214
дың қораптары үшін, фибролитті плиталарды жасау үшін және т.б. тағайын-
далады. МемСТ 5244 – 79 бойынша жоңқаның
тағайындалуына байланысты
алты маркасы қарастырылған. Жоңқаның қалыңдығы 0,05-тен 0,5 мм-ге дейін,
ені 2-ден 8 мм-ге дейін, ұзындығы 200-ден 530 мм-ге дейін жетеді. Кӛптеген
жағдайда қылқан жапырақты және жұмсақ жалпақ жапырақты ағаш тұқым-
дастары қолданылады. Мысалы, жемістерді қаптау үшін
тек шырша, жӛке,
кӛктерек сүрегінен жасалған жіңішке және енсіз жоңқа, ал жұмыртқаларды
қаптау үшін – шырша мен майқарағайдан
алынатын едәуір ірі жоңқа
қолданылады. Жоңқа сүрегінде шірік пен кӛгергендікке жол берілмейді.
Саңырауқұлақ дақтары мен ятролық реңдерге қойылатын талаптар жоңқаның
тағайындалуына байланысты дифференцияланған.
Ағаш ҧны. Бұл кесілген ағаш пен ӛңделген ағаш қалдықтарын құрғақ
механикалық ұнтақталған ӛнімі.
Ағаш ұны толтырғыш, сүзгіш материал,
жұтқыш ретінде пайдаланылады және пласмассалар, линолиум, ӛндірістік
жарылыс заттары және басқа да мақсаттарда қолданылады.
Ағаш ұнының
тағайындалуына байланысты оның дайындалуына қылқан жапырақты не
жалпақ жапырақты ағаш тұқымдастарының сүректері не болмаса олардың
қоспасы қолданылады. Ағаш ұнының физика-механикалық қасиеттеріне, оның
гранулометриялық құрамына және басқа да кӛрсеткіштеріне
қойылатын талап
МемСТ 16361-87 айтылған, ал ағаш ұнын сынау МемСТ 16362-86 регламент-
телген.
Достарыңызбен бөлісу: