндегі  түпнұсқамен  салыстырып, 
заң  шығарушыньщ  не  айтпак.  болғанын  зерделегенде,  оның  айтпақ  ойын, 
яғни норманы бұзып алатын  жағдайлар да аз емес. Сондықтан заң мәтінімен 
жұмыс істейтін аудармашы да, редактор да  заңның табиғатын түсінетін адам, 
яғни заңгер болуы керек. Бұл мәселені баса  айтып отырған себебім -  заң жо- 
баларымен күнделікті жұмыста осыған көзіміз әбден жетіп жүр.
Оған  көптеген  мысал  келтіруге  болады.  Ондай  мысалды  еліміздің  бас 
құжаты  -   Конституциядан  да  табуға  болады.  Мысалы,  Парламенттің  бір- 
лескен  отырыстағы  өкілеттіктері  айтылатын  53-баптың  3)  гармақшасында 
«Если  Парламент 
болыиинством  в  две трети голосов от  общего  числа  аде

путатов каждый  из палат
  подтвердит ранее принятое решение,  Президент 
в теченин семи дней  подписывает закон», — деген сөйлем  қазақ тіліне:  «Егер 
Парламент 
эр  Палата  депутаттарыныц  жалпы  санының  үштен  екісінің 
көпшілік даусымен
 бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, Президент 
жеті күн ішінде заңға қол қояды.», -  деп аударылыпты.  [2,  8]. Осы аударманы 
оқыған  қарапайым  халықта  депутаттардың  жалпы  санының  немесе  барлық 
депутаттардың 
үштен  екісі гана
 дауыс  беретін  болса, 
қалган  бір  бөлігі
  дау- 
ыс  беруге қатыспайды  екен ғой деген түсінік қалыптасуы  мүмкін.  Бар кілти- 
пан  Конституция  мэтінін  аударған  адамның  Парламент депутаттарының да- 
уыс  беруінің  конституциялық  нормаларын  білмейтіндігінен  болып  отыр.  Ол 
заңгер  емес,  бар  болғаны  аудармашы  ғана,  тіпті  жақсы  аудармашы  да болуы 
мүмкін.  Өйткені,  сөйлем қазақ тілінің 
за ң д ы л ы қ т а р ы  
сақгала отырып, дұрыс 
кұрылған.  Солай  болғанымен  норма  бұзылып  отыр.  Дауыс  беруге  қатысты 
конституциялық нормаларды білетін адам  бұл  сөйлемдегі 
үштен екісінің
 де- 
ген  сөздердің  орнына 
үштен  екі
  деген  сөздерді  қолданар  еді.  Сонда  дауыс 
беруге депутаттардың бэрі де қатысатын болып шығады. Ал енді осындай аса
15

маңызды  норма Конституция  мәтінінде  алты жерде кездеседі,  соның бэрінде 
осылайша бұрмаланып аударылып отырған.
Міне, заң аударушыға заң білімі қаншалықты қажет екенін осы мысал көз
жеткізе дәлелдейді.
«Аудармашы  өте  терең  білімді,  екі  тілді  де  бірдей  меңгерген,  тек  қана 
тілді емес, заң білімін де жақсы білетін адам болуға тиіс. Себебі, заң білімінің 
жэне заңның бір ерекшелігі -  ол қалай болса солай жазуды ұнатпайды. Занды 
дәлме-дәл  жазу  керек.  Мен  заңтануды  математикамен  салыстырар  едім.  Сё- 
бебі,  заңнан  кішкене  ауытқып  кететін  болса,  ол  адамның  өміріне  зиян  кел- 
тіреді,  қоғамның  өміріне  зиян  келтіреді.»,  — дейді  академик  Ғ.  Сапарғалиев. 
Бұл  пікір  де біздің жоғарыдағы ойымызды қуаттай түседі.
Құқықшығармашылық  қызметіндегі  мемлекеттік  тілге  қатысты 
айтылар ендігі бір әңгіме 
олардағы термин сөздердің рөлі туралы болуға 
тиіс. 
Терминология мэселесін қозғағанда біз терминдерді ұлттық заңнаматер- 
минологиясы  шеңберінде  қарастыратынымызды  бірден  айтып  өтуіміз  керек. 
Өйткені,  заңдар  коғам  өмірінің  барлық саласын реттейтін жоғары  құқықтық 
акт  болып  табылады.  Сондықтан  заңнама  терминдері  қоғамның  тіршілік- 
тынысының барлық саласын қамтиды.
Үлттық  заңнама  терминологиясында  шешілмей  жүрген  бірқатар  өзекті 
проблемалар  бар.  Оның  біріншісі  -   нормативтік  қүқықтык  актілердегі  атау 
сөздердің,  терминдердің  бірізділігі  проблемасы.  Нормативтік  құқықтық  ак- 
тілер  жобаларының  орыс  тілінде  эзірленуі,  Парламентке  келіп  түскенше 
осы  жобалардың  орыс  тіліндегі  мэтіні  ғана  пысықталып,  ал  қазақ  тіліндегі 
аударма  нұсқасының  назардан  тыс  қалуы,  Парламенттегі  жұмыс  топтарын- 
да да  жобамен  жұмыстың  негізінен  орыс  тілінде  жүргізілуі,  жалпы  алғанда 
ұлттық  заңнама  тілінің,  оның  терминологиясының  орыс  тіліндегі  нұсқаға 
байланып  қалуы  ұлттық  заңнаманың  тілі  мен  терминдеріндегі  бірізділіктің 
сақталмауына  себеп  болып  отыр.  Тиісті  сала  маманының,  заңгердің  тезінен 
өтпеген  ұлттық  термин  алды-арты,  кейінгі  қолданылу  жағдайы  болжанбай, 
жалғыз  аудармашының ой-өресіне  байланып,  бір  қайнауы  ішінде,  шала-шар- 
пы күйінде кетіп жатады.
Бір ғана мысал келтірейік,  «процесс»  сөзінің,  қарап отьфсақ, кездеспей- 
тін  саласы  жоқ.  Жаратьшыстану  ғылымында  да,  гуманитарлық  салада  да, 
құқық  теориясы  мен  практикасында  да  кездеседі.  Мағыналық  ауқымының 
кеңдігіне  орай  бұрын  «процесс»  деп  алынып  жүрген  осы  сөзді  Мемтермин- 
ком  2009  жылы  «үдеріс»  деп  бекітті.  Түбірі  қазақ  тіліндегі  «үдеру»  деген 
сөзден  шығатын осы  «үдерістің»  «процеске» мағыналық жағынан тура бала- 
ма  бола  қоярына  күмэніміз  бар.  Жалпы  қандай  сөзді  алсақ  та,  ол  алдымен 
санада  сэулеленеді,  яғни  белгілі  бір  құбылыстың,  нәрсенің  бейнесін  береді. 
Ал  «үдеріс  -  үдеру»  деген  сөз.  Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігіндегі  «үдере 
көшу» тіркесінен түсінетініміздей, жаппай эрі асығыс жасальш жатқан «үдере
16

көшу>,  сияқты  қарбалас  тірлікті  көз  алдымызға  әкелмей  ме?!  Орыс  тілінде 
«процестен»  туындайтын  «процессуальный»  деген  сөз  бар.  Егер  «процесс» 
сөзі  «үдсріс» деп  алынатын  болса,  соған сәйкес «процессуальный» дегеніміз 
«үдерістік» деп аударылуы керек. Сонда «Уголовный процессуальный кодекс»
-  «Қылмыстық үдерістік кодекс» (үдеру кезеңіндегі кодекс), «процессуальное 
положение» -  «үдерістегі жағдай» (үдеру кезіндегі жағдай), «процессуальные 
документы» -   «үдерістік  құжаттар»  (үдеру  кезіндегі  құжаттар) деген тіркес- 
тердегі  «үдеріс»  дегея  соз  «процестен»  өзгеше,  мүлдем  басқа  ұғымға  жете- 
леп тұрған жоқ па. «Процесс» сөзінің осы баламасы жөнінде әлі де жақсылап 
ойлану керек секілді.  Бұл сөз де ендігі жерде жарыспалы терминдер  қатарын
көбейте ме деп қорқамыз.
Бұл  мәселеде  тәртіп  болмаса,  қалың  жұртшылықты  былай  қойғанда, 
термин  жасаушы  мамандарымыздың  өзі  көп  ұзамай  әбден  шатасатынын,  ал 
уакыт өте келе оны ретке келтіру өте қиынға соғатынын қазірдің өзінде сезіп 
отырмыз. Бұл жағдай заң мәтінінің аудармасы немесе терминдері жөнінде дау 
туа  қалса,  ең  алдымен,  Мемтерминкомға  жүгінетін  заң  шығарушыны,  яғни 
депутаттар  қауымын  бір  ұғымның  бірнеше  атауымен  «қаруландыруға»  «көп 
көмегін» тигізіп жүр.  Мәселенің түйіні  нормативтік  құқықтық  актілер жоба-
щ
ларын қазақ тілінде әзірлеуде жатыр.  Сонда ғана бірнеше  сатыда алуан түрлі 
мамандар талқысынан өткен терминдер қалыптасар еді.
Терминология  жайлы  әнгіме  қозғағанда  оның  аса  маңызды  бір 
кыры  терминография  жөнінде  бір-екі  ауыз  сөз  айтпай  кетуге  болмайды. 
Терминография  туралы  сөз  қозғай  бастағанда  алдымен  алаңдататын  мәселе, 
біз  үшін,  сөздіктер  мәселесі  болып  отыр.  Бүгінгі  күні  термин  сөздер  мен 
атаулардағы  ала-құлалықтың  қайнар  козі,  бірінші  кезекте,  тап  осы  сөздіктер 
десек,  қателеспейтін  шығармыз.  Әрине,  бұған  мерзімді  басылымдардың  да 
қосып отырған «үлесі» аз емес. Бұл қазір ресми тілімізді, оның ішінде ұлттық 
терминдерді  қалыптастыруда  бытыраңқылықты  болдырмаудың  орнына  оны
үдетіп отырған тағы бір үлкен мәселе.
Ана тіліміздегі газет-журналдар кейінгі кезде тілімізде кеңінен қолданы- 
лып  жүрген  сөздерді,  сөз  тіркестерін  әрқайсысы  өз  бетінше  алуды  әдетке 
айналдырып  алған  секілді.  Мысалы,  «террорист»  сөзі  заң  тілінде  — «тер- 
рорист»,  газет тілінде  «лаңкес»  деп  аталады,  «терроризмді» — «лаңкесизм» 
дейміз бе сонда, ал оған қосақтала жүретін «экстремизм»,  «экстремист» де- 
генді  қалай  аламыз?  «Футболды»  — «аяқдоп»  дейміз,  дұрыс  делік,  ал  сон- 
да  құрамында  ағылшынның  «бол»,  яғни  «доп»  деген  сөзі  бар  басқа  спорт 
түрлерін  қалай  қазақшалап  аламыз,  оның  ғылыми  негізділігі  жэне  санаға 
сіңімділігі  қалай  болмақ?  Қайсыбір  газеттер  сөзжасамның  неше  түрлі 
нұсқаларын  ұсынып* жүр.  Олардың  принііипіне  сүқенсек,  аударыямайтьін 
бірде бір сөз болмауы керек сияқты. Мысалы, «рояль», «фортепиан^», «про- 
цент», «бизнес», т.б. сияқты халықаралық Ьөздерді қалайда аударудың не ке-

А
*
регі  бар.  Термин  қабылдаудың  ғылыми  принциптерін  нақты  қарастырып, 
осы жолда көп еңбек сіңірген  ғалымдардың бірі -  Құдайберген Жұбановтың 
өзі халықаралық терминдерді қазақ тіліне жаппай аудара бермей, реті келген 
жерінде  сол  қалпында  алу  қажеттігін  де  айтқан  еді.  Мысалы,  революция, 
совет,  теория,  практика,  хирургия,  климат,  тенденция  т.б.  деген  сөздер  осы 
қатарға жатады. 
г  , 
1
Соңғы  кездері  бұрын  қалыптасқан  сөздердің  жаңа  баламалары  пай- 
да  болып,  жұртты  шатастырды.  Мысалы,  «охрана»  сөзі  әуелде  «күзет»  деп 
алынған  еді.  Енді  оны  қазақ  тілді  басылымдар  «қорғауыл»,  «сырттауыл», 
«сайдауыл»  деп  те  алып жүр.  «Семьяны»  әлі  күнге дейін  «жанұя» деп жаза- 
ды.  Ол әлдеқашан «отбасы» деп қабылданған жоқ па? «Қазаншының еркі бар 
қайдан  құлақ  шығарса»  деген  мәтел  заңнама  тіліне  жүрмейді.  Қазақ Алтай- 
дан Атырауға дейінгі ұлан-байтақ жерді жайлап отырса да тілінде диалектісі 
жоқ еді,  енді  сол диалектіні  өзіміз қолдан жасап бергелі  отырған сияқтымыз.
Ал  диалект  сөздерді  заң  тілінде  мүлдем  қолдануға  болмайды.  Сондықтан 
Мемтерминком  сөздіктер мәселесін  мықтап қолға алуға тиіс.  Қоғам  өмірінің 
экономика,  ғылым-білім,  мәдениет пен  өнер  сияқгы  секторлары  өз  кезегінде 
сала-салаға тарамдалып кететіні белгілі. Міне, осы салалардың әрқайсысында 
басшылыққа  алынатын  бір  ғана  сөздік  болуға тиіс.  Мейлі  ол  «үлкен  сөздік» 
деп  атала  ма,  мейлі  2-3  кітаптан  тұра ма,  бэрібір,  алайда  ол  бір  ғана  сөздік 
болуға тиіс. Оған сол салада шығып үлгерген барлық сөздіктердегі қамтылған 
сөздер екшеліп алынуы  керек.  Сөйтіп  ол баршамыз  басшылыққа алуға тиісті 
міндетті басылым болуы керек. Бұл — үлкен жұмыс. Бір институттьщ жұмысы. 
Біліктілік  пен  білімді  қажет  ететін  аса  күрделі  әрі  жауапты  жүмыс.  Алайда, 
бұл -  аса қажет жұмыс.  Онсыз  қазіргі  жағдайды жэне болашақга орын алуы 
ықтимал  анархияны  түзеу  мүмкін  болмайды.  Ендеше,  ұлттық  заңнама  тер- 
миндерін  қалыптастыру  ісі  де  қазіргі  күйінен  арыла  алмайды.  Сондықтан 
терминографиядағы  осы  істі,  қанша  қиын  болса  да  қолға  алатын  уақытты 
өткізіп алмау керек. Заман ағымына ілесіп отыру үішн, көштен қалып қоймау 
үшін бұл  аса қажет іс. 
1

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет