Ресурстарын


Адам ресурстарын басқару мақсаттары



Pdf көрінісі
бет14/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   142
Адам ресурстарын басқару мақсаттары 
 
 
Жалпы 
Ерекше 
Ұйымның стратегиясын қолдау
Персоналды оқыту жəне дамыту
Эффект жəне тиімділік
Өнімділікті жоғарылату
Өзгерістерге бейімделу
Тұрақсыздықты төмендету
 
Мақсатты  орнату  стратегияның  көрінуін  жəне  ұйымның 
даму  бағытын  өндіріспен  жəне  компания  қызметінің  нəтиже-
сімен байланысты нақты міндеттерге аударады. Мақсаттар нені, 
қанша жəне қай мерзімге жасау керек екенін толық түсіндіреді. 
Олар  белгілі  жетістікке  қызметкерлердің  назарын  жəне  күш-
қуатын  бағыттайды.  Ұйымды  тиімді  басқаруда  ұйым  мақсат-
тары мен жеке адам мақсаттарын үйлестіру үлкен рөл атқарады. 
Мақсатты  анық  түсіну,  адамның  өзінің  өмірлік  бағдарламасын, 
ұйым мақсатына қайшы келтірмей белгілеу – тиімді басқарудың 
маңызды бір шарты болып келеді. 
Мақсаттар  жүйесі  ұйым  мен  адамның  шынайы  мүмкінші-
ліктерін ескеру керек. Мақсаттар түпкі нəтижеге жетуге жұмыл-
дыру  керек,  бірақ  қызметкерлерге,  уақыты  тапшы,  тəжірибесі, 
білімі не ресурстар жетіспеген жағдайда, тапжылмай жұмыс істе 
деп талап қоюға болмайды. Қол жетпейтін мақсатқа жетелесек, 
онда ұйым да, адам да мүлде түңілуі мүмкін. 
Адам  ресурстарын  басқару  ұйымның  мақсаттарын  белгі-
леудегі сегіз шешуші кеңістіктің бірі болып есептелінеді [7, 27-
б.].  Стратегиялық  мақсаттары  ретінде – алдыңғы 5-10 жылға 
ұйымды  қызметкерлермен  қамтамасыз  ету;  қызметкерлерді 
сақтап  жəне  ынталандыру  үшін  еңбек  ақы  төлеу  деңгейін 
орнату; басшылар мен қызметкерлер арасында тиімді коммуни-
кация  жүйелерін  дамыту  жəне  с.с. – қарастыруға  болады. 
Кадрлық  қызметінің  маңызды  мақсаты – компанияның  қысқа 
жəне  ұзақ  мерзімді  жетістіктеріне  жеке  жəне  ұжымдық  үлесін 
көбейтуде ұйым басшыларының қабілеттерін арттыру. 


Сейсембай Жұмамбаев  
 
31
 
 
Ұйым стратегиясы оның саясаты, тиісті ережелер мен проце-
дуралары  арқылы  нақты  білінеді.  Адам  ресурстарын  басқару 
саясатының негізгі ұстанымдары келесіден тұрады [7, 28-б.]: 
-  адамды құрметтеу;  
-  жұмыспен қамтамасыз ету кепілі;  
-  адамның дамуына жəне қызметі өсуіне жағдай жасау; 
-  қызметкерлерге  əділетті  қарау  жəне  ынталандыру  жүйесі 
болу; 
-  қызметкерлердің  қажеттілігін  жəне  олардың  күтулерін 
мойындау; 
-  жақсы жұмыс ортасы; 
-  жұмыс  жағдайына  қатысты  заңдар  мен  нормативтерді 
бұзбау; 
-  ұйым демократиялық негізде қызмет жасауы. 
Демек,  мұндай  көзқарас  стратегияға  жауапты  басқарушы 
кадрлардан  өздерінің  қызмет  сапасын  өзгертуді  талап  етеді. 
Олар  қаржылық  мақсатқа  бағытталған  кəсіпорынды  басқару 
ресурсқа бейімделген АРБ стратегиясына жəне саясатына қарсы 
келмейді, керісінше ол онымен толықтырылады. 
АРБ  стратегиясын  құру  үдерісін  келесі  кезеңдерге  бөлуге 
болады: 
1. Жағдайды талдау. 
2. Мақсаттарды белгілеу. 
3. Даму қажеттілігін талдау. 
4. Іс-шараларды жоспарлау. 
5. Белгіленген шараларды іс жүзіне асыру. 
6. Қойылған мақсаттарды қайта қарау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет