Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 Дене температурасы және организмнің жағдайы



Pdf көрінісі
бет117/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   140
      14.1. Дене температурасы және организмнің жағдайы 
      Адам  денесінің  сырты  мен  ішкі  бөлімдерінің  температурасы  әр  түрлі 
болады.  Дененің  ішкі  бөліміне  ми  мен  ішкі  ағзалар  жатады,  оны  дене 
«ядросы»  деп  айтады,  шамамен  ол  салмақтың  50%  құрады.  Оның 
температурасы салыстырмалы тұрақты болады. Клиникалық практикада дене 
температурасы  дененің  белгілі  бір  жерлерінде  өлшенеді,  бұл  дененің 
«ядросы»  температурасына  сәйкес  болады.  Оған  тік  ішек,  ауыз  қуысы, 
қолтық асты бөлімдері қарайды. 
      Адам  денесіндегі  әртүрлі  ағзалар  мен  олардың  жеке  бөліктерінің 
температурасы  зат  алмасуының  деңгейіне  байланысты  өзгереді.  Бауырда 
37,8-38ºС;  тері  сыртында  29,5-33,9ºС,  тік  шекте    37,2-37,5ºС,  қолтықта  36,0-
36,9ºС.  Тәулік  ішінде  адамның  дене  температурасы  0,3  –  1,5  ºС  арасында 
тербелісте болады, бірақ 1ºС –тан аспайды. 
      Дене  температурасының  тұрақтылығы  жылу  өндірілу  және  жылу 
шығарылу үдерістерінің ара қатынасымен анықталады. Егер олар бір біріне   
сәйкес  болмаса  және  дене  температурасының  өзгеруіне  қауіп  туса,  арнайы 
реттеуші  әрекеттік  жүйе  іске  қосылады  да,  жылу  реттейтін  процестерді 
бейімделген өзгерістерге келтіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет