28
мөлшерлеу; материалдарды қабылдау мүмкіндіктеріне сай беру; бейімделген
мәтіндерді пайдалану; тапсырмалардың күрделілік деңгейінің вариативтілігі.
5.
Коммуникативтік қарым
-
қатынас
тәртібін ұйымдастыру.
Сөздік
қорын
кеңейту және сөйлеудің мағыналық жағын дамыту жұмысына ерекше
назар аударылуы тиіс. Балаларға тапсырмалардың мағынасын, сондай
-
ақ
олардан не күтілетіндігін егжей
-
тегжейлі түсіндіру қажет. Балаға күннің
барлық оқиғалары, өмірдің маңызды сәттері туралы айту керек.
Коммуникацияны өмірдің неғұрлым нақты және ажырамас бөлігіне
айналдыру қажет. Егер балада тапсырманы орындау кезінде үлкен
қиындықтар
туындаса, көзбен көру арқылы қолдауды (суреттер,
пиктограммалар) пайдалану ұсынылады.
6. Білім беру процесін сүйемелдеу. Қызметтің бұл түрі бірнеше бағытқа
ие:
а) Жеке оқу жоспарын құру. Оқу жылының басында сүйемелдеу
қызметінің
басқа мамандарымен және оқушының заңды өкілдерімен бірге
жеке жұмыс жоспары әзірленеді. Оны іске асыру мерзімі бір айдан жарты
жылға дейін өзгеруі мүмкін, бірақ одан аспауы тиіс
.
б) оқушының даму динамикасының мониторингі. Бұл баланың білім
беру және әлеуметтік салалардағы жетістіктерінің динамикасын үнемі
қадағалауға
және белгіленген қызметке уақытылы түзетулер енгізуге
мүмкіндік береді. Дефектолог
-
мұғалімге мектеп консилиумымен әзірленген
ұсынымдарды
білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының
сақтауын
қадағалау
қажет
.
в) балаға бағдарламаны меңгеруде көмек көрсету және қиындықтарды
жеңу. Бұл қызмет түрі көбінесе жеке түзету сабақтарында жүзеге асырылады.
г) оқушылардың бағдарламалық материалды жеке немесе кіші топта
меңгеруі (сыныптағы меңгеру қиын болған жағдайда).
д) оқушыларды сынып
-
оқу формасына қосу процесін ұйымдастыру.
7. Әлеуметтік
-
тұрмыстық бейімдеу. Барлық
алған іскерліктер мен
дағдыларды бекіту және әртүрлі өмірлік жағдайларға көшіру қажет.
Әлеуметтік
бейімделуді жақсарту бойынша жұмыс кезінде мұғалім мен
баланың ата
-
аналары арасында тығыз қарым
-
қатынас
болуы керек [1, 23].
Достарыңызбен бөлісу: