Ресурстарын



Pdf көрінісі
бет15/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   142
Жағдайды талдау кезеңінде кəсіпорын қолындағы бар адам 
ресурстарын  (кəсіпорынды)  жəне  бəсекелестерге  қарағанда 
кадрға  байланысты  қандай  мүмкіншіліктері  мен  тəуелділіктері 
барын  (қоршаған  ортаны)  талдайды.  Негізгі  қойылатын  сауал: 
«Адам ресурстары бойынша біз қандай жағдайдамыз?». 
Кəсіпорынды  талдау  мақсаты – қолда  қанша  адам  ресурс-
тары  барын  жəне олардың  стратегиялық  шешімдерге  жарамды-
лығын  зерттеу.  Зерттеу  құралы  ретінде  адам  ресурстарының 
тапсырыстар  портфелін  қолдануға  болады:  қызметкерлер 
матрицаның  «проблемалы  қызметкер», «жұлдыз», «ескішіл 


Адам ресурстарын басқару 
 
32
 
 
(кертартпа)»  жəне  «сұрақ  белгісі»  категорияларына  бөлініп, 
енгізіледі. 
«Проблемалы  қызметкер»  қатарына  жұмыс  жетістіктері 
мүлде  қанағаттандырмайтын  жəне  сонымен  қатар  жеке  даму 
потенциалы төмен кадрлар жатады. Бұл қызметкерлер стратегия 
тұрғысынан жарамсыз болып келеді. 
«Ескішіл  (кертартпа)» – бұған  өзінің  ең  жоғарғы  өнімділік 
деңгейіне  жеткен  кадрлар  жатады.  Жұмысты  ұйымдастырарда 
жəне мақсатты белгілерде олардың əлеуетінің даму шегіне назар 
аудару қажет. 
«Сұрақ  белгісі»  категориясына  өнімділік  потенциалы  жоғары, 
бірақ  өз  мүмкіншіліктерінен  ашық  төмен  жұмыс  істейтін 
қызметкерлер кіреді. 
«Жұлдыздар» – олар адам капиталының жоғарғы көрінуімен 
көзге  түсетін,  басқаша  айтқанда  олардың  өнімділігі  қазірдің 
өзінде жоғары жəне оған қоса олардың даму əлеуеті да жоғары 
болып келеді. 
Қызметкерлерді осылай төрт топқа бөлу амалымен кəсіпорын-
ның  қолдағы  кадрмен  даму  жəне  өнімділікті  жоғарылату 
мүмкіншіліктерін анықтауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет