Ресурстарын



Pdf көрінісі
бет23/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   142
 
3.6-сурет. Адам ресурстарын басқару функциялары 
Адам 
ресурстарын/ 
қызметкерлерді 
басқарудың 
негізгі 
функциялары 
Жұмыс 
үдерістерін 
талдау жəне 
жобалау 
Қызметкер-
лерді тарту 
жəне іріктеу
Бейімделу 
Қызметкерлерд
бағалау 
Қызметкерлерді 
оқыту жəне 
дамыту 
Мансапты 
жоспарлау 
Өтемақы мен 
жəрдемақы 
 жүйесін 
ұйымдастыру
Денсаулық пен
қауіпсіздікті 
қамтамасыз  
ету 
Ұйым ішінде 
еңбек 
қатынастарын 
реттеу 
Стратегиялық 
жоспарлау 


Адам ресурстарын басқару 
 
44
 
 
Құқық  пен  жауапкершілікті  анықтау  кезеңінде  əр  маман 
үшін  олардың  арақатынастарында  анық  баланс  (теңдік)  орнату 
керек,  соған  орай  өкілеттерді  ұтымды  түрде  делегирлей  білу 
керек.  Балансты  матрица  түрінде  құруға  болады:  көлденең  жол 
бойынша  функцияларды,  бағана  бойынша  осы  функцияларды 
атқаратын  орындаушыларды  көрсетеді,  ал  олардың  қиылысқан 
жерін  екіге  бөліп,  жауапкершілік  пен  құқықтарын  белгілейді. 
Бесінші  кезеңінде  əр  функцияның  тиісті  біліктілікпен  орын-
далуының  еңбек  сыйымдылығы  есептелінеді, сонан  кейін оның 
негізінде  бөлімшелердің  қызметкерлер  санын  анықтайды. 
Шешілетін  міндеттердің  күрделілігі  мен  еңбек  сыйымдылығы 
ұйымдағы  қызметкерлер  санына  жəне  қызметкерлер  құрамына 
тəуелді болып келеді.  
Соңғы  кезеңінде  ұйымдастырушылық  құрылымның  ақырғы 
кескін  үйлесімін  қалыптастырады.  Бұл  кезеңде  басқару  жүйе-
сінде басшы үшін басқарылу нормасын жəне қызмет бағыттары 
бойынша  оның  орынбасарларын  мамандандыру  қажеттігін 
ескеріп, қосымша  басқару  деңгейлерін енгізуі  алдын  ала  қарас-
тырылуы мүмкін.  
Сонымен  қатар,  ұйымның  өмірлік  циклының  əр  кезеңінде 
əртүрлі  міндеттер  қойылады,  осыған  орай  АРБ  қызметінің  ерек-
шеліктері бар екенін əрқашанда естен шығармау керек [4, 79-б.]. 
Жəне  де  кадрлық  жұмыспен  айналысатын  мамандар  мен 
линиялық  менеджерлер  арасындағы  қатынастарды  айқын  бел-
гілеп,  əрқайсысының  өкілеттері  мен  функцияларын  анықтап 
беру  керек.  Кадр  қызметінің  өкілеттеріне  стратегия,  саясат, 
тəртіп  (процедуралар),  өзара  əрекет  пен  ақпарат  жатса,  линия-
лық  менеджерлер  үлесіне  күнделікті  қызмет,  бағалау,  есепке 
алу, бақылау тиеді. 
Сонымен,  адам  ресурстарын  басқару  қызметін  қалыптас-
тырарда HR-менеджерлерінің  рөлі  мен  қызметінің  күрт  өзгер-
генін, олардың заман талабына сай даму заңдылықтарын толық 
ескерген жөн [26]: 
-  кадрлық  жұмыстың  идеологиясы  өзгеруде:  əр  адаммен 
нақты жұмыс істеу, таланттарды басқару тұжырымдамасы, өзін-
өзі  басқару,  серіктестік,  бағынышты  адамды  өзіңнің  əріптесің 
жəне жақтасыңа айналдыру идеялары; 


Сейсембай Жұмамбаев  
 
45
 
 
-  кадрлық қызметтің дəрежесі жоғарылауы; 
-  кадрлық қызметтің функциялары күрт өзгеруі; 
-  кадрлық жұмыстың əдістер мен түрлерін кеңейту; 
-  АРБ қызметінің өзіндік кадрлық əлеуетін күшейту; 
-  кадрлық  қызметті  ресурстармен  қамтамасыз  ету,  оның 
өзіндік бюджеті болуы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет