Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет123/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   149
11.1 Кесілген материалдар 
 
Пайдалану аймағына сәйкес ресейлік нарық үшін қолданылатын кесілген 
материалдарды және экспортқа тасымалданатын кесілген материалдарды 
ажыратады. Ресейлік нарықта қолданылатын кесілген материалдар жалпы 
тағайындалуда және арнайы қолданыстағы (авиациялық, резонанстық) болып 
жіктеледі. 
Қылқан және жалпақ жапырақты ағаш сүректерінен жасалатын жалпы 
тағайындалудағы кесілген материалдарға техникалық шарттар МемСТ 8486 – 
86 (сондай-ақ МемСТ 24454 – 80) және МемСТ 2695 – 83 бойынша 
регламенттеледі. Кӛбіне қылқан жапырақты ағаш тұқымтастарынан жасалған 
кесілген материалдарды шығарады. 
Пішіні және кӛлденең қимасының ӛлшемдері бойынша кесілген ма-
териалдарды егер ені қалыңдығына қарағанда екі есе жоғары болса – тақтай-
ларға (11.1, г, д, е, ж-сурет), егер ені екі еселенген қалыңдықтан кіші болса – 
ағаш кесектерге (11.1,з-сурет) және егер ені мен қалыңдығы 100 мм-ден артық 
болса – қоссырықтарға (қыдқан жапырақты ағаш түрлерінде) бӛледі. Кесілген 
жақтарының саны бойынша қоссырықтар екікантты (11.1,а-сурет), үшкантты 
(11.1,б-сурет) және тӛркантты (11.1,в-сурет) болуы мүмкін.
Кесілген материалдарда бойлық енді жағын қабат, жіңішке жағын – жиек, 
ал қабат пен жиектің айқасу сызығын – қыр деп атайды. 


199 
Заманауи терминология бойынша (МемСТ 18288 – 87) бӛрененің 
перифериясына қаратылған кесілген материал қабаты сыртқы (ескі атауы – 
беттік), ал бӛрене ӛзекшесіне қаратылғаны – ішкі деп аталады. 
Кесілмеген ағаш материалдарда (11.1,г-суретті қараңыз) қабаттар кесілген, 
ал жиектер кесілмеген. Кесілген ағаш материалдарда барлық тӛрт жағы да 
немесе жиектерде рұқсат етілген ӛлшемдерде бӛрененің бір бӛлігі, яғни сүрек 
қыры сақталған. 6.6-бӛлімде қарастырылғандай қыр дӛңес (11.1,е-сурет) немесе 
ӛткір (11.1,ж-сурет) болуы мүмкін. Бұдан бӛлек, кесілген материалдар кӛлденең 
және бӛренені кесу орнының жылдық қабаттарының бағы бойынша да 
жіктеледі [19]. 
11.1-сурет. Кесілген ӛнімдердің түрлері: 
а – қосжиекті білеу; б – үш жиекті білеу; в – тӛрт жиекті білеу; г – кесілмеген тақтай; д – таза 
кесілген тақтай; е тұйық қырлы кесілген тақтай; ж – үшкір қырлы кесілген тақтай; 
з – кесек; и – дӛңес обапол; к – тақтайлы обапол; л – кесілмеген шпал; м – кесілген шпал
МемСТ 24454-80 сәйкес қалыңдығы бойынша 16 ӛлшемдік кесілген 
материалдар ӛндіріледі. Тақтайлар 16, 19, 22, 25 және 32 мм қалыңдықтағы, 
тақтайлар мен кесектер – 40, 44, 50, 60, 75, 100 мм болуы мүмкін. Жалпақ 
жапырақты ағаш тұқымдастарының кесілген материалдарында 12 қалыңдық 
ӛлшемі стандартталған: 19...40 мм аралығында қылқан жапырақтылар сияқты
одан кейін 45, 50 мм және одан әрі 10 мм градациямен 100 мм дейін. 


200 
Қалыңдығы 32 мм дейін және қоса алғанда кесілген материалдарды 
ж і ң і ш к е, ал үлкен ӛлшемділерді қ а л ы ң деп атайды. 
Кесілген қылқан жапырақты ағаш кесілген материалдарының ені 75...275 
мм аралығында орналасқан. Кесілген материалдардың қалыңдығы мен енінің әр 
түрлі байланыстарының нәтижесінде, кесілген материалдардың стандартталған 
қималарын енгізетін, ӛлшем торы қалыптасады. Мұндай қималардың саны 106, 
оның ішінде тақтайлар үшін 72, 15 бӛренелер үшін және 19 қоссырықтар үшін. 
Сонымен қатар, экспорт, жүк автокӛліктерінің платформалары, мұнай мұнара-
ларының сырықтары және кӛпір сырықтары үшін тағы 17 қима стандартталған. 
Автокӛлік пен вагонқұрастыру үшін кесілген материалдардың енін 110 және 
130мм-ге тең етіп дайындайды. 
Қылқан жапырақты кесілмеген ағаш материалдардың жіңішке бӛлігін ені 
16-дан 50-ге дейін және 60-тан 100 мм-ге дейінгі қалыңдық кезінде сәйкесінше 
50 немесе 60 мм-ден; қалыңдығы 125-тен 300 мм-ге дейін болатын сырықтарда 
0,6 кем болмауы тиіс. Дәл осындай талаптар жиектері параллель емес кесілген 
ағаш материалдардың еніне қойылады, алайда сырықтардың ені жіңішке 
бӛілігінде қалыңдықтан 0,7 кем болмауы керек. 
Жалпақ жапырақты кесілген ағаш материалдарын ені 10 мм градациямен 
60-тан 110 мм-ге дейін, сонымен қатар, 130, 150, 180 және 200 мм болуы 
мүмкін. Кесілмеген және біржақты кесілген жалпақ жапырақты кесілген 
материалдары 50 мм және одан да жоғары болатын енге ие, градациясы 10 мм. 
Кесілмеген ағаш материалдардың жіңішке бӛлігінің ені 40 мм-ден кем болмауы 
қажет.
Кесілмеген және біржақты кесілген ағаш материалдардың енін, сортимент 
ұзындығының ортасымен ӛлшенген, екі жақтың ендерінің жартылай суммасы 
ретінде, нәтижені 10 мм дейін дӛңгелектей отырып анықтайды. Кесілген 
материалдардың қалыңдығы және ені бойынша номинал ӛлшемдері ылғал-
дылығы 20% болатын сүрек үшін берілген. 20%-дан аз немесе кӛп болған 
жағдайда нақты ӛлшемдер кептіру (отыру) мӛлшерін ескере отырып МемСТ 
6782.1 – 75 (қылқан жапырақты ағаш сұрыптары үшін) және МемСТ 6782.2 – 75 
(жайпақ жапырақты ағаш сұрыптары үшін) сәйкес орнатылуы қажет.
Қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының кесілген материалдарын 
ұзындығы 0,25 м градациямен 1-ден 6,5 м-ге дейін болатындай; ыдыс үшін 0,1 
м градациямен ұзындығы 0,5 м-ден кем болмайтындай, ал экспорт үшін 0,3 м 
градациямен ұзындығы 0,9-дан 6,3 м-ге дейін болатындай етіп дайындайды. 
Жалпақ жапырақты ағаш тұқымдастарының ішінен қысқа (ұзындығы 0,5-тен 
0,9м-ге дейін); орташа (ұзындығы 1-ден 1,9 м-ге дейін) және ұзындарын 
(ұзындығы 2-ден 6,5м-ге дейін) бӛліп қарастыруға болады. Жалпақ жапырақты, 
қатты ағаш тұқымдастарының қысқа, орташа және ұзын сүректерінің кесілген 
материалдарын 0,1 м градациямен дайындайды; жалпақ жапырақты жұмсақ 
ағаш тұқымдастарының сүректерінен және қайыңнан қысқа және орташа 
кесілген материалдарды 0,1 м, ал ұзындарын – 0,25 м градациямен дайындайды. 
Кесілген материалдардың орнатылған ӛлшемдерінен, шектік ауытқуы, мм, 
келесі шамалар бойынша артық болмауы тиіс: ұзындығы бойынша +50 және -


201 
25; жіңішкелер үшін қалыңдығы бойынша ±1, ал жуандары үшін ±2 (қылқанды 
сырықтарда ±3); кесілгендерің ені бойынша ±2 немесе ±3, егер кесілген 
материалдардың ені сәйкесінше 100 мм-ден артық немесе кем болса. 
Қылқан жапырақты ағаш сұрыптарының тақтайлар мен сырықтар үшін 
арналған сүректерінің сапасына байланысты бес сұрып орнатылған: сұрып-
талып алынған (О), 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші; сырықтар үшін – тӛрт сұрып 
(сұрыпталып алынғаны жоқ). Жалпақ жапырақты ағаш кесілген материал-
дарында үш сұрып: 1-ші, 2-ші және 3-ші. 
Кесілген материалдың шартты белгіленуінде оның түрі, сұрыбы, 
тұқымдастығы, қимасы (кесілмеген үшін – тек қалыңдығы), стандарт 
кӛрсетіледі: мысалы, «Тақтай – 2 – қарағай – 32×100 – МемСТ 8486 – 86». 
Кесілген материалдардағы негізгі сұрыпты қалыптастырушы ақау болып 
бұтақтар саналады. Сұрыпқа байланысты бұтақтардың әр түрлі рұқсат етілген 
нормалары орнатылған. Сонымен, ені 100 мм-ден артық қылқан жапырақты 
кесілген материалдардың сұрыпталып алынған сұрыбында саны 2 данадан емес 
және ӛлшемі 20 мм-ден артық болмайтын ӛскін бұтақтар рұқсат етіледі; 1-ші 
сұрыпты кесілген материалдарында – 3 данадан артық емес және ӛлшемі 
қыртыс енінің ¼ бӛлігінен кӛп емес; 2-ші сұрып үшін – 4 данадан артық емес, 
ӛлшемі қыртыс енінің 1/3 бӛлігінен кӛп емес; 3-ші сұрып үшін – 4 данадан 
артық емес, алайда ӛлшемі қыртыс енінің ½ бӛлігіне дейін жетуі мүмкін; 4-ші 
сұрыптағы кесілген материалдар үшін бұл бұтанақтар шексіз рұқсат етіледі. 
Бұтанақтардан басқа, кесілген материалдың сұрыбына жарықтар, сүрек 
құрылысының ақаулары, саңырауқұлақ зақымдары, жәндіктермен зақым-
данулар, шалыстылылықтар, ӛңдеуден болған ақаулар ӛз әсерлерін тигізеді. 
Рұқсат етілген ақаулардың нормасы МемСТ 8466 – 86 және МемСТ 2695 – 83 
кӛрсетілген. 
Кемелерді қаптауға арналған кесілген материалдарға қосымша талаптар 
(ядро мен сүрек құрамының қатынасына, жылдық сақиналардың орналасуына 
және т.б.) қойылады. 
Беріктігі мен қаттылығы бақыланатын конструкторлық кесілген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет