Бағдарламалық тоқтауларды бағдарламаны жөндеуде пайдаланғанда қолдану қолайлы, оның жұмысын баяулатып, оның бөліктік нәтижелерін көруге үлгеру үшін; кейде бағдарламалық тоқтаулар компьютерге қосылған аппаратураның жұмысын синхронизациялауға мүмкіндік береді. Жоғарыда келтірілген үзіндіде сыртқы цикл 2000 рет орындалады; ал ішкі – 65536 рет. Ішкі циклдың қадамдарын санау кезінде бұрын да айтылған айналдыру құбылысы қолданылады. СХ регистріндегі бастапқы мән нолге тең; циклдың денесі 1 рет орындалғаннан кейін loop командасы СХ құрамын 1-ге азайтады, бұл FFFFh (оны -1 деп қарастыруға болады) санын береді. Нәтижесінде цикл тағы да 65535 рет қайталанып, ал жалпы – 64К қадам болады. Ішкі циклдың loop командасы басқаруды өз-өзіне береді, яғни ішкі циклдың денесі тек жалғыз ғана loop командасынан тұрады. Бұл жерде заңсыз ешнәрсе жоқ. Кез келген команда, loop командасы да өзінің орындалуы үшін қандай да бір уақытты қажет етеді және loop командасының 64К рет қайталануы қандай да бір уақыттық тоқталуды береді.