Ұрық бүйрегінің құрылымдық қызметтік ерекшеліктері


Кәрілік шақтағы несептің түзілуі және несеп шығарылуының



бет5/5
Дата14.03.2023
өлшемі28,24 Kb.
#74092
1   2   3   4   5
Кәрілік шақтағы несептің түзілуі және несеп шығарылуының
физиологиялық ерекшеліктері
Бүйрек салмағы 85 жастағыларда 25 жастағы адамдармен салыстырғанда 30%-ға азаяды. Бүйректер қартаю барысында қанайналу жүйесінде туындаған ауытқуларға байланысты өзгерістерге ұшырайды. Қантамырлар қабырғасының қатаюына байланысты бүйректің тамырлы аймағы біршама семіп қалады. Сол себепті 85 жасқа қарай адамда қызмет атқарушы нефрондардың жалпы саны 30-40% азаяды. Бұл шумақтық сүзілу мен түтікшелердегі қайта сіңудің төмендеуіне алып келеді. Қартайған адамдарда шумақтық сүзілу көлемі, бүйректің қандануы, бүйректің қоюландыру әрекеті 50%-ға төмендейді. Жас адамдарда бүйрек арқылы шығарлып отырылатын дәрілік заттар кәрі адамдарда бүйректің экскреторлық қызметінің төмендеуі себепті азғада жинақталады.
Қант диабетімен ауыратын егде адамдарда бүйректен глюкозаның шығарылу табалдырығының жоғарылауы себепті глюкозурия аса байқалмауы мүмкін. Адам несебінде кездесетін метаболизм өнімдерінің мөлшері кәрі адамдардың несебінде өзгереді. Несеп шығару жүйесінің қызметінде жасқа байланысты өзгерістер жүреді: қуық еттерінің тонусы оның көлемінің азаюы себепті төмендейді, сондай-ақ қысқыштар тонусының төмендеуі де байқалады. Ер адамдарда - қуықасты безінің гиперплазиясы байқалса, әйелдерде – кіші жамбас етінің тонусы төмендейді. Бұның барлығы несеп шығару мүшелері қызметінің төмендеуіне және қуықтың толуы кезінде несепті ұстай алмауына алып келеді. Күйзеліс факторларының әсерінен де несепті ұстай алмай, шығып кетуі де орын алуы мүмкін. Көптеген кәрі адамдар никтуриядан зардап шегеді, бұл бүйректің қоюландыру қызметінің бұзылыстарымен түсіндіріледі.
Бүйректің несепті қоюландыру қызметінің төмендеуі бүйректің қыртысты қабатындағы қантамырлардың семіп қалуына байланысты туындайды. Бұл кезде бүйректің милы қабаты қанайналымы жоғарылайды. Бүйректің милы затындағы қанайналымының жоғарылауы интерстициалды кеңістігінен осмостық белсенді заттардың жуылып шығуын арттырады. Сол себепті судың кері сіңірілуі мен айналдыра кері ағу жүйесінің тиімділігі төмендейді.
Бүйректің ағзада суды ұстап қалу қызметінің төмендеуі гипоталамо-гипофизарлық жүйенің антидиуретикалық гормоны бөлінуінің артуымен орны толықтырылады. 50 жастан асқан адамдарда АДГ көп бөлінуі қан мен тінаралық сұйықтықтағы осмостық белсенді заттарға осморецепторлар сезімталдығының жоғарылауымен байланысты болып келеді. Егде адамдарда осы айтылған орнын толықтыратын механизмдердің болуынан қантамырлар ішілік және жасушадан тыс сұйықтықтар көлемі мен олардың құрамында айтарлықтай өзгерістер болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет