Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет50/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   140
 
 
ДӘРІС  №  6.  Түйіспелер  физиологиясы:  құрылымы,  жіктелуі,  қозуды 
өткізу ерекшеліктері. Медиаторлардың жіктелуі және сипаттамасы. 
Дәрістің жоспары: 
6.1. Түйіспелердің физиологиялық қасиеттері мен жіктелуі. 
6.2.Түйіспелердегі қозудың өту механизмдері (мионевральдық түйіспеде)  
6.3. Медиаторлар физиологиясы. Жіктелуі және сипаттамасы 
6.1. Түйіспелердің физиологиялық қасиеттері мен жіктелуі 
       Түйіспе  (синапс)  деп  қозуды  немесе  тежеуді  жүйке  талшықтарының 
ұшынан,  онымен  нервіленген  (иннервация)  жасушаға  өтуін  қамтамасыз 
ететін құрылымдық-әрекеттік (функциялық) жүйені айтады. 
      Түйіспенің құрылымы: 
1) пресинапстық мембрана (ет жасушасымен түйіспе құратын аксон ұшының  
    электрогендік мембранасы);  
2) постсинапстық мембрана (түйіспемен ұласқан нервіленген жасушаның  
    бетіндегі электрогендік мембранасы); 
3) түйіспелік саңылау (құрамы қан плазмасы сияқты сұйықпен толтырылған  
    пресинапстық  және  постсинапстық  мембраналар  арасындағы  кеңістік). 
Саңылау кеңдігі шамамен 200-300 ангстрем. 
Түйіспелердің бірнеше жіктелуі бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет