78
Сҥректің жылулық ҧлғаюы. Қатты материалдарды, соның ішінде сүректі
де, қыздыру кезінде олардың кӛлемінің артуы орын алады. Сызықтық
жылулық
ұлғаю коэффициенті дене ұзындығы бірлігінің оны 1
0
С қыздыру кезінде
қаншалықты ӛзгеретіндігін кӛрсетеді. Ең аз
коэффициенті талшық бойымен
бағытында; құрғақ сүрек үшін оның шамасы (2,5...5,4) 10
-6
1/
0
С аралығында
ӛзгереді. Талшыққа кӛлденең бағыттағы жылулық
ұлғаю талшық бойымен
салыстырғанға қарағанда айтарлықтай жоғары (кейде 10...15 есе), сонымен
қатар, тангенциал бағытта ол әдетте радиалдыға қарағанда 1,5...1,8
есе артық
болады. Сүрек талшығының бойымен сызықтық ұлғаю коэффициенті
шынының, бетонның және металдың жылулық ұлғаюының 1/10...1/3 құрайды.
Ылғал сүректі
қыздыру кезінде бір мезгілде, сүректің талшыққа кӛлденең
бағыттағы ондаған есе кіші жылулық ұлғаюын жасыратын, кептіру үрдісі де
жүреді.
Сүректің жылулық қасиеттерін сипаттайтын кӛрсеткіштері
оны қыздыру,
кептіру, жібіту, қатыру, сүректен кедергі келтіру арқылы жылудың шығыны
орындалатын үрдістер кезіндегі есептеулер үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: