ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МҰҒАЛІМДЕРДІ
ӘЛЕУМЕТТІК- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСҚА ДАЯРЛАУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІГІ
Аннотация. Мақалада инклюзивті білім беру жағдайында мұғалімдерді
әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа даярлаудың теориясы мен тәжірибесі және
бүгінгі қоғамдағы орны мен ерекшеліктері айқындалған. Сонымен қатар мақалада
инклюзивті білім беру жағдайында мұғалімді кәсіби даярлаудың мәні мен мазмұнына
теориялық және әдіснамалық анализ жасалады.
Кілт сөздер: интеграция, инклюзивті білім беру, мамандарды даярлау,
мүмкіндігі шектеулі балалар, әлеуметтік-педагогикалық жұмыс.
Ақпараттық ортаны кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа кіру жағдайында
адамзат капиталының қалыптасуындағы инклюзивті білім беру рөлінің өсуі еліміздің
әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемдері ретінде жоғары мектептің
алдына үлкен талаптар қоюда. Бұл басымдықтарды Республикамыздың Президенті
Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы халыққа кезекті «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –
Қазақстан дамуының басты бағыты» тақырыбындағы Жолдауында: «Қазақстанда
адами капиталдың сапалы өсуі, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтауға
байланысты екендігіне» баса назар аударды [1, 10 б.].
Жаһандану кеңістігінде қоғамның жедел дамуы инклюзивті білім беру
жағдайында болашақ мұғалімдерді даярлауға үлкен септігін тигізеді. Осы орайда,
Қазақстанның инклюзивті білім жағдайында болашақ мұғалімдерді даярлау процесі
жаңа реформаны жүзеге асырып үлгерді. Бұл жерде өтпелі кезеңді басынан өткізіп
жатқан елдер үшін инклюзивті білім жүйесін реформалау жаңа құбылыс болып
табылмайтындығын атап өту қажет. Бұндай реформалау білім жүйесін жақсаруын,
даму динамикасын, эволюциясын көрсетеді. Білім жүйесінің реформасын
ғылымммен ұштастырып тұрақты дамыту стратегиясын басшылыққа алған жоғары
дамыған елдер, әсіресе, Жапония, Қытай, Корея, Малайзия, Сингапур сияқты Азия
елдері
жаһандану
үрдісін,
ақпараттық-коммуникациялық
революцияны,
инновациялық
технологиялардың ендірілуін басқа елдермен белсенді
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
36
және тиімді экономикалық қарым-қатынас орната отырып, жедел даму мүмкіндігі
есебінде пайдаланса, екінші жағынан, өздерінің ұлттық рухани және экономикалық
тәуелсіздігін, қауіпсіздігін сақтаудың, ұлттық өркендеудегі бірден-бір кепілі ретінде
өз елдерінің білім саласын реформалауға аса үлкен мән беріп, оны мемлекеттің
басым саясатына айналдырып отыр.
Денсаулық
мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектептерге
кіріктіру білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың келесі қағидалары
сақталуын қамтамасыз етеді [2, 57 б.]:
–
Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының сапалы білім алуға
құқықтарының теңдігі;
–
әрбір азаматтың зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке
ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
–
білім берудің гуманистік және дамытушылық сипаты.
Жоғарыда аталған қағидаларды іске асыру барлық азаматтардың жынысына,
жасына, дене бітіміне, денсаулығына байланысты психологиялық мүмкіндігіне,
әлеуметтік, этникалық және экономикалық мәртебесіне қарамастан қоғамда
әлеуметтену қабілеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Осыған орай әлемдік білім
беру тәжірибесінде біртұтастыққа біріктіруші — «интеграция» терминінің орнына,
«инклюзия» термині оқу-тәрбие үдерісіне енгізілді, ягни ендіруші ((Д. Агнес, Т. Бут,
М. Кинг-Сирс, Т. Миттлер, Д. Роза және т.б.) деген ұғымды білдіреді [3, 64 б.].
Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі (бұдан әрі – ДМШ) балаларды оқыту саласында
инклюзивті білім беруге жаңа әлеуметтік тапсырыс қалыптасуда. Сондықтан да
Қазақстандық
білім
беруді
модернизациялау
тұжрымдамасының
басым
бағыттарының бірі жалпы білім беретін мектептердің тәжірибесіне инклюзивті оқыту
мен тәрбие процесін енгізу болып табылады.
Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар – белгіленген тәртіппен расталған, туа
біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған ауруларды немесе жарақаттардың
салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене немесе психикалық кемістігі бар балалар
[4, 35 б.].
Қазақстан
Республикасында,
кеңес
дәуірінен
кейінгі
барлық
кеңістіктердегідей, жүйке-психикалық аурулардың (невротизация, жарақаттан кейінгі
стрестік, психосоматикалық бұзылулар), әр түрлі тәуелділіктердің, сонымен қатар
экологиялық факторлардың салдарынан болатын денсаулық мүмкіндігі шектеулі
балалар санының өсуі байқалады. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, қазіргі
қоғамда түрлі себептерге (мүгедек балалардың саны 155 мыңнан асады), сондықтан
да оларға білім берудің әлеуметтік, мәдени, рухани, физиологиялық, медициналық,
психологиялық әлеуеті артып отыр. Арнаулы психологияның негізін салушы ғалым
Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, «Дені сау бала мен денсаулық мүмкіндігі
шектеулі балалар бірдей заңцылықпен дамиды. Демек олардың даму факторы бірдей.
Ақыл ойы жағынан артта қапған бала дені сау бала өтетін даму деңгейінен өтеді,
бірақ өздеріне тән физиологиялық, психологиялық даму ерекшелігі бар».
Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге келуі шын мәнінде
отбасын психологиялық өзгерістерге алып келеді. Ауытқушылығы бар баланың
отбасында алғашқы күннен бастап ата-анасының ұнжырғасы түсіп, күйзеліске тап
болады. Ата-аналарының қоршаған ортамен қарым-қатынасы үзіледі, қатынас аясы
тек туыстары, дәрігер, мұғалімдермен ғана шектеледі. Айтылған ойымыз дәлелді
болу үшін біз денсаулық мүмкіндігі шектеулі ата-аналардың арасында сауалнама
жүргізген болатынбыз. Ол сауалнаманың нәтижесінде 50 ата-ананың 85%-да мүгедек
бала дүниеге келген кезде алғашқы психологиялық дағдарысты бастарынан өткерді,
олар өзін-өзі кіналады. Аналардың 60%-ы мүгедек бала дүниеге келген соң әкелері
отбасын тастап кеткен (өмірдің қиындығына төзе алмай, жауапкершіліктен бас
тартып,
бар
ауыртпалықты
ананың тағдырына қалдырған). 5% отбасылар
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
37
мүгедек баланың дүниеге келуін тағдырдың бір сынағы деп ұғынып, оған төзе білді,
бұған отбасындағы ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншілік пен татулық
себепкер. Денсаулық мүмкіндігі шектеулі отбасында қоғаммен байланыс жеткіліксіз
болғандықтан, олар өздерінің әлемімен жеке өмір сүруді әдетке айналдырады. В.А.
Вишневский, Б.А. Воскресенский, Р.Ф. Майрамян, И.А. Скворцов, Л.М. Шипицина
және т.б. педагогикалық-психологиялық зерттеулерінде дамуында ауытқушылығы
бар балалардың отбасындағы қатынасқа психотравмалық әсері, осыған байланысты
аналарында психопатологиялық ауытқушылықтардың пайда болуы айтылады. Л.М.
Шипицинаның мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасындағы тұлғаралық
қатынастарды зерттеуінде көптеген отбасылар өз проблемаларын ешеуге
мүмкіндіктері жоқ екендігін көрсетті. Олардың көбінде кикілжіңдер, үрейлену,
эмоционалды бейнеленген қарым-қатынас, бөлектену, жалғыздық Қазіргі әлемдік
тәжірибе инклюзивті білім беру жүйесіне бала-отбасы-мектеп-қоғам сияқты
интеграциялық қарым-қатынасты, ирархиялық пирамида жүйесін енгізуде.
Сондықтан да отбасымен мұғалім тығыз қарым-қатынас жасау барысында төмендегі
әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүзеге асырады:
ақпараттандыру: мұғалім отбасына не оның мүшелеріне баланың даму
ерекшеліктері мен заңдылықтары , мүмкіндіктері мен ресурстары, ондай баланы
тәрбиелу мен оқыту туралы ақпарат береді
жеке кеңес бер: денсаулығындағы ауыткушылықтары бар балалардың
отбасыларына практикалық көмек көрсету, психологиялық, педагогикалық-
тәрбиелік, әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешу.
отбасылық
кеңес
беру(психотерапия):
отбасындағы
эмоционладық
бұзылыстарды жөға көмектеседі. Сабақтар барысында психодрама, гештальттерапия,
трансактный анализ сияқты әдістер қолданылады. Бұл әдістер бейімделуге,
физикалық және психологиялық денсаулықтың қалыптасуына көмектеседі;
анасының қасында баламен индивидуалды жұмыс жасау: баланың
психикалық дамуына тәрбиелік-педагогиалық әсер етудің тиімді жолдарын
қарастырады.
топтық жұмыс: оата аналар және балалар мен ата-аналар тобымен жұмыс
ұйымдастыру.
Осы орайда, инклюзивті білім беру жүйесі заманауи мектептің тәжірибесіне
енгізілу барысында бірнеше күрделі мәселелер мен міндеттерді негізге алады. Оның
бірі интеграциялық процесті жүзеге асыру механизмі болып табылады.
Интеграциялық
процесс
–
қоғамның
ашықтығын,
демократиялық
реформалардың даму контексін, адамдарға деген дискриминация идеясының
ескілігін жариялауға бағытталады. Дискриминациялық қарым-қатынасты жою жаңа
әлеуметтік нормалардың (адамдардың арасындағы сыйластық, толеранттылық,
мейірім, ізгілік) пайда болуына септігін тигізді.
Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы орта мектепке кіріктіріп
интеграциялау қозғалысы Джомтьене (Таиландта) 1990 жылы өткізілген инклюзивті
білім беруге арналған Бүкіләлемдік конференцияда бастау алды. Бұл конференцияда
адамдардың дене бітіміне, денсаулығына, психологиялық ауытқушылығына
қарамастан оқыту мен тәрбиелеудің формалары, құралдары, өзін-өзі дамыту мен
жетілдірудің тиімді жолдары, тәжірибеге енгізудің жаңа инновациялық
технологиялары қарастырылды. Ресей зерттеушілерінің еңбектерінде В (Д.В.Зайцев,
И.И.Лошакова, Э.К.Наберушкина, П.В.Романов, Е.Р.Ярская-Смирнова) инклюзивті
білім беруді дамытуға 70% ата-аналар қарсылық білдірмеді, бұл балалардың
арасында толерантылықты сақтау, өзара көмек көрсетуге үйрену, психологиялық
барьермен күресу сияқты педагогикалық құндылықтарды бойларына сіңіруге
көмектеседі.
Инклюзивті білім беру тұғырының дамуына Біріккен Ұлттар Ұйымы
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
38
ЮНЕСКО мен «Денсаулығық мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу қажеттігі
бағытындағы саясат пен практикалық іс-әрекет қағидалары туралы» қабылданған
Саламанка декларациясының ұсынысы және басқа да халықаралық құжаттар себеп
болды. (Испания, 1994ж).
Шетелдегі тәжірибеге назар аударсақ, АҚШ-та 1875 жылы инклюзивті білім
беру процесі енгізіліп, ақыл-ойы жетілмеген және мүгедек балалар үшін сыныптар
құрылып, мектепте мұғалімнің әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру
жолдары мен технологиялары анықталды. Бұл тәжірибені білім беру жүйесіне
енгізу Ұлыбритания, Швецария, Португалия елдерінде де жалғасын тапты. Шетелде
инклюзивті білім беру жағдайында әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың пайда
болуына бірқатар тенденциялар әсер етті: ғылыми технологиялардың жедел дамуы,
халықтың әлеуметтік-педагогикалық көмекке мұқтаждығының артуы т.б. Сөйтіп бұл
үрдерістер қиын жағдайға ұшырағандарға әлеуметтік көмек көрсетуге қабілетті
мамандардың кәсіби қызметінің қажеттілігін тудырды. Сәйкесінше, оларды дайындау
үрдісінің ғылыми-теориялық негізі қажет болды.
Ресейде инклюзивті білім беру 1991 жылдан бастап енгізіле бастады. Ресейдің
11 аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың
экспериментальды алаңдары құрылды. Мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік-
педагогикалық жұмыс жасау мақсатында Ресей Федерациясының білім министрлігі
педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 1996ж 1 қыркүйегінен
бастап «Арнайы (коррекциялық) педагогиканың негіздері», «Мүмкіндігі шектеулі
балалардың психологиясының негіздері» деген курстарды енгізді. Бұл процесс
инклюзивті білім беру жағдайында әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың дамуы мен
қалыптасуына және басқа елдердің тәжірибесіне енгізуге үлкен септігін тигізді.
Қазақстанда денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өткен ғасырдың 20-
жылдарынан бастау алды. Ең алғашқы іс-шаралардың бірі- тарихи маңызы бар ақыл-
ойы кеміс, анамальды балаларға білім беру мен тәрбиелеуге арналған екі арнайы
мектердің ашылуын айтуға болады. Бұл процесс Ұлы отан соғысынан кейін де
тоқтаған жоқ. Арнайы білім беру мен тәрбиелеудің үш категориясы қалыптасты:
ақыл-ойының дамуында кемістігі бар балаларға, көзі көрмейтін соқыр балалаға,
саңырау балаларға арналған арнайы мектептердің пайда болуы. Ал нақты денсаулық
мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектепке қалыпты балалармен
кіріктіріп оқыту идеясы 2001 жылдан бастап бастау алды.
Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мұғалімдерді әлеуметтік-
педагогикалық жұмысқа даярлау мәселесі бойынша әлемде жүргізілген ғылыми
зерттеулерге талдаулар жасау осы мәселенің ғылыми негіздемелері жеткіліксіздігін
көрсетіп отыр. Даму мүмкіндігінде әртүрлі бұзылу бар тұлғаларды әлеуметтік ортаға
кіріктіру
сұрақтарына
қатысты
педагогтардың,
психологтар
мен
әлеуметтанушылардың қызығушылығы болғанымен инклюзивті білім беру
жағдайында мамандарды әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа даярлау мәселелері
бойынша зерттеулер саны аз болып, қазіргі жағдайда кіріктірілу процесі мен оның
тәжірибеде жүзеге асуы арасында қарама қайшылықтар кездеседі.
Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға инклюзивті білім
беру бойынша шетелдік тәжірибелерді зерделеу барлық елдерде инклюзивті білім
беруді енгізу әртүрлі кезеңдерде іске асатынын көрсетеді. Бұл негізінен, елдердің
даму деңгейіне, жылдам енгізуге болмайтын инклюзивті процестің көпфакторлығы
мен күрделілігіне байланысты болады. Инклюзивті білім беру мәселелерімен
шетелде Salisbury C.L., Palombaro M.M., Hollowood W.M., Shea T.M., Bauer A.M.,
Trow M., Лошакова И.И., Ярская-Смирнова Е.Р., Семаго М.М., Семаго Н.Я., Косс
В.О. және т.б. айналысты. Олар инклюзивті оқыту идеясын жүзеге асыру қағидалары
жүйесін, сонымен қатар инвалид балаларды инклюзивті оқыту тәжірибесін дамыту
жолдарын әзірлеген.
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
39
Инклюзивті білім берудегі негізгі мақсат –даму мүмкіндігі шектеулі балаларға
жағдай туғызып, қатарластарымен теңдей қарым-қатынас жасап, баланың өзін қор
санауын болдырмай, шеттетуін шектейтін үрдіс. Инклюзивті білім беру –ерекше
қажеттілікті талап ететін балаларды біліммен қамтамасыз етеді, олардың барлық
мұқтаждарын қамтып, бар бала білім алуға қол жеткізе алатынын айқындап, жалпы
білім беру процесін дамыта түседі. Ал әлеуметтік бейімдеу дегеніміз – тұрмыс –
тіршілігіндегі шектелуді жою жҽне оның орнын толтыру үшін жағдай жасауды
қамтамасыз ету және оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам ҿміріне қатысу
мүмкіндіктерін жасайды. Бұл саясат XX ғасырдың 90-жылдарының соңында ҚР-да
мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, басым түрде тек мектеп-интернаттарда жүзеге
асырылды, бұл өз кезегінде аталған топтағы балалардың әлеуметтік тұрғыда
оқшаулануына және ата-аналардың тәрбиесінен шеттетуге әкелді. Соның
салдарында, интернат типіндегі білім беру мекемелерінің түлектері социумға әрі
қарай кірігу барысында бірқатар қиындықтарды бастарынан өткереді. Мүмкіндігі
шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002жылдан
басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі
шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау»
туралы заңы қабылдады. Қазақстанда инклюзивті білім беру 2011 жылдан бастап
енгізіле бастады, сондықтан, бұл мәселе бойынша іргелі зерттеулер болмай отыр.
Осылайша ҚР-да 2020 жылға қарай инклюзивті білім беру жүйесі енгізіледі.
Инклюзивті білім үшін жағдай жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы
санынан 70%-ға ұлғаяды; мүгедек бала үшін – кедергісіз қол жеткізуді жасайтын
мектептің үлесі мектептердің жалпы санынан – 20%; инклюзивті біліммен қамтылған
балалардың үлесі дамуы мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санының 50 %
құрайтын болады. Мұғалімнің әлеуметтік-педагогикалық жұмысы қоғамдық
өмірдегі құбылыс ретінде, міне, 100 жылдан астам уақыттан бері әр түрлі
ғылымдардың зерттеу объектісі болып келеді. ХІХ және ХХ ғасыр шегінде көптеген
Еуропа мемлекеттерінде (Ұлыбритания, Германия, Нидерланды, Швеция және
Франция және АҚШ-та) қайырымдылық ұйымдарымен қатар дамыған кәсіби қызмет
ретінде әлеуметтік-педагогикалық жұмыс пайда болды. Ол кәсіби қызмет ретінде
қайырымдылықтың және мұқтаждарға мемлекеттік көмек жүйесін құрудың дамуы
нәтижесінде мүмкін болды. Оның ХХ ғасыр басында туындауы – адамзаттың
қарапайым идеясын түсінгендігінің нәтижесі: мұқтаждарға көмек нәтижелі болу
үшін, ол кәсіби болуы керек, бірақ бұл қорытындыға келу үшін мыңдаған жылдар
қажет болды. Мұқтаж адамдарға білікті көмек көрсете алатын мамандарға деген
сұраныстың туындауы кездейсоқ емес.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде «инклюзия» ұғымдарына мынандай
анықтама беріледі:
инклюзия – бұл тек білім алу ғана емес, сонымен бірге адамды
өмір қатарына ергізу құрылғысы деп түсінуіміз керек. Инклюзивті үрдіс мектепке
дейінгі және мектепте басталады, бұл уақытта өсіп дамуында ерекшелігі бар балалар
мен қалыпты балалар бірі-бірімен қарым-қатынас жасауға үйреніп, бірге әлеуметтік
дағдыларды иемденеді. И
нклюзивтік білім беру баланың этникалық тегіне, діни
сеніміне, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы ерекшеліктеріне қарамастан,
барлық балалармен білім алуына және әлеуметгік бейімделуіне жағдай жасау процесі
[5, 44 б.]. Инклюзивті білім беру денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз
аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, тұтас
педагогикалық процесті басқару. Инклюзивті білім беру үздіксіз педагогикалық
процесс ретінде білімнің қолжетімділігін (өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту) және
білімдік қажеттіліктері әртүрлі балаларды жалпы білім беру ұйымына кіріктіру
аясында интеграциялау үдерісін дамытады. Сонымен қатар инклюзивті білім беру
жағдайында мектептің әлеуметтік-педагогикалық процесті жоғары кәсіби деңгейде
ұйымдастыратын және оған қатысушылар: оқушылармен,
ата-аналармен,
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
40
психологтармен, әлеуметтік педагогтармен, медицина қызметкерлерімен, қоғамдық
ұйымдардың өкілдерімен қарым-қатынас жасай алатын, кәсіби құзыретті, қажетті
білім мен дағдылары бар, шығармашылық қабілеті жоғары болашақ мұғалімдерді
сапалы даярлауға мүмкіндік береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық модернизация - Қазақстан
дамуының негізгі бағыты» атты халыққа жолдауында білім беру жүйесін
модернизациялаудың негізгі міндеттерінің бірі – «педагогикалық құрамның сапасын
көтеру» болып табылады деп атап көрсетілген.
Н.Д. Хмель педагогикалық процесті жүзеге асыру үшін мұғалімнің теориялық
даярлығының маңыздылығын дәлелдей келе, мұғалімнің бойында педагогикалық
процестің тұтастығын қамтамасыз ете алатын, кез келген жағдайда іс-әрекет жасауға
мүмкіндік беретін арнайы кәсіби қасиеттер болуы керектігін баса айтты.
Болашақ мұғалімдерді әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа даярлау мәселесі
көптеген ғалымдардың зерттеулеріне негіз болған. Атап айтсақ, Левитов Н.Д.,
Платонов К.К., Ковалев А.Г., Кандыбович Л.А., Чамата П.Р., Дьяченко М.И. Біздің
елімізде кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесіне үлес қосқан ғалымдарда
баршылық: Абдыманапов С.А., Ахметова Г.К., Арынгазин К.М., Каргин С.Т.,
Қожахметова К.Ж., Коканбаев С.З., Құсаинов А.К., Мағауова А.С., Мынжанов Н.А.,
Мұқанова С.Д.,. Сейтешев А.П., Сарсенбаева Б.Г., Таубаева Ш.Т., Хмель Н.Д. және
т.б. Ғалымдардың еңбектерінде болашақ мұғалімдерді кәсіптік-педагогикалық
жұмысқа
даярлаудың
әртүрлі
(педагогикалық,
психологиялық,
кәсіптік
педагогикалық) аспектісі қарастырылады. Аталған ғылыми еңбектерді сараптай
отырып, инклюзия мектебінде әлеуметтік-педагогикалық жұмысты атқару
барысында мұғалім мына мәселелерді ескеруі қажет: әр тұлғаның психология-
медико-педагогикалық жағдайының ерекшелігін, микро ортасын, өмір сүру
жағдайын, өмірге қызығушылығын, жеке әлеуметтік жағдайларын зерттеу, анықтау
және оқушының білім алуында кездесетін қиыншылықтарын қадағалай отырып, өз
уақытысында әлеуметтік көмек көрсету, мүддесін қолдау, құқығын қорғау.
Дегенмен, бүгінде еліміздің жалпы орта және арнайы білім беру мекемелері
бірқатар себептерге байланысты инклюзивті білім беру жағдайында әлеуметтік-
педагогикалық жұмысты ұйымдастыруда қарама-қайшылықтарға жолығуда. Атап
айтсақ, осы бағыттағы кәсіби мамандардың жетіспеуі; баланы құрметтеу құқығын
қамтамасыз ететін (білім алуға, денсаулығын сауықтыруға, әлеуметтік көмек алуға,
жұмысқа орналастыруға т.б.) екі мекеменің арасында келісім мен ынтымақтастықтың
жоқтығы. Біздің еліміздің және басқа мемлекеттердің білім беру тәжірибесі-
инклюзивті білім беру жағдайында әлеуметтік –педагогикалық жұмысты дамыту
күрделі, көпфакторлы соның ішінде, құқықтық, ғылыми-әдіснамалық және әкімшілік
ресурстарды қамтитын процесс екендігін көрсетті. Инклюзия мәселесі жаңа
парадигманың білім беру кеңістігіне интеграциялануымен тығыз байланысты, оның
негізінде білім берудің иннновациялық технологияларына көшу үлгісі жатыр. Бұл
инновациялық технологияның маңыздылығы денсаулық мүмкіндігі шектеулі
балалармен әлеуметтік –педагогикалық жұмыс жасаудың жаңа механизмдерін
іздестіру, ұсыну. Инклюзивті ортадағы әлеуметтік- педагогикалық жұмыстың
мақсаты социумдағы қарым-қатынасты ізгілендіруге, қоршаған ортаны жақсартуға,
оқушының интеллектуалдық, эстетикалық, әлеуметтік, адамгершілік қасиеттерінің
дамуына, рухани жетілуіне, өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, әлеуметтік
мәселені шешуге бағытталуы қажет. Осы аталған мақсатқа жету барысында мұғалім
төмендегі міндеттерді атқарады:
1.
денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар туралы ақпараттармен танысу
(медициналық, психологиялық, педагогикалық т.б);
2.
денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қорғау жөнінде
мемлекеттік құжаттарды зерделеу;
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
41
3.
денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы мен қалыптасу
эволюциясына диагностика жасау;
4.
денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы орта мектепке кіріктіріп
оқыту мен тәрбиелеудің жаңа инновациялық механизмдерін іздестіру.
5.
денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен тығыз
байланыс жасап, ағарту жұмыстарын жүргізу.
Қорыта айтқанда, мұғалім инклюзивті білім беру жағдайында әлеуметтік-
педагогикалық жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру барысында тұтас педагогикалық
процесте диагностиканың интенсивті дамыған көптеген түрлерін қолдану арқылы
мүмкіндігі шектеулі балалардың тұлғадамытушық қасиетін қалыптастырады.
Диагностиканың төмендегі түрлері жеке тұлғаның педагогикалық, психологиялық,
әлеуметтік, физиологиялық, рухани-адамгершілік т.б қасиеттері мен құндылықтарын
анықтауға көмектеседі:
-
медициналық
диагностика:
мұғалім
дәрігерлер
сияқты балалардың
ауруларын анықтап диагноз қоймайды (мысалы, ақыл-ойының дамуында
ауытқушылық бар, көзі көрмейтін, саңырау, жүре алмайтын т.б.), бірақ медициналық
қорытындыны біліп, ауруға алып келетін әлеуметтік-педагогикалық салдарларға
болжам жасайды;
-
психологиялық диагностика: мүмкіндігі шектеулі балалардың жас
ерекшеліктеріне сай болатын мінез-құлқындағы кризтік кезеңдерді анықтай отырып,
оларға әсер ететін әлеуметтік, педагогикалық факторларды модернизациялау.
-
әлеуметтік диагностика: социумдағы адам капиталының орны мен мәнін
анықтау, өзара қарым-қатынас процесінде белсенді іс-әрекет жасау, сонымен қатар
нәтижелі әлеуметтенуідің тиімді технологияларын ұсыну;
-
педагогикалық диагностика: тұтас педагогикалық процесте мұғалім-оқушы-
мұғалім арасындағы тәлім-тәрбиелік қарым-қатынасты ұйымдастыру, т
анымдық
процестерді (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру) т.б. дамыту.
Әдебиеттер:
1.
Назарбаев Н.Ә. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты бағыты. Ел президентінің қазақстан халқына Жолдауы // Егемен
Қазақстан. -2012. 28- қаңтар. -10-15 б.
2.
Мовкебаева З.А. Организация инклюзивного образования в школах //
Справочник руководителя образовательного учреждения. – 2012. № 5 (65). – 57-62 с.
3.
Мовкебаева З.А. Условия реализации инклюзивного образования в
Республике Казахстан // Справочник руководителя ОУ. – 2011. № 11 (59). – 64-68с.
4.
Ерсарина А.М. Развитие инклюзивного образования в Республике
Казахстан //Открытая школа. 2012. №1. - 35-37 с.
5.
Сулейменова Р.А. Методологические подходы к развитию инклюзивного
образования Республики Казахстан //Открытая школа. –2012. №7. - 44-48 с.
***
Жубакова С.С., Байменова Б.С
Особенности подготовки учителя к социально-педагогической работе в
условиях инклюзивного образования
В статье рассматривается подготовка учителя к социально-педагогической
работе в условиях инклюзивного образования. В данной статье рассмотрены
вопросы, задачи и пути реализации подготовки кадров в системе инклюзивного
образования.
Ключевые слова: специальное образование, интеграция, инклюзивное
образование, подготовка кадров, дети с ограниченными возможностями.
***
Zhubakova S.S., Baimenova B.S.
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
42
Features of preparation of the teacher to the social and educational work in the
conditions of inclusive education
The article deals with the preparation of the teacher to the social and educational
work in the conditions of inclusive education. This article describes the issues, challenges
and ways to implement training in inclusive education system.
Keywords: special education, integration, inclusive education, training, children
with disabilities.
***
ӘОЖ 159.922.7 (075.8)
Джонисова Г.Қ. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Султангалиева А.И. – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық
университетінің магистранты
E-mail: anar-19812011@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |