Рылыс академиясы


Сҥректің сәулелену әсерінен туындайтын қасиеттері



Pdf көрінісі
бет48/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   149
3.8 Сҥректің сәулелену әсерінен туындайтын қасиеттері 
Электромагнитті тербелістер ретінде болатын, әртүрлі сәулелену түрлері 
толқын ұзындықтарының үлкен диапазонын қамтиды. Ең үлкен ұзындыққа 
радиотолқындар ие (миллиметрден ондаған километрге дейін), олардың 
сүрекке әсері 3.6 б. Бірен-саран қарастырылған болатын. 
Осыдан кейін, сүректің толқын ұзындығы 1000 микрометрден (мкм) 0,3 
пикометрге [1 пикометр (пм) = 1 10
-12
м] дейін болатын сәулелену әсерінен 
туындайтын қасиеттері сипатталады. 
Инфрақызыл (ИҚ) сәулелену. Денелерді қыздыру кезінде жылулық 
энергияның электромагнитті тербелістердің сәулелік энергиясына айналуы 
болады. Бұл кезде қыздырылған денелер толқын ұзындығы 1000 мкм-ден 
0,77мкм дейін болатын кӛзге кӛрінбейтін инфрақызыл сәулелер шығарады. ИҚ-
спектрдің үш аймағын бӛлу қабылданған: алыс (толқын ұзындығы 1000мкм-ден 
50мкм дейін); орташа (50-ден 2,5мкм-ге дейін) және жақын (2,5-тен 0,77 мкм-ге 
дейін). 
Сүректің инфрақызыл сәулелерді ӛткізу, жұту және шығару қабілеті 
сәулеленуге түсетін толқын ұзындығына байланысты. МОТИ-да сүректің 
толқын ұзындығы 
5...6,5мкм болатын инфрақызыл сәулелерді ӛткізуі ӛте аз 
екендігі орнатылған. Кейінірек ИХД-да сүректің ең үлкен шығарғыштық 
қабілеті толқын ұзындығы 
1,0...1,1мкм болғанда (шығарғыштық коэффи-
циенті 0,8 дейін жетеді) орын алатындығы орнатылды. ИҚ-спектрдің алыс 
аймағында шығарғыштық коэффициенті айтарлықтай аз және 0,1...0,15 
құрайды. 
Максимум ӛткізгіштік толқын ұзындығы 
1...1,1мкм болғанда 
байқалады. Алыс аймақта ӛткізгіштік тұрақты болады. Сүрек тығыздығы 
артқан сайын ӛткізгіштік азаяды. Сүректің радиал беттері арқылы ӛткізгіштік 
қабілеті тангенциалдыға қарағанда жоғары болып келеді. Сүрек ылғалды-
лығының жоғарылауы оның ИҚ-сәулелер үшін ӛткізгіштігінің артуына алып 
келеді. 


84 
Инфрақызыл сәулелердің едәуір энергиясының бӛлігі сүрек үлгілерінің 
беткі аумағымен (3...4 мм тереңдікке дейін) жұтылады. Бұл кезде ең үлкен 
жұтылу ИҚ-спектрдің алыс аймағында байқалады. Толқын ұзындығы 8...15мкм 
болған кезде жұту коэффициенті 0,7...0,9 шектерінің аралығында орналасады. 
Жақын аймақта, соның ішінде 
1,93мкм болған кезде, судың шы-
ғарғыштық коэффициенті сүрекке қарағанда ондаған есе кіші, сондықтан 
сүректің ылғалдылығын жоғарылату арқылы оның шығарғыштық қабілетінің 
тӛмендеуіне алып келуге болады. Бұл кӛлемді сүректің беткі аумақтарындағы 
ылғалдылықты ИҚ-спектроскопия әдісімен ӛлшеуге мүмкіндік береді. 
Инфрақызыл сәулелерді жұту материалдың қызуына алып келеді. Бұл 
инфрақызыл сәулелерді жіңішке сортименттерді (шпон, жоңқа, үгінді) кептіру 
үшін, сүректі біріктіру кезінде қыздыру үшін, сонымен қатар, оны 
стерилизациялауда пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, инфрақызыл 
сәулелену сүректегі лак және бояу жабындыларын кептіруде қолданылады; бұл 
кезде кептіру жылдамдығы күрт ӛседі және беткі жабындының сапасы 
жақсарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет