29
болуы мүмкін. Екінші жағынан, мұндай баланың сөйлеу тілі өте ерекше. Бұл
оның ауызша сөйлеу тілінен жазбаша сөйлеу тілін
түсіну қиындықтарына
дейін қатысты. Логопед
-
мұғалімнің АСА балалармен жүргізілетін
жұмысының негізгі бағыттары:
1. Сөйлеудің просодикалық жағы, оның әуенді және ырғақтық
компоненттерімен жұмыс сөйлеу түсінігімен үздіксіз байланысты.
2. Күрделі ұйымдастырылған ауызша сөйлеу тілін түсіну және оқылған
материалды түсіну үшін арнайы ұйымдастырылған жұмыс. Тіпті, егер бала
жылдам оқыған болса да, әдетте ол тыныс белгілерін және сөйлемнің арасын
сақтамай,
бірсарынды
түрде
оқиды,
бұл
оқығанын
түсінудегі
қиындықтарының
бірі
болып
табылады.
Логопед
-
мұғалімнің
интонацияланған түсінікті оқу дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмысы
аутистік бұзылулары бар баланың оқуға бейімделуіне үлкен дәрежеде
көмектесетін болады.
3. Сөйлеудің коммуникативтік жағын қалыптастыру, диалог режимінде
жұмыс жасай білу, қойылған сұрақтарға мағынасы бойынша жауап беру,
диалогты қолдау және оған бастамасы болу біліктерін дамыту. Сөйлеу тілінің
коммуникативтік жағымен тек Логопед
-
мұғалім ғана жұмыс жасамайды.
Бірақ бастапқыда ол өз сабақтарында
белгілі бір коммуникативтік
стереотиптерді құруға ықпал етеді, кейін бала психолог пен мұғалімнің
көмегімен неғұрлым кең коммуникативтік жағдайларда отыра алады.
4. Дисграфиялық сипаттағы қиындықтарды жеңу. Көбінесе мұндай бала
сауатты жазады, бірақ дұрыс жазылған сөзге немесе мәтінге қатысты ережені
қолдана
алмайды. Көптеген тәжірибелік қызметкерлер мұндай балалардың
туа біткен сауаттылығы бар деп санайды, бірақ сөз немесе өрнек жазылған
ережелерді талдау олар үшін өте қиын болады. Бұл жерде логопед жағдайды
педагогқа түсіндіруі маңызды, ал ол өз кезегінде ережені қолдануын шектен
тыс талап етпеуі маңызды.
5. Фонетикалық
-
фонематикалық қабылдауды қалыптастыру, бұл да
жазбаша сөйлеу тілінің дамуына әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: