Ресурс 3. Іс-әрекетті зерттеуді қалай жүргізуге болады?
Зерттеу жүргізу бойынша міндеттемелер қабылдау
Іс-әрекетті зерттеуді жүргізудің бірінші қадамы оны орындау бойынша саналы
міндеттемелер қабылдау болып табылады. Сыныпта қолданылатын тәжірибені ойластыру
үшін жеткілікті уақыт көлемін анықтау қажет. Кембридж университетінің тәсіліне сәйкес
кәсіпқойлық ұғымын түсіндіру орталығында зерттеу қабілеті, яғни басқалармен
ақылға қонымды ретінде қабылданатын жағдайларда сұрақ қою қабілеті бар,
мысалы: «Сыныпта, сабақ беру әдістемеңізде қандай нәтиже береді?», «Кім оқиды?»,
«Процестен кім шығарылады?», «Оқу жоспары оқуға қалай ықпал етеді?», «Сіз жағдайды
басқара алмайтыныңызды қашан сездіңіз?» және т. б. (20 -суретті қараңыз).
20-сурет. Іс-әрекетті зерттеу кезеңдері
Мұндай сұрақтар қою соншалықты ыңғайлы емес. Оларға алынған жауаптар одан әрі
ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Бірақ мұғалімдер күрделі проблемаларды шешпейінше,
сыныптардағы жағдайды жақсартуы мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда, Іс-әрекетті зерттеу