4. Қышқыл-сілтілік жағдайдың реттелудегі бүйректің рөлі.
Бүйректен Н+ сөлінісі 3 кезеңнен тұрады, бірақ олардың жалпы қызметтік әсері ересек адамдардікіне қарағанда аздау болады.
Әрбір үдерістердің үлес салмағы ересек адамдардың ағзасымен салыстырғанда басқаша: негізгі рөлді аммонигенез кезеңі атқарады; балалар ана сүтімен қоректенгенде фосфаттар қоры аз болатындықтан, қышқыл фосфаттардың шығарылуының рөлі аз мөлшерде болады;
Балаларда қышқыл-сілтілік ауытқулардың қалпына келу ауқымы біршама аз болғандықтан, оларда ацидозға бейімділік байқалады.
Осмо- және волюмореттелулер:
Несеп қоюлануы мүмкіншілігінің төмендеуі бүйректің осы қызметті атқаратын бөлігінің дамымауы себеп болады;
баланың ағзасы ересектермен салыстырғанда бірдей мөлшердегі осмостық белсенді заттарды шығару үшін суды екі есе артық пайдаланады, бұндай жағдай дигидретацияға алып келуі мүмкін. Сиыр сүтімен тамақтандыру осмореттелуге қосымша жүк түсіреді, нәтижесінде осмостық белсенді заттарды шығару үшін суға деген мұқтаждық арта түседі;
шумақтық сүзілуі аз, толық дамымаған бүйректің суды шығару мүмкіншілігі төмен болғандықтан, ағзаға судың көп түсуінен гидремия қауіптігі туындайды;
барлық осмо- және волюмореттеуші рефлекстер дамымайды. Олар ересек адамдікіндей 2 жасқа келгенде қалыстасады;
Диссимиляция үдерісіне ассимиляция үдерісі басымырақ болуы бүйректің экскреторлық қызметін арттыра түседі: азоттың, Na+,K+,Ca2+,Cl-, фосфаттар және т.б. заттардың оң тепе-теңдігінен байқалады (мочевина аз түзіледі және аз бөлінеді).
5. Бүйректен басқа несеп шығарушы жүйелердің гомеостаз тұрақтылығын сақтауға қатысуы.
Тер бездерінің 7 жаста толық дамуы себепті, жас өскен сайын зат алмасудың соңғы өнімдерінің шығарылуындағы тер бөлінуінің маңызыдылығы арта түседі.
Жаңа туылған балаларда тер бездерінің жалпы саны ересек адамдардікімен бірдей (2,0 – 3,5 млн), тығыздығы 10 есе жоғары болады.
Балаларда тер бездерінің бір бөлігі толық дамымағандықтан, олардың барлығы қызметін атқармайды және барлық толық дамыған тер бездері бір уақытта қызмет атқармайды.
Бүйрек құрсақтық дамудың алғашқы кезеңінде қалыптасып, 9-шы аптада қызмет атқара бастайды. Анасының қабылдаған су мен тұз мөлшерінің өзгерістері ұрықта бүйрек қызметінің өзіндік өзгерістеріне алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |