219
марка үшін де сәйкесінше 0,3 және 0,25МПа-ға тең болады. Кӛріп
тұрғанымыздай жұқарақ плиталардың тығыздығы жоғары.
П-А маркалы плиталардың қайқаюы 1,2
мм-ден артық болмауы керек, ал
П-Б маркасы үшін 1,6 мм, құрғақ ажарланған плита бетінің кедір-бұдырлығы
R
m
П-А маркасы үшін 50мкм, П-Б маркасы үшін 63 мкм-ге тең. Плиталардың
қалыңдығы
бойынша ісінуіне, шуруптарды суыруға меншікті кедергісіне,
сыртқы қабаттың қалыпты ажырауын және басқа да жағдайлар үшін қойылатын
талаптар деформацияланған. Екі маркадағы плиталар үшін де серпімділік
модулі майыстыру кезінде 1,4...4ГПа, соққыға тұтқырлығы 0,4...0,8Дж/см
2
,
қаттылығы 20...40Н/мм
2
.
Беттерінде кездесетін ақаулардың ӛлшемдері мен түрі
бойынша плита-
лардың І жіне ІІ сұрыбын бӛледі. Плиталарды қарапайым немесе ұсақ-
құрылымды (М) беттермен, ажарланған (Ш)
немесе ажарланбаған, суға тӛзім-
ділігі қарапайым немесе жоғарылатылған (В) етіп жасайды. Плиталардың
құрамында формальдегидтің үлесі бойынша олар екі сыныпқа бӛлінеді: Е1
және Е2. Бұл уландырғыш заттардың едәуір кӛп мӛлшері Е1 сыныпты плита-
ларда кездеседі. Плиталардың барлық аталған қасиеттері мен ӛлшемдері және
стандарт нӛмірі шартты белгіленуінде кӛрініс табады, мысалы, «П-А, І, М, В,
Ш, Е1, 3500х1750х15, МЕМСТ 10632 – 89». Плиталар
шаршы немесе кубтық
метрмен ӛлшенеді.
Сүректік-жоңқалық плиталарға био, су, отқа тӛзімділікті беру үшін оларға
химиялық қоспарларды енгізеді [23]. Халықаралық желекірибеде құрылыста
ОСБ (Jriented Strand Board) бӛлшектерімен бағытталған плиталар кең қолданыс
тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: