Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет88/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   140
11.1. Гипофиз бөлімдерінің гормондары 
      Ішкі сөлініс бездерінің ішінде гипофиз ерекше орын алады. Оны орталық 
без  деп  те  атайды.  Себебі,  оның  троптық  гормондары    басқа  сөлініс 
бездерінің  қызметтерін  реттейді.  Гипофиз  мидың  түп  жағындағы  түрік 
ершігінде  орналасқан,  салмағы  0,5-0,6  г,  алдыңғы,  ортаңғы,  артқы 
бөліктерден  тұрады.  Алдыңғысы  –  аденогипофиз,  ортаңғысы 
– 
меланогипофиз, артқы бөлігі – нейрогипофиз деп аталады. 
      Гипофиздің  алдыңғы  бөлігі  –  аденогипофизде  бөлінетін  гормондар  екі 
топқа  жатады:  эффекторлық  (соматотропин  және  пролактин)  және  троптық 
(бағыттаушы) гормондар (ТТГ- тиреотропин, АКТГ – адренокортикотропин, 
ГТГ –гонадотропин). 
      Аденогипофиздің эффекторлық гормондары:  
      1.  Өсу  гормоны  (СТГ  –  соматотропин)  дене  (бой)  ұзындығын  реттеуге 
қатысады. Бұл гормонның мұндай қасиеті организмдегі ақуыздардың  түзілуі 
мен    алмасуын  күшейтуіне  байланысты.  Соматотропиннің  әсерінен  қол  мен 
аяқтың ұзын сүйектерінің  эпифизарлық шеміршектерінің өсуі күшейеді, бұл 
сүйектер  ұзындығының    ұлғаюына  келтіреді.  Сонымен  қатар,  соматотропин 
азот  тепе-теңдігін  өзгертіп,  организмдегі  азот  мөлшерін  көбейтеді,  кальций, 
фосфат,  натрий  тұздарының  сақталуына  себепкер,  гликогеннің  ыдырауын 
(гликогенолиз)  тездетеді.    Аденогипофиздің  гормон  шығару  қызметі 
төмендегенде  (гипофункция),  әсіресе  соматотропиннің  жеткіліксіздігі,  адам 
бойының  өспей  қалуына  келтіреді.  Мұндай  өзгерісті  гипофиздік  ергежейлі 
(нанизм)  деп  атайды.  Соматотропин  шектен  тыс  көп  болса  (гиперфункция), 
әсіресе  балалық  шақта,  адамның  бойы  тез  өсіп  200-250  см  дейін  жетуі 
мүмкін.  Оны  гипофизарлық  алып  (гигантизм)  дейді.  Ал  мұндай  жағдай 
ересек  адамда  болса,  ол  акромегалия  дертіне  әкеліп  соғады.  Адам  денесінің 
өсіңкі, шығыңқы жерлері (иегі, жағы, ерні, мұрыны, саусақтары) өседі. 
      2. Пролактин – сүт безінің қызметін қолдап, сүттің шығуын үдетеді. Оның 
сүт  бездеріне  әсері  аналық  гормондардың  (эстроген,  прогестерон)  әсерінен 


кейін  байқалады.  Эстрогендер  сүт  безінің  өзектерінің  дамуына,  ал 
прогестерон  оның  альвеолаларының  жетілуіне  келтіреді.  Босанған  әйелде 
пролактиннің бөлінуі күшейіп,  емшектен сүт көп шығады (лактация), сүттің 
сапасы,  майлылығы,  дәмі  артады.  Сонымен  қатар,  пролактин  сары  дененің 
ұзақ уақыт қызмет атқаруын және ондағы прогестерон гормонының бөлінуін 
қолдайды (лютеотроптық әсері). 
      Аденогипофиздің троптық (бағыттаушы) гормондары: 
      1.  Тиреотропин  (ТТГ)  –  қалқанша  безіне  таңдаулы  әсер  етіп,  оның 
сөліністік  қаблетін  күшейтеді.  Егер    тәжірибеде  жануардың  гипофизін  алып 
тастаса,  оның  қалқанша  безі  семіп  қалады  (атрофия).  Ал  осы  жануарға 
тиреотропин егілсе, біраздан кейін қалқанша безінің қызметі қалыпқа келеді. 
Тиреотропин  шектен  тыс  көп  бөлінсе  (гиперсекреция)  гипофиздік 
гипертиреозға әкеліп соғуы мүмкін. 
      2. Адренокортикотропин (АКТГ) – бүйрекүсті безінің қыртысында пайда 
болатын  глюкокортикоидтардың  түзілуін,  қанға  шығуын  үдетеді.  Адамның 
әртүрлі  қал-күйінің  өзгерістерінде  (ашулану,  қайғы,  қиналу,  күйзеліс)  оның 
күш-қуатын 
жігерлендіріп, 
төзімділігін 
күшейтеді 
(мобилизация). 
Кортикотропин ақуыздың синтезін тежейді және ыдыратады, бұл жағынан ол 
өсу  гормонына  қарама-қарсы  (антогонист)  әсер  етеді.  Сонымен  қатар, 
кортикотропин  дәнекерші  тіндердің  негізгі  заттарының  дамуына  кедерғі 
жасайды,  гиалуронидаза  ферментінің  белсенділігін  басып,  капиллярлардың 
өткізгіштігін  төмендетеді,  яғни  қабынуға  қарсы  әрекет  жасайды.  Бұл 
гормонның    сөлінісі  тәуліктік  ырғаққа  (ритмге)  тәуелді:  таңға  қарағанда, 
кешкі мезгілде көбірек бөлінеді.  
      3.  Гонадотропин  (ГТГ)  екі  түрлі  гормоннан  тұрады:  фоллитропин  (ФСГ, 
фолликулстимуляциялаушы)  және  лютропин  (ЛГ,  лютеиндеуші);  екеуіде 
әйелдер мен еркектерде болады.  
      Фоллитропин  –  аналық  бездің  фолликуласын  ұлғайтып,  онда  гормондар 
түзілуін  үдетеді,  қандағы  эстрогендерді  көбейтеді  және  аталық  бездегі 
сперматогенезді тездетіп, сперматозоидтардың өсуін жеделдетеді. 
      Лютропин  –  жыныс  бездерінен  (аналық  және  аталық)  тестостерон  мен 
прогестерон  гормондарының  түзіліп  бөлінуін  күшейтеді.  Әйелде  аналық 
жасушаның пісіп жетілуімен безді жарып шығуын (овуляция) тездетеді, оның 
орнында  пайда  болған  сары  дененің  қызметін  жақсартып,  онда 
прогестеронның  түзілуіне  ықпал  жасайды.  Ер  адам  организмінде  лютропин 
аталық жыныс громоны –  андрогеннің түзілуін қолдайды. 
      Аденогипофиздің  троптық  грмондарының  өндірілуі  гипоталамусте 
бөлінетін  либерин  және  статиндер  арқылы,  эфференттік  гормондардың 
қатысуымен  (кері  байланыс  принципі  бойынша)  және  вегетативтік  жүйке 
жүйесімен реттеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет