24
арттерпевт, музтерапевт және т.б.) айналысады, ал бақылауды супервизор
әдістемесі
бойынша маман жүзеге асырады. Мамандар баламен екі
-
үштен
бес
-
алты сағатқа дейін жүйелі түрде жұмыс жасайды. Бағдарламалар
бойынша барлық іс
-
әрекеттер
баламен жұмыстың жалпы журналына
жазылады және мамандардың қызметін сүйемелдейді.
АВА
-
терапия
бағдарламалары
балалардың
қажеттіліктері
мен
мүмкіндіктеріне байланысты үйде, оқу орнында, балалар үйірмесінде
орындалуы мүмкін. Сабақтар жеке және топтық болуы мүмкін: кішкентай
топтарда екі
-
үш
бала және үлкен топтарда бес
-
он балаға дейін. АВА
-
терапия
жеке оқыту жоспарының бөлігі болуы мүмкін. Оқу бағдарламасындағы
сағаттар саны баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне байланысты
өзгеруі
мүмкін. АВА
-
терапия бағдарламасында орташа сағат саны аптасына
20 сағатты құрайды. Ең аз уақыт
-
аптасына 6 сағат, ең көп уақыт –
аптасына
40 сағат.
Баланың ата
-
анаасы баламен жұмыс жасайтын топтың ажырамас бөлігі
болуы, баланы оқытудағы мінез
-
құлық
қағидалары
негізінде тәрбиелеуі және
оған бағдарламада үйренген барлық дағдыларды жинақтауға көмектесуі
маңызды.
Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін дағдылардың даму деңгейіне
қарамастан
білім беру жүйесінде оқыту ұсынылады. Себебі, үйде оқыту
-
бала құрдастарының тобында болу, топта оқыту, түрлі адамдармен қарым
-
қатынас
сияқты маңызды дағдыларды меңгере алмайтын шектеулі орта
болуы мүмкін. Сөйлеу дағдысы төмен балалар үшін немесе бұрын оқымаған
және ересектермен өзара қарым
-
қатынас
жасауды үйренбеген балалар үшін
ғана
кейбір жағдайларда оқыту жеке болуы мүмкін.
АВА
-
терапия оқыту бағдарламасының қатаңдығына қарамастан,
аутизмнің ауыр түрлері, Даун синдромы және зият жетіспеушілігінің ауыр
түрлері бар балалар үшін қолайлы. Егер баланың мінез
-
құлқына жақындары
ие бола алмаса, өтініштер мен тыйымдарға назар аудармаса, атын атағанда
қарамаса, қарым
-
қатынасқа түспесе, сөйлемейтін немесе сөйлеу тілі нашар
дамыған болса, бала өз ойлары мен ниеттерін білдіре алмайтын жағдайлар
болса
АВА
-
терапияны таңдаған жөн [21].
Мұғалімдер
мен ата
-
аналар да АВА
-
терапия бойынша оқып, маман бола
алады. Әртүрлі техникалар
баланың мінез
-
құлқының ерекшеліктерімен
кешенді жұмыс жасауға
және олардың ақпаратты меңгеруіне, мінез
-
құлықтың белгілі бір түрінің негізгі себептерін анықтауға және түзету әдісін
таңдауға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: