Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет69/73
Дата18.10.2023
өлшемі4,05 Mb.
#118869
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


263 
Көп мағыналы сөздің мағыналарының ыдырауы нәтижесінде 
пайда болған омонимдер 
 
Абзал 1.зат. әбзел, ер-тұрман, құрал-сайман, мүлік
Абзал 2. сын. қадірлі, құрметті, ардақты, бағалы, ең жақсы
Абзал 3. жөн, дұрыс, орынды, қолайлы, ыңғайлы 
Адасу 1.ет. жолдан жаңылу, бағыттан шатасу, көз жазып қалу, жол
таба алмау
Адасу 2. ауыс.қателесу, шатасу, азу, теріс бағытқа түсу 
Аз. сын. 1. көп емес, шағын, белгілі мөлшерден кем
Аз ет. 2. жүдеу, арықтау
Аз 3. ұсақтап, азғындап кету 
Аза 1. зат. кісі өлген үйге жақынының малдай не заттай алып 
баратын жәрдемі
Аза 2. қайғы-қасірет, мұң-шер 
Азар 1. үст. әрең, әзер, зорға, өліп-талып
Азар 2.зат. азап, қорлық 
Азынау 1. қатты кісінеу, малдың шулауы, қатты дауыс шығаруы
Азынау 2.ет. желдің гуілдеп соғуы, гулеу
Азынау 3. мұздау, тоңу 
Ай1.жерді, күнді айналатын, түнде жерге жарық сәуле беріп
тұратын планета
Ай 2.жылдың он екіден бір бөлігін қамтитын мезгіл, 30 күндік
мерзім 
Айбын 1. зат. айбат, айбар, ызбар
Айбын 2.ет. жасқану, имену, қаймығу, қорқу 
Айқас 1.ет. екі заттың бір-біріне көлденең түсуі
Айқас 2.зат. шайқас, қырғын ұрыс, соғыс, күрес 
Аймақ 1.зат. өлке, мекен, қоныс


264 
Аймақ 2. төңірек, айнала 
Айналма 1.зат. бұрылыс, қаға беріс, қалтарыс, көшенің бұрылатын
жері
Айналма 2. бір жағына айналып ауыратын мал ауруы, делбе 
Айтыс 1.зат. сөз жарысы, өнер сынасу
Айтыс 2. пікір таласы, дискуссия
Айтыс З. тартыс, сонар дау
Айтыс 4.ет. айт етістігінен жасалған ортақ етіс
Айтыс
5. қарсы сөйлеу, дауласу, пікір таластыру, араздасу, тартысу
Айтыс 6. сөз жарысына тісуі 
Айттыру 1.ет. атастыру, құда түсу
Айттыру 2. айту етістігінің өзгелік етіс түрі 
Айыр 1. зат. шөп сабан, егін жинауға керекті құрал, аша
Айыр 2. сын. қос нәрсенің екіге жарылуы
Айыр 3. зат. қос өркешті түйе 
Ақ 1. сын. қар, сүттің түсіндей (қараға қарама-қарсы түс) 
Ақ 2. зат. сүт немесе сүттен өндірілетін айран, қатық т.б.тағамдар 
Ақ 3. зат. көзге түсетін ноғала 
Ақ 4. хақ, ақиқат, шындық 
Ақтық 1. зат. қардың, сүттің түсіндей аппақ болушылық 
Ақтық 2. сын. адалдық, пәктік, кінәсыздық, жазықсыздық
Ақтық 3. сын. соңғы, ақырғы 
Ақылдас 1. ет. пікірлесу, кеңесу, ақыл қосу 
Ақылдас 2.сын. пікірі, ойы бір 
Ақыры 1. бәрібір, әйтеуір, қалай болған күнде де
Ақыры 2. үст.соңы, кейінгісі, ақырғы кезі 
Алас 1. көне. «от» деген ұғымның атауы 
Алас 2.ет. жойылды, жоғалды, құрыды 
Алаула 1. ет. лаулалап жану, жалындау 


265 
Алаула 2. көне. соғысу 
Алмас 1. жарқырауық, түссіз, ең асыл, ең қатты тас 
Алмас 2. шыны кесетін өткір құрал 
Алшақта 1. үст. алыста, қашықта; жақын арада емес
Алшақта 2. ет. алыстау, қашық тарту, ұзау
Алшақта 3. сын. алыстау, алысырақ 
Андыз 1. зат.тауда өсетін, мал жейтін ұзын сабақты өсімдік 
Андыз 2. сын. бытыраған, шашыранды 
Анық 1. шын мәніндегі, нағыз
Анық 2. айқын, мәлім, белгілі 
Алым 1. зат. а) салық; ә) пара, жасырын түрде алған зат
Алым 2. мат. математикалық бөлшектің бір мүшесі 
Алтыбақан 1. зат. әлпеншек, әткеншек, ойынның аты 
Алтыбақан 2. жастардың кешкі сауығы 
Арқаулық 1.зат.мәтке, бел ағаш, арқалық 
Арқаулық 2. күш-қуат берерлік, нәр боларлық 
Арай 1.зат. а) таң атар кездегі күн шапағаты, күн шұғыласы 
ә) нұр, сәуле
Арай 2. зат. сабыр, ұстам, тоқтам 
Арт(у) 1. ет. а) жүк тие(у), бір затты бірдеменің үстіне сал(у)
ә) асыл(у); б) міндет жүктеу, тапсыру
Арт(у) 2. ет. молай, көбей, асып кет(у) 
Арықтау 1.сын. арықша, жүдеулеу, ашаңдау 
Арықтау 2. арықта етістігінің қимыл атауы 
Асылы 1.зат. сөйл. шыққан тегі, нәсілі, руы, әулеті
Асылы 2.үст. тегінде, сірә, заты 
Атлас 1.зат. бір жақ беті жылтыр келген жібек мата 


266 
Атлас 2.сын. жылтыр, тегіс, жатық, жоғары сапалы қағаз сорты 
Атлас 3.зат. географиялық, биологиялық карталардың жалпы 
атауы 
Аттан 1. ет. кетіп қалу, жүріп кету 
Аттан 2. көне. а) «жау шапты» немесе «ұры түсті» деген хабарды
білдіруші ұран; ә) жәрдемге шақыру, ойбай салу 
Ау 1. зат. шалбардың, ішкі киімнің екі балағы түйіскен жері
Ау 2. балық ұстайтын үлкен тор, сүзгі 
Ауа1.зат.а) тіршілікке, тыныс алу үшін қажетті, түссіз, иіссіз зат 
ә) атмосфера
Ауа 2. әуе 
Аулақта 1. ет. қашық тарту, алыс кету 
Аулақта 2. үст. а) алыста, қашықта; ә) оңашада, жеке 
Ауыздық 1.зат. жүгеннің темірден істеліп, екі сулық аралығына
бекітілген бөлігі
Ауыздық 2. зат. адамның езуіне түскен жара 
Ауыр 1. сын.а) салмақты, зілдей 
ә) қиыншылығы азабы мол, мехнаты көп
б) қайғылы, мұңды (хабар) 
в) өте қатал, төзуге болмайтын
г) қауіпті, қатерлі 
Ауыр 2. ет. а) науқастану, сырқаттану, дертке шалдығу;
ә) жанына бату 
Ашаңдау 1. ет. арықтау, жүдеу
Ашаңдау 2. сын. арығырақ, нәзігірек 
Ащы 1.сын.а) тұзды, тұщы емес, тұзы күшті 
ә) ашты, тәтті емес 
б) уытты, зәрлі, өткір, әсері күшті (мысқыл) 
Ащы 2.сын. а) қиын, ауыр, азапты 
ә) қарсы, араз, жау, қырғи қабақ
Ащы 3. зат. сортанды, тұзды жер 


267 
Әулетті 1. сын. туған-туысы мол, үрім-бұтақты
Әулетті 2. сын. қауқарлы, күшті 
Байлама 1.зат. су ұстағыш, бөгет
Байлама 2.зат. жеңіл орамал, жаулық 
Байқау 1.ет. аңдау, бақылау, қарау, барлау
Байқау 2.зат. а) көрме
ә) сынау 
Байланыс 1. зат. қарым-қатынас, аралас
Байланыс 2. зат. қоспа, түзіліс
Байланыс 3.ет. а) жөнсіз ілінісу, ұстасып керісу, тиісу 
ә) қатысу, араласу 
Байлау 1.ет. байла етістігінің қимыл атауы
Байлау 2.зат. байлам, тоқтам 
Бақыр 1.зат. мыстан жасалған ұсақ ақша 
Бақыр 2. металдан жасалған шелек, ыдыс 
Бастау 1. «баста» етістігінің қимыл атауы
Бастау 2. зат. бұлақ, өзен суының басталатын жері 
Бауыр 1.зат. адамзат, жан-жануардың ас қорыту таратушы ішкі
мүшесі
Бауыр 2. жан-жануардың алдыңғы, ішкі жағы, төс алды, өкпе тұсы
Бауыр 3. бірге туған, қандас, ағайындас адамдар 
Бауырлас 1.сын. а) бірге туған, туыстас 
ә) арманы, ой-тілегі бір, дос-жар, туған (ел) 
б) мөлшерлес 
Бауырлас 2.ет. а) туыстасу, жақын болу, достасу
ә) бір-бірімен үласу, жалғасу 
Бәйге 1. зат. ат жарыс, ойын
Бәйге 2. сыйлық, жүлде 


268 
Бәс 1.зат. ерегескенде, бәсекелескенде тігілетін төлем ақы
Бәс 2.зат. баға, құн, нарық 
Безер 1.ет. а) бедірею, міз бақпай мелшию, сазару, саздану 
ә) құлазу, мелшию, сұрқай тарту 
Безер 2.сын. қиқар, бір бет, айтқанға көнбейтін қыңыр 
Бейне 1. зат. а) тұлға, кескін, келбет; ә) мүсін, сымбат, пішін 
Бейне 2. зат. а) кейіпкер, образ, тұлға; ә) кейіп, көрініс, көрік 
Бейне 3. шыл. а) секілді, сияқты, тәрізді, ұқсас; ә)нағыз, дәл, кәдімгі 
Бек 1.зат.тар.әкім, хан тұқымы 
Бек 2.сын.бекем, мықты, берік
Бек 3.үст. өте, тым 
Бекініс 1.зат. қорған, қамал 
Бекініс 2. бекін етістігінен жасалған ортақ етіс 
Боздақ 1.зат. ботаның ақ жүні, түлегеннен соң шығатын жұмсақ,
ұлпа жүн
Боздақ 2.зат. үлпілдек жүнді тюлень
Боздақ З.зат. ер азамат, жас жігіт 
Болат 1.зат. құрыш 
Болат 2. асыл, мықты, берік 
Бояу1.зат. белгілі бір түске келтіру үшін жағылатын химиялық
зат
а) өңін айналдырушылық, жасандылық, жалғандық
ә) ерекшелік, мәнер
Бояу 2. боя етістігінің қимыл атауы 
Бөгет 1.зат. а) платина; ә) кедергі, тосқауыл, ілгішек
Бөгет 2. бөге етістігінен жасалған өзгелік етіс 
Бөгеу1.зат. а) бөгет, тосқауыл, кедергі; ә) кідіріс, аял, тоқтам 
Бөгеу 2. бөге етістігінің қимыл атауы 
Бөлектеу 1.сын. а) оңашалау, алыстау 


269 
ә) айрықшалау, басқашалау, ерекшелеу
Бөлектеу 2. бөлекте етістігінің қимыл атауы 
Бөрту 1.ет. а) суды бойына тартып алу, ісіну; ә) бүршік ату, көктеу
Бөрту 2.ет. денеге ұсақ бөрткен шығу 
Бұлақ 1.зат. қайнар, көз, кішігірім су, бастау
Бұлақ 2. құлақтан ағатын ірің, ауру 
Бұлау 1.зат. а) ауырған жерді ыстық бумен булайтын халық емі 
ә) қиналып, қысылғанда шығатын тер
Бұлау 2. бұла етістігінің қимыл атауы, көз жасын көл қылу 
Бұршақ 1. зат. жауын-шашын 
Бұршақ 2.зат.ұрығы қабық ішінде орналасқан дақылды өсімдік,
оның дәні
Бұршақ 3. қозы-лақ байлайтын түйнекті жіп 
Бытыра 1.зат. қорғасыннан ұсақ етіп, домалақтап жасалған
мылтық оғы
Бытыра 2.ет. шашырап, тарап бет-бетіне кету 
Даңғара 1.көне. а) бір жақ бетіне тері қаптап, ішкі жағына 
сылдырмақ темір тағылған дыбысы күшті музыкалық аспап
ә) данғаза, айғай-шу
Даңғыра 2. даңғырлау, саңғырлау 
Даурық 1.ет. а) дабырлап сөйлеу 
ә) құр дақпырт тарату, желігу, лепіріп-көпіру 
Даурық 2.зат. айғай-шу, дабыр 
Дәм 1.зат. түрлі тағамдардың әсерінен ауыз қуысында пайда
болатын сезім, түйсік
Дәм 2.зат. ас, тағам, тамақ 
Декрет 1.зат. жоғарғы өкімет орнының заң есебінде шығарған
қаулысы,указ, нұсқау, заң
Декрет 2.зат. екі қабат әйелдерге берілетін заңды демалыс 


270 
Дода 1.зат. а) екі жаққа тең бөліп тартысатын көкпар;
ә) өмір талқысы
Дода 2. бір бума, бір топ, бір бөлек 
Долы 1.сын. а) ыза кернеген, булықпа, ызақор 
ә) алай-түлей, күшті
Долы 2. жерг. бұршақты, жаңбырлы дауыл 
Дөңгелек 1. а) арбаны т с.с. қозғалысқа келтіретін шеңбер,
доңғалақ 
ә) майға піскен жұқа нан; б)шеңбер 
Дөңгелек 2. шар сияқты, шеңбер тәрізді сопақ емес, сызық 
Дөңгелектеу 1.сын. дөңгелекше келген, домалақтау 
Дөңгелектеу 2. дөңгелекте етістігінен жасалған қимыл атауы 
Дүрлігіс 1.зат. абыржушылық, үрейленушілік
Дүрлігіс 2. дүрлік етістігінен жасалған ортақ етіс 
Ебелек 1.бот. сабағы дөңгеленіп келген бір жылдық шөп 
Ебелек 2.тех. комбайнның астық сабағын жығу үшін жасалған
қалақтары 
Ебелек 3.кәс. шыр айналған нәрсенің бейнесін көрсететін ою 
Ебелек 4.физ. жылтыр заттың жарыққа шағылысуынан пайда болған
сәуле 
Егеу 1. зат. металл заттарды егеп өңдейтін, жұқартатын, кесетін,
өткірлейтін құрал, аспап 
Егеу 2. «еге» етістігінің қимыл атауы 
Егіз 1.сын. а) бір анадан туған екі бала не екі төл 
ә) қос, екі, жұп; б) сыңары, серігі, жұбы 
Егіз 2.зат. бейненің не суреттің жұп-жұбымен, екі-екіден қайталанып
келетін өрнек атауы 
Ез 1.ет. а) сұйық күйге айналдыру, еріту ә) мыжу, мыжғылау 
Ез 2. а) жаншу, жаныштау, таптау ә)қайғы-мұңға батыру, еңсесін басу 
Ез 3. қанау, құлдықта ұстау, еңбегін пайдалану 
Ез 4.а) сын.ынжық, жасық, шірік, бос; ә) бейшара, қор, мүсәпір; 


271 
б) ығыр қылған, мезі еткен, жалықтырған 
Езуші 1.зат. езетін, езу ісімен шұғылданатын
Езуші 2.зат. қанаушы, құлдықта ұстаушы, жеуші 
Ек 1. а) егін егу, тұқым себу, өсімдік өсіру, отырғызу;
ә) тарату, үгіттеу
Ек 2. мед. ине сұғу, қорғау таяқшасын жіберу 
Екпе 1.сын. табиғи емес, егілетін 
Екпе 2.мед. белгілі бір жұқпалы ауруға қарсы егу ісі 
Екпін 1.зат. а) күштің пәрмені, серпіні; ә) күш, қарқын, тегеурін
Екпін 2. линг. бір буынның көтеріңкі айтылып, айқын естілуі 
Елірме 1. а) елең-елең етіп, жалт бергіш, үркек;
ә) қызба, даурықпа, даңғой
Елірме 2. психикалық ауру 
Еңкіштеу 1.сын. а) еңкектеу, бүкірейіңкі; ә)майысыңқы, иіліңкілеу 
Еңкіштеу 2. «еңкіште» етістігінің қимыл атауы 
Ерегес 1.зат. өштесушілік, тартысушылық, егесушілік 
Ерегес 2.ет.а) тартысу, тіресу, өштесу, егесу; ә) қырсығу, қасарысу 
Еркіндеу 1. беттілеу, өткірлеу, батылдау 
Еркіндеу 2. «еркінде» етістігінің қимыл атауы 
Есе 1.зат а) тиесілі үлес, сыбаға, ақы; ә) бөлік, бөлшек; б) ыза, кек
Есе 2.зат. салыстырмалы түрде артық, кем мөлшері 
Есектік 1.зат.ақымақтық, надандық, топастық
Есектік 2.сын. есекке лайықтылық, есекке тән 
Ескерту 1.зат.мінезіне байланысты айтылатын пікір, ескертпе
Ескерту 2.ескерт етістігінің қимыл атауы 
Ескілік 1.зат. бұрынғы, ескі қоғамнан кертартпа салт-санасы
Ескілік 2.сын. а) ескіге тән; ә) кәрі, көне 


272 
Естірту 1. «естірт» етістігінің қимыл атауы
Естірту 2. кісі өлімі жайлы хабарлау, айту 
Есірік 1.сын. а) есерсоқтық, есуас, жынды сүрей;
ә) құтырынған, жынданған
Есірік 2.зат. жан-жануарларды жындандыръш, құтыртатын ауру 
Жабағы 1.зат. алты ай мен бір жас аралығында жылқы төлі 
Жабағы 2.зат. қой мен түйе малының жазғытұрымғы ұйысқан қысқа
жүні 
Жабу 1.зат. а) ат-көліктің үстін суық тигізбеу үшін бүркеп қоятын
жамылғы
ә) қазақ үйдің киіз есігі
Жабу 2. «жап» етістігінің қимыл атауы 
Жабулы 1.а) үстінде жабуы бар; ә) бүркелген, тасаланған, бекітулі 
б) жасырын-жабық, белгісіз;
Жабулы 2.үст. ашық емес 
Жаға 1. киімнің бір бөлігі 
Жаға 2. жағалау, жиек, кемер, қабақ 
Жағалас 1.зат. жанжалды, тайталас, алыс-жұлыс айқас 
Жағалас 2.ет. а) жағалас етістігінен жасалған ортақ етіс;
ә) тайталасу айқасу; б) қосамжарласып, араласу, қоса
қабаттасу 
Жағалық 1.зат. сулы алап жанындағы жер шеті
Жағалық 2.зат. жаға боларлық бұйым 
Жадау 1.сын.а) арықтаған, азған, жүдеген;
ә) күйі кетіп өлсіреген, күйі кеткен
Жадау 2. «жада» етістігінің қимыл атауы 
Жабық 1.сын. ашық емес, жабулы, бекітулі
Жабық 2.зат. үздік пен туырлықтың қосылған жері 
Жағалау 1.зат. сулы алап жанындығы құрылық жиегі


273 
Жағалау 2. «жағала» етістігінің қимыл атауы 
Жайма 1.зат. үстіне зат қою үшін құрастырылған ағаш қаңқа,
өре 
Жайма 2.сын.а) жадағай, жайдақ; ә) жұқа нан, қамыр 
Жақындау 1. «жақында» етістігінің қимыл атауы
Жақындау 2.сын. а) белгілі бір тұсқа тақау, таяу;
ә) арасы жуық, туыстау 
Жалғас 1.ет. а) «жалға» етістігінен жасалған ортақ етіс; 
ә) тиес қосылу, ұштаса, ұласу; 
б) бір-бірімен байланысып, хабарласу 
Жалғау 2. «жалға» етістігінің қимыл атауы 
Ж Жалғау 3.зат. а) этногр. бір жіпке септелетін екінші жіптің үзігі
ә) грам. сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша 
Жасырын 1.сын. а) құпия, ешкімге білдірмей, сездірмей; 
ә) қалтарысы бар, көзден таса 
Жасырын 2.ет. тығылу, бой тасалау, ұрлану 
Жасау 1. «жаса» етістігінің қимыл атауы
Жасау 2.зат. жиһаз, үй мүлкі 
Жаттығу 1.зат. а) дағдылану процесі; ә) дене шынықтыру 
Жаттығу 2.зат. оқыту процесіндегі әдіс 
Жаттығу 3.қимыл атауы жаттық-у 
Жатық 1.сын.а) тигіс, жатыңқы; ә) жазық; б) жарасымды, көңілге
қонымды
Жатық 2.ет. үйлесім табу, жарасу 
Жатын 1.зат. а) бот.өсімдіктің аналық мүшесінің негізгі бөлігі 
ә) сөйл. жатыр
Жатын 2.сын. жатып-тұратын, ұйықтайтын бөлме, үй 
Жатыс 1.орт.етіс. жат-ыс
Жатыс 2.зат. жатқан қалып, күй 


274 
Жау 1.зат. а) шапқыншы, шабуылшы;
ә) дұшпан;
б) зиянды, кесірлі
Жау 2. а) нөсерлеу, жауу; ә) қаптап кету, көбею 
Жауыр 1.а) көліктің арқасындағы жарақат;
ә) титықтаған күш көлігі
Жауыр 2. жауыр болу, арқасы кету 
Жегіс 1.орт.етіс. жек-іс 
Жегіс 2.зат. арба, шанаға жегуге жарайтын күш-көлік 
Жеделдеу 1.қ.атауы. жедедде-у 
Жеделдеу 2.сын.тездеу, асығыстау 
Жекелеу 1.қимыл атауы: жеке-леу
Жекелеу 2.сын. жеке, оңашарақ 
Жекеше 1.зат. дербес шаруашылық
Жекеше 2.зат.линг.жекелік үғымды білдіретін грамматикалық
категория 
Жел 1.зат.а) ауаның ағымы; ә) баянды емес, өткінші 
Жел 2.зат. ызғарлы желден болатын ауру 
Жел 3.ет. аяң мен шабу аралығындағы қатты жүру 
Желбегей 1.үст. сырт киімді иыққа іле салу
Желбегей 2.зат. жауыннан, қорғану үшін жамыла салатын жеңсіз
сырт 
Желден 1.ет. жел тұру, жел соғу 
Желден 2.ет. суық тиіп ауру, желі көтерілу 
Желең 1.зат.кең, жұқа шапан
Желең 2.үст. жеңіл-желпі, желбегей 
Жемсау 1.зат. құстың жемі тұратын, жиналатын орны, бөтеге 
Жемсау 2.зат. мед.кеңірдек, қалқанша безінің ісіп ауруы, зоб 
Жемір 1.ет.а) құрту, мүжу; ә) сыздақтата ішу, жұту, сіміру 


275 
Жемір 2. жайып қойған кірді, бау-шуды шайнап жеп қоятын мал 
Жеңілдеу 1.қ.атауы. жеңілде-у 
Жеңілдеу 2.сын. салмағы аздау, онша ауыр емес 
Жеңіс 1.орт.етіс.жең-іс 
Жеңіс 2.зат.соққы бергендік, бетін қайтарғандық, жеңгендік 
Жеміс 1. өнім
Жеміс 2. нәтиже, қорытынды 
Жеті 1. сан. алтыдан кейінгі сан 
Жеті 2.зат. апта, бір жүма 
Жиналыс 1.орт.етіс. жинал-ыс
Жиналыс 2.зат. кеңес, мәжіліс 
Жоқта 1.ет.өлген адамды өлеңге қосып жылау, зарлау, жоқтау айту
Жоқта 2. жоқ нәрсені іздеп сұрау салу 
Жоқтаушы 1.зат. жоқ іздеуші, сұрау салушы адам
Жоқтаушы 2.зат. қайтыс болған адамның артынан дауыс салып
жылаушы 
Жолдан .ыр. етіс. жолда-н 
Жолдан 2.ет. көне. жолға шығу, сапарға аттану 
Жолдас 1.зат. жолға, сапарға шыққан адамның қасындағы серігі
Жолдас 2.зат. қарым-қатынасы, көңілі жақын, сыйлас, дос-жар адам
Жолдас 3.зат. құрсақтағы бала кіндігі арқылы жалғасып жатқан мүше 
Жөн 1.зат. а) мән, мәніс, сыр, жағдай; ә) ыңғай рет, орны
Жөн 2.зат.жол, жоралғы, әдет-ғұрып 
Жуандау 1.сын. жуанырақ, толықтау 
Жуандау 2.қ.атау. жуанда-у 
Жуықта 1.ет. жуық келу, жақындау 
Жуықта 2.үст. жуырда, жақын арада, таяуда 


276 
Жұбайлас 1.зат. ерлі-зайыпты адам
Жұбайлас 2.ет. қосылу, қосақтасу, бірігу 
Жұқ 1.ет. шаң-тозаң, бояу т.б. заттардың екінші затқа жағылуы,
жабысу 
Жұқ 2.ет. тамақтың бойға сіңуі, таралуы 
Жұқ 3.зат. жұқпалы аурудың басқаларға таралуы, жайылуы 
Жұлдыз 1.зат.астр. аспан денесі 
Жұддыз 2.зат.көне. жылдың он екіден бір бөлігі, ай 
Жұлдыз 3.зат. бес бұрыш етіп жасалған айырым белгі, эмблема 
Жұқалау 1.сын.а) жұқарақ, жұқалаңдау; ә) арықша, қағілездеу 
Жұқалау 2.қ.атау. жұқала-у 
Жұмбақтау 1.қ.атау. жұмбақта-у (астарлау, тұспалдау)
Жұмбақтау 2.сын. жасырындау, түсініксіздеу 
Жұмыр 1. сын.оқтау сияқты доғаланып келген, ешқандай қыры жоқ 
Жұмыр 2. зат. асқазан, қарын 
Жұмыр 3. малдың қарнынан жасалған ыдыс 
Жұмырлау 1.қ.атау. жұмырла-у (домалақтау, қуыстау, қақтау) 
Жұмырлау 2.сын. аздап жұмыр 
Жұрнақ 1.зат. бұрынғыдан қалған белгі, қалдық 
Жұрнақ 2.зат. грам. сөз аяғына жалғанатын қосымша 
Жұрт 1.зат. ел, халық, әлеумет 
Жұрт 2.зат. көшіп кеткен елдің орны, үй тіккен жер 
Жүдеу 1.қ.атау. жүде-у 
Жүдеу 2.сын. азғындау, арықтау 
Жүздік 1.зат. жүз адамнан құралған жасақ 
Жүздік 2.зат. математикадағы кластар тобының бірі 
Жүкті 1.сын. жүк артылған, жүк тиелген 


277 
Жүкті 2.сын. екіқабат, аяғы ауыр 
Жылауық 1.сын. жылауға бейім, жылағыш 
Жылауық 2.зат. жан-жануардың ішкі құрылысында болатын
кішкене қалташық 
Жылдамдау 1.қ.атау. жылдамда-у 
Жылдамдау 2.сын. шапшаңырақ, тезірек 
Жылу 1.зат.а) күннен, оттан берілетін қызу; 
ә) адам денесінде, киімде, топырақта сақталатын жылылық 
б) ауыс. мейірімділік, қайырымдылық, жылылық 
Жылу 2.зат. көмек, жәрдем 
Жылымшы 1.а) жылылау, жылырақ;
ә) ащы мен тұщының аралығындағы дәм
Жылымшы 2.ет. жылымшы тату 
Жылыс 1.ет.а) ақырын жылжу, сабырсыз қозғалу, сырғу 
ә) тайып отыру,сырғақтау 
Жылыс 2.зат.көне. босқын 
Жарықтау 1.қ.атау. жарықта-у 
Жарықтау 2.сын. алысырақ, шалғайлау, бұрыстау 
Жымдас 1.сын.ымы-жымы бір, жемтіктес
Жымдас 2.ет. жігі білінбей тұтасып, кірігіп тұру 
Жыртыс 1.зат. матадай сыйлық 
Жыртыс 2.орт.етіс. жырт-ыс 
Иен 1.зат.қүла түз, айдала 
Иен 2.сын.а)үщы-қиыры жоқ, кең, мидай ә)қисапсыз көп, қалың,
нөпір
Иен 3.сын.иесіз, қараусыз, тегін, бос, оңаша 
Иықтас 1.зат.иығымен бірдей, бойы қатарлас 
Иықтас 2.орт. етіс. а) иықта-с; ә) қатарласу, кеңесу 
Кейінде 1.ет. соңғы жағында, артта қалу, озбау 


278 
Кейінде 2.үст. а) артта, кейінгі жақта; ә) соңында, ақырғы жақта 
Кейіс 1.зат. реніш, күйініш, қайғы, қапа, кейігендік 
Кейіс 2.орт.етіс. кейі-с 
Көктес 1.орт.етіс. көкте-с 
Көктес 2.зат. көктесу, өштесу, қастасып жүрген адам 
Кемсін 1.ыр.етіс. кемсі-н
Кемсін 2.сын. кем, кемістігі бар 
Кенжелеу 1.қ.атау. кенжеле-у
Кенжелеу 2. кейіндеу, кештеу 
Кең 1.сын мөлшерден тыс, мол, тар емес көлемді, аумақты 
Кең 2.үст. кеңінен, молынан, көптен емін-еркін, жайбарақат 
Кеңес 1. ет. әңгімелесу, сөйлесу, сұқбаттасу 
Кеңес 2.зат. мәжіліс, жиналыс 
Кеңес 3. зат. тарих.мемлекеттік үкімет орны 
Керней 1.зат. темір пештің, самаурынның түтінін тартқызу үшін 
қаңылтырдан ішін қуыстап жасаған бұйым
Керней 2.зат. мойнын ұзынша етіп, жезден жасаған үрмелі музыкалық 
аспап 
Керіл 1.зат. экспр. қызыл өңеш ұрыс, керіс, дау-жанжал 
Керіл 2.ыр.етіс. кер-іл 
Кескір 1.сын. кесіп түсетін, лыпып тұрған, өткір
Кескір 2.зат.диал. темір кескіш 
Кетік 1.зат. сынық, опырылып, жемірілген, қопарылған жер
Кетік 2.зат. кемшілік, олқылық, жетімсіздік 
Кетіс 1.орт.етіс кет-іс
Кетіс 2.зат. беталыс, жөнеліс 
Кеуделік 1.зат. көкіректік, даңғойлық, менмендік


279 
Кеуделік 2.зат. кеуденің алдыңғы жағы, көкірек 
Кеш 1.зат. ымырт жабылып, қараңғы түсіп, қас қарайған мезгіл
Кеш 2.зат. ойын-сауық, жиын-той, жиналыс 
Кеш 3. кейін, соң 
Кештік 1.сын. бір кешке жететін
Кештік 2.зат. кешке ішетін тамақ
Кештік 3. кеш қалғандық, кешеуілдік, кешіккендік 
Кешу 1.қ.атау. кеш-у 
Кешу 2.зат. өлер алдындығы қоштасу, кешірім сөзі 
Киініс 1.орт.етіс. киін-іс 
Киініс 2.зат. киім кию үлгісі, мәнері 
Клетка 1.зат.биол. организм құрылысындағы ең кішкене бөлшек 
Клетка 2.зат. шағын бөлшектерге бөлінген жер, орын 
Көбе 1.зат.тырнақтың айналысындағы жиек еті 
Көбе 2.зат.көне. батырлар киген сауыт, темір қаптама 
Көгілдір 1.сын. көкшіл, көк түсті
Көгілдір 2.зат. аққудың балапаны 
Көздей 1.сын. көз сияқты кішкентай 
Көздей 2.зат.диал. кішкентай ыдыс, көзгелдек тостаған 
Көк 1.сын. ашық, аспан тәрізді түс
Көк
 
2.зат.түпсіз, тұңғиық әсем, аспан
Көкек 1.зат. «көкек-көкек» деп үн шығаратын алақұс 
Көкек 2.зат. наурыздан кейінгі ай 
Көкше 1.сын. көгілдір тартқан, көкшіл
Көкше 2.зат.биол. көгілдір түсті балық 
Көлем 1.зат.заттың аумағы, мөлшері ә/шегі, аясы
Көлем 2. көрші-көлем қос сөзінің екінші сыңары 


280 
Көлеңкелеу 1.қ.атау. көлеңкеле-у
Көлеңкелеу 2.сын. күн аз түсетін, салқындау 
Көмбе 1.зат. қымбат заттардың қоймасы 
Көмбе 2.сын. отқа көміп пісірілген
Көмескілеу 1.сын. бұлыңғырлау, күңгірттеу 
Көмескілеу 2.қ.атауы. көмескіле-у
Көрімдік 1. көз көрімдік, көзбен көрерліктей 
Көрімдік 2.зат. салт.сыйлық, көз ақы
Көріс 1.орт.етіс. көр-іс а) кездесу, амандасу; ә) дауыс ету
Көріс 2.қ.атау. көр-іс 
Көсеу 1.қ.атау. көсе-у 
Көсеу 2.зат.ұзын темір сырық, сүймен
Көтергіш 1.зат. жүк көтеретін, тиейтін техника 
Көтергіш 2.сын.төзімді, шыдамды, көнбісті 
Көш 1.зат. қоныс аударған ауыл тізбегі, керуен 
Көш 2.ет. ауысу, жағдайды өзгерту 
Күздік 1.зат. күзде отыратын жер
Күздік 2.зат.күзде егілетін дәнді дақыл 
Күзет 1.зат.қарауыл, сақшы 
Күзет 2.ет.қарауылдау, сақшылық ету 
Күйік 1.зат. а) денедегі күйген жер, орын; ә) өрт шалған, өртенген
Күйік 2.ет. ысып кету, қызу 
Күнделік 1.зат. дәптер, журнал 
Күнделік 2.сын.күнделікті, күн сайынғы, әр күнгі 
Күндес 1.зат. а) күйеуі бір әйелдер; ә)бақталастық, қызғаншақ 
Күндес 2.орт.етіс. күнде-с 


281 
Күңіреніс 1.зат. қайғы, шер Күңіреніс 2.орт.етіс. күңірен-іс 
Күп 1.зат. қымыз құюға арналған мес, тері қап 
Күп 2.ор.зат. суды сақтауға не қайнатуға арналған темір ыдыс 
Күп 3.зат. сайдың тұйық, ояң жерлеріне иірілген су 
Күрес 1.зат. а) күш сынасу ә) шайқас, соғыс, қақтығыс
Күрес 2.ет.орт.етіс. күре-с 
Кідіріс 1.зат. іс-әрекет, қимыл-қозғалыстағы уақытша 
Кідіріс 2.орт.етіс. кідір-іс 
Кіжініс 1.зат.реніш, ашу, ыза 
Кіжініс 2.орт.етіс. кіжін-іс 
Кірме 1. келімсек ауып келген 
Кірме 2.зат. көлдердің кіре берісіндегі шығанақтар 
Қабат 1.зат. қат-қат болған заттың бір қатары
Қабат 2.үст.дүркін, рет
Қабат 3.үст.бірге, қатар, қоса 
Қада 1.зат. жерді қазып орнатылған діңгек
Қада 2.ет. жерге кіргізу, орнату 
Қажы 1.ет.шаршау, шаддығу, қалжырау 
Қажы 2.зат.діни.мұсылман, әжі, мекеге барған құдай жолындағы адам 
Қадірлес 1.сын. бірін-бірі сыйлайтын, қадірлейтін адамдар
Қадірлес 2.орт.етіс. қадірле-с 
Қазба 1.зат. жер қазатын, тексеру жұмыстары 
Қазба 2.сын. қазып көп сөйлейтін, мазасыз, жайсыз 
Қазықша 1.зат. кішкене қазық 
Қазықша 2.үст. қазық сияқты, қазық тәрізді 
Қазына 1.зат. дүние-мүлік, жиһаз, материалдық байлық
Қазына 2.зат.сөйл. өкімет, мемлекет, қоғам 


282 
Қайғырыс 1.ет.орт.етіс қайғыр-ыс
Қайғырыс 2.зат.шерлі, мүңды күйзеліс, қамығыс 
Қайрат 1.өзг.етіс. қаира-т, өткірле-т 
Қайрат 2.зат. күш-қуат, қажыр, жігер 
Қайтпас 1.сын. алған бетінен қайтпайтын, қайсар
Қайтпас 2.сын. қайтпас, оралмас, келмес 
Қайшы 1.зат. жүздері қарама-қарсы бекітілген метал құрал 
Қайшы 2.сын. Бір-біріне қарама-қарсы, кереғар, үйлеспейтін 
Қайшылас 1.ет. а) арлы-берлі, ерсілі-қарсылы қозғалу; ә)керсінше
айту
Қайшылас 2.сын. қарама-қарсы, қайшы 
Қайыр 1.ет. бағытын бұру, қайрату
Қайыр 2. кері қарай тұру, көтеру 
Қайырма 1.зат. киімнің кері қайрылған бөлшегі не қайтарылып
тігілген жері 
Қайырма 2.зат. әннің қайталанып отыратын бір бөлігі 
Қайырма 3.зат. мылтықтың шаппасы орналасқан, жылжымалы бөлігі,
зат 
Қақ 1.ет. тазарту үшін сілку, соғу
Қақ 2. жайлап ұру, тықылдату
Қақ 3.бір нәрсені кіргізу, қадау, бекіту 
Қақтама 1.зат. табаға не қазанға қақтап пісірілген нан
Қақтама 2.сын. күйіп тұрған, өртеніп түрған 
Қалау 1.қ.атау. қала-у 
Қалау 2.зат. бұйымтай, қолқа 
Қалқан 1.зат.көне. батырлардың қорғаныс қүралы 
Қалқан 2.құлақтың қалқиған жері 
Қалқан 3.зат.астр. экскаваторлық шағын шоқ жұлдызы 


283 
Қамал 1.зат. қорғаныс, бекініс, қорған
Қамал 2.зат.сөйл. амал, айла
Қамал 3.ырық.етіс. қама-л 
Қамау 1.зат. абақты, түрме
Қамау 2.қ.атау. қама-у (малды қамау) 
Қамсыздандыру 1.ет. а) қамтамасыз ету, қамсыз ету;
ә) дүниені әлеуметтік тұрғыдан қорғау 
Қамсыздандыру 2.қ.атау. қамсыздандыр-у 
Қамырық 1.зат. қайғы-шер, уайым, азапты мұң
Қамырық 2.ет. шерлі болу, қамығу, уайымдау 
Қандас 1.сын. шығу тегі бір, бауырлас
Қандас 2.орт.етіс. қанда-с (Майдандас, қандас болған жандар ғой) 
Қанаттас 1.сын. а) іргелес, көршілес, жалғас; ә) қатарлас, замандас
Қанаттас 2.ет. шектесу, жалғасу, іргелесу 
Қажығалас1.сын. жорықтас, майдандас 
Қажығалас 2.ет. а) қатарласып қалмау, үзеңгілесіп жүру;
ә) теңесіп, жарысу 
Қанық 1.сын. мән-жайға әбден жетік, емін-еркін білетін
Қанық 2.ет. әбден түсініп білу, егжей-тегжейге көз жеткізу 
Қаңғыр 1.зат. қаңғырлап шыққан дыбыс
Қаңғыр 2.ет. қаңғу,тентіреу, кезу
Қапыл 1.үст. аяқ астынан, кенет, оқыс
Қапыл 2.ет.диал. әбігерге түсу, асып-сасу 
Қараңғылау 1.қ. қараңғыла-у
Қараңғылау 2.сын. жарығы аз, күңгірт 
Қарас 1.орт.етіс: қара-с (Түнде осында қалып малын қарас) 
Қарас 2.зат. назар аударғандық, тесіле қарағандық 


284 
Қарсылас 1.зат. күндес, бақталас, қарсы жақ
Қарсылас 2.ет. қарсы әрекет істеу, алысу, жұлысу 
Қарулас 1.сын. майдандас, бірге соғысқан
Қарулас 2.ет. қарумен қарсы шығу, соғысу 
Қатынас 1.зат. қарым-қатынас, байланыс, аралас 
Қатынас 2.орт.етіс. қатына-с 
Қауза 1.ет. қозғау салу, жөндеу, дайындау, әзірлеу
Қауза 2.ет. дайындау, тазалау, қауыздау 
Қашанғы 1.ес. қай уақытқа дейін? қай кезге шейін?
Қашанғы 2.сын.ежелгі, баяғы 
Қашаннан 1.қай кезден бері? 
Қашаннан 2.үст. ежелден, баяғыдан, көптен 
Қашықтау 1.сын. алыстау, шалғайлау, алшақтау
Қашықтау 2.қ.атау. қашықта-у 
Қиғаштау 1.сын. бұрыстау, қисықтау
Қиғаштау 2.қ.атау. қиғашта-у 
Қима 1.зат. ірі қараның бүйенге жалғас майлы ішегі
Қима 2.зат. екі нәрсенің қиылысқан, қосылған жері 
Қиық 1.зат. кескеннен қалған қалдық
Қиық 2.сын. қиғышталып қиылған, қиғаш 
Қиында 1.зат.қиынын келтіру, қиындастыру
Қиында 2.ет.қиындық молая түсу, бөгет, кедергі көбею 
Қиындау 1.сын.күрделі, ауырлау, қиынырақ
Қиындау 2.қ.атау.қиында-у 
Қиястау 1. қ. атау. қияста -у 
Қиястау 2.сын.қиғыштау, қисығырақ 


285 
Қобалжу 1.қ.атау.қобалжы-у 
Қобалжу 2.зат.дүрбелең, толқу, бас көтеру 
Қойыртпақтау 1.қ.атау. қойыртпақта-у
Қойыртпақтау 2.сын. шатасқандау, былықтау 
Қол 1.зат.анат. дене мүшесі
Қол 2.зат.көне. әскер, жасақ, жауынгер
Қол 3.зат.көне. жөн, ыңғай, лайық 
Қолтық 1.зат.анат.қолдың төспен ұштасқан тұсы 
Қолтық 2.зат.геогр. көл т.с.с.-дың құрылыққа ішкерілей жіңішкере
кірген бөлігі, қойнау 
Қонақжай 1.сын. қонақуар, меймандос 
Қонақжай 2.зат.сөйл.қонақүй, мейманхана 
Қоңырсы 1.ет.мұрын жарар иіс шығу, көңірсу
Қоңырсы 2.сын.сөйл. қоңырсық 
Қорған 1.зат. қоршау, дуал, биік қабырға
Қорған 2.өзд.етіс. қорға-н 
Қорлан 1.ет. ашу, ыза кернеу, кекке булығу, күйзелу
Қорлан 2.ет. бір нәрсенің мол жиналуы, баю, көбею 
Қоршау 1.зат. а) бөгет, қорған; ә) қамалау, қаумалау, ортаға алу
Қоршау 2.зат. түйенің үстіне жан-жағын қоршап жасалатын отыруға
арналған орын 
Қоспа 1.зат. а) қосынды; ә) бір нәрсенің құрамына қосылған зат
Қоспа 2.зат. екі нәрсенің қосылған, түйіскен жері 
Қоспа 3.зат. ірімшік не жармаға май мен қант қосылып жасалған
тағам, жент 
Қоста 1.ет. дұрыс деп табу, мақұлдау, қолдау
Қоста 2.ет. қосқа лайықтап жылқы бөлу, қос-қос етіп топтау 
Қосымша 1.сын. қосалқы, жанама 


286 
Қосымша 2.зат.линг. түбір сөзге қосылатын жалғау, жұрнақ 
Құлақ 1.зат. есіту мүшесі 
Құлақ 2.зат.кәсіб. арықтағы суды жырып әкететін кішкене 
Құмар 1.сын. а) ынтық, ынтызар, асық;
ә) уәуес, үйір, құштар, қызықтағыш
Құмар 2.зат. ақша, мал-мүлік салып ойнайтын карта, асық ойындары 
Құн 1.зат.тар. айыпкер тарапынан мал басымен төленетін төлем, ақы
Құн 2.баға, ақысы, экономикалық категория 
Құныс 1.зат. жаурыны, белі сыртқа шығып біткен бүкір
Құныс 2.ет. бүкшию, бүкірею, иілу 
Құрау 1.қ.атау. құра-у 
Құрау 2.сын. бүтін емес, құрақ, жамау, құрсауланған 
Құрғақ 1.зат. құрылық, құрғақ жер
Құрғақ 2.сын. су емес, дымқыл емес, кебу 
Құрдым 1.зат. өзеннің суға сіңіп, жоқ боп кеткен аяқ жағы, соңы
Құрдым 2.сын. құрыған, оңбаған, ант ұрған 
Қыдыр 1.ет. біреудің үйіне шақырусыз бару, ас ішу
Қыдыр 2.ар.діни. ел аралап жүретін адам бейнелі «әулие» 
Қызба 1.сын. қызу қанды, көтеріліп кететін, ұстамсыз 
Қызба 2.зат.мед. қан қысымы арту не кемуінен болатын ауру 
Қызу 1.зат. ыстық леп, жылу табы
Қызу 2.сын. жігер-қайраты тасыған, жалынды, албырт 
Қызық 1.сын. қызғылықты, тартымды, тамаша 
Қызық 2.сын. көңілге қонымды, тамаша, қызықты, таң қаларлық 
Қылти 1.ет. бүршік көрініп, енді ғана біліне бастау
Қылти 2.ет. жылти 


287 
Қылтанақта 1.ет. балық тегіндегі ұсақ сүйек талшықтарын ажырату, 
бөліп шығару 
Қалтынақта 2. әр жерден қылтиып көріне бастау 
Қымбаттау 1.қ.атау. қымбатта-у
Қымбаттау 2.сын. баға-нарқы белгілі шамадан артықтау, құны жоғары 
Қырқыс 1.зат. қиян-кескі ұрыс, соғыс
Қырқыс 2.ет. өзара таласу, тартысу, қырық пышақ болу 
Қырсық 1.зат.кесір, кедергі, кесапат, пәле
Қырсық 2.сын. бір бет, қыңыр 
Қырсық 3.ет. айтқанға көнбеу, қыңырлану, қиқарлану
Қырқынды 1.зат. өрмек жіптердің тоқуға келмей, қиылып алынған
жері
Қырқынды 2.зат. шөптің қалдығы, көшек 
Қырыл 1.ет. тыныс тарылғанда шығатын дыбыс 
Қырыл 2.ыр.етіс. қыр-ыл 
Қысаң 1.сын. а) ені тар, енсіз;
ә) линг.ауыз қуысынан тар шағылуынан жасалған келте
дауысты дыбыс
Қысаң 2.сын. қысылтаяң, қысылшаң, қысталаң 
Ластау 1.қ.атау: ласта-у 
Ластау 2.сын. былғыныштау, кірлеу 
Лөкет 1.зат. үлкен жалпақ пышақ
Лөкет 2.зат.диал. соқаның жүзі 
Мақтан 1.зат. мақтаныш, бетке ұстар нәрсе
Мақтан 2.өзд.етіс: мақта-н 
Мақтау 1.зат. еңбегін жоғары бағалау 
Мақтау 2.қ.атау: мақта-у 
Маңайлас 1.сын. іргелес, жуықтас, жақынырақ


288 
Маңайлас 2.ет. жақындасу, қатарма-қатар келу, жуықтасу 
Мәжілістес 1.сын. мәжілісте бірге болған, жиындас
Мәжілістес 2.ет. мәжіліс құр, бас қосып әңгімелес 
Меңгеру 1.қ.атау:меңгер-у 
Меңгеру 2.зат.грам. синтаксистік байланыс 
Ми 1.зат. орталық нерв жүйесінің ең басты мүшесі
Ми 2.зат. батпақты, балшықты жер 
Мимырататау 1.қ.атау: мимыратта-у
Мимыраттау 2.сын. баяулау, шабандау 
Мөлтекте 1.ет. жаутаңдау, мөлдіреу 
Мөлтекте 2.ет. мөлтілдеу, шүпілдеу 
Мұқа 1.ет. кекеу, қағыту, мұқату
Мұқа 2.ет. жаны жасу, мою, беті қайту 
Мұңдас 1.сын.сырлас, пікірлес 
Мұңдас 2.ет.бір-біріне мүңын айту, сырласу 
Мүше 1.зат. дененің басты бөлігі: қол, аяқ т.б.
Мүше 2.зат. ұйымның құрамына кіретін адам
Мүше 3.зат. сыйлық, тарту, таралғы 
Мініс 1.зат. мінетін ат, жарайтын көлік
Мініс 2.орт.етіс: мін-іс 
Нашарлау 1.қ.атау: нашарла-у 
Нашарлау 2.сын. а) сапасы төменірек, жаманырақ; ә) кедейлеу 
Ноқат 1.зат. кішкентай ғана қара дақ 
Ноқат 2.зат. бұршақ тұқымдас мәдени дақыл 
Нұсқау 1.қ.атау: нұсқа-у 
Нүсқау 2.зат. орындалуын көрсететін жөн-жоба, кеңес 


289 
Нығыздау 1.қ.атау: нығызда-у
Нығыздау 2.сын. тығыздау, мықтырақ 
Ойыс 1.зат. ойлау келген, ойпаң жер 
Ойыс 2.орт.етіс.ой-ыс 
Одақтас 1.сын. а) бір одаққа енетін, одақ құрайтын; ә) серіктес
Одақтас 2.ет. бір одаққа бірігу, ұйымдасу, топтасу 
Ойлас 1.орт.етіс: ойла-с 
Ойлас 2.сын ойы бір жерден шығатын, пікірлес 
Ойнас 1.зат. тамыр, ашына
Ойнас 2.орт.етіс: ойна-с 
Оқу 1.қ.атау: оқы-у 
Оқу 2.зат. білім алу, игеру, меңгеру жолындағы ізденіс, іс-әрекет 
Олқылау 1.қ.атауы: олқыла-у 
Олқылау 2.сын. жетіспей жатқан, кемдеу 
Орау 1.қ.атауы: ора-у 
Орау 2.зат. бір нәрсенің сыртын ораған зат, орам 
Ортал ау 1. қ. атауы: ортал а -у 
Орталау 2.сын. а) толық емес, жартылау, кемдеу; ә) төмендеу, 
нашарлау 
Орташа 1. сын. қанағаттанарлық 
Орташа 2.зат. бай мен кедейдің ортасы, шаруа 
Отар 1.зат. бөлек бағылатын бір қора қой 
Отар 2.зат. тәуелсіздігінен айрылған, қаналған ел 
Өгізше 1.зат. піштірілген тайынша
Өгізше 2.сын. өгіз тәрізді, өгіз секілді 
Өктемдеу 1.қ.атауы: өктемде-у 
Өктемдеу 2.сын. басымдау, қарқынды, үстемірек 


290 
Өрен 1.зат. жас өспірім, жеткіншек
Өрен 2.сын. алдыңғы қатарлы, озат, үздік 
Өрмекші 1.зат.зоол.тор тоқитын буынаяқты жәндік
Өрмекші 2.зат.өрмек тоқушы адам 
Өскелеңдеу 1.сын. ұзындау, өсіңкі
Өскелеңдеу 2.қ.атауы: өскелеңде-у 
Өтес 1.орт.етіс: өте-с 
Өтес 2.зат. өтесін 
Өткел 1.зат. судың таяз жері 
Өткел 2.зат.диал. жол, кезек, мүмкіндік 
Өткірлеу 1.сын. а) өткірірек, күштірек; ә) батылдау, өжеттеу
Өткірлеу 2.қ.атауы: өткірле-у 
Паек 1.зат.ор. тиісті мөлшерде берілетін азық-түлік
Паек 2.көне. белгілеп, өлшеп берген жер, шағын участок 
Паналау 1.қ.атау: панала-у
Паналау 2.сын. тасалау, саялау 
Пейіл 1.зат. ниет, пиғыл, ықылас, көңіл
Пейіл 2.сын. ынтық, құмар, бейім, дайын 
Піш 1.ет. тігер алдындағы өлшеп, үлгіге салып кесу
Піш 2. а) еркек малдың енін сылып алып тастау, ақтау;
ә) баланы сүндетке отырғызу 
Райлас 1.ет. біреумен ой-пікірі бір болу, сыбайласу 
Райлас 2.сын. ұқсас, сәйкес, түстес 
Саба 1.зат. қымыз ашытатын ыдыс
Саба 2.ет.ұрып-соғу 
Сабылыс 1.зат. бос жүріс, құр әуре


291 
Сабылыс 2.орт.етіс. сабыл-ыс 
Сабақтас 1.сын. а) бір сабақтан өсіп-өнген, негізі бір;
ә) жалғас, сарындас, үндес 
Сабақтас 2.сын. бірге сабақ оқитын, мамандас, парталас 
Сабақтас 3.ет. бір-бірімен ұштасып байланысу, жалғасу 
Сайлау 1.ет. дауыс беру жолымен басқару ісіне халық өкілі ету
Сайлау 2.ет. дайындау, әзірлеу 
Салқындау 1.қ.атауы: салқында-у
Салқындау 2.сын. а) суықтау, ызғырлау; ә) көңілсіздеу, селсоқтау 
Салық 1.зат. мемлекеттік алым
Салық 2.ет.диал. зорығу, талықсу 
Салым 1.зат. екі мәре арасында тартылатын көкпар 
Салым 2.зат. бұйырған нәрсе, несібе 
Салым 3.шыл. қарай, таман, жуық 
Санат 1.зат. бір нәрсенің қатары, есеп 
Санат 2.ет.өзг.етіс сана-т 
Сарында 1.ет. а) әуендету, әндету; ә) баяндау, хабарлау
Сарында 2.ет. құлаққа ызыңдаған дыбыс келу, сарын естілу 
Сатыс 1.орт.етіс: сат-ыс 
Сатыс 2.сын. сатылатын, сататын 
Сауыт 1.зат. әр түрлі зат салатын, құятын ыдыс 
Сауыт 2.зат.көне. темірден тоқылған батырлар киетін киім 
Саябырлау 1.қ.атауы: саябырла-у 
Саябырлау 2.сын. жиі емес, баяулау 
Сәл 1.сын. азғана, шамалы, болмашы 
Сәл 2.сын.диал. халі мүшкіл, нашар, әл үстінде 
Себептес 1.ет. негіз, түрткі болу
Себептес 2.сын. бір амалдың жүзеге асу аспауына ортақ 


292 
Септе 1.ет. жіптің үзілген жерін қайта ширатып жалғау, біріктіру 
Септе 2.ет.линг. сөздерге септік жалғауының қосымшаларын жалғап 
түрлендіру 
Серпіліс 1.зат. көтеріңкі көңіл-күй, шабыт
Серпіліс 2.сын. серпіп тастайтын, серіппелі 
Сескеншектеу 1.қ.атауы: сескеншекте-у
Сескеншектеу 2.сын. жүрексіздеу, қорқақтау 
Сиректеу 1.қ.атауы: сиректе-у 
Сиректеу 2.сын. онша жиі емес, селдірлеу 
Соғыс 1.зат. қарулы күрес, шайқас, ұрыс
Соғыс 2.орт.етіс: соқ-ыс 
Сойыс 1.зат. союға жарайтын мал, сойым 
Сойыс 2.орт.етіс: сой-ыс 
Соқтығыс 1.орт.етіс: соқтық-ыс 
Соқтығыс 2.зат. қақтығыс, шайқас, күрес 
Сулық 1.зат. қолдың суын сүртетін орамал 
Сулық 2.зат. су, ылғал өткізбейтін сырт киім 
Сұқ 1.зат. ішіп-жеп қадалған көз 
Сұқ 2.ет. пісіп алу, енгізу 
Сүйен 1.зат.диал. мәтке үстіне салатын жіңішке ағаш 
Сүйен 2.өзд.етіс: сүйе-н 
Сүйірлеу 1.сын. үшкірлеу, сәл сүйір
Сүйірлеу 2.қ.атауы: сүйірле-у 
Сүйіс 1.зат. сүйгендік, сүюшілік
Сүйіс 2.орт.етіс: сүй-іс 
Сүю 1.ет. өбу 


293 
Сүю 2.ет. құмарту, ұнату, қалау 
Сынық 1.зат. сүйектің сынған, мертіккен жері 
Сынық 2.сын. быт-шыт боп сынған, қираған, күйреген 
Сырғақ 1.зат. көк мұз, жылтыр, тайғақ жер
Сырғақ 2.сын. табансыз, тұрақсыз, жеңілтек 
Сырлас 1.сын. көңілі жақын, ниеттес, пікірлес 
Сырлас 2.ет. сырымен бөлісу 
Тайталас 1.зат. талас-тартыс, егес, қақтығыс 
Тайталас 2.ет. сөзбен күшпен тіресу, таласып-тартысу 
Тақас 1.зат. талас-тартыс, егес 
Тақас 2.ет. ерегісу, егесу, таласу 
Тақау 1.сын. жақын, таяу, алыс емес
Тақау 2.ет. жуықтау, жақындау 
Тақырлау 1.қ.атауы: тақырла-у (шашын тақырлау етіп ал) 
Тақырлау 2.сын. сәл тақыр 
Талапкер 1.сын. талапты, тырысқыш, ұмтылғыш 
Талапкер 2.зат. үміткер, ақы тілеуші, жоқшы, сотқа арыз беруші 
Талас 1.зат. а) пікір тартысы, дау-керіс; ә) тайталас
Талас 2. ет. дауласу, тартысу 
Талдау 1.ет. салалау, тарамдау, бір-бірлеу 
Талдау 2.зат. анализ жасаушы, зерттеу 
Тамақ 1.зат. мойынның алдыңғы жағы, иектің асты
Тамақ 2.зат. ішем-жем, тағам, дәм, ас 
Тамсаныс 1.зат. таңырқаныс, таңданысқан іс
Тамсаныс 2.орт.етіс: тамсан-ыс 
Тамыр 1.зат. өсімдіктердің түбір тамыры 


294 
Тамыр 2.зат. қан жүретін жол, жүйе 
Тамыр 3.зат.дос-жар, көңілдес 
Тамырлас 1.сын. негіздес, шыққан жері бір, төркіндес
Тамырлас 2.ет. тамырын қатар жаю, бірге өсу, достасу 
Таныс 1.сын. бұрыннан білетін, танитын
Таныс 2.ет. білісу 
Таңсықтау 1.қ.атауы: таңсықта-у
Таңсықтау 2.сын. әуесқойлау, құмарлау 
Тартыс 1.зат. айқас, талас, күрес 
Тартыс 2.ет. белдесу, шайқасу, күресу, таласу 
Тасымал 1.зат. нәрсе, жүк, затты бір жерден екінші жерге жеткізу
Тасымал 2.зат. сыймаған сөз буынын екінші жолға бөліп жазу 
Таяу 1.үст. жақын, жуық, тақау
Таяу 2.ет. жақындау, жуықтау, тақау 
Тебін 1.зат. қар сатындағы шөпті малдың тұяғымен тарпып, аршып 
жеуі 
Тебін 2.өзд.етіс: теп-ін, аяқпен соққылау 
Тегін 1.сын. ақысыз, пұлсыз, төлеусіз 
Тегін 2.үст. тектен-тек, жайдан-жай, бекерден-бекер 
Тегістеу 1.сын. кедір-бұдыры аз, жазықтау
Тегістеу 2.қ.атауы: тегісте-у 
Текше 1.зат. а) қабырғалары төрт бүрышты болып келген зат 
ә) баспалдақтап жасалған нәрсе, сөре
Текше 2.зат. бағалы заттар салатын қобдиша, сандық 
Тенер 1.зат.муз. еркекке тән жоғары дауыс 
Тенер 2.зат. үрмелі оркестордың қоңыр дауысты аспабы 
Теңгелік 1.зат. бір шетін тесіп киімге таққан күміс тиын


295 
Теңгелік 2.сын. теңгеге тұрарлық, ақшалық 
Теңеу 1.зат. салыстырып соған тең деп табу 
Теңеу 2.қ.атауы: теңе-у 
Терме 1.зат. сазды әннің бір түрі 
Терме 2.зат. әшекейлеп теріліп тоқылған бұйым 
Тесік 1.зат. тесілген жер, қуыс, саңылау 
Тесік 2.сын. тесігі бар, тесілген, тесіліп қалған 
Той 1.зат.салтанатты жиын-мереке, мейрам
Той 2.ет.тамаққа тою 
Тойтарыс 1.зат.шабуылдың бетін қайтаратын батыл қимыл-әрекет 
Тойтарыс 2.орт.етіс: тойтар-ыс 
Тоқтау 1.зат.кідіріс, тоқталыс
Тоқтау 2.қ.атауы: тоқта-у 
Толағай 1.зат. толассыз соққан жел аты 
Толағай 2.сын. түгі жоқ, тап-тақыр, жалаңаш 
Толғақ 1.ет.толған 
Толғақ 2. ет. босанар алдындағы бел ауруы 
Толғау 1.қ.атауы: тоға-у 
Толғау 2.зат. өлеңмен төгілтіп жазылған жыр 
Толқын 1.зат. су бетінің ырғалысынан болатын шайқалыс
Толқын 2.ет. тебірену, толқу 
Тоң 1.зат. жер қыртысының суықтан сіресіп, қатып қалған үстіңгі
қабаты 
Тоң 2.ет. суық өтіп жаурау, мұздау 
Торлама1.сын. тор-тор етіп тоқылған, кереге көз 
Торлама 2.зат. сырты тор көзденіп, сызаттанған қауын сорты 


296 
Тоспала 1.ет. суға тоспа жасау, бөгеу
Тоспала 2.ет. бір нәрсенің алдын тосу 
Төбе 1.зат. дөңгелене біткен, биіктеу дөң жер
Төбе 2.зат. бастың ең үстіңгі бөлігі 
Төңкеріс 1.зат. қозғалыс, толқу
Төңкеріс 2.орт.етіс: төңкер-іс 
Тума 1.зат.диал. туыстығы жақын, аталас, туыс 
Тума 2.сын. тумысынан бар, жаратылысынан қалыптасқан 
Тұсау 1.қ.атауы: тұса-у 
Тұсау 2.зат. әбзел 
Түбір 1.зат. өсімдіктің жерде қалған түбі
Түбір 2.зат.линг. сөздің негізгі бөлшегі 
Түбірлес 1.сын. түбірі ұқсас, төркін бір, негіздес 
Түбірлес 2.сын. бір түбірден өрбіген, бір түбірден тараған 
Түйнек 1.зат. жеміс түйіні 
Түйнек 2. түйіліп ауыратын іш ауруы 
Түйін 1. бір нөрсенің шиеленіп байланған жері
Түйін 2.зат. өсімдіктің алғаш байланан жеміс түйіні 
Түйінде 1.ет. орай байлап түю, түйін жасау 
Түйінде 2.ет. жеміс түйнегін байлау 
Тығыл 1.ет. бой тасалау: жасырыну
Тығыл ыр.етіс: тық-ыл 
Тың 1.сын. қайраты қайтпаған, қуатты 
Тың 2.сын. бұрын пайдаланылмаған, егін салынбаған 
Тігіс 1.зат. тігу жолы
Тігіс 2.орт.етіс: тік-іс 


297 
Тізгіндес 1.зат. қатарлас, тең, бірге
Тізгіндес 2.ет. қатарласа түсу, тендесу 
Тізерлес 1.сын. бірге жүрген, тендес, қатарлас 
Тізерлес 2.орт.етіс: тізерле-с 
Тіреу 1.зат. таяныш, бағана 
Тіреу 2.қ.атау.тіре-у, сүйе-у 
Тістеуік 1 .зат. темірді қысып ұстайтын сайман, құрал
Тістеуік 2.сын. тістегіш, тістеп алатын 
Ұзғыншақтау 1.қ.атауы: ұзғыншақта-у
Ұзғыншақтау 2.сын. сәл ұзыншақ, сопақшалау 
Ұйқас 1.сын. үйлес, сәйкес 
Ұйқас 2.зат.әдеб. өлең жолдарының соңғы дыбысының қабысуы 
Ұңғы 1.зат. балта, күректің сапқа киілетін қуыс жағы
Ұңғы 2.ет. ішін ойып үңгу, қуыстау 
Ұрыс 1.зат. соғыс, айқас, қан майдан 
Ұрыс 2.ет.керісу, дауласу, жанжалдасу 
Ұяңдау 1.сын. бұйығылау, ұялшақтау 
Ұяндау 2.қ-атауы: ұянда-у 
Үзеңгеліс 1.сын. бірге жүрген қатар-құрбы
Үзеңгілес 2.ет. қатарласу, тең түсу 
Үлес 1.зат. сыбаға, тиесі, жарнақ
Үлес 2.ет. бөлісу, сыбаға үшін талас 
Үндеу 1.ет. сөйлеу, бір нәрсе жайлы айту
Үндеу 2.зат. ұран, шақыру 
Үнем 1.зат. қор жинау, құрау тәсілі 
Үнем 2. құнттау арқылы құралған тамақ, қор, азық-түлік 


298 
Үсті 1.зат. дене, кісінің үсті-басы
Үсті 2.үст. адамның үстінен шағым түсіру 
Үсті 3.шыл. бір нәрсемен қатар екінші нәрсені қабаттастыра қолдану
Үсті 4.қ.есім астына қарама-қарсы жағы
Үсті 5.уақиғаның дәл мезгілі, болып жатқан уақыты 
Шаққыш 1.зат. қант, жаңғақ шағатын құрал
Шаққыш 2.сын. шағып алғыш тістегіш 
Шайқас 1.зат. ұрыс, айқас
Шайқас 2.ет. ұрысу, жанжалдасу 
Шала 1.зат. оттағы толық жанып бітпеген ағаш
Шала 2.сын. толық емес, жартылай, шикідей 
Шалқақтау 1. қ. атауы: шалқақта -у 
Шалқақтау 2.сын. түзу емес, шалқақырақ, қыйқағырақ 
Шаруа 1.зат. жер, мал, егін шаруашылығымен айналысатын адам
Шаруа 2. ауыл шаруашьшығының тіршілігі, тұрмыс қалпы 
Шаттаныс 1.зат. қуаныш, шаттық
Шаттаныс 2.орт.етіс: шатан-ыс 
Шатыр 1.зат. үйдің ат жалданып келген қосымша төбесі 
Шатыр 2.зат. мықты мата, брезенттен жасалған жеңіл баспана, 
палатка 
Шегініс 1.зат. алған беттен кейін қайту, қорған жасау
Шегініс 2.орт.етіс: шегін-іс 
Шектес 1.сын. іргелес, қанаттас, көршілес 
Шектес 2. шегі бір жерден келу, шегараласу 
Шендес 1.сын. дәрежелес, қатарлас, шамалас, шектес, іргелес
Шендес 2.ет. пар келу, тендесу, қатарласу 
Шеттеу 1.қ.атауы: шетте-у 
Шеттеу 2.сын. оқшалау, оңашалау 


299 
Шешу 1.зат. жұмбақтың жауабы, түйіні, шешім
Шешу 2.қ.атауы: шеш-у 
Шешуші 1.зат. бір нәрсені шешуші, соны табушы
Шешуші 2.сын. ең маңызды, ең негізгі, ең қажетті 
Ширау 1.қ.атауы: шира-у 
Ширау 2.зат. ширатылу, есілу, бұралу ісі 
Шорқақтау 1.сын. жетік емес, олақтау, осалдау
Шорқақтау 2.қ.атауы: шорқақта-у 
Шошақ 1.сын. үш жағы, төбесі шошайған, сүйір 
Шошақ 2.зат. бір жерге үйілген он шақты шөмелейдей шөп 
Шумақ 1.зат. бір топ нәрсенің жиынтығы, тізбегі, будағы
Шумақ 2.зат.төрт жолдан қүрылған өлең тармағы
Шумақта 1.ет. арқан, жіп сияқты ұзын затты топтан тізбектеу,
түйдектеу
Шумақта 2.ет. өлең шумағын құрау
Шұбар1.сын. екі түстің араласқан түрі, түсі 
Шұбар 2.зат. арасында ойдым-ойдым жайылымы бар бұталы өріс,
қырат
Шұбарлау 1.қ.атауы: шұбарла-у 
Шұбарлау 2.сын. аздап шұбары бар 
Шығу 1.ет. өсімдіктің өніп-өсуі 
Шығу 2.ет. бір нәрсенің төбесіне көтерілуі, жету 
Шығу 3.ет. бір жерден кету, кетіп қалу 
Шүйіліс 1.зат. шүйілгендік, төнгендік
Шүйіліс 2.орт.етіс: шүйіл-іс 
Шыбық 1.зат. ағаштың бұтағы, ұзын да жіңішке солқылдақ жас өркен 
ІПыбық 2.зат.анат. жілікпен қабаттаса, қабыса біткен жіңішке сүйек 


300 
Шыбын 1.зат. қос қанатты кішкене жәндік
Шыбын 2.зат. карта ойынындағы «крест» шытыр 
Шығай 1.сын.көне. түгі жоқ, кедей 
Шығай 2.зат.көне. елден, жұрттан жырақтап кеткен адам, қашқын 
Шығымсыз 1.сын. шығымы нашар, өнімсіз 
Шығымсыз 2.сын.диал. қолынан түк шықпайтын, сараң 
Шыны 1.зат. түссіз қатты материал, әйнек 
Шыны 2.зат. кесе, ыдыс 
Шырпы 1.зат. ағаштың ұсақ бұтағы 
Шырпы 2.ет. бұталардың басын қырқып тегістеу 
Шырылдауық 1.зат. қаңылтырдан жасап ағаштың басына іліп қойған 
шырылдағыш зат
Шырылдауық 2.сын. шырылдайтын (дыбыс, үн) 
Ықтау 1.сын. қатты бораннан, жауыннан, желден қорғанатын жер
Ықтау 2.ет. таса жерге тығылу, қалқаға паналау 
Ырғақ 1.зат. белгілі бір мезгілде қайталанатын қимыл 
Ырғақ 2.зат. өлең жолдарындағы белгілі бөлшектің бірыңғай дәлме-дәл 
қайталанушылығы 
Ысу 1.ет. жоғары температураның әсерінен ыстық қалыпқа келіп
қызу 
Ысу 2.ет. ысқылау, сүрту
Ілу 1.ет. тиісті затты жоғары қыстыру, іліп қою
Ілу 2.ет.ұстау 
Іс 1.зат. жұмыс, қызмет
Іс 2.зат. тігін 
Іш 1.зат. ішкі жақ 
Іш 2.зат.анат. адамның іші 
Іш 3.ет. тамақ ішу 


301 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет