ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ БЕРУДЕ
СТУДЕНТТІҢ СУБЪЕКТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация. Біздің зерттеуімізде студенттердің субъектілігін дамыту мәселесі
білім берудің әлеуметтік институты аясында болашақ мамандарды қоғамға табысты
әлеуметтендіру мақсатында даярлау контекстінде қарастырылады. Студенттің
субъектілігін қалыптастыру үздіксіз динамикалық үрдіс, ол студенттің білім алу
субъектісінен педагогикалық іс-әрекет субъектісіне өтуімен сипатталады.
Субъектілік ұғымы көпқырлы және көпаспектілі, әр түрлі әлеуметтік
институттың өзіндік қызметіне, адамның белсенділігімен меңгерілген жеке дара
ерекшеліктеріне сәйкес өзгереді.
Субъектілік сапа-қасиет ретінде болашақ маманның қалыптасуына қойылатын
талаптарға жауап береді. Сондықтан субъектілік адамзаттық ақиқат шындықтың
орталық білімі ретінде тұлғаның белсенділік, рефлексивтілік, инициативалық,
шығармашылық, дербестік, т.б. қасиеттерімен ықпалдасады. Бұл мақалада жоғары
оқу орнында студентке әлеуметтік тәрбие беру арқылы субъектілігін дамытудың
ерекшеліктері қарастырылады.
Кілт сөздер: субъект, субъектілік, студенттердің субъектілігін, әлеуметтік
жұмыс, әлеуметтік тәрбие, тұлғаны әлеуметтендіру, рефлексия.
ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласындағы әлемдік білім беру кеңістігіне
сәйкес білім алу, жалпы ғаламдық таным мен ойлауды дамыту, ұлттың
интеллектуалды әлеуетін арттыру, өз іс-әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік
туғызу болашақ маман ретінде студентті кәсіби даярлауда жоғары оқу орындарының
алдына қойылған кезек күттiрмес мiндет болып табылады.
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
29
Қазіргі заманғы жағдаяттар қоғамдық өмірдің барлық деңгейлерінде
әлеуметтік тәрбиенің қажеттілігімен сипатталады. Жоғары оқу орнындағы
әлеуметтік тәрбие студент жастарда рухани құндылықтар мен идеалдарды, даралық
және қоғамдық дүниетанымын, нақты істердегі мінез-құлықтарын қалыптастыруға
әсер етеді. Көптеген ғалымдар әлеуметтік тәрбиені әлеуметтік педагогиканың
құрамды бөлігі ретінде қарастырады. Сондықтан әлеуметтік педагогиканың адамның
әлеуметтік ортамен қатынасын реттеуін, оның әлеуметтік дамуын қарастыруын
ескере отырып, әлеуметтік тәрбиеге анықтама берген ғалымдар зерттеулеріне назар
аударылды.
М.И. Рожковтың көзқарасы бойынша, әлеуметтік тәрбиенің негізгі мақсаты
әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде өзін-өзі дамытуға жағдай жасау
үрдісінде тұлғаның интегративті қасиеті ретінде әлеуметтілігін қалыптастыру [1].
Бұл тұрғыдан әлеуметтік тәрбие тұлғалық әлеуетті жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін кеңістікті құру құралы ретінде тұлғаны өзінің өмірлік жоспарлары мен
болашағын жобалауға қатыстыруды қамтамасыз етеді.
В.И. Загвязинскийдің пікірінше, әлеуметтік тәрбиені адамның даму жағдайын
құру және ынталандыру, барлық әлеуметтік ықпал мен қолдауды ескеру және
пайдалану арқылы әлеуметтік қалыптасуы деп түсінуге болады [2].
Қоғамды жаңарту жағдайында әлеуметтік тәрбиенің нәтижесі мен тиімділігі
адамның мәдени құндылықтарды жасауы мен әлеуметтік тәжірибені меңгеруімен
ғана анықталмайды, ол өткен ұрпақ тәжірибесінде жоқ міндеттерді қоюға және оны
шешуге қоғам мүшелерінің саналы әлеуметтік белсенділікке және дербес
шығармашылық іс-әрекетке дайындығымен айқындалады.
Тұлға әлеуметтік тәрбиенің жеке субъектісі, оның өзін-өзі танытуы негізгі
көрсеткіш болып саналады. Демек, болашақ маман субъектілігінің мәні өзін кәсіби
іс-әрекетінің субъектісі ретінде және оқушыны да өзінің іс-әрекетінің субъектісі
ретінде қабылдауымен ерекшеленеді.
Әлеуметтік тәрбие үрдісіне субъектінің үш түрі қатысады: жеке (нақты адам),
топтық (байланыс жасаушы адамдар қауымдастығы), әлеуметтік (ұйымдастырушы,
басқарушы құрылымдар).
Сондықтан әлеуметтік тәрбие қазіргі әлемдегі әлеуметтік маңызды
мәселелерді шешуде білім алушы мен ересектер әрекеттестігінің теңқұқылы
серіктестік
бастауларына,
әлеуметтік
институттардың
қоғаммен
өзара
әрекеттестігінің көптүрлілігіне бағытталған жүйелі үрдіс. Сонымен бірге
студенттердің қабілеттерін ашуға бағытталған, олардың субъектілігін қоғаммен
тығыз байланыста қалыптастыруға бағытталған педагогикалық
іс-әрекет.
Әлеуметтік тәрбие жүйесі қоғамда адамдарды әлеуметтендірудің белгілі тәрбиелік-
білімдік мақсаттарына жетуде және тұлғаның әлеуметтік қалыптасуының мәдени
дамытушылық міндеттерін шешуде олардың әрекет ету салалары мен
ұстанымдарына,
қызметтерін
орындау
тәртібіне,
кеңістіктік-уақыттық
байланыстарына, қарым-қатынастарына, іс-әрекет тәсілдерінің реттелуіне және
қызығушылықтарына сәйкес адамдарды ұйымшылдықпен біріктіру, құндылықтар
мен нормалардың салыстырмалы тұрақты жиынтығын білдіреді. Қазіргі әлеуметтік
тәрбие жүйесінің негізіне тәрбиенің тұлғалық бағыттылығын жүзеге асыру; бірлескен
әлеуметтік іс-әрекет; тұлғаның өзін-өзі анықтауы; тәрбиелік ықпалдың бірлігі;
тәрбиедегі еркінділік идеялары алынады.
Кез келген білім беру мекемесінің және оның әрбір маманының әлеуметтік-
педагогикалық іс-әрекетінің өзгешелігі бар. Бұл өзіндік ерекшелікті оқушы
жастардың әлеуметтік тәрбиесінің мәселелерін кәсіби әрі сауатты шешу, алдын алу
және сауықтыру үшін білу және түсіну қажет. Мекеменің ерекшелігіне қарамастан,
әлеуметтік-педагогикалық
іс-әрекеттегі бағыттарды бөліп көрсетуге болады:
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
30
тұлғаның әлеуметтік-психологиялық құндылықтарын, оқушы жастардың тұлғасына
микроортаның әлеуметтік-психологиялық ықпалын зерттеу; тәрбиелік-білімділік
әрекеттестікті ұйымдастыру; дағдарыстық жағдаяттарда тұлғаға әлеуметтік-
психологиялық көмек көрсету және қолдау; тұлғаның және топтың шығармашылық
дамыунда әлеуметтік әсер ету, қарым-қатынасын түзету (коррекциялау).
Әлеуметтік тәрбиенің мәні тұлғаның жалпыадамзаттық мәдениетті, әлеуметтік-
тарихи тәжірибені меңгеруімен, студенттің субъектілік тәжірибесін байытуымен,
тұлғалық
маңызды
қасиеттерін
қалыптастыруымен,
өзін-өзі
дамытуымен
сипатталады.
Субъект және субъектілік мәселесін көптеген ғалымдар (Б.Г. Ананьев [3], А.В.
Брушлинский [4], А.Н. Леонтьев [5], С.Л. Рубинштейн [6], т.б.) зерттеді. Педагогтың
субъектілігі мен оның өзіндік ерекшелігін қарастырған ғалымдар (Л.И. Анциферова
[7], М.С. Каган [8], т.б.) еңбектерін талдау бұл тұлғалық қасиеттің мазмұнын
анықтаудың әртүрлі тәсілдері бар екендігін көрсетеді.
Субъект – тасымалдаушы және белсенділіктің көзі (индивид, топ), айнала
қоршаған әлемді танып білуге және сақтауға, өзін жетілдіруге және әлеуметтік
практикаға бағытталған (А.В. Мудрик) [9].
Сөздіктерде «субъект» (латын. subiectum – бастауыш деген мағынаны
білдіреді) болмысты тану мен өзгертуді бастаушы ретіндегі индивид немесе топ
белсенділігі деп сипатталады [10, 11].
Субъект философия ғылымының ғана емес психологияның да негізгі
категориясына жатады. 80 жылдардан бастап субъект психологиялық зерттеулерде
адамды
өмір,
іс-әрекет,
қарым-қатынас
үрдістерінің
субъектісі
ретінде
ықпалдастыратын тұрғы дәрежесінде анықталып, бүгінде теориялық-әдіснамалық
негізге айналуда. Субъект материалдық әлем объектісіне, әлеуметтік қатынастар
жүйесіне енуге және сол арқылы өзін өзгертуге қабілетті.
Теориялық және эмпирикалық зерттеулерде субъект психологиясы деген жаңа
саланың пайда болуы С.Л. Рубинштейннің «адам баласы болмысты және өзін
саналылықпен құруға, өзгертуге, түрлендіруге қабілетті» деген идеясына негізделеді.
Оның пікірінше, адам субъект болып туылмайды, ол субъект болып дамып жетіледі
[6].
А.В. Брушлинский «субъект» ұғымын белсенділіктің әр түрлі формаларына
байланысты анықтайды. Оның пікірінше, субъект адамның барша қасиеттерінің
арасындағы ең маңыздысы. Субъект адамның нақты қасиеттерін, ішкі жан дүниесін
бір жүйеге біріктіреді. А.В.Брушлинскийдің пікірінше тұтастық, бірлік, ықпалдастық
субъектінің барлық, тіпті қарама-қайшы үйлеспейтін қасиеттерін де бір жүйеге
ұйыстыратын негіз болып табылады. Ол алдымен, практикалық іс-әрекеттің,
танымның, жасампаздықтың және басқа да белсенділік түрлерінің (шығармашылық,
адамгершілік, еркіндік) және қажетті нәтижеге қол жеткізуінің бастамашысы болуды
және оны іске асыруды білдіреді [4].
Осыдан субъектінің қасиетін сипаттау үшін «субъектілік» ұғымы
қолданылады. Философияда ол қасиет сапа деп аталады. Демек, субъектілік - бұл
субъектінің сапасын белгілеу, адамның бірегейлік сипаттамасының мәнін ашып
көрсететін күрделі жүйелі құбылыс. Сонымен бірге субъектілік қатынас оқытушы
мен білім алушылардың белсенді іс-әрекеті болып табылады. Қарастырылып
отырылған мәселе адамнан тек белсенділікті ғана емес, білім беру кеңістігінде өзінің
жолын таңдауды жүзеге асыруға, әлеуметтік-мәдени даму жолында өзін-өзі
анықтауға қабілетті, жауапкершілікті талап етеін қазіргі заман жағдайында ерекше
маңызға ие. Субъектілік адамның ерекше қасиеті ретінде даралықтың
интегративтілігі мен тұтастығын да қамтамасыз етеді.
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
31
Субъектілікті әлеуметтік-мәдени феномен ретінде қарастыру бұл мәселені
тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы контекстінде зерттеудің өзіндік ерекшелігін
көрсетеді. Демек субъектілік субъектілердің әлеуметтік қатынасы үрдісінде
қалыптасуын және дамуын сипаттайтын тұлғалық сапа қасиет.
Н.М. Борытко студенттің субъектілігін үнемі өзгермелі білімдік, әлеуметтік-
мәдени жағдаяттарға табысты бейімделу қабілетін көрсететін тұлғалық және кәсіби
даму жағдайы; оқытушылармен қарым-қатынасты ұйымдастыруда белсенділік пен
дербестікті көрсетуге қажеттілік; өнімді педагогикалық әрекеттестікте, өзінің
дамуына жағдай жасауға жауапкершілікті жете ұғынуы деп тұжырымдайды [12].
Студенттің субъектілігін қалыптастыру үздіксіз динамикалық үрдіс, студенттің
білім алу субъектісінен педагогикалық іс-әрекет субъектісіне өту әрекеттерін
сипаттайды. Субъектілік ұғымы көпқырлы және көраспектілі, ол адамның даралық
ерекшеліктеріне сәйкес өзгеріп отырады.
Бұл мәселе зерттеуімізде жоғары оқу орны жағдайында болашақ мамандарды
қоғамға табысты әлеуметтендіру мақсатында әртүрлі бағытта даярлау контекстінде
студенттің субъектілігін дамыту екі аспектіде қарастырылады:
-
стратегиялық тұрғыдан, ол сырттай ұйымдастырылған әлеуметтендіру
әрекеті, оған ақпаратты, білімді, біліктілікті, әлеуметтік және кәсіби тәжірибені беру,
тұлғаның әлеуметтену кезеңдері мен мәдени ерекшеліктерін, білім алу қажеттілігін
қанағаттанудыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік мүмкіндіктер (жағдай, құрал,
педагогтың кәсіби деңгейі, т.б.);
-
практикалық тұрғыдан, субъектінің ішкі әрекеті ретінде тұлғалық
қалыптасуы контекстінде «Мен» субъективті әлемі арқылы қоғамдық нормаларды
түсінуіне, кәсіби үздіксіз жетілдіруге бағытталған. Мұнда студент қоғамдық
қатынастар субъектісі ретінде қатысады.
Студенттің субъектілігін дамытудың стратегиялық және практикалық аспектісі
жоғары оқу орнының білім беру үрдісінде теңқұқылы мәнді қатынастар типінің сан
алуандылығын, олардың арасындағы өзара әрекеттестік пен қосымша қатынастар
сипатының көптүрлілігін қамтамасыз етеді. Студенттің субъектілігін дамыту оның
зерттеуші ретінде өзін-өзі айқындауы үшін жағымды жағдай құру, шешім қабылдауға
дағдыландыру,
өмірлік
перспективасына
жол
ашатын
қабілеттерін,
шығармашылықтарын ынталандыру, кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру қажет.
Сондықтан студенттің субъектілігін дамыту болашақ маманның әлеуметтік
қалыптасуынының кезеңдерін анықтауға мүмкіндік туғызады. Оның алғашқы деңгейі
«Мен жаңа қауымдастыққа ықпалдасамын» идеясына негізделген, студенттік топтың
нормалары мен құндылықтарын, студенттік өзіндік идентификацияны, әлеуметтік
рөлдерді қабылдауды қамтамасыз етеді. Онда қоғамдық өмірдің ұстанымдары мен
құндылықтарын, әлеуметтік-мәдени үлгілерді меңгеруге, өзінің белсенділігін
көрсетуге талаптанады.
Студенттің субъектілігін дамытудың келесі кезеңі «Біз қоғамда өзімізді
танытамыз және өзімізді іс жүзінде көрсетеміз» идеясымен байланысты студенттің
қоғамда, ұжымда өзінің субъективтік ұстанымын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Ол кәсіби және қоғамдық өмірде өзінің даралығын, траекториясын анықтаумен,
өзіндік дүниетанымын қалыптастырумен тығыз байланысты. Тұлғаның әлеуметтік
қалыптасуының
табыстылығы
қоғам
үшін
өзінің
іс-әрекеттерін
дербес
ұйымдастыруына және даралық қабілеті контесктінде әлеуметтік нормаларды,
қатынастарды меңгеруіне мүмкіндік береді.
Психология ғылымында адамды іс-әрекет субъектісі ретінде қарастыруға
байланысты тәжірибе (Е.Н. Волкова [13], т.б.) жинақталған.
К.А. Абульханованың көзқарасынша, тұлғаның субъектілігі іс-әрекеттің
міндеттері мен тұлғаның өз өлшемдеріне сәйкес қайта қүрылу, қайта
ұйымдастыруылу
үрдісін
анықтайды. Субъект ақиқатты бейнелеп қана
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
32
қоймайды, ол оның құнды жақтарын ашып, оған мазмұндық сипат береді. Ол іс-
әрекет субъектісі бола алған тұлғаның сапалық өзгерістерін қарастыра отырып, адам
бойындағы трансформациялардың үшеуін ажыратып көрсетеді: біріншіден, барлық
жан қуаттары (психикалық процестер, қасиеттер, кейіп, қабілет) тұлғаның тіршілігі
мен іс-әрекеттерін қамтамасыз ету құралы ретінде қарастырылады; екіншіден,
барлық жан қуаттары тұлғаның іс-әрекетіне бағынышты болатын жекелік
даралықтың композициясын құрайды; үшіншіден, тұлға субъект болған соң
бойындағы өз шамасына, қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарамастан өмірдегі және
іс-әрекеттегі өз стратегияларына сүйенеді [14].
В.П. Зинченко «адам-субъект ретінде өзін және әлемді, ондағы өз орнын
тануға, өзгертуге, тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндігі бар, рухани-тәжірибелік іс-
әрекет субъект жететін айырықша деңгей»- деп есептейді [15].
В.Д. Семеновтің пікірінше, ашық білім беру кеңістігінде ықпалдасу
жағдайында жеке тұлғаның «субъекттілік» феноменін дамыту оның жеке даму
бағдарламасын құрылымдауға, білім беру траекториясын жобалауға, практикалық
көмек көрсетудің жолдарын зерттеуге мүмкіндік туғызады [16].
Л.В. Занков «субъектілікті» адамның өз қылықтарын саналы аңғаруға және
өзінің әрекеттері үшін жауапкершілікті ерікті түрде, рухани-адамгершілік
тұрғысынан өз мойнына алуға мүмкіндік беретін тұлға сипаттары арқылы
анықтайды. Оның пікірінше, басқамен өзара әрекеттестікте саналы, рухани сенім
негізіндегі тәсілдерді қолдануға дербес шешім қабылдай алатын ерікті адам субъект
деп аталады [17].
В.Н. Мясищев субъектілікті қатынас арқылы ашып көрсетеді. Ол «адам
қатынасын оның іс-әрекетінен, реакцияларынан, жан-күйінен танылатын, объективті
ақиқаттың әр түрлі жақтарымен саналы, таңдамалы, тәжірибеге негізделген
психологиялық байланыс» - деп тұжырымдайды [18].
А.Г. Асмолов субъектіліктің ең жоғарғы формасына тұлғалық қасиетті
жатқызады. Демек субъектілік болашақ маманның маңызды тұлғалық қасиеті
болғандықтан, оның дамуы деңгейлік сипаттама ретінде бір күйден екіншісіне
жетілдірілген жағдайға өту үрдісіндегі міндеттерді шешуді қажет етеді [19].
Сонымен
субъектілікті
адамның
белсенділігі,
бастамашылдығы,
біртұтастықтығының жоғары деңгейінде өз өмірінің жасампазы, өз тіршілік
әрекеттерін басқарушы ретінде анықтау жөнінде тұрақты көзқарас қалыптасқаны
айқындалады. Демек субъектілік адамның өзін-өзі өзгерту әлеуетіне де алып келеді.
Сондықтан адам мақсаттарды және оларды жүзеге асыруға қажетті әрекеттерді
еркімен таңдау арқылы анықталатын сана және өзіндік сана иесі ретінде ғана субъект
бола алады деп тұжырымдауға болады.
Психология мен педагогикада «субъект» ұғымы екі мағынада: біріншіден, іс-
әрекет субъектісі ретінде, екіншіден, «өз өмірінің стратегиясы мен тактикасын»
жоспарлауға, өзінің әрекеті мен іс-қылықтарына сыни тұрғыдан қарауға қабілеттілік
ретінде қолданылады.
Тұлғаның субъектілігін дамыту қабылдау, еліктеу, шығармашылықты дамыту
кезеңдеріне жылжуды көрсетеді. Мұнда ішкі мотивацияны және іс-әрекетті
бақылаудың ішкі көздерін дамыту маңызды рөл атқарады.
Субъектілік ұстаным студенттің кәсіби қалыптасуының негізі ретінде
жеткіншектік кезеңде кәсіби өзін-өзі анықтауынан, кәсіптік білім беру үрдісінен
көрінеді. Мұнда мамандықты таңдау ғана емес, кәсіби іс-әрекет пәні, өзіне, өзінің іс-
әрекетіне қатынасы анықталады. Бұл контекстте білім алушы ретінде өзіне, өзінің іс-
қылықтарына, талпыныстарына субъектілік ұстанымы қалыптасады.
Субъектілік адамның өзінің ішкі инстанциясын (түйсігін) ажырата алудан
басталады. Сондықтан ашық білім беру кеңістігі жағдайында болашақ маманның
субъектілігі дамуының басқа да әрекет салаларында
кеңінен
қолданылып
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
33
жүрген «рефлексия» ұғымының мәнін ашудың аса маңызы зор.
Рефлексия (латынның reflexio – бейнелеп көрсету) – субъектінің психикалық
актылар мен күйлерді өзінше талдауы және тануы. Бұл ұғым философияда
индивидтің өз санасындағы өзгерістер туралы ойлану үрдісі деп түсіндіріледі.
Ғалымдар еңбектерін саралай отырып, рефлексияны кооперативтік,
коммуникативтік, жекелік, интеллектуалдық аспектілерде қарастыратындығы
анықталды.Сондай-ақ оларда рефлексия мына төмендегі кезеңдерге бөлінеді: жору
рефлексиясы – (1 жасқа дейін) баланың ішкі әлемінің дамуы, өзін-өзі сезінуі;
салыстыру рефлексиясы – оның жүре бастаған, сөйлей бастаған кезінде болады;
анықтаушы рефлексия – (7-18 жас аралығында) тұлғаның субъектілік әрекеті, өзінің
арман-мұраттарын түсінуі, «мен» болашағын болжау, мүмкіндіктерін саралай
алуымен байланысты; талдаушылық рефлексия – тұлғаның даралану кезеңіне сәйкес
келеді де, бұл жағдайда ол өзін қоршаған әлемнен өзінің орнын табу үшін ізденеді,
«мен кіммін, қайда барамын» сұрақтарына жауап іздеп өз жолын таңдайды;
трансцедиттік рефлексия – (шамамен 45-65 жас аралығы) тұлға бұл кезеңде өзінің
дамуының шегінен шығып, үлкен істердің ұйытқысы дәрежесіне көтеріледі.
Сондықтан рефлексияның мәні адамның өзінің білімін, білімінің негізін,
оларды меңгерудің жолдарын анықтау, тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруы, оның
объект туралы білімін нақты әрекетпен байланыстыра алуымен сипатталады.
Студенттің субъектілігінің жоғары деңгейі алдымен оның іс-әрекетін, сосын студент
іс-әрекетін алып жүретін басқарушы педагогтың іс-әрекетін сипаттайды.
Сондықтан университеттік білім берудің жетекші бағдарының бірі студенттің
субъектілігін қалыптастыру кеңістігін құру ретінде анықталған. Қорыта келгенде,
теориялық талдау және концептуалды жинақтау субъектілік феноменінің маңызды
сипаттарын анықтауға мүмкіндік береді:
-
субъектілік адам сипаттарының деңгейі, субъектілік қасиет дамудың
белгілі бір деңгейінде пайда болады және экстериоризацяи мен интериоризация, ішкі
және сыртқы континуум үрдістерінің балансымен анықталады;
-
субъектілік әлемге танымдық қатынасынан ғана емес, адамға қатынасынан
да айқындалады;
-
субъектілік адамның белсенділігінің, тұтастығының, автономдығының жоғары деңгейі;
субъектінің тұтастығы іс-әрекеттің ғана емес, белсенділіктің барлық түрінің бірлігін, интегративтілігін
көрсетеді;
-
субъектіліктің табиғаты әлемге қатынасының, өмірлік стратегиясының жиынтығы арқылы
ашып көрсетіледі;
-
субъектілік сыртқы әлемнің және өзінің ішкі әлемінің өзара байланысты өзгерістеріне
қабілеттілік;
-
субъектілік тұлғаның еркіндігін, ізгілігін, руханилығын, оның өмірлік шығармашылығын
анықтайтын қасиет.
Педагогикалық тұрғыдан адамның іс-әрекетке қатыстырылуымен бірге іс-әрекеттің құндылық
аспектісі де маңызды, субъектілік адамның меңгеру, тасымалдау қасиеті ретінде ғана емес, өзекті құндылық
ретінде іс-әрекеттің мәнін ашуға мүмкіндік туғызады.
Әдебиеттер:
1. Рожков М.И. Организация воспитательного процесса в школе: учеб.
пособие для студентов высш. учеб. заведении. – М.: Владос, 2000. – 253 с.
2. Загвязинский В.И. Социальная педагогика: учебник для бакалавров. – М.:
Юрайт, 2012. – 405 с.
3. Ананьев Б.Г. Избранные педагогические труды: В 2-х т. – М.: Педагогика,
1980. – 288 с.
4. Брушлинский А.В. Психология мышления и проблемное обучение. – М.:
Знание, 1983. – 96 с.
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
34
5. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М., 1975. – 304 с.
6. Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. – М.: Педагогика, 1976. –
416 с.
7. Анцыферова Л.И. Системный подход в психологии личности. Принцип
системности в психологических исследованиях. – М., 1990. – 240 с.
8. Каган М.С. Философия теория ценностей. – Спб., 1997. – 83 с.
9. Мудрик А.В. Социальная педагогика: учеб. для студ. пед. вузов / Под ред.
В.Л. Сластенина. – М., Академия, 2005. – 200 с.
10. Коджаспирова Г.М. Педагогический словарь. – М.: Изд. центр «Академия»,
2000. – 176 с.
11. Философский энциклопедический словарь. – М.: ИНФРА. –М., 1999. – 576 с.
12. Борытко Н.М. Пространство воспитания: образ бытия / Науч. ред. Н.К.
Сергеев. – Волгоград, 2000. – 225 с.
13. Волкова Е.Н. Субъектность педагога: теория и практика / Автореф. дис.
докт. психол. наук. – М., 1998. – 50 с.
14. Абульханова - Славская К.А. Деятельность и психология личности. – М.:
Наука, 1980. – 333 с.
15. Зинченко В.П. Психологическая педагогика. Часть I. Живое Знание:
материалы к курсу лекций. – Самара, 1998. – 216 с.
16. Семенов В.Д. Взаимодействие школы и социальной среды. – М.,
Педагогика, 1986. – 336 с.
17. Занков Л.В. Избранные труды. – М.: Педагогика, 1990. – 37 с.
18. Мясищев В.Н. Личность и неврозы. – Л.: ЛГУ, 1960. – 426 с.
19. Асмолов А.Г. Содействие ребенку-развитие личности // Новые ценности
образования. – 1996. – Вып.6. – С.39-40.
***
Кабекенов Г.У.
Особенности развития субъективности студента
социального воспитания в вузе
В контексте нашего исследования нас интересует субъектность студента в
рамках социального института образования, которую необходимо развивать при
подготовке специалистов различных направлений в целях успешной социализации в
социуме. Становление субъектности студента непрерывный динамический процесс,
заключающийся в инициировании самим студентом акта перехода из субъекта
образовательной в субъект педагогической деятельности. Понятие субъектности
многогранно и многоаспектно, оно меняется в соответствии с индивидуальными
особеннностями освоенной человеком преобразующей активности, со спецификой
функционирования разнообразных социальных институтов. Субъектность как
качество отвечает требованием становления будущего специалиста. Поэтому
субъектность рассматривается как центральное образование человеческой
реальности, интегрирующее такие ее характеристики, как активность,
рефлексивность, инициативность, творчество, самостоятельность и др. В данной
статье рассматривается особенности развитие субъектности студента
социального воспитания в вузе.
Ключевые слова: субъект, субъектность, развитие субъектности студента,
социальная работа, социальное воспитание, социализация личности, рефлексия.
***
Kabekenov G.U.
Development of the social subjectivity of the student education at the university
In the context of our study, we are interested in the subjectivity of the student part of
the social institution of education that needs to be developed in the preparation of
specialists in various fields for the successful
socialization in the society. Becoming a
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
35
student subjectivity continuous dynamic process is to initiate a student by an act of the
transition from the subject of education in the subject teaching. The notion of subjectivity is
multifaceted and multidimensional, it varies according to the individual osobennno human
exploration of the transformative activity, with the specifics of functioning of various social
institutions. Subjectivity as the quality meets the requirement of formation of the future
specialist. So subjectivity is seen as central to the formation of human reality, integrating
its characteristics such as activity, reflexivity, initiative, creativity, independence, and
others. This article discusses the features of the development of the social subjectivity of the
student education at the university.
Keywords: subject, subjectivity, subjectivity of student development, social work,
social education, socialization, reflexion.
***
ӘӨЖ 378.147: 377.2
Жубакова С.С. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Е-mail: zhubakova.saule@mail.ru
Байменова Б.С. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Е-mail: botagoz.baymenova@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |