Использованная литература:
1. Хаджирадева С.К. Подготовка государственных служащих к профессиональ-
но-речевой коммуникации: концептуальные основы и стратегия модернизацрш техно-
логий .-Дисс. докт.-Киев, 2006.-296 с.
2.
Мущинина, М. М. О правовой лингвистике в Германии и Австрии // ҺЯр://
ч
п
н
у
/.
1ехІ5-а8и.пагосі.пі/оіһег-\Үогк5/42.һізіі
3. Юрислингвистика: проблемы и перспективы: Межвузовский сборник науч-
ных трудов. Под ред. Н. Д. Голева. Барнаул, изд-во Алтайского университета, 1999.
—180 стр.
4.
Росііесһ, АсІаІЪеп. Кесһізіііщиізгік. // Стішш, Біеіег [Нгз§.]. К.есһіздуіззепзсһай
шсі КасһЬалуіззепзсһайеп. В і П, Мшсһеп: Веск, 1976, 8. 105-116
5. Белоконь, Н. В. Лингвистические ошибки в нормативно-правовых докумен-
тах. // Юридическая Россия, 2002.- іпіо@1а\у.есіи.ги
6. Гальскова Н.Д., Яковлева Л.Н. Новый УМК по немецкому языку// Иностран-
ные языки в школе.- 1998 - №1.-С. 39
7. Уварова Н.Л. Гуманитаризация профессионального образования государс-
твенных служащих средствами лингвистической подготовки [Электронный ресурс]:
Дис. д-ра пед. наук : 13.00.08 . - М .: РГБ, 2003.
5-837
65
А. Садуақасов,
Қазақстан Республикасы
Мэдениет министрлігі
Тіл комитетінің сарапшысы,
саяси гылымдарының кандидаты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ НЫ Ң М ЕМ ЛЕКЕТТІК ТІЛ ІН
ДАМЫТУДЫҢ ЗАҢНАМ АЛЫ Қ-ТҮЖ Ы РЫМ ДАМ АЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ
|
Қазақстан Республикасының дербес мемлекет болып дамуына, ұлт болып
сақталуына мүмкіидік берген тәуелсіздік алғанымызға 19 жыл уақыт өтті. Осы
кезең ішінде ұлттык саясатта, оның ішінде тіл саясатында бірқатар жұмыстар
атқарылды. Дегенмен, атқарылған істерге қарағанда атқарылмағаны одан
да көп екені жасырын емес. Солардың ішіндегі ең бастысы әрі маңыздысы
- Конституциялық мәртебеге ие мемлекеттік тіл - қазақ тілін дамытудың
құқықтық-заңнамалық базасының элі де болса толыққанды жасалып бітпеуі.
Осы орайда мемлекеттік тіл саясатының құқықтық аспектілеріндегі түйткілді
мәселелерді сараптап,, саралап алғанымыз жөн.
Еліміздегі зиялы қауым өкілдері, танымал саясаттанушылар мен са-
ясаткерлер, социолингвистер мен тілтанушы ғалымдар, заңгер мамандар
мемлекетпк тіл ретінде қазақ тілінің жеткілікті дамымай отыруын көбінесе
қолданыстағы тіл туралы заң мен бағдарламалардың шикілігімен түсіндіреді.
Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің қоғам тарапынан толық мойындалмай,
игерілмей қалуының басы факторы — қазақ тілінің саяси-әлеуметтік, ғылыми-
лингвистикалық элеуетінің орыс тілі мен орыс жазуьша тэуелді болып қалуы
болып отыр. Айталық, Қазақстан Республикасы Конституцияның 7-бабына
сэйкес «Мемлекетгік ұйымдарда жэне жергілікті өзін-өзі басқару органда-
рында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген норма-
ны қарапайым халық түгілі, мемлекеттік органдар да қате түсініп, «ресми
түрде қолданылады» деген сөз тіркесін түрлендіріп, көптеген құжаттарда
«Қазақстанда ресми тіл — орыс тілі» деп, кейде қателесіп, кейде қасақана
көрсетіп келеді. Осылайша Конституцияның 7-бабы өрескел бұзылып, мемле-
кеттік тіл ретіндегі қазақ тілінің саяси мэртебесіне нұқсан келтірілуде. Мұндай
саяси қателікке тіпті Президент Әкімшілігі, Үкімет, Парламент, министрлік-
тер тарапынан жарық көретін кітаптарда, бұқаралық ақпарат құралдарында
жол беріліп келеді. Бұл өз кезегінде қазақ тілін меңгермей, оның мемлекет-
тік мэртебесін мойындағысы келмейтіндерге таптьфмайтын желеу болып
отыр. Мұндай азаматтар республикада тек өзге этнос өкілдері арасында гана
емес, қазақ тілі ана тілі болып табылатын, алайда қазақ тілін білмейтін қазақ
66
ұлтының арасынан да көптеп квздесудс. Осылайша Конституциямен баянды
етілген қазақ тілінің мемлекетгік мәртебесі республика көлемінде еквдай
тусшік беріп, азаматтардың санасында «ресми тіл — орыс тілі, ол мемлекет-
тік тіл — Қазақ тілімен тең қолданылады» деген ұғым қалыптасып, соның сал-
дарынан елімізде мемлекеттік тілді білетіндердің саны өз дәрежесінде бол-
м&и отыр. Ал мұндай келеңсіздік жалгаса берсе, үлттық сәйкестілік үдерісі
жолындағы мемлекет саясаты нәтиже бермей қалуы мүмкін.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік тілдің толыққанды да-
муы және қоғамдық қзтынастардағы барлық функцияларының жүзеге асуы
үшін оның графикалық негізі ұлттық тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне не-
гізделіп, оның орфографиялық, орфоэпиялық, емлелік, терминологиялық,
ономастикалық әлеуетін қамти алуы шарт. Қазақстан Республикасы
Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы №3186 өкімімен макұлданған
«Қазақстан Республикасының тіл саясатыньщ тркырымдамасы» өтпелі
кезенде тілдердің сақталу жэне қызмет ету саласындағы мемлекеттік саясат
стратегиясын эзірлеу, мемлекеток тіл ретіндегі қазақ тілін дамытуға жағдай
туғызу жөніндегі мемлекет міндеттерін айқындау мақсатында қабылданды.
Тұжырымдаманың міндеп ретінде Қазақстан Республикасыньщ Конституци-
ясына саи тілдік дамудың басым бағыттарын, тілдердің қызмет ету тетіктерін
айқындау белгіленген.
Осы тұжырымдамада қолданылған «тілдік ахуал» ұғымына - бұл тілдің
қоғамда нақты қолданылуыньщ көрінісі. Оның пайда болүы жэне олан
эрі қалыгггасуы түрлі жағдаиларға, атап аитқанда, тілдік жэне тілдік емес
(элеуметпк, саяси, экономикалық, психологиялық, тарихи, географиялық т.б.)
факторлардың өзара әсеріне байланысты деген анықтама берілген.
Аталған тұжьфымдамада мемлекетік тілдің қолданылу аясы, тілдерді
функционалды дамытудың қолайлы моделі, тіл құрылысының міндетгері-
мен қатар, қазақ тілі корпусының саяси мәселелері де қамтылған. Мұны
тұжырымдаманың «Тіл құрылысынын міндеттері» бөлімінен байқауға бо-
лады: «Тілдерді дамытуға жағдай жасау мақсатындағы мемлекеттік саясат
мемлекетгік тілді дамытуға артықшылық беру бағытында қазіргі қолданылып
жүрген тілдер иерархиясына түзетулер енгізуді көздеуі тиіс. Бұл дегеніміз
- мемлекетгік тілге және басқа тілдерге қатысты міндетгері эр түрлі болады
бұл
Мемлекеттік тілдің айрықша мэртебесін арттыруға бағыттал
алғышарттарының бірі - мемлекетгік
тыру, содан кейш барып емле ережелерін, орс]
терминологиялық, ономастикалық, ақпараттық
көпшілік, қоғамдық-саяси функцияларьш тиімді
болады. Бұл тұрғыда аталған тұжырымдамада
келешегі жайында «Мемлекеттік тіл мэртебесі
67
рын кеңейте түседі, тілдегі жаңа өзгерістерге байыпты ғылыми талдау жа-
сауды талап етеді. Қазақ тілінің бірізділігі мен тиісті стандартқа келтірілуін
камтамасыз ететін орфографиялық, орфоэпиялық, тыныс белгілері ереже-
лерін жүйеге салу басты міндет болып отыр. Қазақ тілінің терминологиялық
лексикасының жиынтығын жасау аса қажет. Қазақстанның сөз мәдениетін
жетілдіру
орфографиялық,
орфоэпиялық,
түсіндірме
сөздіктердің
шығарылуын көздейді. Мемлекеттік тілді оқып-үйренушілер үшін бейне
және дыбысты-көріністі материалдар шығаруды қамтамасыз ету қажет» деп
көрсетілген.
4
^ ; ы
Жаһандану және ақпараттандыру дәуірінде күшті ұлт ретінде бәсекеге
қабілетті болу үшін мемлекеттік тілдің графшсалық жүйесі тілдің ақпараттық-
коммуникациялык кеңістіктегі орнын заман талабына сай қалыптастыра алуы
қажет. Қазақ тілінің графикалық негізі болып отырған қолданыстағы кирил-
лица графикасы қазақ тіліне өзге тілден енетін кірме сөздер мен терминдерді
игеруде қиындық келтіріп қана қоймай, саяси тұрғыдан үлттық сәйкестіліктің
қалыптасуына кедергі болуда. Өйткені, орыс жазуына негізделген қазіргі
қазақ әліпбиінде басы артық, қазақтың төл сөздерінде кездеспейтін орыстың
14 әрпі бар. Олар өз кезегінде кірме терминдердің қазақы сипат алуына емес,
керісінше орыстық, славяндық реңкке ие болуына мүмкіндік береді. Осыған
орай Қазақстан Республикасында ұлттық әліпбиді қалыптастыру, емлелік,
орфографиялық ережелерді жүйелеу, терминдерді біріздендіру, сайып кел-
генде, қазак тілінің ғылыми-лингвистикалық мәселелерін шешу мәселесі күн
тәртібіне қойылып келеді. Алайда, бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Қазақ
жазуының графикалық негізі ретінде орыс жазуына тәуелді болуы салдары-
нан еліміздегі лингистикалык-коммуникациялық кеңістіктегі орыс тілінің
үстемдігі орнап отырғандығы анық.
Мемлекеттік тіл саясатындағы түйткілді мәселелерді шешу, елдегі
тілдік ахуалды жақсарту мақсатында 2001 жылғы 7 ақпанда Қазақстан
Республикасы Президентінің №550 «Тілдерді қолдану мен дамытудың
2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы»
Жарлығы қабылданды. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің
Тіл комитеті мемлекеттік орган атауының әр жылдары түрліше өзгеріп
отыруына қарамастан өзінің кызметін осы Жарлыққа сәйкес жүзеге асы-
рып келеді.
*
Әліпби мен жазу мәселесі осы бағдарламаның «Тілдерді қолдану мен
дамытудың мемлекетгік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері» атты
бөлімінің 3-тармағында мемлекеттік тіл саясатының негізгі міндеттері ретін-
де көрсетілген:
-
гылыми-пингвастикалъщ зерттеулер мен олардың нэтижелерін нацты
іске асыруды жеделдетуді ж үзеге асыру жолымен қазіргі қазақ эдеби тілінің
нормаларын бірыңгайлауды қамтамасыз ету;
68
қазіргі қазақ әдеби тілініц сөзжасам процестерінің, оныц ішінде
терминжасам принциптерін гылыми негізде жүйеге келтіру, қазақ тілінің
тстыққанды терминологиялық жүйесін енгізу;
— қазіргі қазақ тілінің тілге ортақ эдеби нормаларын жүйеге келтіру;
—
қазақ тілінің фонологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, цазақ
эліпбиі мен орфографиясын жетілдіру жөніндегі шаралар қолдану;
— ономастика мэселелерін гылыми түргыдан қамтамасыз ету
;
Міне, бұл міндетгер бағдарламаға енгізіліп, Мемлекет басшысының
Жарлығымен қабылданғанымен, элі күнге толыкгай іс жүзіне асқан жоқ. Осы
бағдарламаның тілдік дамуцың басым бағыттары ретінде 5 басымдық белгі-
ленді. Олар:
1-басымдық.
Нормативтік цұқықтъщ қамтамасыз ету;
2-басымдык.
Мемлекеттік тілді мемлекеттік басқару, заң шыгару, сот
ісін жүргізу, іс қагаздары салаларында, Қазақстан Республикасының Қарулы
Күиітері мен цұцық қоргау органдарында, халықаралық қьізметте дамыту.
3-басымдық.
Білім беру мен тілдерді оқыту салаларындагы тілдік
даму.
4-басымдық.
Тілдік дамуды гылыми қамтамасыз ету.
5-басымдық.
Мәдениет жзне бүқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ
денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салаларында тілдік даму.
Қазақ жазуын реформалау мәселесі осы 5 басымдықтың төргіншісіне жа-
тады. Бағдарламада 4-басымдық аясындағы жазу жүйесін дамыту мақсатында
мынадай міндеттер көзделген: «Қазіргі қазақ эдеби тілінің грамматикапық
нормаларының бірізділігін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында орфо-
графиялық кеңес құру мүмкіндігін көздеу қажет. Оның қатысуымен қазақ
эліпбиі мен орфографиясын жетілдіру жөніндегі қызметті жалғастырған жөн».
Қазақэліпбиі мен орфографиясы, емлелік ережелерінде элі күнге дейін Кеңестік
идеология мүдцесіне сай қабылданған заңдылықтар күшін жоймай келеді.
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері эліпбилік, емлелік реформаның жүргізілмеуі,
яғни қазақ жазуы нормаларының үлтгық тілдің фономорфологиялық ере-
желеріне сәйкес қайта бекітілмеуі салдарынан қазақ тілінің үлттық корпу-
сы дамымай отыр. Бүл дегеніңіз - қазақ жазуының ретгелмеуінің салдары-
нан ұлттық терминологияның, ономастиканың, антропонимиканың, ресми
картографияның ұлттық мүддеге қабыспай тұрғанын айғақтайды.
2010 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Қазақстан
Республикасы Президентінің «Мемлекеттік бағдарламалардьщ тізбесін бекіту
туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына жэне Қазақстан Рес-
публикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының
XV сессиясында берген тапсырмаларын орьгадау жөніндегі Іс-шаралар
жоспарыньщ 3-тармағына сэйкес Тілдерді дамьпу мен қолданудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекетгік бағдарламасының жобасын әзірледі.
69
Бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстанда
тұратын барлық
этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды
факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қызметі мен қолданысын
қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты. Ал бағдарламаның басты мақсатынан
тарайтын негізгі мынадай басым бағытгар анықталды:
1.
Мемлекеттік тіл
-
үлт бірлігінің басты факторы;
2
1
Мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын қамтамасьіз ету;
3
.
Дамыган тіл мәдениеті
-
зиялы үлттың элеуеті;
4. Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту.
Бағдарламада шешілуі көзделген басты міндетгерге мемлекетгік тіл-
ді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау, мемлекеттік тілді
оқытудың инфрақұрылымын дамыту, мемлекепік тілді оқыту процесін ын-
таландыру, мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру, мемлекет-
тік тілге сұранысты арттыру, қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру мен
жүйелеу, тіл мәдениетін жетілдіру, коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс
тілінің қолданысын қамтамасыз ету, Қаз ақст анд ағы тілдік алуандықты сақтау,
ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену жатады.
Мемлекепік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау
мін-
деті шеңберінде оқытудың тиісті стандарттарьш жетілдіру мен үздіксіз білім
беру моделі арқылы мемлекеттік тілді меңгеруці бағалау жүйесін енгізу, қазақ тілі
оқьпушыларын оқыту мен олардың білікгілігін арттыру, қазақ тілін толыққанды
күнделікті қызметтік және кәсіптік қарым-қатынас тіліне айналдыру көзделеді.
Мемлекеттік тілді оқытудьщ инфрақұрылымын дамыту аясында мемле-
кеттік тілді оқыту орталықтарының білім беру қызметіне міндетті талаптар
мен олардың қызметіне рейтингтік бағалау жүйесін енгізу, сондай осыны іске
асырудағы құқықтық негіздер мен әдіснаманы әзірлеу көзделеді.
Мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру мақсатында
мем-
лекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ және халыққа
қызмет көрсету саласындағы қызметтер көрсететін ұйымдар (банктер, сауда
ұйымдары, қызметтер көрсету саласы жэне т.б.) қызметкерлерінің қазақ тілін
білу деңгейіне қойыл атьш ең азталаптарды анықтау, мемлекеттік қызметшіл ерге
қазақ тіліне оқыту жүйесін ұйымдастыру, қазақ тілін мемлекетаралық бақылау
мен ұлттық бірыңғай тестілеудің қажетті жэне міндетті құрамдас бөлігіне ай-
налдыру, мемлекеттік тілді оқыту орталықгарының жанынан білім деңгейі
бойынша тегін курстарды ұйымдастыру, сондай-ақ осы жұмысқа мемлекеттік-
жеке меншік серіктестік эдістерін қолдану, инновациялық нысандар мен оқыту
эдістемелерін эзірлеу арқылы қазақ тілін қашықтықтан оқыту, шетелдегі қазақ
диаспорасының өкілдеріне өз ана тілдерін меңгеруге саяси-дипломатиялық,
эдістемелік жэне ұйымдастырушылық қолдау көрсету, отандастар мэселелері
бойынша сараптамалық жэне зерттеу жұмыстарының жүйесі ұйымдастыру
мэселелерінің шешімін табуы көзделген.
Мемлекетгік тілді көпшілікке тарату және оның қолданылу аясын
кеңеиту
бойынша мемлекеттік тілді қолданудьщ мәртебесін артгару көзделеді.
Сонымен қатар, қоғамдық санада мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бей-
несін қалыптастыру мен орнықтыру, мемлекеттік тілді отбасы құндылығы
ретінде копшілікке тарату, мемлекеттік тілді қолдану мәселелерінде ұнамсыз
таптаурын пікірлерді бейтараптандыру, мемлекеттік тілде хабар тарататын
жаңа телевизиялық арналар құру арқылы тілдік ортаны қалыптастырудағы
БАҚ-тың рөлін күшейту көзделеді. Атқарылатын ауқымды шаралардың келесі
бөлігіне — балалар мен жастардың қазақ тілді контентін кеңейту, арнайы оқыту
бағдарламаларын құру, фильмдер түсіру арқылы мемлекеттік тілді оқыту про-
цесін ұйымдастыруда медиалық саланың әлеуетін белсенді пайдапану, мем-
лекеттік тілді ғылым, заң және жаңа технологиялар тілі ретінде дамыту, эн-
циклопедияларды, ғылыми-публицистикалық, іскерлік, көркем және басқа да
әдебиеттерді түпнұсқа тілінен қазақ тіліне аударуды ұйымдастыру және көп
таралыммен шығару жатады.
Мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту мақсатында
Электрондық
үкімет шеңберінде электрондық қызметтер көрсетудің барлық деңгейінде
қазақ тілінің қолданылуын жандандыру, қазақ тілін халықаралық қарым-
қатынас, демалыс жэне ойын-сауық саласында да кеңінен қолдану, мәдениет
мекемелерінің репертуарларын қазақ тілді жаңа контентпен толықтыру,
бұқаралық мәдени, спорт жэне басқа да көпшілік іс-шараларды өткізген кез-
де мемлекеттік тілді кеңінен қолдану, этнотуристік іс-шараларды (мэдени-
этнографиялық ескерткіштерге саяхат, скаутинг, балардьщ этносаяхаттары
жэне жазғы этнолагерьлер) ұйымдастырған кезде мемлекеттік тілдің әлеуетін
пайдалануды жандандыру жұмыстары жүргізілетін болады.
Қазақстандықтардың
тілдік
мәдениетінің
деңгейін
арттыру
мақсатында
мынадай бірқатар шаралар қолға алынатын болады:
- қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;
- экімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын жүйеге келтіруді
қамтамасыз ету,
- ономастика саласындағы нормативтік құқықтық базаны пысықтау, сон-
дай-ақ географиялық обьектілердің атауларын мемлекеттік тілде жазу, оны
орыс жэне басқа да тілдерде транслитерациялаудың ережелерін эзірлеу;
-
антропонимикалық
атауларды
жэне
көрнекі
ақпараттарды
сэйкестендіруді жүзеге асыру,
- терминологиялық лексиканы біріздендіру, терминологиялық қорды
толықгыру;
- тілдерді қолдану саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды
күшейту;
- құқықтық олқылықтарды жою жэне тіл туралы заңнаманы бұзғаны
үшін жауапкершілікті кушейту;
71
- көрнекі және жарнамалық ақпарат құралдарында қазіргі қазақ әдеби
тілінің тиісінше қолданылуын бақылауды күшейту;
- тіл мәдениетін жетілдіру;
- айтыстар, мүшэйра, пікірталас турнирлерін жэне жыраулар мен жыр-
шылар конкурстарын үйымдастыру;
- қазақ жазуын одан эрі жетілдіру;
- толерантты тілдік ортаны сақтау.
Лингвистикалық капиталды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау
ш
багытында коммуникативтік-тілдік кеңістікте орыс тілінің қолданылу, орыс
ф
а
'М
' -
тілін оқытудың одан эрі оқу-эдістемелік жэне зияткерлік жүйесін қамтамасыз
ету, сондай-ақ оқытушы кадрларды кәсіптік оқыту жүмыстарын жалғастыру,
орыс тілінің қолданылуын ақпараттық қолдау, Қазақстанда түратын этнос
өкілдерінің ана тілдерін оқытуға жағдай жасау, сонымен қатар этностардың
тілдерін саңтау жэне мэдениеттерді өзара байыту үшін қажетті жағдайларды
қамтамасыз ету, ағылшын жэне басқа да шет тілдерін оқып-үйрену, шет
мемлекеттердің мәдениет күндерін, көрмелер өткізуді, көркем және деректі
фильмдерді түпнүсқа тілде көрсету көзделеді.
Бағдарлама жобасына сәйкес аталған шаралардың практикалық
нәтижесіне қол жеткізу үшін мемлекеттік органдар, барлық шаруашылық
субъектілері, оның ішінде үлттық компаниялар мен қаржылық үйымдар күш
жүмылдыруы тиіс.
Қорыта айтқанда, осы уақытқа дейін тіл саясатында шешілмеген әрі
қордаланған мәселелерді шешуге қабылданғалы отырған «Тілдерді дамыту
мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
ықпал етеді деп үміттенейік!
72
Н.
Примашев,
Қазацстан Республикасы
\
Зац шыгару институтыныц
Лингвистика орталыгының бастыгы, з.г.к.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
ТІЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасы тэуелсіздік алғалы егеменді құқықшығар-
машылық қызметін жүргізіп келеді. Әрине, оның идеялық, ілімдік, үлгілік
жэне т.с.с негіздері халықаралық тэжірибеден, эсіресе көрші елден алы-
нып жатқаны жасырын емес. Осы уақыттың ішінде көптеген нормативтік
құқықтық актілер қабылданды. Ресми мәлімет бойынша қолданыстағы
1380 заң өз қызметтерін атқаруда. Ал заңға тэуелді актілердің нақты санын
анықтаудың қажеті де жоқ шығар. Аталған нормативтік актілердің барлығы
орыс тілінде эзірленді жэне қабылданды. Мемлекеттік тілде дайындалған
екі-ақ заң жобасы бар.
Қазіргі уақытга сандық жағынан кемшілігі жоқ заңнаманың сапалық
жағы өзекті болып отыр. Орыс тілінен аударылатын заңнама сапасы сын
көтермейді. Кезінде уақыт жэне басқа факторларға байланысты жедел
қабылданған заңнамалық актілерде үлкен қателіктер жіберілді. Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасының,
Конституцияны қоса
алғанда, қазақ тіліндегі мәтінінде түжырымдық қате, тшдік сэйкессіздік,
аударма қате, «заңдар (нормалар) қайшылықтары» сияқты кемшіліктер орын
алып келеді. Ал грамматикалық қателер мэселесі өз алдына.
Кейбір мамандар, тіпті жалпы көпшілік, сынауды оңай көреді. Бірақ,
нақты ұсыныстары бар заңнамаға қатысты нағыз сыни жүмыстар жоқтың
қасында. Егер ондай жұмыстар ертеректе жасалғанда мемлекеттік тілдегі
заңнама мұндай аянышты халде болмас еді.
Іргелі ғылыми зерттеу нысанасы1 болып отырған Қазақстан Респуб-
ликасының Азаматтық кодексінің ((Жалпы бөлім), бұдан эрі ~ Азаматтық
кодекс) бар-жоғы 405 бабының 108-нің казақтілі грамматикасы жағынан кем-
шілікгері бар. Шамамен 30 пайыздай кемшілік бір құқықтық нормативтік акт
үшін үлкен көрсеткіш. Тіл теориясына бойламай, жай ғана жүргізілген талдау
осындай дәрежені көрсетсе, заңнаманы тіл маманының талдауы нені көрсетер
еді? Жарияланып жатқан аздаған ғылыми мақалалар заңнама кемшіліктерінің
кейбірін көрсетуі заңды.
Достарыңызбен бөлісу: |