Шеткергі түйіспелердің бірнеше түрін ажыратады:
1) ет-жүйкелік (мионевральдық), мотонейрон аксоны мен бұлшықет
жасушасының арасындағы ұласу (контакт);
2) жүйкелік-эпителийлік, нейрон аксоны мен сөл бөлетін (секреторлық)
жасушалар арасындағы ұласу (контакт).
2. Түйіспелердің функциялық жіктелуі: 1) қоздырушы түйіспелер;
2) тежеуші түйіспелер.
3. Қозуды өткізу механизмдері бойынша түйіспелер: 1) химиялық;
2) электрлік (эфапстық).
Химиялық түйіспелердің ерекшелігі сол, мұнда қозуды өткізу ерекше
химиялық заттар тобы – медиаторлар көмегімен жасалады.