Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет117/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   149
Технологиялық шикізат. Дӛңгелек ағаш материалдарының қатарына 
сондай-ақ әртүрлі ӛндіріс үшін қолданылатын, тӛмен сапалы сүректен 
дайындалатын, технологиялық шикізатта кіреді. Технологиялық қажеттіліктер 
(ТУ 0273685-404 – 89) үшін қолданылатын ағаш сүректері гидролизде, сүрек 
тақталарының ӛндірісінде және т.б. мақсаттарда қолдануға тағайындалған. 
Ағаш сүрегінің ӛлшемдері оның тағайындалуына байланысты 10.8-кестеде 
келтірілген. 
 
 
 


192 
10.8-кесте. Технологиялық қажеттіліктерге арналған ағаш шикізатының 
ӛлшемдері 
 
Тағайындалуы 
Қалыңдық, см, 
кем емес 
Ұзындық, м 
Ұзындық бойынша 
градация, м 
Гидролиз және ағаш-
талшықты тақталар үшін 
Ағаш-жаңқа және цемент-
жаңқа тақталар, 
портланцменттегі 
фибролитті тақталар үшін 
Жаңқа, арболитті тақта, 
шаруашылықта 
қолданылатын бұйымдар 
және т.б. үшін 



0,5...6,5 
1...6 
0,5...6,5 
0,1 

0,1 
Қалыпты ұзындықтан ең үлкен ауытқу шегі 0...+0,1 м-ді құрайды. Сүрек 
шикізатының сапасы айтарлықтай тӛмен. Сыртқы шіріктен және кӛмірленуден 
(сүрек тақталарының ӛндірісі үшін) басқа барлық ақау түрлері делік рұқсат 
етіледі; ядролық шірік пен қуыс әдіптерінің шектелуіне қойлатын талаптар 
азайтылған. Тасымалданатын сүректің ӛлшемдері және сұрып топтары (қылқан 
жапырақты немесе жайпақ жапырақты) бойынша арақатынасы тұтынушы мен 
тасымалдаушының арасындағы келісімшарт бойынша орнатылады. 
10.3 Дӛңгелек ағаш материалдарының ӛлшемдері мен кӛлемін ӛлшеу 
әдістері, сапаны бақылау, қабылдау, таңбалау 
 
МемСТ 2292-88 сәйкес дӛңгелек ағаш материалдарының (бӛрнелер) 
қалыңдығын жоғары бүйіржақтағы екі ӛзара-перпендикуляр диаметрлерді 
ӛлшеу нәтижесінің орташа мәні ретінде анықтайды. 
Іскери сортименттердің қалыңдығын сүрек қабатынсыз, ал ағаш отын-
дарында сүрек қабатымен анықтайды. Егер партия 100-ден астам данадан 
тұратын болса, тек бір диаметрді ӛлшеуге рұқсат етіледі (барлық бӛренелерде 
бір бағытта). Қалыңдығы 18 см дейінгі ағаш материалдарында кӛлденең 
бағыттағы бір диаметрді ӛлшеуге болады. Диаметрді сантиметр үлесімен 
бӛрененің бүйір жақ бетінің геометриялық ортасы бойынша ӛтетін түзі сызық 
бойымен ӛлшейді. Ӛлшенген қалыңдықты стандарттарда кӛрсетілген жақын 
тұрған номиналға дейін қарапайым тәсілмен дӛңгелектейді. 
Ұзындықты бүйір жақтар арасының ең кіші арақашықтығы бойынша 1 см 
дейін дӛңгелектеу арқылы есептейді. Кӛлемді анықтау кезінде ұзындық 
бойыншы әдіптер мен шақтамалар есепке алынбайды. Іскери сортименттердің 
кӛлемі ағаш материалдарының қалыңдығы және ұзындығы бойынша МемСТ 
2708 – 75 келтірілген кестелерді пайдалып орнатады. Ұзындық градациясының 
бұзылуы кезінде (минималды әдісті қоса алғанда) кӛлемді анықтау үшін сәйкес 
стандарттардағы ағаш материалдарының жақын тұрған ең аз ұзындығын 
пайдаланады. 


193 
Ұзындығы 2 м дейінгі, МемСТ 2708-75 бойынша таңбаланатын сортимент-
терден басқа, қысқа сортименттердің және 3 м дейінгі кӛлемін үлестік жиынтық 
шамада анықтайды. Жиынтық шама ағаш материалы қатарының енін биіктігі 
мен ұзындығына кӛбейтумен анықталатын габаритті кӛлемін сипаттайды. 
Қатардың енін орнатылған ағаш материалдарының номинал ұзындығына тең 
етіп қабылдайды; биіктікті қатар ұзындығының әрбір 1 м сайын бірнеше 
биіктіктердің орташа арифметикалық қосындысын есептеу арқылы анықтайды. 
Қатар биіктігі мен ұзындығының алынған мәндері 0,01 м дейін дӛңгелектенеді. 
Қатардың шеттеріндегі оның берік болуы үшін орнатылған торлардың 
ұзындығын 0,8 олардың нақты созылыңқылығына тең деп қабылдайды.
Ылғалдылығы 25% жоғары болатын іскери сортименттерді қатар-
ластырып салу кезінде қатар биіктігінің кӛлемін анықтау кезінде есепке 
алынбайтын құрғау мен отыруға кететін қатар биіктігінен 2% шамасында артық 
үстемесі болуы керек.
Тығыз шамаға ауыстыру үшін сортименттер қатарының габаритті кӛлемін 
(жиынтық шамасын) ағаштану коэффициентіне кӛбейтеді.
Бӛренелердің ұзындығы мен диаметрін ӛлшеу үшін қолдық және 
автоматты аспаптарды пайдалануға болады. Бӛрене ұзындығын бӛрененің 
толық қимасын қамтитын визуалды параллель жазықтықтардың арасындағы 
қашықтық ретінде ӛлшейді. Бӛрене диаметрін бӛрененің бүйір жақ бетін 
қамтитын екі параллель түзулер (штангенциркуль қысқыштарымен немесе ағаш 
ашасымен, оптика-электрлік құрылғысының сәулелерімен және т.б.) арасын-
дағы қашықтық ретінде ӛлшейді. Бӛрененің диаметрін сызғышпен (ұзындық 
ӛлшеуіш рулеткамен) ӛлшеу кезінде оның бүйір жағында түзулердің параллель-
дігін визуалды анықтайды. Келісім-шарт орташа диаметрді d
c
(бӛрене 
ұзындығының ортасында), жоғарғы диаметрді d (жоғарғы кіші бүйір жақта), 
тӛменгі диаметрді D (тӛменгі үлген бүйір жақта), тӛменгі бүйір жақтан белгілі 
бір қашықтықтағы диаметрді (әдетте тіректер үшін), бӛрене ұзындықтары 
бойынша тең – секция ұзындығының ортасындағы диаметрін (секция ұзындығы 
автоматты ӛлшеу жүйесінің конструкциясына тәуелді болады) ӛлшеуді 
қарастыруы мүмкін. Келісім-шартқа сәйкес партиядағы бӛренелерді ӛлшеуді 
тұрақты бір бағытта немесе ӛзара-перпендикуляр екі бағытта (әрбір бӛрене 
үшін) жүргізуге болады. 
Ӛлшеу нәтижелерін автоматты тіркеу кезінде бӛрене кӛлемін анықтау үшін 
диаметр мәні 0,1 см дейін дӛңгелектенеді. Қолмен тіркеу кезінде нәтижелер 
сантиметрмен жақын тұрған толық мәнге дейін дӛңгелектенеді, 0,1 см кіші 
үлестерді алып тастап және 0,5 см тең және одан да жоғары ӛлшемдерді 1 см 
дейін кӛбейту арқылы. Келісім-шартқа сәйкес диаметр мәнін сантиметрмен 
жақын тұрған жұптық мәнге дейін, егер бүтін сан сәйкесінше жұп немесе тақ 
екендігіне байланысты, бӛлшек үлесті 1 см дейін кӛбейтіп не азайтып дӛңгелек-
теуге болады. Дӛңгелектеудің осындай ережелерін екі ӛлшеу нәтижесі 
бойынша алынған диаметрдің орташа арифметикалық мәнін де есептеу кезінде 
пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет