Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 Гормондардың қасиеттері, әсер ету механизмі



Pdf көрінісі
бет83/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   140
10.2. Гормондардың қасиеттері, әсер ету механизмі 
      1.  Гормондар  қашықтан  (алыстан)  әсер  етеді,  яғни  олар  өзінің  жасалған 
жерінен қашық орналасқан ағзаларға әсер ете алады. 
      2.  Гормондар  организм  қызметін  гуморалдық  реттеуде  аралық  роль 
атқарады.  Себебі,  басты  бағыттаушы  реттеуді  ОЖЖ-сі  атқарады,  ал  ІСБ-і 
көбінесе  оның әсерін  күшейте  не  әлсірете  отырып,  вегетативті  және  денелік 
жүйкелермен қатар қызмет жасайды. 
      3.  Гормондардың  тек  өзіне  тәнді  (спецификалы)  әсері  бар.  Осыған 
байланысты белгілі бір гормонның кемістігін, басқа гормонмен немесе басқа 
биологиялық белсенді затпен алмастыруға болмайды.  
      4. Гормондардың биологиялық белсенділігі өте жоғары болады. Мысалы, 
тироксин  1:100  млн,  адреналин  1:10  млн  дәрежесінде  сұйытылса  да  әсер 
етеді, ал 1г инсулин 125 мың қоянның қанындағы қант деңгейін төмен түсіре 
алады.  Бездердегі  гормондар  өте  аз  мөлшерде  өндіріледі  және  өте  төмен 
концентрациясы  тиімді  әсер  етеді.  Тіпті  гормондардың  аз  ғана  бөлігі  бос 
белсенді жағдайда қан айналымында болады. 
      5.  Гормондар  өте  тез,  бірақ  қысқа  мерзімде  ісер  етеді.  Сондықтан  қанда 
гормондардың қажетті мөлшері сақталу үшін, бездер оларды үздіксіз өндіріп 
шығарып тұруы керек. 


      6.  Гормондар  тек  ағзалардың  қызметтеріне  ғана  емес,  олардың 
құрылымдарына  да  әсер  етеді,  яғни  оларда  құрылымдық өзгерістер  туғызуы 
мүмкін,  кейде  ағзалар  тінінің  өсуін  күшейтіп,  кейде  тежейді  (акромегалия, 
гигантизм, нанизм т.б.). 
      7.  Гормондар  ферменттер  қатарына  жатпайды,  яғни  олар  жасуша  жоқ 
ортада  жүретін  химиялық  процесстерге  арнайы  әсер  етпейді.  Бірақ  әртүрлі 
ферменттер  арқылы  химиялық әсерленістердің   өту  жылдамдығына  әсер  ете 
алады. 
      Гормондардың әсері. Гормондардың ағзаларға негізгі әсер ету механизмі 
бірнеше  жолмен  жасалады:  сұйықтық  арқылы  (гуморалды)  тікелей  тіндер 
мен мүшелерге, рефлекстік (хеморецепторлардың қатысуымен)    және жүйке 
жүйесі арқылы. 
1.  Гормондардың  тіндер  мен  ағзаларға  тікелей  әсерінің  себебі,  гормондар 
мембрана арқылы жеңіл өтеді, оған қоса мембраналармен байланысқа түседі. 
2.  Гормондар  ағзалардың  қызметіне  тікелей  әсер  етіп  қоймай,  олардың  қан 
тамырлары  мен  тіндердегі  әртүрлі  хеморецепторларын  тітіркендіре  отырып, 
рефлекстік жолмен де әсер етеді. 
3.  Гормондардың  ОЖЖ-і  арқылы  әсері  жүйке  орталығын  құрайтын 
нейрондардың  тонусын    жоғарылату  немесе  төмендету  арқылы  жасалады 
(Гейманс тәжірибесі). 
      Гормондар  химиялық  делдал  сияқты  белгілі  бір  ақпаратты  немесе 
сигналды,  тек  соған  сезімтал    нысана-жасушаға  жеткізеді.  Мұндай 
жасушалардың, гормондармен байланысатын, жоғары дәрежелі маманданған 
ақуыздық қабылдағыштары бар. 
      Жасушаларға  әсер  ету  механизмінің  ерекшелігі  бойынша  гормондардың 
негізгі екі түрін ажыратады. 
      Гормондардың  бірінші  түрлері  жасуша  мембранасы  арқылы  жеңіл  өтеді 
және  олардың  әсер  етуіне  қосымша  делдал-медиатор  қажеті  жоқ.  Оған 
стероидтық және қалқанша безінің гормондары жатады. 
      Гормондардың  екінші  түрлері  жасуша  мембранасы  арқылы  нашарлау 
өтеді,  мембрананың  бетінен  әсер  етеді,  сондықтан  олардың  әсер  етуіне 
жасушаішілік  медиаторлар  (ферменттер)  қажет  болады  (циклдық  АМФ, 
простагландин,  кальций  иондары  т.б.).  Бұл  топқа  пептидтік  гормондар  мен 
катехоламиндер жатады. 
      Гормондардың  осы  түрлеріне  сәйкес  гормондық  рецепциясының  екі  түрі 
болады:  жасушаішілік  (қабылдағыш  аппараты  жасуша  ішінде)  және 
мембраналық  (байланысқан)  –  мембрананың  сыртқы  бетінде  орналасқан.    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет