Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет114/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   140
      Энергия шығынының түрлері: пластикалық, негізгі алмасу және жалпы 
алмасу. 
      Пластикалық  алмасу  –  ұзақ  ашығуда  болған  немесе  ауыр  науқастан 
кейін  ағзаның  құрылымдық  бөлшектерін  қайта  қалпына  келтіру  үшін  және 
өсіп келе жатқан ағзаның дамуына жұмсалатын энергия шығыны. 
      Негізгі алмасу (НА) – үйреншікті (стандартты) жағдайдағы ішкі ортаның 
тұрақтылығын  (гомеостазды)  қамтамасыз  етуге  шығындалатын  энергияның 
аз  (минималды)  мөлшері.  Оны  анықтау  сергек  адамда  тәңертең  төсектен 
тұрмай, толық  қимылсыз жатқанда, аш қарында, яғни соңғы рет ас ішкеннен 
кейін 12-16 сағат өткен соң, температуралық комфортты  (18-22ºС) жағдайда 
жасалады. НА-ды осы көрсетілген стандартты жағдайда зерттеу керек, себебі 
физикалық  және  эмоциялық  жүктеме,  тағам  қабылдау  және  қоршаған  орта 
температурасының  өзгерістері  организмдегі  зат  алмасу  қарқындылығын 
күшейтеді,  яғни  энергия  шығыны  да  күшейеді.  НА-дың  энергиясы 
организмдегі  барлық  тіндер  мен  ағзалардың  қалыпты  қызметтерінің 
атқарылуына, дене температурасының тұрақтылығын сақтауға жұмсалады. 
      НА  деңгейі  адамның  салмағына,  бой  ұзындығына,  жасына,  жынысына 
байланысты.  Ересек  адам  1  кг  салмағына  1  сағат  ішінде  1  ккал  (4,19  кДж) 
энергия  жұмсайды.  Сонда,  салмағы  70  кг  ер  адам  тәулігіне  денесінен  1700 
ккал  (7117  кДж)  энергия  бөліп  шығарады.  Бұл  нормалық  энергия  мөлшері 
адамның  тіршілігін  сақтауға  қажет  ағзалар  қызметіне  жұмсалады.  Осындай 
салмақтағы  әйелдерде  бұл  көрсеткіш    10%-ға  төмен.  НА-дың  ең  жоғары 
деңгейі  6  айға  дейінгі  балаларда  болады,  сосын  ол  біртіндеп  төмендейді  де, 
жыныстық  дамудан  кейін  ересек  адамдармен  теңеседі.  Жас  ұлғайған  сайын 
НА-дың шамасы төмендей береді. Негізгі алмасудың жартысынан көбі бауыр 
мен қаңқа еттерінің қызметінде шығындалады. 
     Адамның  НА-ның  тиісті  шамасын  арнаулы  кестелер  (таблицалар), 
формулалар және номограммалар бойынша анықтайды. Сонымен қатар, Крог 
әдісімен де (толық емес газ анализі) анықтауға болады. 
      Жалпы  алмасу  –  организмнің  әртүрлі  жағдайлардағы  тіршілік 
әрекеттерін  (жылу  реттеу,  тамақтану,  эмоциялық  және  жұмыстық  жүктеме 
және  т.б.)  қамтамасыз  етуге  қосымша  жұмсалатын  энергия  шығыны  мен 
негізгі алмасу энергиясының жиынтығы. 
      Жылу  реттеу  кезіндегі  зат  алмасуы  мен  энергия  шығындалуының 
қарқыны салқындық жағдайында адамда 300%-ға дейін жоғарылайды. 


      Әртүрлі  эмоциялар  кезінде  энергия  шығыны,  негізгі    алмасу  дейгейінің, 
40-90%-ын  құрады  және  бұл  бұлшықеттердің  фазалық  және  тонустық  
жиырылуымен байланысты. 
      Ұйқы кезіндегі зат алмасу деңгейі, сергектік жағдайымен салыстырғанда, 
10-15%  төмен  болады,  себебі  бұл  кезде  бұлшықеттер  босаңсыйды, 
симпатикалық  жүйке  жүйесінің  белсенділігі  төмен,  қалқанша  безі  мен 
бүйрекүсті бездерінің гормондарының түзілуі аз болады. 
      Тағамның  өзіндік-динамикалық  қуаттық  әсері.  Тамақтанудан  кейін, 
тағам өнімдерінің қанға сіңуі кезінде, зат алмасуы қарқыны күшейіп, энергия 
әдеттегіден әлдеқайда көп жұмсалады. Мұны тағамның өзіндік-динамикалық 
қауттық  әсері  деп  атайды.  Ол  астың  құрамына  байланысты,  тағамда  белок 
басым  болса,  энергия  әдеттегіден  30%,  ал  тағамда  көмірсу  басым  болса  тек 
15% көбірек жұмсалады. 
      Жалпы  алмасу  НА-дан  едәуір  жоғары  болуы  қаңқа  бұлшықеттерінің 
қызметіне  байланысты.  Дененің  қимыл-қозғалыстарына,  олардың  ауыр-
жеңілдігіне  қарай  энергия  бірде  көп,  бірде  аз  шығындалады.  Мысалы,  адам 
жеңіл  жұмыс  істегенде  (кеңсе  қызметкерлері,  мұғалімдер,  тігіншілер)  1  кг 
салмаққа  1,8-2,5  ккал  (7,5-10,5  кДж)  энергия  жұмсайды.  Баяу  жүріп  қызмет 
атқаратындар (лаборанттар, дәрігерлер, кітапхана қызметкерлері) 2,8-3,2 ккал 
(11,8-13,4  кДж)  энергия  шығындайды.  Сөйтіп,  адам  денесіне  түсетін 
ауырпалық өскен сайын, оның салмағына қарай энергия шығыны да көбейіп 
отырады.  Қазіргі  кезде  ересек  адамның  энергия  шығыны  оның  атқаратын 
кәсіби қызметінің ерекшеліктеріне байланысты 5 топқа бөлінеді. 
      Энергия шығынын анықтау әдістері.  
      Организмдегі  қоректік  заттар  (белок,  май,  көмірсу)  тотыққанда  бөлінетін 
энергия мен сол заттарды сыртқы ортада өртегенде (Бертло калориметрінде) 
босап  шығатын    энергия  жылуы  бірдей  емес.  Белгілі  бір  заттың  1  грамы 
тотыққан  (немесе  өртелген)  кезіндегі  бөлінетін  жылу  мөлшері  сол  заттың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет