Ресурстарын


 Кадрлық шешімдердің тиімділігін



Pdf көрінісі
бет92/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   142
8.1. Кадрлық шешімдердің тиімділігін  
кешенді бағалау 
 
Кадр  шешімдерінің  тиімділігін  бағалаусыз  оның  оңтайлы 
вариантын табу мүмкін емес. Кадрлық шешім қабылдауда оның 
орны келесі суреттен көруге болады:  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
8.24-сурет. Тиімділікті бағалау: кадрлық шешімдерді қабылдаудың жалпы 
моделіндегі орны [2, 200-б.] 
 
Қабылданған кадрлық шешімдерінің тиімділігін бағалау төрт 
негізгі функцияны атқарады: 
 
Кадрлық мəселені 
қою 
Қабылданған 
шешімнің жүзеге 
асырылуын 
қамтамасыз ететін
 
нақты іс-əрекеттер
 
 
Мəселені шешудің 
оңтайлы нұсқасын 
таңдау 
Тиімділікті бағалау 


Сейсембай Жұмамбаев  
 
189
 
 
-  шешім  қабылдаудың  бастапқы  кезеңінде  күтілінетін 
тиімділікті бағалау; 
-  шешімді  орындау  үдерісі  кезінде  аралық  нəтижені 
бағалау; 
-  шешімді іс жүзіне асырғаннан кейін болған шығындар мен 
нəтижелер арақатынасын бағалау; 
-  кəсіпорынның  кадрлық  жұмысының  барлық  бағыттарын 
жетілдіру,  алда  туатын  мəселелерді  болжап,  оның  шешу 
жолдарын іздестіру. 
Ұзақ  уақыт  бойы  кадрлық  шешімдердің  тиімділігін  баға-
лауда  шығындарды  мейлінше  азайту  көзқарасы  басым  болып 
келген.  Өйткені  қойылған  мақсатқа,  экономикалық  тиімділікке 
жəне  қызметкерлердің  максимал  қанағаттануына  жету  жəне 
оларды  əлеуметтік  қорғау  үшін  елеулі  шығындар  қажет. 
Экономикалық  тиімділікке  ұйым  алдындағы  мақсатқа  шектел-
ген адам ресурстарын үнемді шығындау арқылы жетуге болады, 
ал əлеуметтік тиімділік қызметкерлердің күтуін, қажеттілігі мен 
мүддесін  қанағаттандыру  түрінде  іске  асырылады.  Бұл 
қажеттіліктер  сан  алуан  болып  келеді,  мысалы:  жоғары  еңбе-
кақы,  қолайлы  еңбек  жағдайы,  тұлғаны  дамыту  мүмкіндіктері 
жəне т.б.  
Қызметкерге  қатысты  шешім  қабылдағанда  осы  екі – 
экономикалық  жəне  əлеуметтік – мақсатқа  бейімделу  керек, 
екеуі  бір-бірімен  байланыста  болу  керек.  Екі  критерийді – 
көзделген  мақсатқа  минималды  шығын  жасап,  қызметкерлерді 
максимал  қанағаттандыру  жəне  əлеуметтік  қорғау – жоғары 
деңгейде  үйлестіру  өте  қиын,  тəжірибеде  мұндай  жағдай  өте 
сирек  кездеседі.  Əдетте,  бұл  мəселені  шешуде  қойылған 
мақсатқа минималды шығын жасап, қызметкерлердің əлеуметтік 
құқылары мен кепілдемелерін сақтау жолымен ымыраға келеді. 
Сонымен,  қабылданатын  кадр  шешімдерінің  тиімділігін 
бағалайтын  заманауи  көзқарас  келесі  үш  негізгі  компоненттің 
оптималды үйлесуіне негізделуі қажет: 
-  қойылған мақсаттарға жету; 
-  оларға  жетуге  себеп  болған  шығын  мен  алынған 
жетістіктер арақатынасы; 
-  қызметкерлердің еңбек өмірін жоғарғы сапаға жеткізу. 


Адам ресурстарын басқару 
 
190
 
 
АРБ  саласында  бағалау  объекті  ретінде  кадрлық  шешімдер, 
қызметкерлерді  басқару  қызметі  жəне  ұйым  қызметкерлері 
қарастырылады [8.25-суретті қараңыз]. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
8.25-сурет. Адам ресурстарын басқарудың бағалау объектілері [8,203-б.] 
 
Кадр 
шешімдерінің 
тиімділігін 
бағалауда 
келесі 
ұстанымдарға сүйену керек: 
-  кешендік (жан-жақты бағалау); 
-  басымдылық  (бағалау  кезінде  басты  критерийлерге  аса 
көңіл бөлу керек); 
-  үздіксіздік; 
-  уақыт  бойы  бағалау  көрсеткіштерінің  салыстырмалы 
болуы; 
-  сенімділік; 
-  əділеттілік; 
-  демократиялық  негізінде  бағалау  (бұл  үдеріске  АРБ 
мамандары,  линиялық  менеджерлер,  қызметкерлер  жəне  басқа 
қызығушылық білдіргендердің қатысуы). 
Кадрлық  шешімдерді  бағалауға  бірнеше  тұрғыдан  кірісуге 
болады: 
Бағалау 
объектілері 
Кадрлық 
шешімдер
 
АРБ 
қызметі
 
Қызметкер-
лер
 


Сейсембай Жұмамбаев  
 
191
 
 
1. Бағалау  объектілері.  Бағалау  объектілер  қатарына 
стратегиялық  жəне  оперативтік  кадрлық  шешімдер,  кадрлық 
шешімдердің  функционалдық  салалары  (іріктеу,  оқыту  жəне 
т.б.),  қызметкерлер  категориялары  (тұрақты  жəне  уақытша 
алынғандар,  басшылар,  мамандар,  жұмысшылар  жəне  т.с.с.) 
[8.32-кестені қараңыз].  
 
8.32-кесте 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет