Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет45/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   149
Электрлік беріктігі. Бұл – ағашты тесуге, яғни үлкен кернеулер кезіндегі 
кедергінің тӛмендеуіне тӛтеп беру қабілеті. МАӚОҒЗИ-де (ЦНИИМОД) жиілігі 
50 Гц айнымалы кедергі кезіндегі ағаштың электрлік беріктігін анықтау үшін 
МемСт 18407 енгізілген болатын. Электр беріктігінің кӛрсеткіші 
тесілетін 
кернеу мен материалдың қалыңдығының қатынасына қызмет етеді, кВ/мм. 
Толықтай құрғақ ағаштың талшық бойымен алғандағы электр беріктігі 
1,3...1,5 кВ/мм, яғни бұл талшық бойына кӛлденеңге қарағанда 4...7 есе аз екені 
кӛрінеді. Ылғал кӛбейген сайын, ағаштың электр беріктігі айтарлықтай 
тӛмендейді. БелТИ деректері бойынша, ылғалдылығы 10-14%-ға дейін ӛзгерген 
кезде беріктігі 2 есе тӛмендейді. Ағаштың электрлік беріктігін басқа да қатты 
оқшаулағыш материалдармен салыстырғанда кӛп емес (шыны 
= 30, 
полиэтилен – 40 кВ/мм). Ағаштың электр беріктігін арттыру үшін оны 
парафинмен, олифамен, жасанды шайырмен және басқа да заттарды сіңіртеді. 
Диэлектрлік қасиеттері. Айнымалы электр ӛрісіндегі тұрған ағаш ӛзінің 
диэлектрлік қасиеттерін кӛрсетеді, олар екі кӛрсеткіштерімен сипатталады. 
Олардың біріншісі – салыстырмалы диэлектрлік ӛтімділік ε – ағаш тӛсеніші бар 
конденсатор сыйымдылығының әуе саңылауы бар конденсатор сыйымдылықты 
электродтар арасындағы сандық қатынасына тең. Екінші кӛрсеткіш – 
диэлектрлік шығындар бұрышының тангенсі tg δ – ағашпен жұтылған қуаттың 
жылуға айналу үлесін анықтайды. 
Абсолютті құрғақ ағаштың диэлектрлік ӛтімділігі тығыздығы артқан 
сайын ұлғайып отырады. Мәселен, ағаш дәмдеуіштер нотасы ( = 130 кг/м
3

кӛлденең талшықтарға қатысты 10...
жиілік диапазонында диэлектрлік 
ӛтімділігі орташа есеппен 1,3, ал қызыл қайыңда ( = 800 кг/м
3
) – 2,6. 


80 
Ӛтімділік талшықтар бойымен 
кӛп
орта есеппен 1,4 есе. Ағашта 
ылғалдылық ӛскен сайын артады, ӛйткені су үшін бұл кӛрсеткіш шамасы, 
10...
Гц жиілік диапазонында 81...7,5 құрайды. 
Г.И. Тирговниковтың мәліметтері бойынша, 10% ылғалдылық және 20
0
С 
температура кезінде тығыздығы 
500кг/м
3
сүрек үшін 10

Гц жиілікте 
4,2ге тең, 10
10 
Гц жиілікте – 2,0, ал 60% ылғалдылық кезінде – сәйкесінше 65 
және 6,6ға тең. Температураның -40-тан 100
0
С-қа дейін жоғарылауы абсолютті 
құрғақ сүрек үшін шамалы ғана ӛсуіне алып келеді (шамамен 1,3 есе). Ылғал 
сүрек температурасының жоғарылауы айтарлықтай ӛсуіне алып келеді.
Сонымен қатар, диэлектрикалық шығындар бұрышының тангенсі сүрек 
тығыздығына тәуелді болады. tg талшықтарға кӛлденең тығыздығы 
500кг/м

және бӛлме температурасы кезінде жиілігі 10...10
5
Гц диапазонында 
0,005...0,007 құрайды, ал тығыздығы 
700кг/м

кезінде бұл кӛрсеткіш 
0,007...0,025-ке тең болады. tg талшықтардың бойымен кӛлденеңге қарағанда 
жоғары болады, шамамен 1,7 есе. Ылғалдылық ӛскен сайын tg жоғарылайды. 
Бұл кӛрсеткіштің жиілікке тәуелділігі күрделі сипатқа ие. Себебі, тығыздығы 
500кг/м
3
сүрек үшін температура 20
0
С және ылғалдылық 80% кезінде tg
кӛрсеткіші 10
3
Гц жиілікте 74 дейін жетеді, ал 10
8
Гц жиілікте 0,2 дейін 
тӛмендейді, ал жоғары жиілікті (10
10
Гц) аймақтарда 0,34 дейін ӛседі. Абсолютті 
құрғақ сүрек температурасының жоғарылауын tg тӛмендеуі шақырады, 
алайда СВЧ аймағында бұл кӛрсеткіш ӛседі. Ылғал сүректе (W=25%) қыздыру 
tg едәуір ӛсуіне алып келеді, алайда СВЧ аймақтарында ол шамалы ғана 
ӛзгереді. 
Диэлектрлік қыздыру кезінде температура сүректің барлық кӛлемі 
бойынша бір уақытта жоғарылайды. Қыздырудың бұндай тәсілі сүректі кептіру, 
жабыстыру және дымқылдандыру үрдістерінде тәжірибелік қолданыс тапқан. 
СВЧ ӛрісінде қыздыру сүректі кептіру үшін, бӛренелердің қабығын аршу мен 
арамен кесу алдында беттік жібіту үшін пайдалануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет