2. Несептің құрамы мен мөлшері. Жаңа туылған балалардағы экстраренальдық су жоғалтудың себептері. Жаңа туылған балаларда түнгі уақыттағы диурез күндізгі уақытқа қарағанда жоғары болады (ересек адамдарда керісінше). Сәбилерде несеп гипотониялық болады (450 мосм/кг) және ол ересек адамның деңгейіне 1 жасқа толар кезде жетеді. Несептің осмоқоюлануы негізінен тұздар арқылы жүреді, мочевинаның үлесі 15%-дан аспайды.
Жас балалардағы экстраренальдық су жоғалтуы оның тері, өкпе, арқылы біршама көп мөлшерде буланып бөлінуіне және ішек арқылы шығуына байланысты болады. Жаңа туылған және емшектегі балаларда шөлдеу сезімі дамымайды және дегидратацияға бейімділік болмайды.
3. Әртүрлі жастағы балардағы несептің түзілуі мен бөлінуі. Несептің түзілу ерекшеліктері: шумақтық сүзілу жылдамдығы 1 жаста жылдам жоғарылайды да, ары қарай біртіндеп арта түседі, ересек адамның деңгейіне 4 жаста жетеді.
Түтікшелердегі қайта сіңу және сөлініс үдерістері:
жас өскен сайын түтікшелердің ұзындығы, олардың таңдамалы өткізгіштігі мен ферменттерінің белсенділігі жоғарылайды;
Na+ қайта сіңуі ерте постнатальді кезеңде ересек адамдармен салыстырғанда 5 есе жоғары болады, нәтижесінде шығарылатын Na+мөлшері азайып, ісіну дамиды;
қайта сіңу және сөлініс деңгейі ересек адамның қалыпты мөлшеріне 6 айлығында жетеді;
Несептің осмостық қоюлануы:
несептің қоюлану қабілеттілігі жылдам артады және ересек адамның деңгейіне 1 жаста жетеді;
осмостық қоюлануы негізінен тұздардың есебінен іске асады (мочевинаның үлесі оң азоттық тепе-теңдікке байланысты 15%-дан аспайды);
тәуліктік диурез (Дс), мл, 1 жастан асқан балаларда формула бойынша анықталады: Дс = 600 + 100 (Ж – 1),
бұл жерде, Ж – жасы.
Сәбилерді қолдан тамақтандыру кезіндегі несептің түзілуі мен су қабылдау режимі: сиыр сүтінде тұз бен нәруыздардың көп болуы себепті бүйректің қоюландыру қызметі мен гипертониялық несеп бөлінуі, әсіресе қыз жынысты сәбилерде біршама жоғары болады.
Емшектегі балалардағы несеп шығару рефлексінің ерекшеліктері:
Емшектегі балалардағы несеп шығару жиілігі жоғары болады (тәулігіне 20 – 25 рет); Ересек адамның деңгейіне 10 – 15 жаста жетеді;