Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 Ішкі сөлініс бездерін зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет85/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   140
10.3. Ішкі сөлініс бездерін зерттеу әдістері 
      ІСБ-нің  қызметін  зерттеу  үшін  әртүрлі  физиологиялық  және  клиникалық 
әдістер қолданады. Олардың негізгілері мынадай: 
1.  Эктомия  немесе  экстирпация  –  кесіп  алып  тастау.  Оның  нәтижесінде 
белгілі бір бездің қызметі тоқталып, оның реттейтін әсерлері тоқтатылады. 
2.  ІСБ-ден    алынған  сықпаларды  немесе  таза  гормондар  мен  гормондық 
препараттарды қалыпты  немесе безі алынған жануарларға егу. 
3. Тәжірибеде ІСБ-ді трансплантация жасап алмастыру. Алдымен жануардың 
зерттелетін  безін  алып  тастап,  пайда  болған  өзгерістерді  бакылау  жасайды. 
Одан кейін кесіп алынған безді қайтадан дененің басқа бөлігіне отырғызады. 
Егер осыдан кейін бұзылған қызметтер қалпына келсе, бездің сөлініс қызметі 
дұрыс деп тұжырымдалады. 
4.  Парабиоз  әдісі  –  екі  жануардың  тиісті  қан  тамырларын  жалғастырып,  қан 
айналысын ортақтастыру, содан кейін біреуінің безін (бездерін) алып тастап, 
оның дене қызметіндегі өзгерістерді зерттеу. 


5.  ІСБ-ін  эксплантация  әдісі  арқылы  зерттеу.  Безді  немесе  оның  бір  кішкене 
бөлігін денеден тыс қоректік ортаға орналастырып, оның тіршілік жағдайын 
зерттеу. 
6.Биологиялық  сұйықтардағы  (қан,  лимфа,  несеп  т.б.)  гормондар  мен 
олардың  өнімдерінің  мөлшерін  биохимиялық,  иммунологиялық  және  басқа 
әдістер арқылы зерттеу. 
7. Радиоактивті изотоптарды қолдану арқылы зерттеу, нысана гормондар. 
8.  Флюоресценция  әдісімен  кейбір  гормондардың  қай  жерде  көбірек 
жиналуын  анықтау.  Бұл  көбінесе  гистохимиялық  зерттеумен  қоса 
жүргізіледі. 
9.  Клиникалық  -  анатомиялық    әдіс.  ІСБ-нің  қызметі  бұзылған  науқас 
адамның  жағдайын  бақылап  зерттеу.  Қайтыс  болған  ауру  адамдағы  белгілі 
бір  бездің  қызметі  бұзылғанда  (гипо-  немесе  гиперсекреция)  патолого-
анатомиялық және гистологиялық зерттеу жүгізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет