Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет120/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   149
Сапаны бақылау. РД-2001-00 ұсыныстары бӛренелер қатарын (пакетін) 
бӛлшектеусіз тексеруді немесе партия бӛренелерін даналап бақылауды 
қарастырады. Егер қатарды тексеру кезінде келісім-шарт талаптарын бұзушы 
сын кӛтермейтін ақаулардың (рұқсат етілмеген ағаш тұқымдастары, ӛлшемдер, 
кемшіліктер, бӛренелердің ластануы) келісілген дәрежеден артқандығы 
анықталатын болса, партия жарамсыздыққа шығарылады. Сапаны даналап 
бақылау туралы қабылданған шешім ұсыныстарда қарастырылған әдістердің 
бірімен іске асырылады. Бұл кезде бӛренелерді олардың бүйір жақ беті мен 
кӛлденеңнен кесілген бетіндегі ақауларын тексеру мен ӛлшеуді жүзеге асыруға 
болатындай етіп орналастырады. Бақылауды кездейсоқ таңдалған 50 (бірақ 
одан аз емес) бӛрене бойынша жасауға болады. Келісім-шартта әртүрлі 
бағадағы жылдық бӛренелердің ӛлшемдік-сапалық топтары орнатылады
сондай-ақ әртүрлі жеңілдік бағалардағы ақаулы бӛренелер тобы болады. Сапа 
бақылауы мен екі тәуелсіз кӛлем ӛлшемінің қателігі қанағаттандырылған деп 
танылады, егер осы ӛлшеулермен анықталған партиялар құнының айырма-
шылығы ±5% артпайтын болса. Барлық ӛлшеулер кезіндегі сүректің ылғал-
дылығы 30% және одан да кӛп болуы қажет. Егер сүрек аз ылғалдылыққа ие 
болса, онда келісім-шартта сүректі құрғату әдісін орнатады.
Қабылдау. РД-2001-00 сәйкес сатушымен, сатып алушымен немесе 
тәуелсіз ұйыммен орындалған кӛлемді ӛлшеу және сапаны бақылау нәтижесі 
бойынша қабылдау мүмкін. Кӛрсетілген жақтардың арасында келіспеушілік 
туындаған жағдайда тӛрелік әдіс қолданылады, және ол келесідей ретте 
орындалады. Бӛрене кӛлемін қабықсыз ӛлшейді. Оның ӛлшенген ұзындық-
тарын 0,25 м градиациямен кіші жаққа қарай жақын тұрған есептік ұзындыққа 
дейін дӛңгелектейді. Бӛренелердің жоғарғы диаметрін барлық партия үшін бір 
бағытта ӛлшейді және сантиметрмен жұп мәнге дейін дӛңгелектейді. Тапсырыс 
кӛлемі 100 м
3
дейін болған кезде даналап ӛлшеу әдісін қолданады. Бӛрене 
кӛлемін жоғарғы диаметр және қалыпты жүгіріс әдістерімен ӛлшейді. 
Тапсырыс кӛлемі 100 м
3
артық болған кезде бӛренелер кӛлемін оның жалпы 
кӛлемінің 10% кем емес бӛлігін қамтитын партиядағы кездейсоқ таңдамалар 
бойынша жүргізеді. Бӛренелер сапасын толық немесе іріктемелі бақылау 
кезінде олардың тексерілуі мен екі бүйір және бӛрененің барлық ұзындығы 
бойынша үш қабырға жақ бетімен (тӛменгі немесе жоғарғы және екі бүйір 
жағы) кемшіліктерін ӛлшеу қамтамасыз етілуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет