Республики казахстан



Pdf көрінісі
бет2/38
Дата06.03.2017
өлшемі3,87 Mb.
#7742
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
11 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІК НЕГІЗІНДЕ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
 
Аннотация. Мақалада бүгінгі таңдағы өзекті сұрақтар қарастырлған. Бәсекеге қабілетті мамандарды 
даярлаудың жолдары, құзыреттілік, құзыреттілікке негізделген оқыту, құзыреттіліктің негізгі түрлері, кәсіби 
құзыреттілік, оқу процесінде мақсат және SMART мақсатты құру негіздері, білім беру жүйесінің мәні мен 
мазмұны сынды сұрақтар келтірілген. 
Кілт сөздер:  білім, білік, дағды, құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік, білім беру 
жүйесі, мақсат, SMART-мақсаттар. 
 
Білім - теңіз, түбі де, шегі де жоқ. 
Білім - адам баласының ортақ қазынасы. 
         (Ж. Баласағұн) 
 
Елбасы 
Н.Ә.Назарбаев 
«Қазақстан-2050» 
Стратегиясы 
қалыптасқан 
мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Жолдауында  «Білім  және  кәсіби  машық  – 
заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. 
Бәсекеге  қабілетті  дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз  сауаттылығы  жоғары  елге 
айналуымыз  керек.  Барлық жеткіншек  ұрпақтың  функционалдық  сауаттылығына  да 
зор  көңіл  бөлу  қажет»,  -  деп  атап  көрсетті.  Сондықтан,  білім  берудің  мазмұнын 
жетілдіре  отырып,  үздіксіз  білім  беру  арқылы  оларды  кәсіби  тұрғыдан  жан-жақты 
жетілдіру мәселесі бүгінде күн тәртібіне қойылып отырғанын көріп отырмыз. Бүгінгі 
күні  «құзыреттілік»  ұғымы  оқыту  үдерісінде  білімді  қолданудың  негізгі  нәтижесі 
ретінде қарастырылуда [1]. 
Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны, білім беру жүйесінің 
алдына  жаңа  міндеттер  қойып  отыр.  Ең  бастысы  -  өз  жұмыс  орнына  және  бүкіл 
техникалық  тізбекте  технологияның  үздіксіз  өзгерістеріне  бейімделе  алатын 
орындаушының  тұлғасын  қалыптастыру  міндеті.  Біліміне,  біліктілігіне,  парасатына 
пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң 
өзгерістерге  байыппен  қарап,  оның  заман  талабына  сай  мән-маңызын  түсінеді. 
Әлемдегі озық, бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына еніп, өркениетті елдермен 
иық  тіресе  тұру  міндеті,  сайып  келгенде,  еліміздің  ертеңгі  азаматтарының  қолында 
[2]. 
Бүгінгі  таңда  педагогика  ғылымында  негізгі  базалық  ұғымдардың  бірі 
«құзыреттілік»  болып  отыр.  Құзыреттілік  ұғымы  «білім»,  «білік»  және  «дағды» 
(ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы 
емес.  Құзыреттілік  оқыту  нәтижесін  (білім  және  білік)  ғана  емес,  сонымен  бірге  ол 
студенттердің  шығармашылық  іс-әрекет  тәжірибесі  мен  құндылық  бағдарларының 
жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, 
күнделікті  өмірде  қандай  да  бір  практикалық  және  теориялық  мәселелерді  шешуге 
қолдана алу қабілеттілігі. Сонымен, оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі 
ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді 
жүзеге  асыруды,  оқыту  сапасын  бағалаудың  біртұтас  жүйесін  құруды  талап  етеді. 
Демек  «құзырет»  және  «құзыреттілік»  ұғымдарын  педагогикалық  тәжірибеге  енгізу 
білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап 
етеді. 
Құзыреттілік  түсінігі  көп  аспектілі  жан-жақты  ұғымды  білдіреді. 
«Құзыреттілік»  термині  әдетте  белгілі  бір  әлеуметтік-кәсіби  статус  иесіне 
байланысты  қолданылады  және  оның  сол  істі  атқарудағы  түсінігі,  білімі,  білігінің 
орындалуға  тиіс  мәселенің  нақты  өз  деңгейінде  шешілуімен  сәйкестілігі  арқылы 
сипатталады. 
«Құзыреттілік»  терминін  ХХ  ғасырдың  ортасында  американдық  ғалым 
Н. Хомский  енгізген  болатын,  бастапқыда  ол  ана  тілінде  нақты  тілдік  қызметті 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
12 
орындау үшін қажет қабілеттіліктер деген түсінік берді [2]. Құзыреттілік – студенттің 
іс-әрекетін  меңгеруден  көрінетін  білім  нәтижесі.  Білім  мазмұнын  жаңалау  –  негізгі 
мақсат  болып  табылады.  Басты  мақсаттың  бірі  –  білім  игеру  кезінде  күтілетін 
нәтижеге қол жеткізу. Негізгі бағыт оқытушы жеке тұлғаға ауысады, яғни, жеке тұлға 
бұрын  білімді  қабылдаушы  рөлін  атқарса,  ал  жаңа  талап  бойынша  өздігінен  білім 
алушы,  үйренуші  ретінде  танылады.  Сондықтан  жеке  тұлғаның  бейнесін  бүгінгі 
заман  талабына  сай  дайындауымыз  керек.  Бүгінде  білім  беру  стратегиясын 
«құзыретті  білім  беру»  деп  те  атап  жүр.  Құзыреттілік  жеке  тұлғаның  танымы  мен 
тәжірибесіне  қатысты  нәрсе.  Студенттердің  кәсіби  құзыреттілік  мәселелері  туралы 
пікірлер  отандық  және  шетелдік  ғалымдар,  педагогтар,  психологтар  еңбектерінде 
көрініс  табуда.  Оқыту  үрдісіндегі  құзыреттіліктерге  ғалымдар  әртүрлі  анықтамалар 
берген.  Ғалымдардың  еңбектеріне  сүйенсек  «Құзыреттілік  –  бұл  білімді,  іскерлікті 
қолдану  қабілеті,  оқу  міндеттерін  шешуде  тәжірибе  негізінде  стандарттан  тыс 
жағдайда адамның табысты нәтижелі әрекет ету қабілеті» басшылыққа алады немесе 
құзыреттілік  дегеніміз  -  тұлғаның  бойында  білім,дағды,іскерлік,ерік  күш-жігердің 
болуы.  Құзыреттілік  жаңа  әлеуметтік-экономикалық  жағдайда  аман  қалуды 
қамтамасыз  етеді  және  олар  бәсекеге  қабілетті  маманмен  қамтамасыздандырады. 
Көптеген  елдерде  құзыреттілікке  жаңаша  мән  беру  білімді  жоғары  дәрежеге 
көтергені  мәлім.  Құзыреттілік  еңбек  нарығында  тұрақты  өсіп  отырған талаптармен, 
шапшаң  технологиялық  өзгертулермен,  соның  ішінде  академиялық  және  еңбектегі 
мобильдік  өсуімен  негізделген.  Құзіреттіліктің  жеке  компоненттерін  анықтай 
отырып,ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен 
икемділігін атайды [3]. 
Жалпы құзыреттіліктің негізгі түрлері келесілер [4]: 
- ақпараттық құзыреттілік; 
- коммуникативтік құзыреттілік. 
Енді осы аталған құзыреттіліктерге тоқтала кетейік - ақпараттық құзыреттілік: 
-
 
сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдау; 
-
 
өз бетінше мақсат  қоюға және оны негіздеу,  мақсатқа жетуде танымдық 
қызметті жоспарлау және жүзеге асыру; 
-
 
ақпараттарды  өз  бетімен  табу,  талдау,  іріктеу  жасау,  қайта  құру,  сақтау, 
түрлендіру және тасымалдау; 
-
 
логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпараттарды өңдеу. 
Коммуникативтік құзыреттілік [4]: 
-
 
нақты  өмір  жағдайында  өзінің  міндеттерін  шешу  үшін  қазақ  және  басқа 
тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдану; 
-
 
коммуникативтік  міндеттерді  шешуге  сәйкес  келетін  стильдер  мен 
жанрларды таңдау және қолдану; 
-
 
жалпы  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  түрлі  көзқарастағы  адамдар  тобында 
қатынас құруға мүмкіндік береді. 
Құзыреттіліктің  түрлерімен  қатар,  оны  құрайтын  негізгі  элементтер  де 
кездеседі  [5]:  әдістемелік  құзыреттілік  оқытудың  түрлі  әдіс-тәсілдерін  меңгеру, 
интербелсенді әдістерді,  оқыту үдерісінді ұтымды пайдалана білу, білім және білікті 
меңгертудің психологиялық амалдарын білу;  
-  психологиялық-педагогикалық  құзыреттілік  педагогикалық  диагностиканы 
меңгеру, тұлғамен мақсатты қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық диагностика 
нәтижесі  арқылы  тұлғамен  жеке  жұмыстарды  жүзеге  асыра  білу,  тұлғааралық  және 
педагогикалық қарым-қатынас психологиясын білу; 
-  дифференциалдық-психологиялық  құзыреттілік  тұлғалық  ерекшеліктерді, 
тұлғалық  бағыттылықты  анықтай  білу,  тұлғаның  эмоциялық  жағдайларын  ажырата 
білу, әріптестермен, басшыларменмәдени қарым-қатынас орната білу; 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
13 
- аутопсихологиялық құзыреттілік өз іс-әрекетін, қабілетін білу; өзін-өзі кәсіби 
жетілдірудің жолдарын білу, жеке басындағы кемшіліктердің себебін көре білу, өзін-
өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылу. 
Құзыреттіліктің  негізгі  түрлерін  тыс  кәсіби  құзыреттілік  ұғымы  да 
қолданылады. Ол дегеніміз ең алдымен студенттің функционалдық сауаттылығы мен 
кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады, ал маманға қатысты 
алатын  болсақ  –  ол  тұлғаның  өз  кәсібі  бойынша  білімінің,  біліктілігінің  және 
дағдысының  қалыптасуы,  осы  ұғымдардың  қосындысының  іс-тәжірибе  жүзінде 
жүзеге асырылуын қарастыруға болады. Кез-келген педагог қоғам талабына сай өзін-
өзі  үздіксіз  жетілдіріп  отыратын,  кәсіби  білімді,  жаңа  технологияларды  меңгерген, 
ортамен  қарым-қатынасқа  тез  бейімделе  алатын,  ұйымдастырушылық  қабілеті 
жоғары,  тәжірибесі  мол  және  т.б.  қасиеттерді  жинақтағанда  ғана  кәсіби  құзыретті 
маман бола алады. 
Адам  кәсібилігінің  қажетті  құрамдас  бөлігі  кәсіби  құзыреттілік  болып 
табылады.  Кәсіби  құзыреттілік  мәселесі  отандық  және  шетел  ғалымдарының 
жұмыстарында  қарастырылады.  Кәсіби  құзыреттіліктің  заманауи  бағыттары  және 
түсіндірмелері  тіптен  әртүрлі.  Қазіргі  кезде  шетел  әдебиеттерінде  бар  кәсіби 
құзыреттілік  анықтамалары,  яғни  «терең  білім»,  «тапсырманы  адекватты  орындау 
күйі»,  «қызметті  актуальды  орындау  қабілеттері»  және  басқалары  бұл  ұғымның 
мазмұнын  толық  нақты  түсіндіре  алмайды.  Және  де  отандық  ғалымдармен  кәсіби 
құзыреттілік  мәселесі  белсенді  зерттелуде.  Көп  жағдайда  бұл  ұғым  біліктіліктің 
жоғары деңгейін және кәсібилікті айқындау үшін ішкі оймен пайдаланылады. Кәсіби 
құзыреттілік  маманның  дайындық  сапасының  сипаттамасы,  еңбек  қызметінің 
тиімділік  әлеуеті  ретінде  қарастырылады.  Педагогикада  бұл  категория  «жалпы 
мәдени  құзыреттіліктен»  туындаған  өнімді  компонент  ретінде  немесе  «маманның 
білімділік  деңгейі»  ретінде  қарастырылады.  Егер  кәсіби  шеберлік  деңгейлер 
жүйесінде  құзыреттілік  орнын  анықтайтын  болсақ,  онда  ол  орындаушылық  пен 
кемелдену  арасында  орналасқан.   Төменде  біз  педагогикалық  зерттеулерде   
педагогтің  кәсіби  құзыреттіліктің  тұлғалық  қасиеттерге,  кәсіби  іс-әрекеттің 
мазмұндық және процессуалдық компоненттерден тұратынын айқындайды [5]. 
Кәсібилік  дегенде  біздер  әр  түрлі  жағдайларда  күрделі  қызметті  адамдардың 
жүйелі,  тиімді  және  сенімді  орындауының  ерекше  өзгешелігі  деп  түсінеміз. 
«Кәсібилік»  ұғымында  қоғамда  бар  стандарттар  мен  объективті  талаптарға  сәйкес 
кәсіби  қызметте  адамның  психологиялық  құрылымын  игеру  деңгейі  бейнеленеді. 
Кәсібилікті игеру үшін сәйкес келетін қабілеттер, ниет және мінездеме, үнемі оқуға 
және өз шеберлігін жетілдіруге дайын болуы  керек. Кәсібилік ұғымы жоғары білікті 
еңбек сипаттамасымен шектелмейді, бұл және адамның ерекше дүниетанымы. 
Кәсібилікті  маманның  дамуының  әртүрлі  бағыттарымен  қатыстырып,  кәсіби 
құзыреттіліктің төрт түрі анықталады: арнайы, әлеуметтік, жеке, дара [6]. 
1. Арнайы  немесе  қызметтік кәсіби  құзыреттілік  жоғары  кәсіби  деңгейде 
қызметті  меңгерумен  және  тек  арнайы  білімді  игеріп  қоймай,  сонымен  бірге  оны 
тәжірибеде қолдануды білумен сипатталады. 
2. Әлеуметтік кәсіби  құзыреттілік  кәсіби  қоғамдастықта  қабылданған  кәсіби 
қарым-қатынас  тәсілдерін,  біріккен  кәсіби  қызмет  және  серіктестік  әдістерін 
игерумен сипатталады. 
3. Жеке кәсіби  құзыреттілік  өзін-өзі  көрсету  және  өзін-өзі  дамыту  әдістерін, 
кәсіби деформацияға қарсы тұру құралдарын меңгерумен сипатталады. Және осыған 
маманның  өз  кәсіби  қызметін  жоспарлауды,  өз  бетімен  шешім  қабылдауды, 
проблеманы көруді енгізеді. 
4. Дара  (индивидуальды) кәсіби  құзыреттілік  өз-өзін  басқара  білу  тәсілдерін, 
кәсіби  өсуге  дайындық,  кәсіби  қартаюға  берілмеу,  кәсіби  мотивацияның  табанды 
болуы 
қасиеттерін 
меңгерумен  сипатталады. 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
14 
Кәсіби құзыреттіліктің бір маңызды құрамдас бөлігі ретінде өз бетімен жаңа білім, білікті игеру және 
де оны тәжірибелік  қызметте пайдалану қабілетін атайды. Кәсіби құзыреттіліктің келтірілген түрлерін 
педагогтың кәсібилігін бағалау міндеттеріне пайдалануға болады деп есептейміз. 
Ал, құзыретті педагог қалыптастырудың педагогикалық міндетінің таралу деңгейіне 
қарамастан  оның  шешімінің  аяқталу  айналымы  «ойлау  –  әрекет  жасау  –  ойлау» 
үштігіне  тоқталады  және  педагогикалық  қызметтің  компоненттерімен  және  соларға 
сай білімдермен сәйкес келеді. 
Осы ретте жалпы білім беру жүйесіне де тоқтала кетуіміз қажет.  
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі 
деңгей  мен  бағыттағы  мемлекеттік  білім  беру  стандарттары  жүйесінің,  оларды 
әртүрлі  ұйымдастыру  құқықтық  формадағы,  типтегі  және  түрдегі  білім  беру 
мекемелерінде  іске  асырушы  тармақтардың,  сонымен  бірге  білім  беруді  басқару 
органдары жүйесінің жиыны [2]. 
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк–экономикалық дамуында жетекшi роль 
атқарады,  сондай–ақ  оны  әрi  қарай  айқындай  түседi.  Ал  бiлiмнiң  қалыптасып, 
дамуының  жалпы  шарттары  философияның  негiзгi  мәселесi  –  рухтың  материяға, 
сананың  болмысқа  қатынасы  тұрғысынан  зерттелетiн  iлiм  таным  теориясы  деп 
аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – 
ол  бiлiмнiң  қалыптасуы  мен  негiзделуiнiң  жалпы  ұстанымдарын,  объективтiк 
қатынастарды қалыптастырады. 
«ЖОО  педагогика  мамандығының  оқытушыларының  біліктілігін  арттыру» 
курсы, «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті 
арттыру  ұлттық  орталығы»  АҚ  филиалы  және  Білім  беру  жүйесінің  басшы  және 
ғылыми-педагогикалық 
кадрлары 
біліктілігін 
арттыратын 
республикалық 
институтының 
ұйымдастыруымен 
Валенсия 
қаласындағы 
«Валенсия 
политехникалық университетінің» базасында өткізілді. 
Белгіленген курс келесі кезеңдерден тұрды: 
- ЖОО білім беру жүйесінің педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыра-тын 
бағдарламаның  модульдерін меңгеру; 
- бағдарламаның модульдері бойынша бақылау тест сұрақтарын тапсыру; 
-  курс  барысында  игерілген  білімдер    негізінде  бітіру  жұмысын  (портфолио) 
құрастыру және қорғау. 
ЖОО  білім  беру  жүйесінің  педагогикалық  кадрлары  біліктілігін  арттыратын 
бағдарлама келесі модульдерден тұрады: 
1. «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі заманауи әдістер» (модуль 1). 
2.  «Өзін-өзі  дамыту,  өзін-өзі  жетілдіру,  өзін-өзі  іске  асыру  технологиялары» 
(модуль 2). 
3. «Білім беру нәтижелерін бағалау жүйелері» (модуль 3). 
4. «Оқыту мен білім берудегі заманауи сандық технологиялар» (модуль 4). 
Әр модульдің өзіне тән мақсаты, сол мақсатқа жетуде белгіленген міндеттері, 
сол міндерттерге сәйкес мазмұны бар. 
Модуль  атауы  «Үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  заманауи  әдістер».  Бұл 
модульде (модуль 1) үздіксіз білім беру жүйесіндегі заманауи әдістері жайлы жалпы 
мәлімет алдым, соның ішінде оқытудың инновациялық әдістерінің жіктелуі, дәстүрлі 
және  инновациялық  әдістерді  салыстыру,  құзырлы  әдіс,  құзырлылық  ұғымы  жайлы 
көп мағлұмат алдық. Нәтижесінде үздіксіз білім беру жүйесіндегі заманауи әдістерді 
оқыту үрдісінде  тиімді қолдануды, ой картасы (ассоциограмма), жобалау әдісі, кейс 
стадии әдісін, мәселелік оқыту, тренинг сабақтары. 
Үздіксіз білім беру процесі адамның өмір сүруі барысында жүзеге асырылады: 
балабақша,  мектепке  дейінгі  даярлық,  мектеп  (бастауыш,  орта  жоғары  сыныптар), 
орта  білім  беру  жүйесі,  жоғары оқу  орны,    екінші  жоғары  білім  беру,  магистарура, 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
15 
PHD  докторантура,  жұмыс  істеу  барысында  біліктілікті  арттыру.  Осының  барлығы 
адамның өмір бойы оқуына әкеліп соғады.  
Қазіргі  таңда  сұранысқа  ие  маман  болу  үшін  әр  адам  өз  біліктілігін  үнемі 
арттырып, өз білктілігін арттырып отыруы тиіс. Еуропалық білім беру жүйесінде кең 
етек  жайып  отырған  «Өмір  бойы  оқу»  ұғымының  дәлелі  болп  табылады.  Неге? 
Себебі,  тек  өмір  бойы  оқитын  адам  ғана  бүгінгі  таңда  бәсекеге  қабілетті,  заман 
талабына сай сұранысқа ие маман болып табылады. 
Педагогикалық  процестің  негізгі  бағыты  әрбір  жеке  тұлғаны  жан-жақты 
тәрбиелеп,  әрбір  студенттің,  оқушының  дара  ерекшелігін  ескере  отырып, 
педагогикалық  процестің  алдына  қойылған  міндеттерін  іске  асыруда  ең  тиімді 
әдістерді, тәсілдерді қолдану жолдарын  қарастыру. Осы міндеттерді жүзеге асыруда 
жеке тұлғаны жан-жақты етіп қалыптастыру қажет.  
Үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  заманауи  инновациялық  әдістерді  білім  беру 
буынының  әр  кезеңінде  пайдалану  арқылы,  студенттерді  қызықтырып,  шаршатпай, 
жалықтырмай,  жан-жақты  дамыту  туралы  әр  ЖОО  оқытушысы  естен  шығармауы 
тиіс.  
Жалпы  кез-келген  ЖОО-ның  оқу  процесінде  өзін-өзі  дамыту,  өзін-өзі 
жетілдіру,  өзін-өзі  іске  асыру  технологиялары»  атты  2-ші  модульде  студенттің 
өзіндік  жұмыс  формасы,  өзін  өзі  іске  асыру    технологиялары,  студенттің  ізденісі 
арқылы пәннің мазмұнына қарай білімінің кезеңдері, студенттің өзіндік іс-әрекетінің 
үш көрсеткіші, өзіндік жұмысты орындау алгоритмі жайлы толық мағлұмат берілген.  
Бүгінгі таңда саналы азамат, құзыретті маман тәрбиелеу үшін біз студенттерді 
өзін-өзі дамыту, жетілдіру, сонымен қатар жүзеге асыру жолдары сабақ шеңберінде 
пайдаланылуы  тиіс.  Тек  осы  әрекеттерді  орындай  білген  немесе  сабақты  осы  ретте 
ұйымдастыра  білген  тұлға  оған  айтылған  ескертулерді  дұрыс  қабылдай  алу 
мәдениетін  қалыптастыра  алады.  Өз  бойындағы  осы  тәрбиелеу  формаларын  жүзеге 
асыра білген адам ғана бірқатар міндеттерді орындап, көздеген міндеттерін орындай 
алады. 
Енді  курс  шеңберінде  берілген  SMART-мақсатқа  келу  үшін  жалпы  мақсат 
ұғымына тоқтала кетейік. 
Мақсат  –  адам  нәтижесіне  кәміл  сеніп,  табандылықпен  ұмтылатын,  сол  адам 
үшін  ең маңызды болып табылатын дүние. Алайда мақсатты дұрыс қоя білу қажет. 
Себебі, мақсатқа жету – бұл өз қажеттіліктеріңді жай ғана қанағаттандыру емес, бұл 
–  өзіңді-өзің  жетілдіру,  тұлғаның  дамуы,  жаңа  деңгейге  өту.  Мақсатқа  жету 
процесінің  өзі  сол  мақсаттың  өзіне,  біздің  күш-жігерімізге,  қабілетімізге, 
міндеттерімізге,  көңіл-күйімізге,  сенімімізге  байланысты  ұзақ  уақытқа  созылуы 
мүмкін. Мақсат  – бұл шешімі үшін  бар күш салынған, нақты міндет. Өз алдыңызға 
қысқа  мерзімді  және  ұзақ  мерзімді  міндеттер  қою  қажет:  бір  күнге,  аптаға,  жылға 
және өмір бойына. Өз өміріңізді жоспарлап, мақсат  ретінде өз «қажеттіліктеріңізді» 
таңдаңыз. Бұл процесті келесі түрде елестетуге болады: 
Психологтардың тәжірибесіне сүйенсек, көптеген проблемалар адамдардың өз 
алдына  мақсатты  дұрыс  қоя  білмегендегінен  туындайды.  Демек,  егер  мақсат  нашар 
анықталса, оған қол жеткізу тым қиын. Әзірше, мақсат қоюдың екі ережесі беріледі, 
толық нұсқасында бұл тоғызға жуық. 
1.  Мақсат оңды құрастырылуы қажет – яғни бұл сіздің қаламайтыныңыз емес, 
алғыңыз  келетініңіз  болуы  міндетті.  Мысалы,  «мен  өзімді  мазақ  еткенді 
қаламаймын» емес «мен өзімді өзіме сенімді адам ретінде көрсеткім келеді». Демек, 
мақсатты құрастыру аз, оны дұрыс құрастыру маңызды. 
Кезінде  генерал  Эйзенхаур  өз  жауынгерлеріне  «Егер  бізге  ештеңе  бөгет 
болмаса» емес, «Біз табысқа жеткен кезде» дейді екен. 
2.   Сіз  мақсатты  көз  алдыңызға  жақсы  елестетуіңіз  қажет.  Өзіңіздің  бұл 
мақсатқа қол жеткізуіңіз нені білдіреді? Сіз  нені  сезінетін,  сіз  нені  көретін,  сіз 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
16 
нені  еститін  боласыз.  Өзіне  сенімді…  (есіміңізді  қойыңыз)  қалай  көрінетінін 
елестетіңіз,  ол  қалай  сөйлейді,  қалай  қозғалады,  мұнда  не  сезінеді.  Егер  өзіңізге 
қажетті нәтижеге басқа адамдарға байланысты болса, олардың реакциясы қандай: олардың 
бет-әлпеттерінің қандай болуы қажет, олар не дейді, қандай интонациялар болады және с.с. 
Алғашқы  бапты  –  барынша  саналы,  вербалдық  бөлік,  ол  екіншісін  – 
бейсаналық, вербалдық емес бөлік деп айтуға болады. 
 
 
Сезімталдық.  Сізге  өзіңіздің  мақсатыңызға  жылжығаныңызда  немесе 
жылжымағаныңызды білу үшін барынша аңғарымды және сезімтал болуыңыз қажет. 
Мысалы,  сізге  өзіңіздің  әрекетіңізге  жауап  ретінде  өзіңізде  немесе  басқа  адамдарда 
болатын  өзгерістерді  оларды  өзіңіздің  мақсат  туралы  пайымдауларыңызбен 
салыстырып көру үшін байқай білу қажет. 
Икемділік.  Өз  мінез-құлқыңызда  жеткілікті  икемді  болыңыз.  Әрбір  жағдайда 
сізде  әрекет  ету  нұсқалары  көбірек  болса,  мақсатқа  жету  ықтималдылығы 
соншалықты үлкен. Ал егер мақсат бағыт, ал сезімталдық ең алдымен кері байланыс 
берсе, онда икемділік – бұл мүмкіндіктердің кеңдігі. 
Сонымен, мақсатқа қол жеткізу үшін мыналар қажет: 
-  мақсат ептілігі; 
-  сезімталдық; 
-  икемділік. 
Әр адамның өмірінде қойған мақсаттары болады. Бірақ  кейде мақсаттар шын 
өмірмен үйлеспей, мақсат емес, орындалмас арман болып кетеді. 
Мақсаттарымыз  орындалу  үшін  не  істеу  керек?  Мақсатты  қалай  дұрыс  қою 
керек? 
Кез  келген  мақсаттың,  мейлі  ол  жеке  өміріңізге  не  мансапқа  байланысты 
болсын, белгілі бір сапалық көрсеткіштері болуы керек. Егер сіз мақсатыңызды осы 
көрсеткіштермен  өлшей  отырып  қоя  білсеңіз,  оған  жету  жолыңыз  оңай, 
қадамдарыңыз жүйелі болады.  
Сонымен, мақсатыңыздың мынандай қасиеттері болуы қажет:  
Нақтылық. Өзіңіз не қалайтындығыңызды анық білмесеңіз, нәтижеге жету өте 
қиын болмақ. Мақсаттарыңызды нақтылаңыз. "Көлігім болса ғой..." дегеннің орнына, 
қандай  маркалы,  қай  түсті  көлікті  қалайтындығыңызды  ойлап,  оның  бағасын  біліп, 
мақсатыңыздың орындалуына қадамдар жасаңыз. 
Мақсат  өлшемі.  Мақсатыңыз  қай  жағдайда  орындалады?  Мақсатыңызға 
өзіңізше  өлшем  бірлік  беріп,  шкала  құрыңыз.  Мысалы  арықтаймын  деп  мақсат 
қойған  арулар  қанша  килограмм  салмақ  тастағысы  келетінін  алдын  ала  белгілеген 
жөн.  
Қолжетімділігі.  Бұл  қасиет  мақсат  пен  арманның  бірден-бір  айырмашылығы. 
Армандарыңыз  орындалмастай  болуы  мүмкін,  алайда  мақсатыңыз  қол  жеткізе 
алатындай  болуы  керек.  Арманыңыз  уақыт  өте  мақсаттарға  айнала  алады.  Сол 
себепті армандарға да көңіл бөліп, барынша қолжетімді қылыңыз.  
Орындалу  уақыты.  Әр  мақсатқа  өзінің  уақытын  тағайындап,  мақсатты  сол 
кезде орындауға тырысыңыз. Мерзімі жоқ мақсат сол бетінше кейінге қала береді.  
Мақсаттың  сапалық  көрсеткіштерінің  бәрін  ұстана  отырып,  өзіңіздің 
мақсаттарыңызды  қайта  қарап  шығыңыз.  Мақсаттарыңыз  жақын  арада  орындалуы 
әбден мүмкін. 
Бүгінгі  таңда  ақпараттық  қоғам  жағдайында  пайла  болған  жаңа  ұғымдардың 
бірі – ол Smart, Smart education ұғымдары белсенді түрде еніп келеді. Smart education 
ұғымы тіпті көптеген елдерде іс жүзінде жиі қолдануда.  Smart education ұғымының 
негізгі  мәні  неде?  Сөздің  түбіріне  келетін  болсақ,  «smart» сөзі  ағылшын  тілінен 
аударғанда  «зерек»,  «ақылды»  дегенді  білдіреді. Смарт  - бұл неологизм, сын 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
17 
есім  ретіндегі  негізгі  мағынасы   -  парасатты, тапқыр,  ақылды,  ал  зат  есім  ретінде  – 
ақыл, алғырлық, зеректілік деген мағынаны білдіреді. Нақ осы оқыту жүйесі  қазіргі 
әлемнің  мүмкіндіктері  мен  міндеттеріне  сәйкес  максималды  білімнің  жоғарғы 
деңгейін  қамтамасыз  етіп,  жастардың  тез  өзгергіш  қоғам  жағдайына  бейімделуіне, 
оқулықтан нақты белсенді әрекетке негізделген білім алуға мүмкіндік береді. 
Енді  3-ші  модульдің  мазмұнына  тоқатайық.  «Білім  беру  нәтижелерін  бағалау 
жүйелері»  атты  3-ші  модульде  баллды-рейтингті  жүйе  бойынша  студенттердің 
білімін  бағалау  өлшемі,  білімді  тексеруге  қойылатын  талаптар,  суммативті  және 
формативті  бағалау  жүйесі,  SMART-мақсатын  құру  әдістемесі  жайлы  мәлімет 
берілді,  нәтижесінде  жаңа  тақырыптағы  сабақтың  SMART–мақсатын  құру  әдісі 
үйретілді,  студенттің  бойында  белгілі  бір  құзіреттілікті  қалыптастыру  әдісін 
меңгердік. Енді осы «SMART» және «мақсат» ұғымдарына тоқтала кетейік. 
Мақсат  дегеніміз  не,  ол  не  үшін  қажет?  Көптеген  ғалымдардың  берген 
анықтамалары бойынша мақсат дегеніміз: 
- болашақ нәтижені суреттеу; 
- неге қол жеткізу керектігінің  бейнесі; 
-  белгілі  бір  анықталған  күш  қайрат  жұмсалатын  және  ұйымдастырылған  іс 
әрекет талап етілетін күтілетін нәтижелер жиынтығы; 
- бұл индивидумның өз күштерімен қол жеткізе алатын келешектегі шындықты 
суреттеуі. 
SMART мақсаттары мен міндеттері келесідей түрде жүзеге асады. 
SMART оқыту мақсаты мен міндеттерін анықтауда қолданылатын, 1981 жылы 
Джордж  Доран  енгізген  ұғым.  Автордың  айтуынша,  SMART  аббревиатурасының 
құрамында оқыту мақсаты мен міндеттерін  сипаттауға тиіс сын есімдер қамтылған. 
«Smart» сөзін ағылшын тілінен қазақшалағанда ақылды, тіпті қу немесе тапқыр, епті 
деген мағынаны білдіреді [7]. 
Алайда,  біз  қарастырып  отырған  жағдайдағы  SMART  ол  нақты  сөз  емес,  ол 
аббевиатура. Оны алғаш рет 1954 жылы  Питер Друкер айналымға енгізген.  
- Specifik - арнайы, нақты; 
- Measurable - өлшеуге болатын, шектеулі талап етушілік; 
- Attainable - қолжетімділік; 
- Realistic - шындыққа сай, қысқа да нұсқа берілуі; 
- Timed - белгілі бір уақыт арлығымен шектелген деген ұғымдарды білдіреді. 
SMART  -  бұл  неологизм,  сын  есім  ретіндегі  негізгі  мағынасы  -  парасатты, 
тапқыр,  ақылды,  ал  зат  есім  ретінде  –  ақыл,  алғырлық,  зеректілік  деген  мағынаны 
білдіреді. 
Мақсатты дұрыс қою - адам өміріндегі маңызды үдеріс, сол үшін оған күш те, 
уақыт  та  жұмсалуы  керек.  Егер  де  қойылған  мақсатқа  жеңіл  түрде  қолжетімділік 
болса,  онда  оның  маңыздылығы  басымдыққа  жатпайды.  Себебі  оған  оңай  қол 
жеткізгеннен соң, тағы да жаңа мақсатты іздеу қажеттігі тұрады. Сондықтан мақсатқа 
деген талап өте күшті болуы керек [8]. 
Осы SMART мақсаты бойынша айтылғанды түйіндей келе, әр студент белгілі 
пән  аясында  белгілі  құзыреттілікті  қалыптастыруы  қажет.  Сол  себептен  сол  пән 
оқытушысы  пән  шеңберінде  әр  практикалық,  зертханалық,  дәрістік,  студенттердің 
өзіндік  жұмыстарында  нақты  қандай  құзыреттілікті  қалыптастыратындығын  белгілі 
жүйелілікте, тізбектілікте, әсер етуші факторлар арқылы суреттеулері тиіс. 
«Оқыту мен білім берудегі заманауи сандық технологиялар» атты 4-модульде 
Вебинар,  anymeeting.com,  Cam  Studio,  FreeMake  video,  Quis  FreeMaker,  iSpring  Free 
бағдарламаларына  қысқаша  мәлімет  беріліп,  компьютерлік  кластарда  оны  тәжірибе 
жүзінде қолдануды үйрендік. Нәтижесінде оқу сапасын арттыруға септігін тигізетін 
IT–технологияларда  қолданылатын  аталған  бағдарламалармен  жұмыс  жасауды 
үйреніп,  алдағы  уақытта  оқу  процесінде  қолдануға 
болатындығы 
туралы 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
18 
көзқарас қалыптасты. 
Жоғарыда келтірілген төрт модульді толық меңгерген тыңдаушы жоғарғы оқу 
орнының  оқу  процесіне  еніп,  жүзеге  асатынына  кепілдік  беруге  болады  деп 
санаймыз.  Тек  сол  жағдайда  ғана  біз  құзыреттілікке  негізделген  бәсекеге  қабілетті 
тұлғаны қалыптастыра аламыз. 
«Университет  педагогикасының  негізгі  ережелері»  атты  курсы  бойынша 
жинақтаған  білім  оқытудың  кредиттік  технологиясы  бойынша  жаңаша  білім  беруге 
үйретіп,  білім  алушылардың  өз  бетінше  жұмыс  жасап,  шығармашылықпен  және 
ғылыммен айналысуына бастау бола алады. 
Қорыта айтқанда, бүгінгі заман талабы - ол құзыреттілікке негізделген білім беру, белгілі білік пен 
дағдыны  қалыптастыру  және  оны  тәжірибе  жүзінде  қолдану.  Осы  мақсатта  өткізілген  Валенсия 
политехникалық университеті базасында ұйымдастырылған және алған біліміміз бірқатар пән шеңберінде, 
оның бірқатар элементтерін оқу процесіне енгізуге әбден болады. Себебі, мұнда берілген материалдар, тек 
қана құзыреттілікке негізделіп ұйымдастырылған. 
Әдебиеттер: 
1.  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан-
2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты 
Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 14 желтоқсан, 2012 ж. 
2.  Слямова  Н.М.Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  жүйесінде  құзіретті 
маман даярлауды қалыптастыру.  – http://do.gendocs.ru/docs/index-265917.html. 
3.  Самашова  Г.Е.,  Құрымбаев  С.Ғ.,  Сансызбай  А.  Техникалық  және  кәсіби 
білім  берудегі  инновациялық  технологиялардың  қолданылуы  //  Материалы 
международной  научно-практической  конференции  «Образовательный  идеал  как 
фактор  социальных  преобразований».  –  Алматы:  Қазақ  университеті,  2012.  –  Б. 
111-116. 
4. 
Игошев  Б.М.  Системно-интегративная  организация  подготовки 
профессионально мобильных педагогов // Дисс... д-ра пед. наук – М., 2008. – 394 с. 
5.  Филиал  акционерного  общества  «Национальный  центр  повышения 
квалификации  «Өрлеу»    Институт  повышения  квалификации  педагогических 
работников по Западно-Казахстанской области. – http://zkoipk.kz/ 
6. Соколова Н.В. Оценка социальных последствий педагогических инноваций // 
Сборник материалов  конференции «Инновации  и образование»: серия «Symposium». 
Вып. 29. – СПб.: Санкт-Петербургское философское общество - 2003. – С. 437-443. 
7. Жақсылықова К.З. Тренингтік ойындар мен жаттығулар. – Алматы – 2014. 
– 235 б. 
8.  Кадырова  А.С.  SMART  мақсат:  дұрыс  бағдар-нақты  нәтиже  – 
zkoipk.kz›2015smart2/1500-conf.html. 
*** 
Абильдина С.К., Самашова Г.Е., Курымбаев С.Г. 
Вопросы подготовки специалистов на основе компетентности 
В  статье  рассмотрены  актуальные  проблемы  сегодняшнего  дня
Рассмотрены 
пути 
подготовки 
конкуретоспособного 
специалиста, 
компетентность,  обучение  на  основе  компетентности,  основные  виды 
компетентности,  профессионльная  компетентность,  основы  составления  цели  и 
SMART-цели, значение и содержание системы образования. 
Ключевые  слова:  образование,  знания,  навыки,  компетентность, 
профессионльная компетентность, система образования, цели, SMART-цели. 
*** 
Abildina S.K., Samashova G.Е., Kurymbaev S.G. 
Questions of preparation of experts on the basis of competence 
The  article  addressed  topical  problems  of  today.  The  ways  of  preparing 
competitive  specialist,  expertise,  training, 
competency-based,  core  competences, 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
19 
professional  competence, Basis of objectives and SMART-purpose, meaning and content of 
the education system. 
Keywords:  education,  knowledge,  skills,  competence,  professional  competence, 
education system, objectives, SMART-goals. 
*** 
 
 
 
УДК 37.01: 39(574) 
                                                    Ержанов М.Е.  – доктор педагогических наук, 
профессор, ЗКГУ им. М.Утемисова 
                                        Кисметова Н.Л. – магистрант ЗКГУ им. М.Утемисова 
E-mail: Kismetova.2011@mail.ru 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет