Рылыс академиясы


Сҥректің сҧйықтармен және газдармен ӛткізгіштігі



Pdf көрінісі
бет41/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   149
 
3.4 Сҥректің сҧйықтармен және газдармен ӛткізгіштігі 
 
Ӛткізгіштік сүректің сұйықтықты немесе газды қысым астында ӛткізу 
қабілетін сипаттайды. Сынаулар кезінде сұйықтықтардан суды, ал газдан – 
ауаны немесе азотты пайдаланады. Су ӛткізгіштікті диаметрі 47 мм және 
биіктігі 20 мм үлгі бойынша 0,01МПа гидростатикалық қысымның әсер етуі 
нәтижесінде тәулік ішінде ӛткен судың кӛлемін, см
3
, орнату арқылы 
В.А.Баженовпен жобаланған әдіс бойынша анықтайды (МемСТ 16483.15). 
Сүректің талшық бойымен суӛткізгіштігі талшыққа кӛлденең бағытқа 
қарағанда айтарлықтай жоғары, сонымен қатар, жапырақты ағаш тұқым-
дастарында ол қылқан жапырақтылармен салыстырғанда бірнеше есе кӛп 
болады. Радиал бағытта суӛткізгіштік тангенциал бағытқа қарағанда айтар-
лықтай жоғары. В.Н. Ермолиннің [6] пайымдауынша, қылқан жапырақты 
ағаштарда бұл сәулелік трахеидтардың болуымен түсіндіріледі. Сүрек қабығы 
құрамында шайыр мен басқа да экстрактивті заттары бар және кейбір ағаш 
тұқымдастарында мүлдем су ӛткізбейтін, ядроға (ӛсіп жетілген жас ағаш) 
қарағанда едәуір жоғары суӛткізгіштікке ие. 
Газ ӛткізгіштікті сутӛткізгіштікке жүргізілетін сынаулар үшін 
қолданылатын біршама ӛзгертіліп жабдықталған аспапта анықтайды. Сүректің 
талшық бойымен ауаӛткізгіштігі (үлгінің бірлік ауданы бойынша бірлік 
уақытта ӛтетін ауаның кӛлемі) талшыққа кӛлденеңмен салыстырғанда ондаған 
есе жоғары. Радиал бағытта талшықтарға кӛлденең бұл кӛрсеткіш тангенциал-
дыға қарағанда жоғары болып келеді. МемСТ 16483.34 бойынша үлгінің 
биіктігі мен газдың қысымын ескеретін газӛткізгіштік коэффициентін 
анықтайды. Е.В. Харук пен Г.С. Ковригиннің мәліметтеріне сәйкес талшық-
тарға кӛлденең радиал бағыт үшін азот ӛткізгіштік коэффициентінің ең жоғары 
шамасы қарағайдың сүрек қабығында анықталған, самырсын мен балқарағайда 
одан тӛменірек болды, ең аз шамасы шырша мен майқарағайда байқалған. 
Барлық ағаш тұқымдастарынының (майқарағайдан басқа) сүрек қабығында азот 
ӛткізгіштік ядромен (ӛсіп жетілген жас ағаш) салыстырғанда біршама жоғары. 
Сүректі газ ӛткізгіштікке тексеру ұзақ уақыт алатын сұйықтарға ӛткізгіш-
тікті сынауға қарағанда аз уақытты қажет етеді. Әдетте аталған қасиеттердің 
арасында тығыз байланыс байқалады және газ ӛткізгіштік анықтамасын 


76 
сүректің целлюлозаны алу кезінде антисептиктердің ерітінділерімен, қайнатпа 
еріткіштерімен және т.б. дымқылдану қабілетін бағалау үшін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет