26
Психологиялық
-
педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандарының
жұмысының негізгі бағыттары мен міндеттерін қарастырайық.
Педагог
-
психологтың қызметі
. Педагог
-
психолог баланың ерекше білім
беру және әлеуметтік қажеттіліктері туралы түсініктердің негізгі
тасымалдаушысы болып табылады, ол
-
мұғалімнің, тьютордың (бар болған
жағдайда), дефектолог, логопед мамандарының қызметіне кеңес береді және
сүйемелдейді. АСА бар бала кәдімгі мектепте әлеуметтік
-
эмоционалдық
бейімделу кезінде үлкен қиындықтармен соқтығады, сондықтан оған арнайы
психологиялық көмек қажет.
АСА бар балалармен жұмыс жасау кезіндегі педагог
-
психологтың
негізгі міндеттері:
1.
баланың өзара әрекеттесу ортасын қалыптастыру;
2.
фронталды оқыту жағдайында оқытуды ұйымдастыруға көмек
көрсету (тьюторлық сүйемелдеу болмаған жағдайында);
3.
стереотиптік
жағдайларда
коммуникативтік
дағдыларды
қалыптастыру
және өзгерту;
4.
өзі
туралы
түсініктерін
және
басқа
да
түсініктерді
қалыптастыруға
бағытталған баламен жеке жұмыс;
5.
бағдарламалау және бақылау функцияларын қалыптастыру;
6.
отбасымен жұмыс жасау және оның мамандармен өзара қарым
-
қатынасын
үйлестіру
;
7.
баланың құрдастарымен жұмыс (сыныппен немесе шағын
топпен)
[1].
Соңғы міндет тұлғааралық қарым
-
қатынасты, коммуникативтік
дағдыларды қалыптастыру бойынша педагог
-
психологтың сабақтары,
балалардың сыныптағы өзара қарым
-
қатынас
дағдыларын, соның ішінде
АСА бар бала үшін топтық жұмыс әдістерін әзірлеуді талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: