Республикасының білім және ғылым министрлігі


Құрылыс ауданының негізгі мәселелері және бас жоспар шешімдері



бет4/6
Дата27.06.2022
өлшемі100,43 Kb.
#37336
1   2   3   4   5   6
1 Құрылыс ауданының негізгі мәселелері және бас жоспар шешімдері
1.1Жобалау үшін қажетті бастапқы мәліметтер

Құрылыс салынатын мекенжай - Солтүстің қазақстан облысы, Петропавл қаласында салынатын ауданы 10 сотық тұрғын үй. Жобаланып отырған ғимарат жеке тұлғаның жобасы бойынша жобаланады.


Жобаланатын ғимараттың конструктивтік үлгісі қаңқалы конструкциялық үлгіде жобаланған. Оның жоспардағы өлшемдері 15700 х 11300 мм. Ғимараттың жалпы биіктігі 10000 мм, ал кабат биіктігі 3000мм.
Топырақ қабаттың тоңазу тереңдігі -70 см :
Құрылыс салынатын жердің бедері салыстырмалы түрде тегіс. Жалпы алғанда құрылыс салынатын жердің инженерлік - геологиялық мәліметтері санитарлық-техникалық және тағы басқа талаптарға сәйкес келеді.
Құрылыс ауданының зілзалалығы - 8 балл.
Желдің көп қайталануы бойынша - батыс
Инженерлік-геологиялық ізденістер қорытынды бойынша құрылыс ауданының топырақтық қасиеті: жердің үстінгі бетінің 20 см қалыңдықта өсімдік өсетін құнарлы қабат, ал одан төмен отырғыш майда құмды топырақ, қалыңдығы 1,2м, одан әрі құмайт қабаты.

1.2 Бас жоспар
Бас жоспар 3.02-04-2002 ҚМ және Е «Әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар», III-10-75 ҚМжЕ «Орнықтыру», 3.01-01-2002 «Қалалық және ауылдық жерлерді жоспарлау және соғу» және 02-05-2002 «Өрт қауіпсіздігі» талаптарына байланысты санитарлық және өртке қарсы күресу шараларына сәйкес орындалған.
Петропавл қаласының жел бағыты ҚМжЕ талаптары бойынша тұрғызылған. ҚМжЕ 2.04-01-2001 «Құрылыс климатологиясы» берілгені бойынша желдің көп қайталауы – Шығыстан. Бас жоспарда жобаланатын ғимараттан өзге асфальтты-бетон жабындары, тірек қабырғасы және желдің соғуына қарсы талдар отырғызылған. Бас жоспарды көгалдандыру санитарлық талаптарға сай барлық ауданнан 48%-дай құрап отыр.
Ғимараттың қасбеті бойынша сызбада қажетті мәліметтер берілген. Аумақтың тұрақты, санитарлық – гигиена талаптарын қамтамасыз ету үшін алаңдар мен жолдарда 2 қабатты асфальт төсеу жобаланған. Учаске аумағында әсем ағаштар көп жылдық гүлдер мен шөптер өсіру белгіленген, олардың қоршаған ортаны тазартуға, шуды тағы басқаларды бәсеідетуге әсері көп болады. Бас жоспардың техникалық-экономикалық көрсеткіштері Участок ауданы - 1000м² Ғимарат көлемі – 174,4 , 120 м³ Құрылыс салынатын аудан, м²- 272 м² Көгалдандыру ауданы – 584 м² Асфальттанған жолдар мен алаңдар - 144 м²



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет