Республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұО» АҚ филиалы


АУТИСТІК СПЕКТРДІҢ АУЫТҚУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРҒА



Pdf көрінісі
бет18/48
Дата25.11.2023
өлшемі464,98 Kb.
#125802
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
Байланысты:
Методические рекомендации по РАС (1)

4.
АУТИСТІК СПЕКТРДІҢ АУЫТҚУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРҒА 
КЕШЕНДІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
-
МЕДИЦИНАЛЫҚ
-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 
ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ
Қазіргі
таңда аутизмді түзетудің ең тиімді құралдарының бірі ABA
-
терапия 
немесе 
мінез
-
құлықты
қолданбалы
талдау 
әдісі 
(Appliedbehavioranalysis) болып табылады. Әрі қарай бұл терминдерді 
синонимдер ретінде қолданатын боламыз.
Мінез
-
құлықты
қолданбалы
талдау әдісін АҚШ Денсаулық сақтау 
қызметі
мен американдық психологтар қауымдастығы мақұлдап, қабылдаған. 
Бұл әдіс ғылыми тестілеуден өткен, яғни оның сапасын және тиімділігін 
растайды. Бұл әдіс келесі артықшылықтарға ие:

зейін мен
жад қасиеттерін реттейді; 

коммуникациялық қабілеттілікті дамытады және сөйлеу тілінің 
дамуына ықпал жасайды;

оқу процесін сүйемелдейді және мінез
-
құлықты
қажетті
арнаға 
бағыттайды;

әлеуметтендіруге
көмектеседі
[18]. 
АВА
-
терапия
-
бұл қарқынды оқыту бағдарламасы, оның бастамасын 
оқыту әдістері мен мінез
-
құлық
технологиялары құрайды. АВА
-
терапияның 
негізі 

адам мен қоршаған ортаның өзара байланысын түсіну[19]. АВА
-
терапия ақпаратты меңгеру мен қабылдауда, есте сақтау мен сөйлеуді 
дамытуда қиындықтар байқалатын балалар мен ересектерді оқыту мен мінез
-
құлқына
байланысты міндеттерді шешу үшін арнайы педагогикада кеңінен 
қолданылады. АВА
-
терапия бірнеше бағыттар мен техникаларды қамтиды, 
атап айтқанда: 
1. 
Жүйелі 
қайталауға 
негізделген 
кешенді 
байқау

Оқу 
бағдарламасын меңгеру үшін өңделетін бөліктерден тұрады. Бұл бағыт 
тәжірибе мен үнемі қайталаудың ақпаратты игеруге қалай көмектесетінін 
түсінуге ықпал етеді.
Сабақтар бір оқушымен жеке өтеді. Белгілі әрекеттер 
бекітіледі, мысалы, баланың назарын аудару үшін "Бесті әкел!"
және т.б.
2. Кездейсоқ оқыту немесе қарапайым ортадағы бағдарламалар
. Бұл 
бағыт оқыту процесінде қарапайым ортаның маңыздылығын көруге 
мүмкіндік береді. Баланың қарапайым ортадағы мінез
-
құлқына
назар 
аударылады. Баланың қоршаған ортадан алған дағдылары күнделікті өмірде 
кездеседі

Бұл жағдайда маман баланың қызығушылықтарын бақылайды, сол 
арқылы оқыту бағытын анықтайды. Жағдай мен тақырыпты бала өз бетінше 
таңдауы тиіс. Сондықтан, баланың таңдауын
ескеру қажет.
3. 
Вербалды бағыт
сөйлеу тілін дамытуға көмектеседі. Сабақтар бір 
оқушымен жеке өткізіледі және анықтамаларды түсінуге негізделеді. 
Түсініктерді анықтау үшін заттың функционалдық қолданылуын түсіну 
қажет. Вербалды бағыт кезінде сөздің мәні оның функционалдық 


23 
қолданылуы
арқылы түсіндіріледі. «Бұл Не?», әрі қарай «Бұл не үшін 
қолданылады
?
»
алгоритмі пайдаланылады.
4. 
Оқу үрдісінде негізгі реакцияларды бақылауға негізделген 
терапиялық бағыт
. Мотивация, ішкі тәртіптің дағдысы, реакция 
жылдамдығы және негізгі ынталандырулар байқалады. Тәжірибеге табиғи 
тілдік парадигма әдісі енгізілді. Бұл бағытта сөйлеу белсенділігін 
ынталандыру үшін мұқият дайындалған орта қолданылады. Тілді белсенді 
пайдалану үшін жағдай жасалады. Бұл баланың қызығушылығын арттыратын 
күнделікті орта болуы мүмкін, сонымен қатар, оқушы үшін бастапқы нүкте 
болып табылады [20].
АВА
-
терапия бойынша оқыту бағдарламасы шеңберінде бала әрқашан 
тәуелді, оның бастамашылдығы мен еркіндігі ересек оқытушыны таңдауымен 
шектеледі. Әр бала үшін кезең
-
кезеңмен дамытудың жеке жоспары 
жасалынды.
Бала бір мезгілде өзара байланысты емес бірнеше дағдыларды 
меңгере алады. Мұғалім жаңа дағдыларды кезең
-
кезеңмен игерудің нақты 
жүйесін құрастырады. АВА
-
терапияның қорытынды мақсаты –
балаға 
қоршаған
әлемді
өз
бетімен меңгеруге мүмкіндік беру[20].
АВА
-
терапияның ішінде жүздеген бағдарлама бар, олардың ішінде:

тілді түсіну;

заттарды атау;

жалпы және ұсақ моторика;

заттарды жіктеу;

іс
-
қимылдарды
атау;

вербалды және бейвербалды
имитация;

«Иә»

«Жоқ»
және басқа да сөздерді пайдалану;

есімдіктер;

«Әңгімелеп
бер»;

«... болған жағдайдағы әрекетіңді көрсет»


«Не?»

«Кім?»

«Қайда
?
»

«Қашан
?
»

«Қалай
?
»
сұрақтарына 
жауаптар.

Сонымен қатар, жоғары деңгейдегі бағдарламалар пайдаланылады:

«Егер ... болса, не болатындығын айт»
(әрекеттің нәтижесін болжау)

«(құрдасының
аты) сияқты жаса»


«(құрдасының аты) ойнауға шақыр»
және т.б.
[18]. 
АВА
-
терапияда бірнеше терапиялық модельдер бар, олар ерте балалық 
(1,5 жастан бастап), мектепке дейінгі және мектеп жасындағы, жасөспірімдер 
мен ересектер үшін дайындалған. 
АВА
-
терапия бойынша маман басында баланың мінез
-
құлқының
мәселесін анықтайды, одан әрі «өлшеу»
жүргізеді (мінез
-
құлықты
зерттейді 
және бақылайды), нәтижесінде бағалау жүргізіледі және оқыту стратегиясы 
(
«араласу») жасалынады.
АВА
-
терапия бойынша оқу кезінде баламен күнделікті әртүрлі 
бағыттағы бірнеше мамандар
(мінез
-
құлық
дағдылары бойынша дефектолог, 


24 
арттерпевт, музтерапевт және т.б.) айналысады, ал бақылауды супервизор 
әдістемесі
бойынша маман жүзеге асырады. Мамандар баламен екі
-
үштен
бес
-
алты сағатқа дейін жүйелі түрде жұмыс жасайды. Бағдарламалар 
бойынша барлық іс
-
әрекеттер
баламен жұмыстың жалпы журналына 
жазылады және мамандардың қызметін сүйемелдейді.
АВА
-
терапия 
бағдарламалары 
балалардың 
қажеттіліктері 
мен 
мүмкіндіктеріне байланысты үйде, оқу орнында, балалар үйірмесінде
орындалуы мүмкін. Сабақтар жеке және топтық болуы мүмкін: кішкентай 
топтарда екі
-
үш
бала және үлкен топтарда бес
-
он балаға дейін. АВА
-
терапия 
жеке оқыту жоспарының бөлігі болуы мүмкін. Оқу бағдарламасындағы 
сағаттар саны баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне байланысты 
өзгеруі
мүмкін. АВА
-
терапия бағдарламасында орташа сағат саны аптасына 
20 сағатты құрайды. Ең аз уақыт 

аптасына 6 сағат, ең көп уақыт –
аптасына 
40 сағат.
Баланың ата
-
анаасы баламен жұмыс жасайтын топтың ажырамас бөлігі 
болуы, баланы оқытудағы мінез
-
құлық
қағидалары
негізінде тәрбиелеуі және 
оған бағдарламада үйренген барлық дағдыларды жинақтауға көмектесуі 
маңызды.
Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін дағдылардың даму деңгейіне 
қарамастан
білім беру жүйесінде оқыту ұсынылады. Себебі, үйде оқыту 

бала құрдастарының тобында болу, топта оқыту, түрлі адамдармен қарым
-
қатынас
сияқты маңызды дағдыларды меңгере алмайтын шектеулі орта 
болуы мүмкін. Сөйлеу дағдысы төмен балалар үшін немесе бұрын оқымаған 
және ересектермен өзара қарым
-
қатынас
жасауды үйренбеген балалар үшін 
ғана
кейбір жағдайларда оқыту жеке болуы мүмкін.
АВА
-
терапия оқыту бағдарламасының қатаңдығына қарамастан, 
аутизмнің ауыр түрлері, Даун синдромы және зият жетіспеушілігінің ауыр 
түрлері бар балалар үшін қолайлы. Егер баланың мінез
-
құлқына жақындары 
ие бола алмаса, өтініштер мен тыйымдарға назар аудармаса, атын атағанда 
қарамаса, қарым
-
қатынасқа түспесе, сөйлемейтін немесе сөйлеу тілі нашар 
дамыған болса, бала өз ойлары мен ниеттерін білдіре алмайтын жағдайлар 
болса
АВА
-
терапияны таңдаған жөн [21]. 
Мұғалімдер
мен ата
-
аналар да АВА
-
терапия бойынша оқып, маман бола 
алады. Әртүрлі техникалар
баланың мінез
-
құлқының ерекшеліктерімен 
кешенді жұмыс жасауға
және олардың ақпаратты меңгеруіне, мінез
-
құлықтың белгілі бір түрінің негізгі себептерін анықтауға және түзету әдісін 
таңдауға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет