Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата02.01.2017
өлшемі55,6 Mb.
#1036
  1   2   3

С і з д е р д і   1 6   ж е л т о қ с а н   –   Қ а з а қ с т а н 

Республикасының  Тәуелсіздігі  күні  мерекесімен 

шын жүректен құттықтаймын!

Халқымыздың ғасырлар бойғы арманы болған 

тәуелсіздік – біздің  Отанымыздың  әрбір  аза-

маты  үшін  қастерлі  мереке.  Өйткені,  бұл  күні 

азаттықты  аңсаған    елдің    түпкі  мақсатының 

орындалып,  бүгінгі  Қазақстан  Республикасы  өз 

мемлекеттілігін жариялаған болатын. 1991 жылғы 

16  желтоқсанда  «Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық 

заң қабылданды. Бүгінде ел Тәуелсіздігіне 25 жыл 

толып отыр.

Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі сана-

лады. Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік рәміздері – Ту-

ымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз, Ата Заңымыз, 

ұлттық  валюта – төл  теңгеміз,  жаңа  астана-

мыз дүниеге келді. Тәуелсіз ел болғанымыздың 

арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл 

әлем таныды. Тәуелсіз еліміздің 25 жылда аяғынан 

тік тұрып, өзгелермен терезесі тең мемлекет ретінде 

қалыптасуы Елбасымыздың салиқалы саясаты мен 

ел азаматтарының жұмыла еңбек етуінің нәтижесі. 

Қ а з а қ с т а н   Р е с п у б л и к а с ы н ы ң   Т ұ ң ғ ы ш 

Президенті – Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевтың  дана басшылығымен егемен еліміз 

әлем қауымдастығынан лайықты орын иеленді. Аз 

ғана уақыттың ішінде Қазақстанның әлеуметтік-

экономикалық әл-ауқаты, мәдени, рухани келбеті 

биік  деңгейге  көтерілді.  Бұл  тарихи  табыстарға 

ұлт пен ұлыстың татулығы, демократияның берік 

негіздері мен барша қазақстандықтардың қажырлы 

еңбегінің нәтижесінде қол жетті. 

Осы 25 жыл ішінде Шиелі өңірінде экономиканың 

барлық бағыттары қарқынды дамып келеді. Аудан-

да бірнеше кәсіпорындар ашылып, құрылыс нысан-

дары салынып, былтырғы жылмен салыстырғанда 

ауылшаруашылығы саласы бойынша аудан жыл 

қорытындысымен алғашқы орынға шықты. Әр са-

лада  жаңашыл  бастама,  игі  істер  бар.  Осының 

барлығы да ел тәуелсіздігімен келген жетістіктер 

деу ге болады. Біз еркіндігімізді әрқашан мақтан 

тұтып,  қастерлей  білуге  тиістіміз.  Бұл – біздің 

азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.



Қымбатты жерлестер!

С і з д е р д і   Қ а з а қ с т а н   Р е с п у б л и к а с ы н ы ң 

Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Тәуелсіздігімізді  тұғырлы  ету  жолындағы 

еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық, 

бақ-береке тілеймін!



Құрметпен, 

аудан әкімі Қ.СӘРСЕНБАЕВ.

***

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 

25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! 

Тәуелсіздік  мерекесі – біздің  халқымыздың 

ғасырлар  бойы  қаһармандық  күресінің,  өршіл 

рухының, өшпес жігерінің жеңісі. 

Біздер – қазақстандықтар,  осыдан  жиырма 

бес жыл бұрын еліміздің тарихында қоғам даму-

ын одан әрі жетілдіруге, Отанымызды гүлдендіріп, 

өркендетуге ұмтылып, өз таңдауымызды жасадық.   

Бүгінгі  күнде  біздің  баршамыздың  ортақ 

мақсатымыз – ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 

кемел саясаты мен қасиетті Тәуелсіздік арқасында 

еліміздің  жеткен  жетістіктері  мен  табыстарын 

насихаттауға бағытталған іс-шаралар жос парын 

таныстыру және талқылау, «Мәңгілік Ел» идеясын 

ілгерілету, Отанға деген мақтаныш сезімін ояту,  

мағынасын, маңызын халыққа түсіндіріп, жеткізе 

білу, ондағы қойылған кез келген міндеттердің іске 

асырылуы әр қазақстандықтың тұрмыс-тіршілігіне, 

күнделікті  өміріне  үлкен  өзгеріс  әкелетіндігін 

ұғындыру.

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып та-

былатын осынау салтанатты күні баршаңызға зор 

денсаулық,  мол  ырыс  пен  құт-береке  тілеймін! 

Әлем ге танымал, болашағы бекем еліміздің өркен-

деп даму жолындағы игілікті істеріңіз әрқашан та-

бысты бола берсін.



Ізгі ниетпен, аудандық мәслихат хатшысы 

Ә.ОРАЗБЕКҰЛЫ.

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚАДІРМЕНДІ ЖЕРЛЕСТЕР!

«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН

Бейсен    ҚЫДЫРБАЙ – «СКК-

Шиелі» ЖШС директоры:

Бейсен  Қыдырбай 2000 жылдан 

инвестициялық  жобаларды  жүзеге 

асыруға белсенді араласып, өндірісті 

және құрылыстарды қайта жаңғыртуға, 

жаңа техникалар мен қондырғыларды 

игеруге, өндірістік базаны нығайтуға 

елеулі үлес қосты.

«Сауда-көлік  компаниясы»  ЖШС 

«СКК-Шиелі»  филиалының  басшы-

сы  ретінде  Б.Қасиетұлы  аймақтың 

әлеуметтік  жағдайының  дамуына 

тұрғылықты түрде қатысып, халықтың 

мұқтаж  бөлігіне  қайырымдылық 

көрсетіп келеді. 

Бағлан ӘШІРБЕКОВ – «Әшір-

бе ков»  шаруа  қожалы ғының 

төрағасы:

« Ә ш і р б е к о в »   ш а р у а 

қожалығын да мың гектардан астам 

егістік жері бар, оның 700 гекта-

ры күріш, 210 гектары жоңышқа, 

155  гектары  бидай, 45 гектары 

мақсары.

Бағлан Әшірбеков аудандағы 

имандылық және мейірімділік ша-

раларына үзбей қатысып, тұрмысы 

төмен отбасыларға қолұшын беріп 

келеді. 


ШИРЕК ҒАСЫР ШАПАҒАТЫ

ÆÅÌІÑÒІ ÅҢÁÅÊÊÅ ÆÎҒÀÐÛ ÌÀÐÀÏÀÒ

ÆÅÌІÑÒІ ÅҢÁÅÊÊÅ ÆÎҒÀÐÛ ÌÀÐÀÏÀÒ

Бұл  игіліктің  кең  көрінісі  Шиелі 

ауданында  да    байқалып  отыр  деп 

толыққанды айта аламыз.

Соңғы  жылдары  өңірімізде  мек-

тепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 

сапасын арттыру мақсатында жүйелі 

жұмыстар қолға алынған.

Д е р е к т е р г е   с ә й к е с ,   а у д а н ы -

мызда    7  жасқа  дейінгі 19 мың 131 

бала  бар.  Оның  ішінде 3 пен 6 жас 

аралығындағы  бүлдіршіндеріміз 100 

пайыз  балабақшамен  қамтылыпты. 

Бұл жоғары көрсеткіш, үлкен нәтиже 

екендігі  даусыз.  Тәуелсіздіктің 25 

жылдығында  жеткен  жетістігіміздің 

бірін осыдан-ақ аңғарсаңыз керек.

Иә, қазірде аудандағы барлық елді 

мекен,  ауыл-аймақтарда  балабақша 

бар.  Халық  бұрынғыдай  «баламды 

балабақшаға қалай апарсам», – деп 

емес, «қай  балабақшаға  апарсам», 

–  деген  таңдау  мүмкіндігіне  ие  бол-

ды. Анық ақиқат осы. Бұл – қуаныш. 

Осындай қуаныштың еселенуі бақыт 

екендігі  даусыз  болса  керек.  Жуыр-

да  осындай  қуаныш,  бақыт  кенттің 

«Көкшоқыдағы»  мөлтек  ауданында 

кезекті рет қайталанды.

Мөлтек  аудандағы  «Жадыра» 

балабақшасы  күрделі  жөндеуден 

өтіп,  балаларға  қажетті  заманауи 

жабдықтармен қамтамасыз етіліп, ел 

Тәуелсіздігінің 25 жылдығы  мерейлі 

мерекесі  қарсаңында  пайдалануға 

берілді. Күрделі жөндеуден өтіп, қайта 

пайдалануға берілген балабақшаның 

ашылу  салтанатына  аудан  әкімі 

Қ.Сәрсенбаев,  аудандық  мәслихат 

хатшысы  Ә.Оразбекұлы,  аудандық 

а р д а г е р ле р   к е ң е с і н і ң   т ө р а ғ а с ы 

С.Оразымбетов  қатысты.  Шарада 

аудан  әкімі  Қайратбек  Әубәкірұлы 

б а л а б а қ ш а   қ ы з м е т к е р ле р і   м ен 

б ү л д і р ш і н д е р д і ң   а т а - а н а л а р ы н 

т ә уе л с і з д і к т і ң   2 5   ж ы л д ы ғ ы м ен 

құттықтады.  Елдегі  жасалып  жатқан 

жұмыстарға, қол жеткізген табыстарға 

тоқталды.  Сонымен  қатар,  аудан 

әкімі  «Егемен  еліміздің  мүддесіне 

лайықты, жан-жақты жетілген, бойында 

имандылық сана-сезімі қалыптасқан, 

парасатты, дені сау азамат тәрбиелеу 

– қоғамның қасиетті борышы екендігі 

баршамызға мәлім. Бүгінде ауданымыз-

да 17 мемлекеттік, 49 жеке балабақша, 

48  шағын  орталық  жұмыс  жасай-

ды. Биылғы жылы «Жұмыспен қамту 

– 2020 жол  картасы»  бағдарламасы 

а я с ы н д а   А л ғ а б а с   а у ы л ы н д а ғ ы 

«Балау са»  балабақшасына 51 млн. 

т е ң г е ,   Ә . Т ә ж і б а е в   а у ы л ы н д а ғ ы 

«Ақбесік»  балабақшасына 39 млн. 

теңгеге  күрделі  жөндеу  жұмыстары 

ж ү р г і з і л д і .   А л,   б ү г і н г і   қ а й т а 

пайдалануға беріліп жатқан «Жадыра» 

балабақшасына аудандық бюджеттің 

есебінен 133 млн. теңге қаржы бөлініп 

отыр. Балабақшаның күрделі жөндеу 

жұмыстарын жүргізген «Асанас Дар» 

ЖШС  басшылығына  алғысымызды 

білдіреміз», – деді.

Екі  қабатты  зәулім  балабақша-

ның  іші-сырты,  есік-терезе,  жиһаз-

дары, басқа да қажетті жабдықтары 

техникалық,  санитарлық  талаптарға 

сай толық жаңғыртылған. Ата-аналар 

мен  бүлдіршіндердің  қуанышында 

шек  жоқ.  Балалар  би  билеп,  ән  ай-

тып, өлең оқып, тәуелсіздік мерекесі 

қарсаңында өздеріне осындай игілікті 

сыйлаған  алдыңғы  толқын  ағаларға 

алғаусыз алғыс айтып, шат-шадыман 

көңіл-қуаныштарын білдіріп жатты.

 

Нұрболат СӘДУАҚАСҰЛЫ.

Сурет 

Б.БӘЙІМБЕТТІКІ.

Д ә у ле т   Ж Ұ М Б Е К О В  – 

«Ақмая» шаруа қожалы ғының 

төрағасы:

Дәулет Жұмбеков алғашқы 

еңбек жолын 1993 жылы «Аван-

гард» совхозының жастар брига-

дасында механизатор ретінде 

бастаған. 2004-2010 жылдары 

аралығында  кәсіпкер, 2010-

2015 жылдары «Нұрасыл» ша-

руа  қожалығының  төрағасы, 

2015  жылдан  бастап  «Ақмая» 

шаруа қожалығының төрағасы 

қызметін атқарып келеді.

«ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН

Ю р и й   К О Н О В А Л О В  – 

«Семізбай-U» ЖШС «Иіркөл» фили-

алы кенішінің директоры:

Юрий Коновалов басшылық ететін 

«Иіркөл»  филиалы  кенттің  тұрмысы 

төмен отбасыларына жәрдем көрсетуге 

ерекше көңіл бөліп, өз тарапынан үнемі 

бақылауда ұстап келеді.

Ю . А л е к с е е в и ч   к ө п т е г е н 

рационализаторлық  ұсыныстардың 

және толық қанығу тізбегіне берілетін 

товарлық  десорбаттағы  уранның 

концентрациясын  араластырудың 

м е й л і нш е   а р т т ы р ы л у   ж о л ы м ен 

көбейтуге болатындығын дәлелдеген 

рационализаторлық ұсыныстың бірден-

бір авторы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН

Мұхамедәлі МАҚАШ – аудандық ауыл 

шаруа шылығы бөлімінің басшысы:

Мақаш Мұхамедәлі алғашқы еңбек жо-

лын «Қызылту» ұжымша рында жұмысшы 

ретінде  бастаған.  Аудандық  статистика, 

ауыл  шаруа шы лығы  бөлімдерінде  эко-

номист, «Шиелі  көркейту»  мемлекеттік 

коммуналдық  кәсіпорнында  бас  есепші, 

«Салықшы» мемлекеттік мекемесінде ди-

ректор,  аудандық  кәсіпкерлік  бөлімінің 

бастығы, Ақмая, Иіркөл ауылдық округінің 

әкімі қызметтерін атқарған. 

М.Убайдуллаұлы 2014 жылдан бастап 

бүгінге дейін аудандық ауыл шаруашылығы 

бөлімінің басшысы қызметін абыроймен 

атқарып, ауданның ауыл шаруашылығы 

саласының  өсіп-өркендеуіне  елеулі  үлес 

қосып келеді.

ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІМЕН!

Шиелі аудандық 

қоғамдық-саяси газет

№98 (8449) 16 желтоқсан, 

жұма, 2016 жыл

Газет 1939 жылдың 

19 наурызынан бастап шығады

ШАРА


ҚҰТТЫҚТАУ

Жуырда ғана күрделі жөндеуден өткізілген 

аудандық мәдениет үйінің сәні мен салтана-

ты келісіп тұр. Көрермендер залы да, сах-

на  да  бұрынғыға  қарағанда  жарық  екені 

бірден  байқалады.  Оның  үстіне  залдағы 

көрермендерге  арналған  орындықтар 

түгелдей жаңартылған. Дегенмен, жаңаның 

аты жаңа ғой, кіргеннен көзге ұратын қызыл 

орындықтар өз алдына бөлек әсемдік беріп 

тұрғандай әсер қалдырады екен.

Мерекелік шараның ашылуында Шиелі 

ауданының  әкімі  Қайратбек  Сәрсенбаев 

сөз сөйлеп, жұртшылықты Тәуелсіздіктің 25 

жылдығымен құттықтап, аудан көлеміндегі 

атқарылып  жатқан  жүйелі  жұмыстарға 

тоқталды. 

Өз кезегінде сөз алған ҚР Инвестициялар 

және даму министрлігі Геология және жер 

қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы 

Базарбай  Нұрбаев  Шиелі  ауданының 

тұрғындарын  тәуелсіздік  мерекесімен 

құттықтап, өзі басқарып отырған комитеттің 

Қызылорда  облысы  бойынша  атқарып 

жатқан жұмыстарын тілге тиек етті.

–  Өз  сөзімде  Қызылорда  облысының 

шикізат қорының жай-күйі туралы қысқаша 

ә ң г і м е ле п   б е р г і м   к е ле д і .   О б л ы с т ы ң 

минералдық-шикізат  ресурстар  әлеуеті 

едәуір.  Ванадийдің  қорлары 

бойынша  республикада 1-ші 

орынға, цинк пен қорғасынның 

қорлары бойынша 3-ші орынға 

ие, – деген Базарбай Қанайұлы 

тәуелсіздік  жылдары  еліміздегі  халықтың 

нақтылы табысы 4 есеге дейін өскендігін, бұл  

жүргізілген реформалардың басты нәтижесі 

екендігін атап өтті.

Шара  барысында  тәуелсіздіктің 25 

жылдығына  орай  бірқатар  азаматтарға 

мемлекеттік наградалар тапсырылып, облыс 

және аудан басшыларының Құрмет грамота-

лары мен алғыс хаттары берілді.

Азиз БАТЫРБЕКОВ.

Сурет Б.БӘЙІМБЕТТІКІ.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудан орталығындағы Бұдабай 

Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде «Тұғыры биік тәуелсіздік» атты салтанатты 

шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға аудан басшыларынан бөлек Инве-

стициялар және даму министрлігіне қарасты Геология және жер қойнауын пай-

далану комитетінің төрағасы Нұрбаев Базарбай Қанайұлы қатысты.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ, ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ 

ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДАМУЫНА, ХАЛЫҚТАР АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ҚОСҚАН ЕЛЕУЛІ ҮЛЕСІ ҮШІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРЫМЕН ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ МАРАПАТТАЛДЫ.

Елімізде Елбасының бастамасымен кең қолдау тауып, 

Елімізде Елбасының бастамасымен кең қолдау тауып, 

іс жүзінде толыққанды жүзеге асырылып жатқан «Бала-

іс жүзінде толыққанды жүзеге асырылып жатқан «Бала-

пан» бағдарламасының игілігі барша халыққа қолжетімді 

пан» бағдарламасының игілігі барша халыққа қолжетімді 

болды. Республиканың барлық аймақтарында  мек-

болды. Республиканың барлық аймақтарында  мек-

тепке дейінгі тәрбие және білім берумен айналысатын 

тепке дейінгі тәрбие және білім берумен айналысатын 

ұйымдар ашылуда. 

ұйымдар ашылуда. 

«КӨКШОҚЫДА» ҚУАНЫШ КӨП


Тəуелсіздік — біздің  халқымыздың 

ғасырлар бойғы арманы. Міне, биыл сол 

Тəуелсіздігіміздің 25 жылдығын  мереке-

леп  жатырмыз.  Осындайда  Тəуелсіздік 

бізге не бергені жайында ойланып, өткенді, 

бүгінді салыстырып, көргеніміз бен көңіл 

көкжиегіндегіні жинақтаудамыз.

Біздің ел одақ тараған соң, жаңа мем-

лекет құру кезінде көптеген қиындықтарды 

бастан өткерді. Тəуелсіздік алған жылдары 

дүкен сөрелері бос болып, электр станса-

лары  жұмыс  істемейтін,  зейнетақы  мен 

жалақының да кешіккен кездері көп болды. Бəрімізге мəлім, сонау 

90-шы жылдарда елімізде жаппай дағдарыс жүріп жатты. Жалақы 

айлап, тоқсандап кешіктірілді. Балабақшалар жабылып, мектеп-

терде сыныптар қысқарып, педагог мамандар үшін күнкөріс қамы 

қиындап кетті. Тəуелсіздік алған сəтте ауданымызда 2 кітапхана, 

28 клуб болатын. Барлық жерде жекешелендіру сая саты жүріп 

жатқанда осы мекемелерді əрең дегенде бір жүйеде алып қалған 

едік. Біз  кеңес  одағының  билігін де, тəуелсіздіктің тəтті  дəмін 

де сезіндік. Қазір елдің жағдайы мүлде басқаша. Халық ай сай-

ын зейнетақысын да, жəрдемақысын да дəл уақытында алады. 

Тəуелсіздік алғалы ауданымызда 3 мəдениет үйі, 2 жылжыма-

лы кешен, 2 музей жаңадан салынды. 9 мəдени ошаққа күрделі 

жөндеу жүргізілді. Барлық мəдениет үйлері мен клубтар дыбыс 

күшейткіш аппараттармен қамтамасыз етілген. Келесі жылы Жөлек 

ауылындағы мəдениет үйінде күрделі жөндеу, Еңбекшіде жаңа 

ғимарат салу жоспарлануда. 

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы сал-

танатты күні сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дəулет, ырыс тілеймін. 

Көк  байрағы  желбіреген,  абыройлы  да  айбынды,  беделді  де 

берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тəуелсіздігі 

баянды болғай.

ÏІÊІÐ


ÏІÊІÐ

ЖЕТІСТІГІ МОЛ 25 ЖЫЛ

ЖЕТІСТІГІ МОЛ 25 ЖЫЛ

22

Osken_onir@mail.ru



№98 (8449) 16 желтоқсан, жұма  2016 жыл

Баршамызды тәуелсіздіктің ұлы рухы 

жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат 

беріп, сенімімізді нығайтады.

Н.НАЗАРБАЕВ.

ОСЫ ЖЫЛДАР ІШІНДЕ 

БІЗ ЖОҒАЛТҚАН 

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ ТАПТЫҚ

АЗАТТЫҚТЫҢ ӘР ТАҢЫ 

ҚЫМБАТ


ТЫНЫШ ЗАМАНДА ӨМІР 

СҮРІП ЖАТЫРМЫЗ

КӘСІПКЕРЛІК ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

–  Тəуелсіздік – ең  қасиетті,  ең  қастерлі  ұғым.  Қазақ  халқының 

ғасырлар бойы қол жеткізуге ұмтылған арманы. Тарихыңды толық танып 

білсең, келер ұрпаққа да дұрыс бағыт бере аласың. Себебі, олардың 

үлгі тұтар, бой түзер тұлғалары болады. Тəуелсіздікті алғалы бергі 25 

жылдың ішінде қазақ ғалымдары ел тарихын зерттеумен шұғылдануда. 

Арыға бармай-ақ қазақ хандығын құрған Керей мен Жəнібек, қазақ да-

ласына заң нормаларын салт-дəстүрмен байланыстыра енгізген “Жеті 

жарғыны” жазған Тəуке ханды, үш жүзге бірдей хан болған Абылай-

ды алып қарайықшы. Керей мен Жəнібек мемлекеттің іргесін қалады, 

арада қаншама хандар мен сұлтандар болды бірақ, Тəуке хан “Жеті 

жарғысымен” тарихта қалды, ал, Абылай хан айбыны мен батырлығын 

парасаттылыққа ұштастыра алатын хан ретінде өз орнын тапты. Мұның 

барлығы тарихтың шындығы, келешек ұрпаққа үлгі болатын өткен күннің 

мұрасы. Тəуелсіздік жылдарында Тараз қаласының 2000 жылдығы, Түркістан қаласының 

1500 жылдығы Юнеско көлемінде аталды. “Халық жауы” болып кеткен талай боздақ ақталды. 

Спортшыларымыз олимпиада ойындарында, түрлі əлемдік деңгейдегі жарыстарда топ жарып, 

қыран бедерлі көк туымызды самғатып, əнұранымызды шырқатып жатыр. Қазір Қазақстанмен 

əлемнің мықты алпауыт мемлекеттерінің өздері санасатын болды. Біздің елде ЕҚЫҰ саммиті, 

қысқы Азия ойындары, əлемдегі діндер мен конфессиялардың басқосуы өткізілді. 

Қазақстан – 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың мекені, қасиетті Отаны. Осыншама 

ұлттар мен ұлыстардың арасында бейбітшілікті сақтап, тұрақтылықты қамтамасыз етіп отыру 

үшін елімізде Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Ассамблеяның жұмысы, ты-

нысы, атқарып жатқан шаруасы  бүгінде Қазақстан халықтарының бірлігімен тікелей байла-

нысты. Қазір күллі əлем біздегі Ассамблеяның жұмысына, оның атқарып отырған сан-салалы 

қызметіне қызыға да, қызғана да қарауда.

–  Алтай  мен  Атыраудың  арасын  иеленіп  жатқан 

осынау ұлан-ғайыр атырапта тəуелсіз елдің баласы 

болып туылу біз үшін үлкен бақыт. Егемен елдің ең 

басты белгілерінің бірі – мемлекеттік рəміздер. 1992 

жылғы 4 маусымда мемлекеттік Ту, Елтаңба, Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  Əнұраны  бекітілді. 

Тудың авторы – Ш.Ниязбеков. Аспан тəріздес көк түс ту 

көшпенділердің тегін, бейбітшілікті, тыныштықты, жал-

пы ашық аспан астындағы өмірді білдіреді. Күн бейнесі 

өмір нəрін, байлық пен молшылықты, айналаға нұрлы 

сəуле таратып жылылықты, достықты айқындап тұр. 

Ал, қыран бостандықты, ерлік пен намысты, биік арман-

дар мен мұраттарды ұштастырады. Елтаңбаның авторлары – Ж.Мəлібеков, 

Ш.Уəлиханов. Көшпенді қазақтың киіз үй ішінен күллі аспанды көріп, сонымен 

қатар, шаңырақ арқылы үй ішіне тараған күн нұрын жылылықпен ұштастыра 

бейнеленген Елтаңбамыздың бұл белгісі  – біздің елде тұратын барлық ұлттар 

мен ұлыстарға ортақ. Себебі, шаңырақ қазақ үшін қастерлі. Бір шаңырақ 

астында жылылыққа бөленіп, күн нұрынан нəр алып өмір сүрсін деген ұғымда. 

Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ киелі шаңырақты, Тəуелсіз Қазақстанды 

қауіп-қатерден қызғыштай қорғап тұрғандай əсер қалдырады. Мемлекеттік 

Əнұранымызда ұлттың ұлылығын айқындайтын, мемлекетті басқа мемле-

кеттерден ерекшелеп тұратын, тыңдағанда жаныңды рақатқа бөлеп, ру-

хани күш сыйлайтын саз, əуені мен сөзі үйлесім тапқан.  Сөзін жазғандар 

–  Ж.Нəжмединов,  Н.Назарбаев,  əні–  Ш.Қалдаяқовтікі.  Мен  тəуелсіздікті 

қастерлі, аса қымбат ұғым деп білемін. Өйткені, қазақтың қорғайтын бір 

нəрсесі болса ол – тəуелсіздік. Біз ата-бабаларымызға сан ғасырлар бойы 

арман болған еркіндікті көзіміздің қарашығындай сақтауымыз  қажет. Бұл 

жолда жастар аянбай еңбек етіп, егемен еліміздің гүлденуі үшін жұмыс жа-

сайды деп білемін.

ЕЛДІГІМІЗДІ ЖАН-ТӘНІМІЗБЕН 

ҚОРҒАУҒА ТИІСПІЗ

ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ТІРЛІК ПЕН ЕЛДЕГІ 

БІРЛІК ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖЕМІСІ

– Тəуелсіздік – жаратқанның бізге берген ең қасиетті сыйы. Сол 

себепті де, тəуелсіздікті барымызды сала қорғауға, қастерлеуге 

тиіспіз. Міне, биыл ата-бабаларымызға арман болған тəуелсіз 

мемлекетімізді құрғанымызға 25 жыл толды. Осы жылдар ішінде 

еліміз экономикасы тұрақты дамып келе жатқан, саяси аренадағы 

орны  нық,  Орталық  Азиядағы  көшбасшы  мемлекетке  айнал-

ды. Осыдан 25 жыл бұрын, яғни, 1991 жылғы 16 желтоқсанда 

Қазақстан күллі дүниежүзіне өзінің тəуелсіздігін жариялады. Сырт 

мемлекеттерден бірінші болып біздің егемендігімізді мойындаған 

Түркия елі болды. Бұл – бар қазақтың жүрегінде  сақталатын та-

рихи оқиға. Тəуелсіз мемлекет құрып, Қазақстан атын əлемге 

паш ете бастаған тұста дүниежүзінің түкпір-түкпірінде жүрген 

қазақтар да қуанды. Өйткені, олардың тарихи Отандары, ба-

балар мұрасымен үндесіп жатқан атамекендері – Қазақстан еді. Егемен елдің ертеңі 

бүгінгі жасаған ісімізден көрінетінін естен шығаруға болмайды. Ұрпақтарымыз Отанын 

қорғай алатын, туған елі мен жері үшін жанын пида ететіндей азамат болсын десек, 

оларға бүгіннен бастап өзіміз мұрындық болуымыз шарт. Өйткені, балаларымыз елі мен 

жерін сүйетін патриот болсын десек, онда алдымен өзіміз сол деңгейден көрінуіміз ке-

рек. Тəуелсіз Қазақстанның экономикасы тұрақты, айбаты да осыған сай болуы керек. 

Жерімізде көптеген пайдалы қазбалардың ошақтары бар. Басқасын айтпағанның өзінде 

көмір, уран, мұнай өндірісі бойынша əлемде алдыңғы қатарлы мемлекеттердің сана-

тынан табыламыз. Бұл да болса, пейілі кең қазаққа құдайдың берген нəсібі болар. Ел-

басымыз Н.Назарбаев алға қойған мақсатқа қол жеткізіп, дамыған 30 елдің қатарынан 

көрінуіміз қажет. Егер, біз сондай жетістіктерге қол жеткізіп жатсақ, ұрпақтарымыз бізден 

үлгі алып, одан да жоғары биіктерге самғауға тырысып бағады. Тіпті, əлемдегі ең дамыған 

10 мемлекеттің қатарынан көрінуге де ұмтылулары ғажап емес. Өйткені, алдыңғы буын 

осы қалыппен еңбек етіп, алға қарай ұмтыла беретін болса, бізге қарап өскен жас ұрпақ 

бізден де асып түсуі үшін еңбектенеді. Сонда ғана еркіндікті, егемендікті, тəуелсіздікті 

қорғау үшін жанын салатын болады.

Қазақстан  Тəуелсіздігін  алғанда 5 

жастағы бала едім. Бірақ, сол кездегі ақыл 

тоқтатқан  ағайынның  балаша  қуанып, 

бөркін аспанға атқан рəуішті шағы əлі де көз 

алдымда. Еншімізді алып шыққан соң қалай 

ел боламыз деген сұрақ ешкімді алаңдатқан 

жоқ, халық аш жүрсе де Тəуелсіздіктің эй-

фориясымен бүгінгі күнге аман жетті. Халық 

бəріне де төзіп, сайлаған президентіне үміт 

артты.  Алғашқы  жылдары  қиын  болғаны 

рас.  Бірақ,  бəрі  де  өткінші  екенін  біліп, 

уақытша  қиындыққа  көнуге  тура  келді. 

«Бұлт артынан күн шығады». Қиындықты 

еңсеріп, басқа қоғамды күттік. Ол күнге де жеттік. Қазақстан –  

посткеңестік елдердің ішінде бірінші болып «Шетелдік инвестиция-

лар туралы» заң қабылдады. Елге инвестиция тарту үшін қолайлы 

орта қалыптастырып, маңызды жобалар ұсыну қажет болды. Оны 

да еңсеріп келе жатыр. Тəуелсіздік алғаннан бері Қазақстан елге 

260 млрд. доллар көлемінде шетелдік инвестиция əкелді. Бұл 

өте нəтижелі көрсеткіш. Соның арқасында халықты жұмыспен 

қамтамасыз етіп, өндіріс те даму даңғылына түсті. Шетелге экс-

порттайтын  тауар  түрлері 500-ден  асыпты.  Спортта  да  кенде 

емеспіз, білімде де озаттар шықты. Көп елдер қызыға қарайтын 

«Болашақ» атты бағдарламамыз бар. Ауылдан шыққан қазақтың 

балалары əлемнің озық университеттерінде білім алып жүр. Бүгінге 

дейін 10 мың адам білім алып кеп, елге қызмет етіп жатыр. Барлық 

шығынды мемлекет мойнына алып, озық ойлы, жаңаша ойлайтын 

жастар тəрбиелеуді бастады. Мұндай ілкімді жоба көп елде жоқ. 

Халықаралық шараларға да жиі атсалысып, Алматы мен Астана 

қысқы Азия ойындарын, 2017 жылы қысқы Универсиада өткізгелі 

отырмыз. Еуропа Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық 

етіп, Тəуелсіздігімізді тағы бір дəлелдегендей болдық. Мұндай 

жұмыстарды тізімге алсақ, жетіп артылады. «Өскен өңір» газеті 

арқылы барша шиелілік жерлестерімді Тəуелсіздіктің 25 жылдық 

мерекесімен құттықтаймын. 

– Тəуелсіздік алған жылдары Қазақстан барлық жағынан 

алда болуға ұмтылды. Ашығын айтқанда, қазір де бұл ойы-

нан айныған, алған бетінен қайтқан емес. Осы уақытқа 

дейінгі жасалған дұрыс жұмыстардың басында қазақ тілін 

мемлекеттік тіл деп қабылдап, Семей сынақ-полигонын 

жауып, ядролық қарудан біржолата бас тартуымыз бола-

тын. Біз қазақтың тілін мемлекеттік тіл деп ата заңымызға 

ендіріп, Қазақстанның болашағын тек ана тілімізбен бай-

ланыстыруымыз қажеттігін түсіндік. Ұлт көшбасшысының 

өзі “Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін” деп ана тіліміздің 

көкжиегін кеңейту үшін жасалған жұмыстарға мұрындық 

болды.  Əлем  картасындағы  тоғызыншы  территорияны 

иеленіп жатқан осынау ұлан-байтақ елімізде жер бетінде алғашқылардың бірі бо-

лып соғылған “Байқоңыр” ғарыш айлағы орналасқан. Оның тарихы, қалыптасуы, 

дамуы түгел кеңестік кезеңде жүрді. Адамзат баласының алғашқы ғарышкері де 

осы жерден аспан əлеміне сапар шекті. Тəуелсіздік алып, егемендік еншілегеннен 

кейін өзімізден шыққан ұшқышты ғарышқа ұшыру бақыты да туды. Бұл абырой-

лы міндет Тоқтар Əубəкіровке тапсырылды. Сөйтіп, Тоқтар Əубəкіров қазақтан 

шыққан алғашқы ғарышкер атанды. Елбасымыздың мұрындық болуымен ТМД, 

Кеден одағы, ШЫҰ, Еуразиялық одақтар құрылды. 

Қазақстан халықтары ассамблеясы жұмыс жасап тұр.  Мемлекет басшысының 

сындарлы саясаты арқылы “Қазақстан–2030” бағдарламасы белгіленген уақытынан 

бұрын  орындалып,  əлемдегі  дамыған  алдыңғы  қатарлы  елу  елдің  қатарына 

қосылды. Ендігі меже “Қазақстан–2050” стратегиясының межесінен шығу үшін 

дамыған отыз елдің қатарына қосылу болып отыр. Осы бетімізден қайтпай, алға 

қарай ұмтылып еңбектене беретін болсақ, онда бұл межені де мерзімінен бұрын 

орындарымыз сөзсіз. 

ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢ БАСТЫ 

МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ЕГЕМЕНДІК БІЗГЕ КӨП 

ДҮНИЕ СЫЙЛАДЫ

САПАЛЫ СПОРТ 

АЛАҢДАРЫ КӨБЕЮДЕ

БҰЛ КҮН – 

БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ КҮНІ

–  Тəуелсіздігіміздің  таңы  атқан  жи-

ырма бес жылдың ішінде біздің елімізде 

бұқаралық  спортты  дамыту  жолында 

қыруар жұмыс атқарылды. Елбасы “Жаңа 

онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – 

Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты 

Жолдауында 2020 жылға дейінгі дамудың 

стратегиялық  басым  бағыттарының 

бірі  ретінде  қазақстандықтардың 

денсаулығын нығайтуды міндеттеген бо-

латын. Қазіргі таңда ауданымызда еркін 

күрес, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, дзю-

до, бокс, таэквандо сияқты спорт түрлері бойынша тəлім алып 

жүрген 200-ден астам бала жаттығады. Бүгінде жастардың 

да, аға буынның да спортқа деген көзқарасы өзгерген. Спорт 

алаңдары барлық ауылдарда да ашылуда. Осының барлығы 

тəуелсіздігімізді айшықтайтын белгілер. 

Тəуелсiздiктiң бiзге бергенi де, берерi де мол. Тек соның 

қадiрiне жетiп, қасиетiн сезiнiп, баянды ете алсақ болғаны. 

Тəуелсіздік толғауы ұрпақтың жадында жаңғырып, Тəуелсіздік 

рухы əрбір азаматтың жүрегінде тербелсін. Мəңгілік Еліміздің 

мəртебесі биік болсын. 

Қазақстан – қазақ халқының ата-баба 

мекені,  ежелгі  қонысы.  Еліміз  өлшеусіз 

табиғат байлығымен ғана емес, ең алды-

мен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен 

ерекше екенін ұмытпаған абзал. 

Мемлекетіміздің  тəуелсіздігі – ең  ал-

дымен  халқымыздың  бақыты.  Біз  бүгінгі 

бейбіт  те  шуақты  күндерді  бағалай  оты-

рып,  жаңа  биіктерге  ұмтылуымыз  қажет.  

Тəуелсіздігімізді  жариялағаннан  бергі 

мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға 

қол  жеткіздік.  Еліміздің  тыныштығы  мен 

қауіпсіздігі, көпұлтты Қазақстан халқының 

жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған 

парасатты көреген саясатының нəтижесі. Ұрпақтарының ырысы 

ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың 

арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, бере-

ке тілеймін. Еліміздің ертеңгі жолындағы еңбегіміз жана берсін! 

Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, намы-

сымызды оятқан, əлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намы-

сы берік халық ретінде жариялаған Тəуелсіздік күні құтты болсын!

–  Мемлекет  басшысының  елдің  өсіп-өркендеуіне  бағытталған 

басты  міндеттерінің  бірі – шағын  жəне  орта  кəсіпкерлікті  дамыту. 

Осы мақсатта бірқатар бағдарламалар қанат қағып, кəсіпкерлікпен 

айналысқысы  келетін  жандарға  мемлекет  тарапынан  жан-жақты 

қолдау көрсетіліп келеді. Біздің ауданымызда да өз кəсібін ашқысы 

келген отандастарымызға мол мүмкіндік беріліп, олар қазіргі таңда 

өз кəсіптерін жүргізіп келеді. Жылдан жылға көздің жауын алатын 

мейрамханалар саны көбейіп, «Мамық» жастық тазалайтын орын, 

шұбатты өңдеп шығаратын цех, «Бекарыс», «Арзан», «Азия», «Жады-

ра», «Қазына»  сынды сауда дүкендері ашылып, халықтың əлеуметтік-

тұрмыстық жағдайы едəуір жақсарды. Сонымен қатар, ауданымызда 

жылына 1 млн. тонна цемент өндіретін қуаттылығы бар цемент шығару 

зауыты құрылысы соғылуда. Осындай өзгерістердің барлығы тəуелсіздігіміздің арқасында 

келіп отыр. Біз мұны жүрегімізбен сезіндік. Тəуелсіздік жылдарында біз шыңдалып, рухани 

беки түстік. 

– Ауданымыз соңғы он жылдың өзінде адам та-

нымастай  болып  өзгеріп  кетті.  Көптеген  құрылыс 

жұмыстары  жүргізіліп,  жаңадан  əсем  үйлер  бой 

көтерді. Бірнеше ауылдық жерлерге жаңа мəдениет 

үйлері салынып, балабақшалар саны көбейді. Елді 

мекендерге жаңа дəрігерлік амбулатория салынып жа-

тыр. Тағы бір ауыз толтырып айтатын жаңалығымыз 

жаңадан №270 мектеп салынды, бірнеше мектептер 

күрделі жөндеуден өтіп, жаңадан пайдалануға берілді. 

Көшелерге жарықтар орнатылып, ауызсу мəселесі 

шешімін тапты. Міне, осы жағдайлардың барлығы 

тəуелсіздік жылдарының жемісі деп білгеніміз жөн. 

Бүгінде зейнетақы мен жəрдемақыны уақтылы алып отырмыз. Құдайға шүкір, 

еліміз аман, жұртымыз тыныш, бейбітшілік заманда өмір сүріп отырмыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет